5.1. Проблеманы қою
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу;
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушы үшін: есептің программасын құрастыру кезеңдерін біледі.
Оқушылардың көбі үшін: программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу қандай кезеңдерден тұратынын біледі. Кейбір оқушылар үшін: проблеманы қоюды немесе бастапқы
деректерді өңдейді.
|
Бағалау критерийлері
|
Есептің программасын құрастыру кезеңдерін біледі.
Программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу қандай кезеңдерден тұратынын біледі.
Проблеманы қоюды немесе бастапқы деректерді өңдейді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Диалогтер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:
Pythonда тармақталған алгоритмдерді пайдаланып есеп шығару үшін бастапқы мәселені қалай қалыптастыруға болады?
«Есептің моделі» дегеніміз не?
Есептің моделін құру үшін қандай білім қажет деп ойлайсың?
Программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу қандай кезеңдерден тұрады деп ойлайсың?
|
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы қалыптасады.
|
|