Амбулаториялық-емханалық деңгейде учаскелік терапевттер мен ЖПД атқаратын қызметі
1) экстрагениталдық патологияларды уақтылы анықтау және диспансерлік есепке алу үшін фертильдік жастағы әйелдерді жыл сайын зерттеп-қарау;
2) созылмалы экстрагениталдық аурулары бар ФЖӘ диспансерлеу және алдағы болатын жүктілікке дайындау;
3) ұрпақты болу денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша әйелдерге консультация беру;
4) созылмалы экстрагениталдық ауруларды бар ФЖӘ топтарының контрацепциямен қамтылуын ұйымдастыру;
5) жасөспірімдермен ұрпақты болу денсаулығын сақтау, отбасын жоспарлау, ерте жыныстық қатынастың және қалаусыз жүктіліктің профилактикасы, контрпцепциясы мәселелері бойынша ақпараттық жұмыстар;
6) жүктілікті жоспарлау кезінде гравидарлық алды дайындықты жүргізу;
7) жүктілікті уақтылы айқындау және диспансерлік есепке алуды қамтамасыз ету;
8) жүктіліктің 12 аптасында (немесе бірінші рет келген кезде) және жүктіліктің 30-32 аптасында, сондай-ақ көрсетілімдер бойынша басқа да мерзімдерде жүкті әйелдерді міндетті қарап-тексеру жүргізу;
9) анамнезді жинау және жіті және созылмалы экстрагениталдық ауруларды анықтау;
10) жүктілікке дейін және босанғаннан кейін флюрографияны тағайындау және оның нәтижелерін бақылау;
11) жүктіліктің физиологиялық ағымымен жүкті әйелдерді қадағалап қарау. Акушер-гинеколог дәрігер болмаған жағдайда асқынбаған және асқынған ағымымен жүктілікті қадағалап қарау;
12) жүкті әйелдерге және емшекпен сүтімен қоректендіретін аналарға тек қана емшекпен қоректендірудің (туған сәттен 6 айға дейін) және баланы кем дегенде екі жасқа дейін емшекпен қоректендірудің артықшылықтары бойынша консультация беру;
13) босанғаннан кейін 10-шы және 30-шы тәулікте, сондай-ақ көрсетілімдер бойынша басқа да мерзімде босанған әйелдерді міндетті қарап-тексеру жүргізу;
14) көрсетілімдер бойынша жүктілік кезеңінде және босанғаннан кейін әйелдерге патронаж жүргізу;
15) асқынған босанулары, жүктілікті өз еркімен үзген, гинекологиялық операциялық араласулардан кейін әйелдерге оңалту іс-шараларын өткізу;
16) акушерлік-гинекологиялық, педиатриялық және бейінді қызметтермен сабақтастықты жүзеге асыру;
17) әйелдерді профилактикалық және скринингтік қарап-тексеру;
18) жылына 1 реттен жиі емес гинекологиялық науқастарды қарап-тексеру;
19) аурулардың профилактикасы және ұрпақты болу денсаулығын нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша халықтың арасында санитариялық-гигиеналық ағарту іс-шараларын өткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |