Р. А. Қадырқұлов, Н. К. Берістемова



бет36/95
Дата28.06.2023
өлшемі445,21 Kb.
#179223
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   95
Байланысты:
2 сынып әдістемелік кітап

«Отшашу»
əдісі бойынша бағалайды.

Интерактивті тақта






(Ж) 3-
тапсырма.
«Əке мен бала» жобасын «d» мен
«f» пернелері арқылы басқару үшін скриптілерге жасалатын өзгеріс алгоритмін ұсыныңдар.

Дескриптор

  • Жұптасып тапсырманы талқылайды.

  • Жобаға жасалатын өзгеріс алгоритмін ұсынады.

Оқушылар өзін- өзі «Отшашу» əдісі бойынша бағалайды.




Сабақтың соңы (7 мин.)


Сабақты бекіту.
Рефлексия

ІІІ. Ой
толғаныс. Рефлексия. (Ө) «Еркін
микрофон» əдісі бойынша бүгінгі сабақтан алған əсерін, нені оқып зерделегенін, нені үйренгенін айтады.

«Жоба кейіпкерлерін сөйлетудің қандай маңызы бар?»

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды
«Отшашу» əдісі бойынша бағалайды.




Саралау. Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап
отырсыз?

Денсаулығын жəне қауіпсіздік ережесін сақтау.

«Диалог жəне қолдау көрсету»,
«Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нəтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып əзірлеуді қамтиды.



«Отшашу» əдісі.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту жəне сабақ беру туралы не айтасыз? 1:





  1. сабақ. Мультфильм жасау



Бөлімі

3-бөлім. «Сөзбе-сөз (ортақ тақырыптары: «Менің мектебім»,
«Менің туған жерім»)

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мультфильм жасау

Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты

2.4.2.3 кейіпкерлер арасында мəтіндік диалог ұйымдастыру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:
Мультфильмнің қалай жасалатынын жəне өзінің қай тақырыпта мультфильм жасағысы келетіні туралы əңгімелейді.
Оқушылардың көбі үшін:
Scratch-те мультфильм жасау жолдарын біледі.
Кейбір оқушылар үшін:
Scratch-те кейіпкерлер арасында мəтіндік диалог ұйымдастыруды үйренеді.

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- əрекеті

Оқушының іс-əрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі
(1-7 мин.)

Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу.
І. Қызығушылықты ояту: «Бұлт үстіндегі саяхат» ойыны
Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең дем алыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхаттауға шақырмақпын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып жəне таңқаларлық оқиға орын алуы мүмкін (30 секунд). Енді сендер тағы да бұлт
үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне əкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар... Бұлт ақырындап ауада ыдырай бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар. Сендер сергек, ширақ əрі зейіндісіңдер.

Топтастыру

Топтастыру. «Атомдар мен молекулалар» əдісі
Молекулалар атомдардың жиынтығы екендігі баршаға мəлім. Оқушылар сыныптың бос жеріне жиналады. Ойынды жүргізуші «Атомдар!» деп дауыстағанда, олар бір- бірімен араласып, əрлі-берлі жүруі керек, өйткені олар қазір броундық қозғалыстағы атомдар іспетті. Ал жүргізуші «Молекулалар!» деп, бір санды атаса (мəселен, үш немесе төрт, бес, алты) оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға жедел түрде бірігуі керек. Қалыс қалған оқушылар (топ құрамын аталған саннан кем құрғандар) айып ретінде бір тапсырма орындайды: өлең оқиды, əн айтады т.с.с. Ойынның нəтижесінде құралған топтар сол құрамда парталарға да отыруына болады. Олар сабақты осы құрамда жалғастырады.
Сынып екі топқа бірігеді: 1-топ: «Атомдар», 2-топ: «Молекулалар».

(МК, Ұ) Ой


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет