ҚР акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру туралы Қр дсм 26 тамыз 2021жылғы №92 стандарты бойынша дайындалған Акушерлік – гинекологиялық көмек


Зерттеп-қарау нәтижелерін алғаннан кейін



бет5/19
Дата13.03.2023
өлшемі72,03 Kb.
#172072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
аку 2

16. Зерттеп-қарау нәтижелерін алғаннан кейін жүкті әйелді келесі қауіп факторлары бойынша топтарға ажыратады:
- жүктілікті көтере алмаушылық (мерзімінен бұрын босану)

  •  преэклампсияның, эклампсияның дамуы;

  •  ұрық дамуының тежелуі;

  •  экстрагениталды аурулардың өршуі;

  •  қан кету;

  •  жатырдың жыртылуы;

  •  ірің-септикалық асқынулардың дамуы;

  •  ұрықтың туа біткен ақауларының дамуы және хромосомды патологиясы

 бойынша 
Қауіп факторларын ескере отырып жүкті әйелдерді бақылаудың жеке жоспары құрылады.
17. Жүктілігі бойынша есепке алынған әйелге № 907 бұйрықпен бекітілген № 111/е «Жүкті және босанған әйелдің жеке картасы» толтырылып, акушер-гинеколог кабинетіндегі картотекада сақталады.
18. Акушер-гинеколог дәрігерге барған сайын әйелді қарап-тексеру мен лабораториялық зерттеулердің деректері жүкті әйелдің жеке картасына белгіленеді.
19. Дәрігерге бірінші рет барған кезде жүкті әйелге № 907 бұйрықпен бекітілген № 113/е нысанды «Жүкті әйелдің алмасу картасы» беріледі және ол бақылау орны бойынша және басқа да медициналық ұйымдарға көрсету үшін барлық жүктілік кезеңінде әйелдің қолында болады.
20. Патронаж қажет ететін, стационарлық емдеудегі, уақытша тіркеуден шыққан және босанған әйелдердің карталары картотекада бөлек салынады.
21. дәрігер қабылдауы тағайындалған күннен 3 күн қабылдауға келмеген жүкті әйелге акушер немесе патронажды мейіргер патронаж жүргізеді, оның өзімен бірге тонометрі, термометрі және стетоскобы болуы керек. Патронажда анықталған деректерді акушерка № 111/е нысанына және № 113/е нысанына енгізеді.
22. Жүкті және босанған әйелдердің патронажын учаскелік терапевттер, жалпы практика дәрігерлері, учаскелік педиатрлар және мейіргерлер универсальды-прогрессивті модельде жүзеге асырады.
23. Универсалды (міндетті) патронажды жүкті әйелдерге орта медицина қызметкері жүргізеді, ол босанғанға дейінгі 2 патронаждан тұрады (жүктіліктің 12 аптасына дейін және 32 аптасында).
24. Прогрессивті тәсілдегі патронаж әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы қауіп анықталған жағдайда жасалады.
25. Орташа қауіп анықталған жағдайда (соның ішінде емшек сүтімен қоректендіру проблемалары, гигиена бойынша) орта медицина қызметкері өз бетінше немесе учаскелік дәрігермен бірлесіп оны жою жұмысын жүргізеді. Жоғарғы қауіп жағдайында (қатыгездік, зорлық-зомбылық, әйелдің мүгедектігі және басқалар) отбасы әлеуметтік қолдауға мұқтаж болған жағдайда мәлімет қажеттілігіне қарай әлеуметтік қызметкерге, психологқа немесе басқа секторлардың өкілдеріне беріледі (білім, әлеуметтік қорғау, ішкі істер бөлімі, әкімдіктер, үкіметтік емес ұйымдар және басқаларға).
26. Экстрагениталдық патология бойынша жүктілікке қарсы көрсетілімдері бар әйелдергегі жүктілікті үзу туралы мәселені, комиссия арқылы "Жүктілікті жасанды түрде үзу ережесін бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 626 бұйрығымен бекітілген медициналық көрсетілімдерге сәйкес медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясы айқындайды.
27. Акушерлік асқынулары бар жүкті әйелдерді, перинаталдық көмекті өңірлендіру қағидаттарын ескере отырып, акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін стационарлық ұйымдарға емдеуге жатқызады.
28. Экстрагениталдық аурулар болған жағдайда жүктіліктің 36 апта мерзіміне дейін жүкті әйелдерді мамандандырылған бейінді стационарларда немесе көп бейінді ауруханалардың бөлімшесіне емдеуге жатқызады. Ал 36 аптадан бастап акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін стационарлық деңгейдегі медициналық ұйымдарға (перзентхананыңң патология бөлімшесіне) жатқызады.
29. Акушер-гинеколог дәрігер және акушерка жүкті әйелді уақтылы емдеуге жатқызуды бақылайды.
31. Тәулік бойғы байқауды талап етпейтін жүкті әйелдерге көрсетілімдер бойынша стационарды алмастыратын (күндізгі стационар) көмек көрсетіледі.
32. Жүкті әйелді жеңіл және кәсіби зиянды емес жұмысқа ауыстыру туралы дәрігерлік қорытындыны № 907 бұйрығымен бекітілген № 084/е нысан бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссия береді.
33. Акушер-гинеколог дәрігер ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларына сәйкес жүктілік және босандыру бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ пен анықтаманы береді.
34. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы № 036/е нысаны бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын тіркеу кітабында тіркеледі. Білім беру ұйымдарында оқитын жүкті студент әйелдерге уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама беріледі (№ 095/е нысаны).
35. Жүкті әйел мекенжайын ауыстырған жағдайда, оны одан әрі нақты тұрғылықты жері бойынша бақылауды дәрігер немесе акушер жүзеге асырады. Жүкті әйелдің кетуі туралы жазба медициналық құжаттамада белгіленеді (№ 111/е нысаны және № 113/е нысаны). Жүкті әйелдің көшуі туралы мәліметтерді келген жері бойынша медициналық ұйымға телефон арқылы және жазбаша түрде хабарлайды.
36. Қалыпты босанған әйелдерге патронажды әйел акушерлік стационардан шыққаннан кейін бірінші үш тәулікте акушер немесе мейіргер жүргізеді. Босанғаннан кейінгі кезең асқынған жағдайда патронажды дәрігер жүргізеді.
37. Қызмет көрсетілетін аймаққа ауысып келген босанған әйелдерге актив, акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін стационарлық деңгейдегі медициналық ұйымдардан телефон немесе жазбаша хабарландыру мәліметі келіп түскенде жасалады. 
38. Патронаж кезінде босанған әйелге сауалдар қойылып, объективті қарап-тексеру, артериялық қысымын, пульсты, дене қызуын өлшеу және сүт безі мен ішін пальпациялау, жыныстық жолдардан бөлінетін бөлінділерді бағалау жүзеге асырылады. Босанған әйелдерге бала емізіп жүріп жүкті болып қалу қаупі бойынша, отбасын жоспарлау және контрацепциялық құралдар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
39. Босанған әйелдердің акушерлік-гинекологиялық кабинетке баруы босанғаннан кейін 10 және 30 тәулікте жүргізіледі. Қабылдауға келген әйелдің дене қызуын, артериялық қысымын, пульсін өлшеу, объективті қарап-тексеру, сүт безін қарап-тексеру, ішперде қабырғасы арқылы жатырын пальпациялау, сыртқы жыныс ағзаларын қарап-тексеру және шығындыларды бағалау жүргізіледі. Гинекологиялық айнада, қынаптық зерттеуге қарап-тексеру, сондай-ақ зертханалық зерттеулерді тағайындау көрсетілімдер бойынша жүргізіледі.
40. Көрсетілген мерзімдерде қабылдауға келмеген босанған әйелге медицина қызметкері патронаж жасап, қарап-тексереді
41. Босандыру сырқатнамасынан көшірме үзінді (выписка из истории родов), сауал жүргізу деректері, босанған әйелді қарап-тексеру және арнайы қарау мәліметтері 111/е нысанына енгізіледі. 
42. № 111/е нысаны босанғаннан кейінгі кезең аяқталғанға дейін (42 күн) "босанатын әйелдер" картотекасының арнайы жәшігінде сақталады. Босанғаннан кейінгі кезеңнің аяқталуына қарай № 111/е нысанында белгіленген контрацепция әдісі мен флюрорография күні көрсетілген босанғаннан кейінгі эпикриз ресімделеді.
43. Асқынған босанулардан, операциялық араласулар, перинаталдық шығындар қауіп факторларымен босанған әйелдерді диспансерлеу жүктілікті бекіту орны бойынша бір жыл бойы бейінді мамандармен бірлесіп жүргізіледі.
44. Халыққа амбулаториялық-емханалық гинекологиялық көмекті ұйымдастыру гинекологиялық аурулардың профилактикасы бойынша, оларды ерте анықтау, диспансерлік бақылау, гинекологиялық аурулармен ауыратын науқастарға емдеу және оңалту көмегін көрсету, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсетуге жолдау бойынша іс-шаралар жүргізуді көздейді.
45. Гинекологиялық ауруларды анықтау акушерлік-гинекологиялық бөлімшеге (кабинетке) жүгінген әйелдерді қабылдау, амбулаториялық-емханалық ұйымдарының қарап-тексеру кабинеттерінде әйелдерді профилактикалық қарап-тексеру кезінде жүзеге асырылады.
46. "Жүкті, босанатын босанған әйелдерге және фертильді жастағы әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру шаралары туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 3 шілдедегі № 452 бұйрығына сәйкес экстрагениталдық, гинекологиялық патологияларды уақытылы анықтау және диспансерлік есепке алу мақсатында учаскелік акушер-гинеколог дәрігер, ЖПД, терапевт жыл сайын әйелдерді зерттеп-қарау жүргізеді.
47. Қажет болған жағдайда қосымша әдістерді пайдаланумен және бейінді мамандарды тартумен анағұрлым егжей-тегжейлі зерттеп-қарау тағайындалады. Міндетті зерттеп-қарау нәтижелері бойынша әрбір әйел фертильді жастағы әйелдерді (ФЖӘ топтары) динамикалық бақылау тобының біріне жатқызылуға тиіс және медициналық картасы таңбалануы керек.
48. ФЖӘ топтарын электронды жүргізу және оның денсаулық жағдайларының көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу мақсатында міндетті медициналық зерттеп-қарау нәтижелерінің деректері "Бекітілген халықтың тіркелімі" электрондық порталының "Жүкті әйелдердің және ФЖӘ тіркелімі" кіші жүйесіне енгізіледі.
49. Анамнезді жинау кезінде тұқым қуалаушылық, бастан өткерген аурулары мен операцияларын (соның ішінде гинекологиялық), менструалды функциялардың, жыныстық өмір, ерінің денсаулығы, жүктіліктің ағымы және одан болған өлім, контрацепция әдістерін қолдану және еңбек жағдайы мен тұрмыстық жағдайының, қазіргі ауруларының дамуы ерекшелігіне назар аудару қажет. Ұрпақты болу жасындағы әйелдерді акушер-гинеколог дәрігер контрацепция әдістері туралы хабардар етеді, әйелдердің денсаулық жағдайын есепке ала отырып жеке әдістерді таңдауға көмектеседі.
50. Әйелдерді зерттеп-қараудың, манипуляциялар мен операциялардың, тағайындаулар мен кеңестердің барлық деректерін акушер-гинеколог дәрігер № 907 бұйрықпен бекітілген № 025/е нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына жазады.
51. Акушерлік-гинекологиялық бөлімшеге (кабинетке) әйел алғаш жүгінген жағдайда акушер-гинеколог дәрігер шағымдарға, анамнезге сауалнама, жалпы объективті қарап-тексеру, сүт бездерін қарап-тексеру және пальпациялау, сыртқы жыныс мүшелерін қарап-тексеру, айнамен гинекологиялық зерттеу және кіші жамбас ағзаларына қынаптық зерттеу жүргізіледі.
52. Цервикалды каналдан цитологиялық зерттеу кемінде жылына 1 рет, қынапты бактериоскопиялық зерттеу – көрсетілімдер бойынша жүргізіледі.
53. Әйелдерді профилатикалық қарап-тексеруде гинекологиялық аурулар анықталған жағдайда әйелдерге тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық-емханалық ұйымдарда ем тағайындалады.
54. Түпкілікті диагнозды қойған кезде, диагностика және емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес науқасты емдеу және диспансерлік бақылау туралы мәселе шешіледі. Диспансерлік бақылауға жататын әрбір әйелге ҚР ДСМ № 907 бұйрығымен бекітілген № 030/е нысаны бойынша диспансерлік бақылау картасы толтырылады.
55. Диспансерлік бақылау науқас сауыққаннан кейін немесе қызмет көрсететін ауданнан шығуына байланысты тоқтатылады. Диспансердегі науқас медициналық ұйымның аумағынан шыққан жағдайда келген жері бойынша басқа медициналық ұйымға мәліметтер беріледі.
56. Гинекологиялық аурулармен ауыратын науқастарды емдеу акушерлік-гинекологиялық бөлімшеде (кабинетте), гинекологиялық бөлімшелерде жүзеге асырылады. Емдеу шараларын акушер орындайды.
57. Тәулік бойы бақылауды талап етпейтін гинекологиялық аурулармен ауыратын науқастарды емдеу кезінде көрсетілімдер бойынша стационарды алмастыратын көмек көрсетіледі.
58. Амбулаториялық операциялардан кейін науқастар уақытша жататын шағын операциялық және дем алу бөлмесі қарастырылады.
59. Шағын гинекологиялық операциялар мен манипуляциялар қарсы көрсетілімдер болмаған кезде амбулаторияда жүргізіледі: жатыр мойнының биопсиясы, цитологиялық зерттеулер үшін жатыр қуысының ішіндегіні (шприцпен) аспирациялау, жатыр мойнының диатермокоагуляциясы/ эксцизиясы, криотерапия, лазеротерапия және радиотолқынды коагуляция, вакуум-аспирация (қауіпсіз аборт), дәрі-дәрмектік аборт, жатырішілік контрацептивтерді енгізу және оны алып тастау. Шағын гинекологиялық операциялар ҚР ДСМ № 907 бұйрығымен бекітілген 069/е нысаны бойынша амбулаториялық операциялар жазбасы журналында тіркеледі.
60. Стационарлық емдеу көрсетілімдері бар науқасқа емдеуге жатқызуға жолдама беріледі, ал жоспарлы емдеуге жатқызылатын науқастарға Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жолдама беріледі. Учаскенің акушері амбулаториялық пациенттің медициналық картасына (№ 025/е нысаны) әйелдің нақты емдеуге жатқаны туралы жазып белгілейді.
61. Науқас стационардан шығарылғаннан кейін бөлімшенің (кабинеттің) акушер-гинеколог дәрігері гинекологиялық бөлімше дәрігерінің ұсынымдарын назарға алады. Стационарлық науқастың медициналық картасының көшірме үзіндісінен мәлімет амбулаториялық пациенттің медициналық картасына ауыстырылады (№ 025/е нысаны), көшірме пациентте қалады.
62. Әйелдердегі аборттың алдын алу үшін заманауи контрацепция әдістерін пайдалану бойынша жеке таңдау және оларды оқыту жүргізіледі. Жүктілікті көтеру мен босану қарсы көрсетілім болатын күрделі экстрагениталдық аурулар болған кезде, сондай-ақ сексуалды белсенді жасөспірім қыздар үшін, мұндай жағдайларда жүктілік және босану әйелдің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін, сондай-ақ күрделі тұқым қуалайтын аурулар кезінде контрацепцияның тұрақты тиімді әдістерін таңдау қажет.
63. Жүкті әйел жүктілікті жасанды үзу үшін жолдама алуға жүгінген кезде жүктілік мерзімі анықталғаннан кейін және медициналық абортқа медициналық қарсы көрсетілімдер болмағанда акушер-гинеколог дәрігер жүктілікті үзу қаупі мен зиянын түсіндіреді, репродуктивті денсаулығын сақтау және заманауи сақтану құралдарын және контрацепцияны жеке таңдау мәселелері бойынша консультация береді

64. Амбулаториялық деңгейде ауылдағы әйелдерге акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету аудандық емханаларда, ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың акушерлік-гинекологиялық кабинеттерінде, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттерде көрсетіледі.


65. Шалғай және жетуі қиын аудандардың, сондай-ақ жайлауда мал шаруашылығымен айналысатын ауыл халқына акушерлік-гинекологиялық көмекті көшпелі бригада құрамында акушер-гинеколог дәрігер көрсетеді. Көшпелі бригадада акушер гинеколог дәрігердің жұмысына басшылықты аудандық акушер-гинеколог, өңірдің жетекшісі басшылық жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет