Орта медицина қызметкерлері (акушерлер, фельдшерлер, мейіргерлер) әйелдерге жүктілік барысында және одан тыс мыналарды қамтитын дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді
13. Орта медицина қызметкерлері (акушерлер, фельдшерлер, мейіргерлер) әйелдерге жүктілік барысында және одан тыс мыналарды қамтитын дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді: 1) пациенттің денсаулық жағдайын, ауруларын және жүктіліктің асқынуын анықтау мақсатында өздігімен (самостоятельно) қабылдау және медициналық қарап-тексеру;
2) жүкті және фертильдік жастағы әйелдердің (бұдан әрі – ФЖӘ) топтарын электронды жүргізу және денсаулық жағдайларының көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу мақсатында, деректерді "Бекітілген халық тіркелімі" (Регистр прикрепленного населения) электрондық порталының "Жүкті және фертильдік жастағы әйелдер тіркелімі" (Регистр беременных иженщин фертильного возраста) кіші жүйесіне енгізу;
3) диагностика және емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес әйелдердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларда жүкті, босанған әйелдерге және фертильдік жастағы әйелдерге шұғыл дәрігерге дейін медициналық көмек көрсету;
4) учаскелік дәрігерлермен және бейінді мамандармен бірлесіп созылмалы аурулармен жүкті әйелдерді динамикалық бақылау;
5) функционалдық міндеттемелеріне сәйкес акушер-гинеколог дәрігердің тағайындауларын орындау;
6) диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес физиологиялық жүктілікті жүргізу, жүкті және босанған әйелге патронаж жасау;
7) жүкті әйелдерге, гинекологиялық науқастарға және әлеуметтік қауіптегі ФЖӘ тобына үйде медициналық қызмет көрсету;
8) әйелдердің жыныс жолдарының және басқа да жерлерде орналасатын (тері, сүт бездері) ісік алды және қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау мақсатында әйелдерге профилактикалық медициналық қарап-тексеру жүргізу;
9) медициналық көмекке жүгінген барлық жастағы әйелдерді медициналық қарап-тексеруді жүргізу;
10) ауруларды анықтау үшін скринингтік және профилактикалық қарап-тексеру жүргізуге қатысу;
11) отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулығын сақтау бойынша консультациялық қызметтерді ұсыну.
15. Жүктілік бойынша әйелдер алғаш рет жүгінген жағдайда акушер-гинеколог дәрігер: 1) анамнез жинайды, жүкті әйелде және туыстарында созылмалы аурулардың (қант диабеті, артериялық гипертензия, туберкулез, психикалық бұзылулар, онкологиялық аурулар және т.б.) бар-жоғын анықтайды және бұрын туа біткен даму ақаулары, тұқым қуалаушылық аурулары бар балалардың туылуын анықтайды;
2) бала кезінде және бертін келе ауырған ауруларына (соматикалық және гинекологиялық), операциялар, қан және оның компоненттерінің құйылуына назар аударады;
3) анамнезді жинау кезінде мынадай көрсеткіштер бойынша: жасы 37-ден асқан жүкті әйел, анамнезінде генетикалық көрсетілімдер бойынша жүктілікті үзу және/немесе тумысынан даму кемістігі мен хромосомалық патологиялары бар бала туу жағдайларының болуы, отбасылық хромосомалық немесе гендік мутация тасымалдауының болуы, ауыр акушерлік анамнездің болуы (өлі туған, әдеттегі көтере алмау және басқалары) бойынша "Медициналық генетик" дәрігер -маманына жолдау үшін "қауіп" топтарын анықтайды;
4) жүктіліктің бірінші триместрінде аналық сарысу маркерлерін талдау үшін жүкті әйелдерді қан алуға жолдау және жүктіліктің бірінші, екінші және үшінші триместрінде ультрадыбыстық скринингті белгілейді;
5) репродуктивті функцияларының ерекшеліктерін зерделейді;
6) жұбайының денсаулық жағдайын, қан тобын және резус тиістілігін анықтайды;
7) жұбайының жұмыс істейтін өндірісінің сипатын, зиянды әддеттерін анықтайды;
8) жүкті әйелдерді уақтылы бақылау үшін жүктіліктің 12 аптасына дейін ерте есепке алуды жүзеге асырады;
9) жүкті болуға қарсы көрсетілімдердің болуын анықтайды;
10) регистрдегі жүкті және ФЖӘ тізімінен, әйелдің алдыңғы жүктілігі мен бұрын анықталған соматикалық ауруларының ағымы туралы ақпарат алады,
11) анықталған факторларды ескере отырып, жүктілікті жүргізу жоспарын жасайды.