ҚР акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру туралы Қр дсм 26 тамыз 2021жылғы №92 стандарты бойынша дайындалған Акушерлік – гинекологиялық көмек


Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары (бұдан әрі – МҰ)



бет2/19
Дата13.03.2023
өлшемі72,03 Kb.
#172072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
аку 2
Сөйлем мүшелері, приложение, Заметка 3 июня 2023 г.15 40 55, Question 1, АФО стомат 2016
3. Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары (бұдан әрі – МҰ):
1) әйелдерге жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңде дәрігерге дейінгі, білікті мамандандырылған медициналық көмек көрсету, сондай-ақ гинекологиялық көмек көрсету;
2) медициналық көмектің қолжетімділігін және медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ететін іс-шараларды жүргізу;
3) ұрпақты болу жасындағы әйелдерге отбасын жоспарлау бойынша қызметтерді ұсыну.
4. Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
1) амбулаториялық-емханалық көмек (тәулік бойы бақылау және емдеу көзделмейтін жағдайларда): медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) және консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі – КДК);
2) стационарды алмастыратын көмек (тәулік бойы медициналық бақылау және емдеуді талап етпейтін медициналық бақылау және емдеуді көздейтін жағдайларда);
3) стационарлық көмек (тәулік бойы медициналық бақылау мен емдеуді қамтамасыз ету жағдайларда);
4) жедел медициналық көмек;
5) санитариялық авиация.
5. Әйелдерге акушерлік-гинекологиялық көмекті амбулаториялық-емханалық және стационарлық деңгейдегі медициналық ұйымдарда балалар гинекологиясы, функциялық диагностика, ультрадыбыстық диагностика, эндоскопияны акушер-гинеколог дәрігерлермен, орта медицина қызметкерлері: акушер, фельдшер, мейіргер жүзеге асырады.
6. Жүкті, босанатын, босанған әйелдер мен барлық жас топтарының гинекологиялық науқастарына акушерлік-гинекологиялық көмек «ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссиясы бекіткен диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына» сәйкес жүргізеді.
7. Зорлық-зомбылық және дене жарақаттарының фактілері анықталған жағдайда емдеу-профилактикалық көмек көрсету және медициналық оңалтуды жүргізіледі. "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес жәбірленушілердің жүгіну фактілері туралы ішкі істер органдарына хабарлау жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет