Р. А. Қаратабанов, Бекдаирова В. Ж


Пәнге лайықты лексика мен терминология



Pdf көрінісі
бет217/234
Дата06.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#79673
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   234
Байланысты:
9 сынып ктж. қмж

Пәнге лайықты лексика мен терминология: 
Халықаралық қатынастар, Халықаралық сауда, капитал 
қозғалысы, қаржылық қатынастар, жұмыс күшінің 
халықаралық көші-қоны, халықаралық туризм
Құндылықтарға баулу 
Ғұмыр бойы оқып-үйрену 
Тірек білімі 
9-сыныптың география курсындағы «Экономикалық 
география», «Дүниежүзілік шаруашылықтың даму бағыты 
мен көрсеткіштері» бөлімдерінен алған білімдері


200 
Сабақ барысы 
Сабақ кезеңдері 
Сабақтағы жоспарлы іс-әрекет 
Ресурстар 
Сабақтың басы 
-
Төмендегі ұғымдарды не байланыстыратынын 
анықтаңдар: халықаралық сауда, капиталдың 
қозғалысы, жұмыс күшінің халықаралық көші-
қоны, туризм
Сабақтың ортасы 
Топтық жұмыс 
1-тапсырма. 
«Халықаралық сауда, капитал қозғалысы
қаржылық қатынастар». Әр топ белгілі бір мәселенің 
шешімін іздеумен айналысады. 
Фирма 
директорының 
кеңесшісі 
ретінде 
директордың басқарушылық шешімдер қабылдауына 
арналған 
халықаралық 
тәжірибеден 
алынған 
түрткіжайттармен 
расталған 
дәлелді 
кеңестер 
әзірлеңдер. 

1-топ.
Металл құрастырылымдарын өндірумен 
айналысатын қазақстандық фирма өзінің өндірісін 
кеңейту үшін қандай да бір қаржылық қиындықтарды 
бастан өткеруде. Оның алдында таңдау бар – шетелдік 
банктен несие алу немесе инвестор тарту. Сен қандай 
нұсқаны таңдар едің? Өз шешімдеріңнің дұрыстығын 
растайтын 
дәлел 
келтіріңдер. 
Әр 
шешімнің 
артықшылығы 
мен 
кемшілігін 
нақтылаңдар. 
Біріктірілген (құрама) шешім жасауға бола ма? Жауап 
жазған кезде үлкендердің көмегіне жүгінулеріңе болады 
және сыныпта жауап берген кезде үлкендердің көмегіне 
жүгінгеніңді айтып кету қажет.

2-топ.
Металл құрастырылымдарын өндірумен 
айналысатын 
қазақстандық 
фирма 
өңірдегі 
өз 
өнімдеріне деген сұраныс белгілі бір уақыт кезеңіне 
жетерліктей қанағаттандырылған деп есептеп, олардың 
сатылымы бойынша қиындықтарды бастан өткізуде. 
Металл құрастырылымдарына қажеттілік туындаған 
басқа елдерді көрсете отырып, фирмаға арнап сату 
жоспарын әзірлеңдер. Оларда неліктен қажеттілік 
туындады? Олар тағы кімнен сатып ала алады? 
Қазақстандық фирма өзінде тауар бар екендігін және 
оны сатуға дайын екендігін жариялай алатындай және 
сата алатын ел ішіндегі және шетелдегі орынды 
айқындаңдар. Тауарды көрсету үшін ол орындарға 
апару қажет пе немесе басқа шарттармен шектелуге 
бола ма? 

3-топ.
Металл құрастырылымдарын өндірумен 
Параграф 
мәтіні


201 
айналысатын 
қазақстандық 
өндіруші 
басқа 
фирмалардың түрлі елдерде өз тауарларын қандай 
бағада сатып жатқанын қалай біле алады? 

4-топ.
Қазақстандық фирма өзінің тауарын 
шетелдік сатып алушыға сатты делік, бірақ ол қандай 
валютамен, қандай тәсілмен есеп айырысатынын және 
тауар алуға төленген ақша қашан түсетінін білмейді. 
Бұл сұрақтардың барлығына қандай коммерциялық 
ұйым жауап бере алады, сонымен қатар, өздері өзара 
есептесу бойынша көрсетілетін барлық қажетті 
қызметтерді ұсынады? 

5-топ.
Егер 
қазақстандық 
фирма 
өзінің 
өнімдеріне тұрақты сатып алушы тапса және сатып 
алушы фирма өндіретін көлемнен де көп мөлшерде 
сатып алуға дайын болса, онда қандай өндіріс 
нұсқаларын ұсынар едің? Алайда сатып алушы 
айтарлықтай қашықта тұрады. Оның елінде металл 
құрастырылымдарын шығаратын фирмалар бар. Бірақ 
олар 
шикізат 
сатып 
алу, 
өндірісті 
жаңалау, 
жұмысшыларға еңбекақы төлеу үшін қаржылай 
қиындықтарды бастан өткеруде. Олардың металлургия 
саласындағы жұмыс тәжірибесі қазақстандық фирмаға 
қарағанда азырақ. Және де бұл фирмаларға капитал 
қажет. Ал қазақстандық фирма бірнеше табысты 
сатылымнан кейін қаражат жинақтап алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет