Р. А. Қаратабанов, Бекдаирова В. Ж



Pdf көрінісі
бет11/234
Дата06.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#79673
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   234
Байланысты:
9 сынып ктж. қмж

«География»
оқулығында берілген материал оқушының
мұғалімнің, ата-ананың, қоғам мен мемлекеттің оқудағы, дамудағы, функционалдық 
сауаттылық пен құзырет қалыптастырудағы қажеттілігін қанағаттандыруға қабілетті. 
 
 
9-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ОҚУЛЫҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
ЖӘНЕ ОЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ 
 
Оқулық мазмұнындағы жаңалық
Оқулықтың мазмұны оқушылардың география ғылымдары жүйесінің базистік 
негіздерін игеруіне, оларда тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары 
мәдениетін қалыптастыруға, жеке тұлғасы мен кәсіби бейімділігін өздігінен анықтауына, 
функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, жеке тұлғаның интеллектуалдық, өнегелі-
рухани дамуына бағытталған. 
Ұсынылған оқулықта оқытудың әлемдік инновациялық тәжірибесін көрсету және 
оқушыларда білімге деген қызығушылығын тудыратын қазіргі заманғы білім беру 
технологияларын 
пайдалану 
есебінен 
оқытудың 
формалары, 
тәсілдері 
мен 
технологиялары айтарлықтай жаңартылды. 
Білім беруде табысты нәтижелерге қол жеткізуді, алған білімдерін оқу және 
тәжірибе жұмыстарында қолдана білуін қамтамасыз ететін логикалық, сыни және 
конструктивтік ойлау негіздерін қалыптастыру үшін оқытудың тиімді формалары мен 
тәсілдері енгізілді. 
Сынып ұжымын тұтастай оқыту формасынан әрбір оқушы жеке оқыту жолын, 
оның ішінде интерактивті, инновациялық, жобалық-зерттеу технологияларын, цифрлық 
инфрақұрылымдарды пайдалана отырып іске асыруға ауысу қамтамасыз етілді. 
Оқушыларға артық абстрактілі-теориялық біліммен және тапсырмалар беру 
жойылды, бұл оқыту процесін әлдеқайда икемді және тәжірибелік-бағдарлы етуге 
мүмкіндік береді. 
Жалпы алғанда, оқулық мазмұнын, оқытудың формасы мен тәсілдерін жаңарту 
оқушылар мен мұғалімдер арасында әріптестік және достық қарым-қатынастың орнауына 
жағдай туғызатын болады. 
Оқулық құрылымдық тұрғыдан оқулыққа бағдар жасау аппараты, кіріспеден 
(оқушыларға арналған жолдау түрінде), мазмұн көрсеткішінен, оқулықпен жұмыс істеу 
ерекшеліктерін сипаттаудан, айқарма шмуцтитулдан, алпыс сегіз сабақтан, он екі 
тәжірибелік жұмыстан, глоссарийден, ұсынылған әдебиеттер тізімінен, пайдаланылған 
әдебиеттер тізімінен, форзацтардан тұрады. Параграфтарда суреттер мен кестелер бар. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет