ҚР акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру туралы Қр дсм 26 тамыз 2021жылғы №92 стандарты бойынша дайындалған Акушерлік – гинекологиялық көмек


Консультациялық-диагностикалық бөлімшенің (кабинеттің) дәрігерлері



бет9/19
Дата13.03.2023
өлшемі72,03 Kb.
#172072
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
аку 2

Консультациялық-диагностикалық бөлімшенің (кабинеттің) дәрігерлері отбасын жоспарлау мәселелері бойынша ақпараттандыруды және консультация беруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ негізгі ауруға бағалау, контрацепция әдісін бақылау мен динамикалық байқау жүргізеді.
Психологтар және әлеуметтік қызметкерлер халықпен ұрпақты болу денсаулығын сақтау, отбасын жоспарлау, жасөспірімдерде ерте жыныстық қатынастың және қаламаған жүктіліктің профилактикасы мәселелері бойынша ақпараттық жұмыстар, контрацепция әдістері бойынша ақпараттандыру, жүкті және босанған әйелдерге консультация беру іс-шараларын жүргізеді.
4-тарау. Стационарлық деңгейде акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру
84. Жыныс ағзаларының аурулары бар әйелдерге жүктілік, босану кезінде, босанудан кейінгі кезеңде және жаңа туған нәрестелерге стационарлық медициналық көмек ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығымен бекітілген Стационарлық көмек көрсету қағидаларына сәйкес МҰ немесе олардың тәулік бойы медициналық байқауы бар тиісті құрылымдық бөлімшелерінде көрсетіледі.
85. Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу пациентте медициналық көрсетілімдер және медициналық көмек алу үшін ақпараттандырылған келісім болған жағдайда қабылдау бөлімшесінің дәрігері № 907 бұйрықпен бекітілген медициналық құжаттама толтырып, МҰ-ның қабылдау бөлімшесінде жүргізіледі.
86. Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін стационарлық деңгейдегі медициналық ұйымдарда жүзеге асырылады:
1) жүкті, босанған және босанатын әйелдерге және жана туған нәрестелерге стационарлық консультациялық-диагностикалық, емдеу-профилактикалық және оңалту көмегін көрсету;
2) жеке ерекшелікті ескере отырып жүктілікке, босануға және босанғаннан кейіңгі кезеңге жоспар құру;
3) диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына және емдеп-қадағалау жоспарына сәйкес жүктілікті, босану және босанғаннан кейінгі кезенді емдеп-қадағалау;
4) жүкті, босанған және босанатын әйелдерге консультация жүргізу, деңгейлік медициналық көмек көрсетудің сақталуын бақылау;
5) аналарға және жаңа туған нәрестелерге оңалту іс-шараларын өткізу, оның ішінде шала туған нәрестелерге күтім жасау;
6) жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге телекоммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып, медициналық көмек көрсету бойынша консультация беру;
7) медициналық-санитариялық алғашқы көмек медициналық ұйымдарымен, өңірдің акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін стационарлық деңгейдегі басқада медициналық ұйымдарымен; республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен сабақтастық және ақпарат алмасу;
8) акушерлік-гинекологиялық және неонатологиялық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің статистикалық деректерін жинау және талдау жүргізу;
9) еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын, жүктілігі және босануы бойынша, гинекологиялық науқастарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтама беру;
10) әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге акушерлік-гинекологиялық және неонатологиялық көмектің көшпелі түрлерін ұйымдастыру
12) аналарға және жаңа туған нәрестелерге, оның ішінде төмен және экстремалды төмен дене салмағымен жаңа туған нәрестелерге реанимациялық көмек көрсету және қарқынды терапия;
13) әйелдерге медициналық-психологиялық көмекті жүзеге асыру;
14) әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, перинаталдық көмек мәселелері бойынша дәрігерлердің және орта медицина персоналының кәсіби біліктілігін арттыру, акушерия, гинекология және перинатологияның өзекті мәселелері бойынша конференция/кеңес өткізу, сондай-ақ жер жерлерде мастер-кластар өткізу;
15) халық үшін перинаталдық көмек, ұрпақты болу денсаулығы және емшек сүтімен қоректендіру, ана болу қауіпсіздігі мәселелері бойынша қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
87. Гестация мерзімі 36 аптаға дейінгі жүкті әйелдерді, акушерлік және гинекологиялық асқынулар болмаған немесе болмашы көрінетін жағдайларда босанған әйелдерді және басым экстрагениталды патологиялары бар аборттан кейінгі кезеңдегі әйелдерді емдеуге жатқызу клиникалық хаттамаларға сәйкес көрсетілімдер бойынша, ал олар болмаған жағдайда – дәрігерлер консилиумының шешімі бойынша бейінді мамандандырылған медициналық ұйымдарға немесе көп бейінді ауруханалардың бөлімшелерінде жүзеге асырылады.
88. Аборттан кейінгі және босанғаннан кейінгі асқынулары бар әйелдер көп бейінді аурухананың гинекологиялық бөлімшелеріне төсекке емдеуге жатқызылады.
89. Көп бейінді стационарға Жүктіліктің 36 аптасына дейінгі, созылмалы аурулармен ауыратын және көп бейінді стационарлардың мамандандырылған бөлімшелерінде емдеуді қажет ететін жүкті әйелдер көп бейінді стационарға келіп түскен кезде емдеуші дәрігер бөлімшенің меңгерушісімен және акушер-гинеколог дәрігермен бірлесіп ауру ағымының ауырлығын, жүктіліктің барысын және емдеу тактикасын бағалау үшін қарап-тексеру жүргізеді.
90. Жүктілікті көтеруге қарсы көрсетілімдер болып табылатын экстрагениталдық аурулар кезінде ана мен ұрықтың өмірі үшін қауіпті ескере отырып, жүктілікті ұзуртудың орындылығы туралы комиссиялық шешім қабылдайды.
91. Жүкті және босанатын әйелдердің өміріне қауіп төндіретін ауыр аурулар мен асқынулар кезінде республикалық деңгейдегі бейінді МҰ пациентті ауыстыру (тасымалдау үшін қарсы көрсетілім жоқ болған кезде) туралы комиссиялық шешім қабылданады.
92. Әйелдерге жүктілік және одан тыс кезде, ұрпақты болу ағзаларының аурулары бар әйелдерге стационарлық көмек диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес көрсетіледі.
93. Гинекологиялық бөлімшеге көрсетілімдер бойынша консервативтік және операциялық емдеу үшін науқастар емдеуге жатқызылады.
94. Терапияға берілмейтін бедеулік диагнозы қойылған жағдайда ерлі-зайыптылар жұбының немесе некеге тұрмаған әйелдің қалауы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 30 қазандағы № 627 бұйрығымен бекітілген Ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5919 болып тіркелген) сәйкес ұрпақты болудың қосалқы технологиялары қолданылады.
95. Қарқынды емдеу мен реанимациялық іс-шараларды жүргізуді талап ететін медициналық көмек көрсету бейінді мамандарды тарта отырып, анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде (бұдан әрі – АРҚТБ) жүзеге асырылады.

Перинаталдық көмекті өңірлендіру деңгейлері бойынша жүкті әйелдерді емдеуге жатқызу акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін стационарлық деңгейдегі медициналық ұйымдарда жүзеге асырылады.
1. Бірінші деңгейлі МҰ жүктіліктің асқынбаған ағымы және шұғыл физиологиялық босанатын жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсетуге арналған.
2. Перинаталдық көмекті өңірлендірудің бірінші деңгейіндегі стационарлар ұйымдарының құрылымына: жеке босандыру палаталары, ана мен баланың бірге болуына арналған бөлімшелер, екпе кабинеті, жаңа туған нәрестелерге арналған қарқынды терапия палаталары сондай клиникалық-диагностикалық зертхана кіреді.
3. Екінші деңгейлі ұйым асқынбаған жүктілік, 34 аптадан бастап одан артық гестация мерзімімен уақытынан бұрын босанған кезде әйелдерге, сондай-ақ осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес перинаталдық патологияны іске асырудың орташа қаупі және көрсетілімі бар жүкті, босанатын және босанған әйелдерге арналған.
4. Перинаталдық көмекті өңірлендірудің екінші деңгейіндегі МҰ-ның құрылымында жеке босандыру палаталары, ана мен баланың бірге болуына арналған бөлімше, жаңа туған нәрестелерге арналған реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері, сондай-ақ, клиникалық-диагностикалық зертхана ұйымдастырылады.
5. Үшінші деңгейдегі МҰ-ға асқынған жүктілігі, 22 аптадан бастап 33 аптаға дейін мерзімімен бұрын босанған әйелдер, сондай-ақ осы перинаталдық патологиямен жоғары қаупі және көрсетілімі бар жүкті, босанатын және босанған әйелдерге жатады.
Үшінші деңгей жүкті, босанатын, босанған әйелдер мен неонаталдық көмекті қажет ететін науқас жаңа туған нәрестелерге, оның ішінде дене салмағы 1500,0 және одан аз грамм болатын, барынша төмен деңгейдегі ұйымнан ауыстырылған шала туған нәрестелерге медициналық көмектің барлық түрлері көрсетіледі.
6. Перинаталдық көмекті өңірлендірудің үшінші деңгейіндегі МҰ-да жаңа туған нәрестелердің реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі, анамен бірге болу бөлімшесі, жаңа туған нәрестелердің патологиясы және жаңа туған нәрестелерге күтім жасау бөлімшесі, сондай-ақ клиникалық-диагностикалық және бактериологиялық зертхана ұйымдастырылады.
7. Туындаған кезек күттірмейтін жағдаймен жүкті және босанатын әйелдер бейіні бойынша сәйкес келмейтін медициналық ұйымға келіп түскен жағдайда олардың жағдайы тұрақтанғаннан кейін келісусіз анағұрлым жоғары деңгейдегі мамандандырылған, көп бейінді стационарға немесе акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін стационарлық деңгейдегі басқа медициналық ұйымдардарға жеткізу үшін (қабылдайтын ұйымды алдын ала хабардар ете отырып) жедел медициналық көмек бригадасын шақырту қамтамасыз етіледі.
8. Жүкті, босанатын, босанған әйелдердің жағдайы тасымалдауға келмейтін жағдай кезінде "өзіне" білікті мамандарды шақыру, кезек күттірмейтін жағдайлар туындаған кезде алғашқы реанимациялық көмек кешенін көрсету, ана мен ұрықтың қауіп жағдайларының диагностикасы, босандыру жөніндегі мәселелерді шешу, анағұрлым жоғары деңгейге ауыстырғанға дейін қарқынды және қолдау терапиясын жүргізу жүзеге асырылады.
9. Өңір аумағында перинаталдық көмекті өңірлендірудің төмен деңгейіндегі МҰ болмаған жағдайда (қала) жүкті, босанатын, босанған әйелдерді және жаңа туған нәрестелерді емдеуге жатқызу перинаталдық көмегін өңірлендірудің жоғары тұрған деңгейдегі МҰ-ға, сондай-ақ жүкті, босанатын, босанған әйелдің еркін таңдауы ескеріліп, жүзеге асырылады.
11. Барлық босанған әйелдер босанғаннан кейінгі кезеңде перзентханадан шығарылғанға дейін кеуде қуысының флюорографиялық зерттеп-қараудан өтеді.
12. Босанған әйелді стационардан шығаратын күні тексеріп-қарайды, жағдайын бағалап, асқынулары мен қауіпті белгілерінің профилактикасы туралы консультация жүргізеді, нақты тұратын жері актив жасау үшін МСАК ұйымына босанған әйелдің босану кезеңіне катысты мәліметтер жібереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет