Р. А. Қадырқұлов, Н.Қ. Беристемова информатика



бет1/68
Дата24.12.2023
өлшемі2,34 Mb.
#198918
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
информатика 7 сынып кмж (1)


Р.А. Қадырқұлов, Н.Қ. Беристемова


ИНФОРМАТИКА


Әдістемелік нұсқау
Жалпы білім беретін мектептің
7-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқау
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған

Алматыкітап баспасы


2021


Қадырқұлов Р.А., Беристемова Н.Қ.
Қ 79 Информатика. Жалпы білім беретін мектептің 7-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқау/. Р.А. Қадырқұлов, Н.Қ. Беристемова – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2021. – 129 бет.

ISBN 978-601-01-3089-0


ӘОЖ 373.167.1 КБЖ 32.973я72


ISBN 978-601-01-3089-0
© Қадырқұлов Р.А., Беристемова Н.Қ., мәтіні, 2021
© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2021
Алғы сөз
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында
«Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелестік қа- білетімен айқындалады» делінген. Әрбір қазақстандық, тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерді игеруі қажет екенін жіктеп көрсетеді. Солардың бірі – компьютерлік сауаттылық.
Компьютерлік сауаттылық – адам қызметінің барлық салаларында, күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған ақпараттық технологияларды табысты қолданатын тұлғалық сапа.
Білім алушылардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту – оқыту мен оқу үдерісінде, ғылымның әртүрлі салаларын игеруде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды дұрыс қолдануға мүмкіндік береді.
Бұл әдістемелік нұсқаулық 7-сынып оқушыларына «Информатика» пәнін оқытуда мұғалімдерге көмекші ретінде ұсынылады.
Әдістемелік нұсқауда жаңартылған білім беру мазмұнының талаптарына сай дайындалған оқулықты үйлесімді пайдалану үшін әрбір тақырыпты тиімді жоспарлау, оқыту және бағалауды ұйымдастыру барысында мұғалімдер қауымына арналған бағыт-бағдар берілген.
Сонымен қатар, «Информатика» пәнін оқытудың мақсат-міндеттері, әдіс-тәсілдері, оқушы жетістігін бағалау, оқытудың әдістемелік ерекшеліктері, оқулық мазмұнының құрылымына түсіндірме, ұзақмерзімді, қысқамерзімді сабақ жоспарлары қамтылған.
Оқулықтың әрбір тақырыбының мазмұны мен құрылымы оқушы игеретін жаңа білім мен тәжірибеге бағытталған ой қозғау, қызығушылықты арттыруға арналған проблемалық сұрақтар, өз бетімен түсінуі үшін теориялық ақпарат, тәжірибелік дағдыны дамытуға арналған практикалық жұмыстар, қосымша ақпараттар, жаңа білімді бекіту мен сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған сұрақтар, зерттеу, жобалау және үй тапсырмалары қарапайымнан күрделі әрекетке бейімделіп беріледі.
Қазіргі оқу әдістемелік кешеннің заманауи компоненттерінің бірі – білім беру үдерісінің барлық қатысушылары: мұғалім, оқушы, ата-аналар қолданатын интернет ресурстар (bilimland.kz, ustaz.kz, smk.nis.edu.kz, sabak.kz) жүйелі ақпарат, тәжірибе алмасу алаңы болып саналады.
Сіздерге ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешен авторлардың жинақталған тәжірибесі негізінде жасалды.
«Информатика» пәнінің оқу мақсаты мен міндеттері
Оқу программасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  1. Цифрлық технологиялар адам іс-әрекетінің барлық салаларына енуімен қоса, біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Ақпараттық технологияларды қолдану санды формаларда көрсетілген әртүрлі ақпараттың түрлерімен жұмыс істеу үдерісін тездетеді және жеңілдетеді.

  2. Қазіргі таңда білім берудің басым бағыттарының бірі – оқушыларда компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру. Егер, бір жағынан, оқушылардың айтылған құзыреттілікті меңгеруі уақыттың талабы болса, екінші жағынан, бұл талап ақпараттық технологиялардың өзге оқу пәндерін оқытуда жаңа аспап болып, әртүрлі білім беру салаларымен біріктіруге арналған ресурстар мен техникалық құралдарды қолданудан туындап отыр.

  3. «Информатика» пәнінің оқу мақсаты: оқушыларды негізгі біліммен, тиімді пайдалануға арналған қазіргі ақпараттық технологиямен бірге жүретін жұмыс дағдыларымен және қабілеттерімен қамтамасыз ету.

  4. Негізгі тапсырмалар:

  • ақпараттық үдерістердің қоғамдағы рөлін оқушылардың түсінуі, ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында пайдаланудың техникалық мүмкіндігі мен әлеуетін қалыптастыру;

  • ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс- әрекетінде тиімді қолдануларына оқушыларды үйрету;

  • жүйені талдауға, шешім, программалық қосымшалар жасауға, оларды дамытып жетілдіруге, сонымен қатар өздерінің өнімдерін бағалауға мүмкіндік бере отырып, оқушылардың компьютермен жұмыс істеудің негізгі қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету;

  • талдау, абстракция, модельдеу мен программалау арқылы оқушыларға әртүрлі тапсырмаларды шешуді үйрету;

  • тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату және ортақ заңдылықтарды табу, қойылған тапсырмаларды шешуге тиімді және ыңғайлы тәсілдер табу мүмкіндіктерін дамытатын логикалық, алгоритмдік, жалпылау сияқты ойлаудың кезеңдерін дамыту;

  • оқушыларда ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – бұл жеке тұлға мен бүкіл қазақстандық әлеуметтің мүддесін көздеуге арналған жалпы ережелерді ұстану;

  • оқушылардың ғылыми тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуға қажетті орта қалыптастыру.

«Информатика» пәнін оқу арқылы оқушылар:

  • математикалық ойлау мен модельдеудің дағдыларын «Информатика» пәнінде әртүрлі жағдайларда қолданады;

  • алгоритмдердің және программалаудың көмегімен жүйелерді модельдеуді біледі;

  • ғылым, техника, медицина, білім беру мен мәдениеттің дамуына өз үлестерін қосады;

  • программалау дағдыларын қолдану ағымдағы іс-әрекетті жетілдіретін және жаңа идеялардың пайда болуына мүмкіндік жасайтын қосымшалар жасауға септігін тигізетінін түсінеді.

Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер





  1. Қазіргі заманда сенімді, жауапты және зиялы тұлға болу қағидасы тұрғысынан алғанда оқушылардың өз-өзінен «оқуы» және жұмыс істеуі, қызығуы білім берудің басым бағыттарының бірі болып табылады.

  2. Оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланып, мұғалімдерден оқушылардың

бойында төмендегі қасиеттерді тәрбиелеуі және дамытуы күтіледі:

  • оқушының дамуы үшін оның жеке пікірін тыңдау және оның бойындағы білімін, білігін, дағдысын пайдалануының маңыздылығын мойындау;

  • тиянақты сараланған тапсырмалар мен жаттығулар арқылы оқушыларды ынталандыру және дамыта оқыту;

  • модельдеу және есептердің шешімін табу мысалдары арқылы оқу материалын оқушыға түсінікті тәсілмен көрсету;

  • оқытуда «оқыту үшін бағалау» арқылы оқушыларды қолдау;

  • есептерді шешу мен талдау негізінде оқушылардың зерттеу іс-әрекеттері мен белсенділігін ынталандыру;

  • оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту;

  • оқушылардың жеке, жұппен, топпен және жаппай сынып арасында жұмыс істеу іс- әрекеттерін ұйымдастыру.

  1. Педагогикалық тәсілдер:

  • Саралау тәсілі – оқушылардың шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін белсенді дамытуға, оқыту қызығушылы ғана басқа әдіс-тәсілдер табуына мүмкіндік береді.

  • Іс-әрекет тәсілі – оқушылардың максималды өз бетінше танымдық әрекеттер негізінде ақпараттық және коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруға, оқытуды атқарушы әрекетіне бағыттауына мүмкіндік береді.

  • Жеке-тұлғалық тәсіл – білім беру мақсаттарын іске асыруда мұғаліммен оқушы арасында тең әрекеттесуді көздейді. Білім берудің төмендегідей мақсаттары шешіледі: оқушы мен мұғалім арасындағы кедергі бұзылады, диалогтік қарым- қатынас орнайды, шығармашылық қабілетке, ынтымақтастыққа және әлеуметтік белсенділікке талпынуға жәрдемдеседі.

  • Құзыреттілік тәсіл – оқушылар білім мен білікті тұтас бірге меңгеруді көздейді.

  • Кіріктірілген тәсіл – «Информатика» пәнін басқа оқу пәндерімен тығыз байланыстырады.

  • Жүйелік тәсіл – «Информатика» пәнін оқыту, курс бөлімдерін өзара байланыстыра оқытуды қарастырады.

  1. Осы тәсілдер:

  • топпен жұмыс барысында оқушылар жалпы жобамен жұмыс істеуді көздейді. Жобамен жұмыс істеу іс-әрекетінде бірлесіп жұмыс істеу маңызды рөл атқарады, себебі топтың барлық мүшелері өздерінің қабілеті мен біліміне сәйкес дайын өнімге өз үлестерін қосады;

  • ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ынталандыру – практикалық міндеттерді шешу үшін теорияларды, әдістер мен қағидаларды пайдалану және аналитикалық, практикалық, коммуникативтік дағдыларды дамытуына ықпал ететін нақты оқыту мысалдарын игеру болып табылады;

  • мәселелі-бағдарлы оқыту – мәселені ойлап шығару мүмкіндігі;

  • ақпаратты жинауда, өндеуде, сақтауда және жіберуде сыни тұрғыдан ойлауды қолдану – тек «жоғары сапалы» ақпаратты пайдалану мүмкіндігі;

  • жобалық жұмыс – әрі қарай жұмысты жоспарлау, мақсат қою, әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу, гипотезаны ұсыну және дәлелдеу, тәжірибе жүргізу, істелінген жұмыстың нәтижесін беру, оны талдау және бағалау, сонымен қатар өз жұмыстарын қорғау мүмкіндігі;

  • алған білімдерін әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдана білуге ынталандыру;

  • шығармашылық көзқарасты және дәйектемені талап ететін ашық мәселелерді қоя білу.

  1. «Информатика» пәнінің қолданбалы сипатын көрсету мақсаты басқа білім беру салаларымен кіріктірілген міндеттерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

  2. Цифрлық технологияны қолдану құзыреттілігі.

  3. Цифрлық технологияны қолдану дағдыларын оқушылар курсты меңгеру барысында көптеген құрылғылар мен қосымшаларды пайдаланып, ақпаратты іздеу, құру және өңдеу, ынтымақтастық, ақпарат және идеялармен алмасу, өз жұмысын бағалау және жетілдіру арқылы дамытады.

  4. «Информатика» пәнінің оқу программасы келесі әрекеттерді қамтиды:

  • өмірлік оқиғалар мен жүйелерді имитациялау үшін компьютерлік модельдердің қолданылуы және дамуы, сонымен қатар оларды одан әрі қарай зерттеу;

  • практикалық міндеттерді шешу үшін мәтінді, кестелерді, суреттерді өңдеуде, анимация құруда, аудио және бейне материалды өңдеуде программалық жабдықталуды пайдалану;

  • логикалық және есептеу қабілеттерін талап ететін, жоғары деңгей тілінде программа әзірлеу;

  • практикалық міндеттерді шешуде және деректерді сақтау мен ұйымдастыруда цифрлық технология құралдарын пайдалануда шығармашылықты қолдану;

  • белгілі бір тақырып бойынша біріккен топтық жұмысты ұйымдастыру үшін электрондық құрылғылар көмегімен ақпарат жинау және тәжірибе алмасу;

  • өздігінен және кәсіби оқу дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту;

  • плагиат, вирустар, компьютерлік тәуелділік т.б. мәселелерге қатысты жеке көзқарастарды есепке алып, тұлғалық құндылықтары мен өмірлік ұстанымдарды нығайту;

  • әртүрлі дереккөздерден алынған материалдарды саралауды қажет ететін коммуникативтік дағдыларды дамыту.

  1. «Информатика» пәні оқу процесінде компьютерлерді пайдаланудың озық үлгісі ретінде болуы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет