ҚР акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру туралы Қр дсм 26 тамыз 2021жылғы №92 стандарты бойынша дайындалған Акушерлік – гинекологиялық көмек


Босанудың 3 кезеңі - бала жолдасы кезеңі белсенді жүргізіледі



бет18/19
Дата13.03.2023
өлшемі72,03 Kb.
#172072
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
аку 2

Босанудың 3 кезеңі - бала жолдасы кезеңі белсенді жүргізіледі. Әйелдің сан бұлшық етіне жатырдың жиырылуын күшейтетін 2 мл окситоцин баланың жоғарғы иығы шыққаннан кейін егіледі. Әйелдің астына бала жолдасына арналған лоток қойылады. Акушерка сол қолын шаттан сәл жоғары, алақан бетін әйел кіндігіне бағыттай орналастырып, оң қолына кіндік баудың сыртқы қиындысын ұстап, ақырын тарта отырып бала жолдасын шығарады. Туылып шыққан бала жолдасының бүтіндігі тексеріледі. Бірінші ұрық беті, сосын ана жақ беті қабықтарымен тексеріледі. Тексеріп болған соң салмағын өлшеп (500-600 гр болуы керек) босану тарихына жазылады. Босанған әйелдің жыныс мүшелері жыртылысқа тексеріледі. Жыртылыс анықталса бірден тігіс салынады. 

Босанған әйел 2 сағат босану бөлімінде жатады. Бұл уақытта әйел жағдайын, жатыр тонусын, қан шығынын, сәби жағдайын бақылап отыру керек. Жатыр тонусы бірінші сағатта әрбір 15 минут сайын, екінші сағатта әрбір 30 минут сайын, барлығы 6 рет ішін басып қарау арқылы тексеріледі. Жатыр қалыпты жағдайда қатты, шекарасы анық, түбі кіндік тұсында болуы керек. Егер жатыр жұмсақ, көлемі үлкен болса, дәрігерге айту керек. Себебі бұл жатыр гипотониясын білдіреді. Ол қан кетумен қауіпті. Әрбір 15 минут сайын сәбидің аяқ басын ұстап қарап, салқын болса дене қызуын өлшеп, көрсеткіші 35,5 С болса, денесін жылыту керек. Кіндігін әрбір 15 минут сайын қарап отыру керек. Себебі қысқыш әлсіз қыстырылып, сәби кіндігі арқылы қансырап қалуы мүмкін. Барлық көрсеткіш қалыпты болса, 2 сағаттан кейін әйел сәбиімен босанғаннан кейінгі бөлімге ауысады. 

  1. Сәбидің алғашқы тазалығы. 

Босануды қабылдаған акушерка қолын қайтара жуып, спиртпен өңдеп сәби тазалығына кіріседі. Сәби ауыз, мұрнын қажетіне қарай шырыштан тазартады. Көздеріне тетрациклин майы жағылады. 
Кіндік бойындағы тамыр соғуы тоқтағасын (1 мин өткен соң ) кіндік сақинасынан 10 см қашықтықта 1 зажим, одан 2-3 см сырт, 2-ші зажим қыстырады. Екі зажим аралығындағы кіндік баудың бетін салфеткамен жауып (кіндік бойындағы қан шашырамас үшін) қияды. 
Сәби туылған бойда оның жағдайын Апгар шкаласымен бағалайды. Бұнда сәбидің 5- белгісін, әрқайсысын 0,1,2 балмен бағалайды. 

  1. Жүрек соғуы 

  2. Шартсыз рефлексі 

  3. Бұлшық ет тонусы (қимылы)

  4. Терісінің түсі 

  5. Дем алысы 

0 балл – белгілер анықталмағанда беріледі. 
1 балл – белгілер әлсіз болғанда беріледі. 
2 балл – белгілер жақсы болғанда беріледі. Апгар шкаласымен бағалау 5 минуттан кейін қайталанды. Сәби жағдай жақсы болса 5 белгінің қосындысы 7-10 балды көрсетеді. Жеңіл тұншығу болса 6-5-4 балл, ауыр болса 3-1 балл, өлі болса 0 балл береді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет