Барлықоқушыүшін: Өзі оқитын мектебін ауызша сипаттап, оны пернетақтаның көмегімен тереді.
Оқушылардыңкөбіүшін: Пернетақтада жылдам теруді үйрететін қандай программаның бар екенін айтады.
Кейбіроқушыларүшін: Пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастырады.
Сабақтыңбарысы
Сабақтыңкезеңі/уақыты
Педагогтің іс-əрекеті
Оқушының іс-əрекеті
Бағалау
Ресурстар
(Ұ) Ұйымдастырукезеңі (1-7мин.)
Сəлемдесу,оқушылардытүгендеу. І.Қызығушылықтыояту:«Айна»ойыны Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та орындауға болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-əлпетімен əртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна-қатесіз қайталайды: оңды сол, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен ауысады.
Бұл ойын оқушылар арасында психологиялық жағымды ахуал орнатады.
Топтастыру
Топтастыру:«Төрттік»əдіс. Сыныптағы оқушыларға «əке», «ана», «бала», «дос» деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттары бойынша 4 топқа бірігеді. Сонымен қатар əке, ана, бала, дос туралы əннің бір шумағын ғана орындату арқылы сергіту жаттығуын жасайды.
Мақсаты: оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, бір-біріне жақындастыру.
Тиімділігі: оқушылардың бір-біріне деген бауырмалдығы оянады, ынтымақтасады.
(МК,Ұ)Ой қозғау. «Миғашабуыл»əдісі
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша
–Оқитын мектебіңді үш ауыз сөзбен сипаттай аласың ба?
(1-сурет)
–Сипаттаған сөздеріңді пернетақтада қалай жылдам теруге болады?
Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Басбармақ» əдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Жақсы!Талпын!
–Пернетақтада жылдам теруді үйрететін қандай программаны білесің?
Жаңа сабаққадайындық
Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын бір ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ортаға салады.
Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейінмұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбымен, мақсатымен жəнебағалаукритерийлеріментаныстырады.