ҚР акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру туралы ҚР ДСМ 26 тамыз 2021жылғы № 92 стандарты бойынша дайындалған Акушерлік – гинекологиялық көмек - әйелдерге жүктілік, босану, босанудан кейінгі кезеңде, гинекологиялық аурулар кезінде, профилактикалық байқау және әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау бойынша көрсетілетін медициналық қызметтердің кешені;
Перинатальды көмекті өңірлендіру (регионализация) – бұл жүктілік және босану барысының қауіп дәрежесіне қарай әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге перинаталдық стационарлық көмек көрсетудің үш деңгейі бойынша облыс аумағында медициналық ұйымдарды бөлу;
Патронаж – медицина қызметкерінің әйелдің үй жағдайында ақпараттық және профилактикалық (алдын-алу) іс - шараларды жүргізуі. Патронаж жасалады:
Жаңа туылған сәбилерге
Жүкті әйелдерге
Босанған әйелдерге
Диспансерлік есептегі науқас әйелге
Актив – белсенді баару(активное посещение) – дәрігердің бастамасы бойынша белсенді бару - бұл медико-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) ұйымына, стационардан шығарылған науқас туралы хабарлама түссе немесе жедел жәрдемнен әйел шақыртуымен қызмет көрсетілгені туралы хабарлама түскеннен кейін, науқастың үйіне дәрігердің немесе акушерканың келіп мед көмек беруі.
Репродуктивті денсаулық – әйелдің дені сау ұрпақ әкелу қабілетін көрсететін денсаулығы
Контрацепция – қаламаған жүктіліктің алдын алу әдістері және құралдары;
Пренаталдық скрининг – жатырішілік ұрықтың хромосомалық патологиясы мен дамуының туа біткен кемістігі (бұдан әрі – ДТК) бойынша қауіп топтарын анықтау мақсатында жүкті әйелдерді жаппай кешенді зерттеп-қарау;
Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі қызмет бағыттары 1. Жүкті, босанушы, босанған әйелдер мен жүкті емес барлық жас топтарындағы әйелдерге денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік көлемінің (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде ұсынылады.
2. Жүкті, босанатын, босанған әйелдерді және гинекологиялық науқастарды денсаулық сақтау ұйымдарында ТМККК шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (ҚР. Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қарашадағы № 762 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярлар негізінде ұсынылады)