Жеке тұлғалық қасиеттердің кең спектрлі дағдылардың табиғи үйлесімде дамуы білім алушылардың бойында: «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет»,
«ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты базалық құндылықтарды қалыптастырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушылардың мінез- құлқына, күнделікті іс-əрекеттеріне ынталандырушы болуға арналған оның тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.
«Цифрлық сауаттылық» пəнінің мазмұнын ұйымдастыру
«Цифрлық сауаттылық» пəні бойынша білім жүктемесінің көлемі:
2-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.
«Цифрлық сауаттылық» пəнін оқытудағы негізгі талап – компьютерлік жүйелерге қолжетімділік. «Цифрлық сауаттылық» пəнін тиімді өткізуге арналған қажетті жабдықтардың тізімі:
гарнитурамен жабдықталған дербес компьютерлер (микрофоны бар құлаққаптар);
мұғалімдер мен білім алушылардың құрылғыларының арасында дерек алмасуды қамтамасыз ететін кеңжолақты интернет;
перифериялық құрылғылар: принтер, сканер, көшіру техникасы, интерактивті проек- тор/интерактивті тақта;
роботтехникаға арналған жиынтықтар.
Оқу пəнінің негізгі мазмұны 6 бөлімнен тұрады. І бөлім. Компьютерлер мен программалар
ІІ бөлім. Шығармашылық жəне компьютер
ІІІ бөлім. Сөзбе-сөз
ІV бөлім. Мультимедиа
V бөлім. Роботтехника: датчиктер
VІ бөлім. Роботтехника: «Билейтін робот» жобасы.
І бөлім. «Компьютерлер мен программалар» бөлімі келесі сабақтарды қамтиды: 1-сабақ. Денсаулығымызды сақтаймыз
Достарыңызбен бөлісу: |