ҚР акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру туралы Қр дсм 26 тамыз 2021жылғы №92 стандарты бойынша дайындалған Акушерлік – гинекологиялық көмек



бет17/19
Дата13.03.2023
өлшемі72,03 Kb.
#172072
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
аку 2

ұрықтың жасайтын қимыл қозғалыстарының жиынтығы. Ең жиі кездесетіні бұл шүйденің алға қарап туылуы. Бұнда 4- биомеханизм бар. 

  1. Бастың иілуі. Бұнда сәби басы төбе жігімен кіші жамбас кіреберісінің қиғаш өлшеміне бекінеді. 

  2. Бастың ішкі бұрылыс жасауы. Бұнда сәби басы, кіші жамбас қабаттарында бұрыла отырып, төбе жігімен шыға беріс қабаттың тік өлшемене сәйкестеледі. 

  3. Бастың шалқаюы. Бұнда, шүйдесімен шат бұрышына бекінген бас шалқайып, жыныс саңылауынан босап шығады. 

  4. Туылған бас пен іштегі дененің бұрылысы. Бұнда, туылған бас, бетімен анасының оң не сол жақ шабына қарап, іштегі тұлғамен бірге бұрылады. Келесі күшенуде жыныс саңылауынан сәбидің иық белдеуі мен тұлғасы, қол- аяқтары босап шығады.

  1. Босанудың 2- ші кезеңін жүргізу

2-кезеңде де әйелдің көңіл күйі, жалпы жағдайы бақыланып, ҚҚ,ТС – сағат сайын, толғақ күші 30 минут сайын анықталады. Жатырдағы баланың жүрек соғуын әрбір 5 минут сайын толғақ аралық үзілісте тыңдайды. Толғақ ұстап жатқан кезде жүрек соғуын тыңдауға болмайды. Себебі жатыр жиырылғанда, оның бойындағы қан тамырлары қысылып, ана мен бала аралығындағы қан айналыс нашарлайды. Балаға оттегінің келуі азаяды. Осыдан уақытша жүрек соғуы нашарлайды. 
Босанудың екінші кезеңінде бала басы кіші жамбас қабаттарынан біртіндеп жылжи отырып сыртқа шығады. Осыған байланысты 6 түсінік бар. 
а) бала басы кіреберіс қабаттан жоғары тұр;
б) бала нәресте басы кіші сегментімен кіреберіс қабатта
в) бала басы үлкен сегментімен кіреберіс қабатта;
г) бала басы жамбастың кең қабатына; 
е) бала басы шыға беріс қабатта орналасқан 
Аталған қабаттардың әрқайсысында бала басы 2 сағаттан артық тұрмауы керек. Бастың ұзақ тұруы толғақ әлсіздігін және нәресте жолында кедергі барын білдіреді (тар жамбас, ұрық ірілігі, бастың шалқайып келуі). Ұзақ тұрудан бала басы мен босану жолы тіндері қысылып, қан айналысы бұзылады. Бала басында ісік, әйел жыныс мүшесінде жыланкөз пайда болады. 
Босану кезінде жыныс мүшелерінен қан аға бастау – босану жолы ткандерінің жыртылу және қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз ажырау белгісі. Мекония (жатырдағы нәресте ішегінде түзілген алғашқы ұлы дәреті) аралас қағанақ суының кетуі – жатырдағы баланың тұншығу белгісі. Бұндайда қағанақ суы жасыл – қоңыр түске өзгереді. 

  1. Босануды қабылдаушы акушерка қолын өңдеп, стерильді халат киіп, алдына клеенка алжапқыш тағып, маска киеді. Әйелдің сыртқы жыныс мүшелерін, шабын әлсіз калий перманганат ертіндісімен өңдеп, астына таза жаялық төсейді. Бала шүйдесі туылғанша босануды шыдамды күтумен жүргізеді. Ешқандай әрекет қолданбайды. Тек әйелдің дұрыс күшенуі мен жатырдағы нәресте жағдайын бақылайды. Бас жамбас түбіне түсіп, шүйде асты шұңқырымен шат бұрышына тірелген уақытта әйелге күшенуге тиым салынады. Ол үшін әйел қолдарын кеудесіне айқастырып, аузымен терең ретті демалады. Бұл әрекет күшену толғағын тежеуге, бастың өз еркімен шалқайып босану жолынан шығуына бағытталған. Бастың шалқаюы кезінде жыныс саңылауынан біртіндеп бала маңдайы, беті, иегі шығады. Егер бала мойнына кіндігі оратылған болса, оны сәл тартып босатады. Босату мүмкін болмаса, екі зажим аралығында қияды. 

  2. Туылған басты құлақ самай – бет тұсынан екі алақанмен жайлап ұстап төмен қарай иілдіре тарта отырып үстіңгі иықты босатады. Сосын басты жоғары көтере ұстап, астыңғы иықты шығарады.

  3. Тұлғаны шығару. Иық белдеуі шыққан соң саусақтарымызды сәбидің қолтық астына, бас бармағымызды, арқасына орналастыра, ұрық кеудесін екі қолмен ұстап жоғары қарай көтереміз. Сол кезде тұлға оңай шығады. Туылған сәбиді жылы таза жаялықпен құрғатып, анасының омырауына саламыз. Үстін құрғақ жылы жаялықпен және көрепшемен жауып, басына телпегін, аяқтарына шұлығын кигіземіз. Себебі туылған сәби қоршаған орта температурасында тоңып қалуы мүмкін. Сондықтан оны жылы ұстау керек.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет