Р. А. Қадырқұлов, Н.Қ. Беристемова информатика



бет60/68
Дата24.12.2023
өлшемі2,34 Mb.
#198918
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68
Байланысты:
информатика 7 сынып кмж (1)

Қысқамерзімді жоспар



Бөлімі:

5-бөлім. «Практикалық программалау»

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

5.4. Есепті программалау. Практикалық жұмыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін: Python­да есептердің алгоритмдік блок- схемаларын құру мен программа кодына жазуды біледі.
Оқушылардың көбі үшін: сызықтық және тармақталған алгоритмдерінің құрылымында қандай айырмашылық бар екенін түсінеді.
Кейбір оқушылар үшін: есептердің блок-схемасын және программасын құрады.

Бағалау критерийлері

  • Python­да есептердің алгоритмдік блок-схемаларын құру мен программа кодына жазуды біледі.

  • Сызықтық және тармақталған алгоритмдерінің құрылымында қандай айырмашылық бар екенін түсінеді.

  • Есептердің блок-схемасын және программасын құрады.

Тілдік мақсаттар

Диалогтер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

  • Python­да есептердің алгоритмдік блок-схемаларын құру мен программа кодына жазуды қалай орындауға болады?

  • Сызықтық және тармақталған алгоритмдерінің құрылымында қандай айырмашылық бар?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Математика.

Алдыңғы білім

Алгоритмді программалау.







Сабақтың барысы:



Сабақтың кезеңі/

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Уақыты













Сабақтың басы

2 мин.



(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Қара жорға» би-жаттығуы.

Топтастыру
«Мозаика» әдісі арқылы қағаз қиындыларына жасырылған сөздерді құрастыру арқылы 2 топқа бірігеді.
І топ, ІІ топ.










5 мин



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар топтамасы интерактивті тақтадан көрсетіледі.

  • Python-да есептердің алгоритмдік блок- схемаларын құру мен программа кодына жазуды қалай орындауға болады?

  • Сызықтық және тармақталған алгоритмдер- інің құрылымында қандай айырмашылық

бар?

Бағалау Мұғалім оқушыларды
«Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды.
Қызыл түс - Жарайсың! Көк түс – Жақсы!
Сары түс -
Талпын!





Практикалық жұмыстар
1-тапсырма
Дөңгелектер ауданы
Радиусі R1 және радиусы R2 дөңгелектердің аудандарының қосындысын табыңдар. Дөңгелектердің ауданын есептеу
2 2
формуласы: S1 = 𝜋𝜋 R1 ; S2 = 𝜋𝜋 R2


Мысалы Нәтиже
3 5 106.76

Дескриптор:

  • Дөңгелектер ауданын есептеу формуласын дұрыс пайдаланады.

  • Радиустары берілген дөңгелектердің аудандарының

қосындысын табады.

Бағалау Топтар бір- бірін
«Стикерлер
» әдісі
арқылы бағалайды. Қызыл түс - Жарайсың! Көк түс - Жақсы!
Сары түс -
Талпын!








3-тапсырма
Цифрларды көбейту
Бестаңбалы сан берілген. Осы санның мыңдығы мен жүздігінің көбейтіндісін табыңдар.


Мысалы Нәтиже

4 9795 63



Дескриптор: Берілген бестаңбалы санның мыңдығы мен жүздігінің көбейтіндісін табады.

Бағалау Жұптар бір- бірін
«Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды.
Қызыл түс -
Жарайсың! Көк түс - Жақсы!
Сары түс
Талпын!











5-тапсырма
Сабақтағы үзіліс
Мектепте сабақ 9.00 де басталады. Сабақтың ұзақтығы 40 минут. 1, 3 және т.с.c. сабақтардан кейін 5 минут. 2, 4 және т.с.с. сабақтардан кейін 10 минут үзіліс беріледі. Берілген сабақтың нөміріне (1 мен
8 арасындағы сан) қарап, сол сабақтың аяқталу уақытын, сағат және минуттарда шығарыңдар.
Мысалы Нәтиже
3 11:15

Дескриптор:

  • Берілген сабақтың нөміріне қарап, сол сабақтың аяқталу уақытын шығарады.

  • Сағат және минуттарда дұрыс шығарады.

Бағалау Оқушылар өзін-өзі
«Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды.
Қызыл түс - Жарайсың! Көк түс - Жақсы!
Сары түс -
Талпын!




Сабақтың соңы

7 мин
Рефлексия

Сабақты бекіту
«Рефлексивті нысан» Нысана арқылы өзінің және сыныптастарының іс-әрекетін бағалайды. Келесі критерийлер бойынша өз ойын түйіндеп, қорытындылайды.

  • Белсенді қатыстым.

  • Қызықты болды.

  • Түсінікті болды.

  • Жаңа тақырыпты игердім.



Бағалау Мұғалім оқушыларды
«Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды.
Қызыл түс - Жарайсың! Көк түс - Жақсы!
Сары түс -
Талпын!

Нысана сызылған плакат. Түрлі түсті стикерле р.

ҚМЖ-ға ҚОСЫМША
Қысқамерзімді жоспар сабақтың бастапқы кезеңінен соңғы кезеңіне дейін оқушылардың жас ерекшелігі, оқу мақсаты ескеріле отырып, сараланып жасалды.
Тапсырмаларды орындау барысында дербес (жеке-дара), жұппен, топпен жұмыс жасалады. Тапсырмаларды орындау сабақтың ортаңғы кезеңіне жоспарланды. Осы кезеңде саралаудың
«Қорытынды», «Диалог және қолдау көрсету», «Бағалау», «Тапсырма», «Қарқын» тәсілдері қолданылады. Бұл сабақтағы барлық тапсырмада оқушылар бірдей тапсырма орындағанымен нәтижелері оқушының деңгейіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, соңғы шешімін беріп отырады. Бұл саралаудың «Қорытынды» тәсілі. Сонымен қатар оқушылар әр тапсырманы орындау кезінде үнемі қалыптастырушы бағалаудың әдістерімен бағаланып отырады. Тапсырманы қандай деңгейде орындағанын, сабаққа қатысу белсенділігін көрсетеді. Бағалау оқушының іс-әрекетінің жақсаруына оң ықпалын тигізеді. Бұл саралаудың
«Бағалау» тәсілі. Сабақта оқушылар жаңа теориялық ақпаратпен танысып, практикалық, талдау, жинақтау, бағалау тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдерін толықтыру жоспарланды. Бұл саралаудың «Тапсырма» тәсілі. Сонымен қатар жоспарланған тапсырмаларды орындау барысында оқушының білім дағдысына, деңгейіне қарай қарқыны жылдам және баяу оқушылар кездесуі әбден мүмкін деген болжаммен оқулықта қосымша тапсырмалар беру жоспарланды. Бұл саралаудың «Қарқын» тәсілі.
1, № 2, № 3 тапсырмаларды орындау арқылы математикалық есептерді шығаруға және өмірде ауданның, уақыттың өлшемін есептеп үйренеді.
Құндылықтарға баулудағы мақсатымыз: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша
«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым­қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбек етуге талпынып, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдылары қалыптасады.
Психологиялық жағымды ахуал орнатудағы басты мақсат: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастыру, көңіл -күйін көтеру, бауырмалдығын ояту.
Топтастырудағы мақсатымыз: Топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық, тыңдау дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды,




қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады. Өзгелердің идеялары мен ойларын тыңдап, құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды. Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады.
«Миға шабуыл» әдісін қолдану мақсаты: Бұл әдіс ұжымдық жұмыс түрінде яғни оқушылардың барлығын жұмылдыра қатыстырып, сабақтың бастапқы кезеңінде ғана қолданылады. Себебі оқушылардың сабаққа дайындығын, өткен және жаңа тақырып бойынша алдыңғы білімін тексеру мақсатында ой қозғау сұрақтары беріледі.
Рефлексия: Бұл сабақтың соңғы кезеңіне жоспарланды. Өйткені сабақтың бастапқы кезеңінен соңына дейін оқушының нені оқып меңгергенін білу мақсатында және сабақты бекіту, қорытындылау үшін «Рефлексивті нысан» әдісі арқылы оқушы өзінің жауабын жазып, ұсынады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет