ҚР акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру туралы Қр дсм 26 тамыз 2021жылғы №92 стандарты бойынша дайындалған Акушерлік – гинекологиялық көмек


Көшпелі бригадалар құрамына кіретін акушер-гинеколог дәрігер



бет6/19
Дата13.03.2023
өлшемі72,03 Kb.
#172072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
аку 2

66. Көшпелі бригадалар құрамына кіретін акушер-гинеколог дәрігер:
1) әйелдерді профилактикалық қарап-тексеру;
2) жүкті әйелдерді және гинекологиялық науқастарды қарап-тексеру
3) қажет болған жағдайда - шұғыл медициналық көмек көрсету;
4) контрацепция әдістері мен құралдарына әйелдерді оқытуды;
5) саламатты өмір салтын насихаттау, отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулығын сақтау мақсатында халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді;

67. Көшпелі бригадалар жүкті, босанатын, босанған әйелдерге, жаңа туған балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету, науқастарға профилактикалық қарап-тексеру және қабылдау жүргізу үшін орындарда жұмыс үшін қажетті медициналық жабдықтармен, аспаптардың жиынтығымен, дәрі-дәрмектермен жарақтандырылады.


68. Шалғай жерлерде, жүктіліктің қалыпты ағымы, қалыпты акушерлік-гинекологиялық анамнезі бар әйелдер фельдшерлік-акушерлік пункттің, медициналық пункттің фельдшерлеріне немесе мейіргерлеріне қаралып, бақылауында болады. Дәрігерлік амбулатория, медициналық-санитариялық көмек орталығының деңгейінде жүкті әйелді қадағалауды жалпы практика дәрігері (бұдан әрі - ЖПД) немесе учаскелік дәрігер жүзеге асырады.
69. Ауылдық жерлерде тұратын қауіп факторлары бар жүкті әйелдер үшін диспансерлік бақылау жоспары және емдеуге жатқызу мерзімдері перинатальдық көмекті өңірлендіру қағидаттарына сәйкес жүргізіліп, тиісті деңгейде босандыру белгіленеді.
70. Жүктілік және босану бойынша жеңіл жұмысқа ауыстыру немесе уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақтар мен анықтамаларды аудандық аурухананың дәрігерлік-консультациялық комиссиясы береді.
71. Ауданның акушерлік-гинекологиялық қызметіне ұйымдастырушылық-әдістемелік көмекті, облыс деңгейіндегі акушерлік-гинекологиялық ұйымдар жүзеге асырады.
72. Балаларға акушерлік-гинекологиялық көмекті акушер-гинеколог дәрігер жүзеге асырады және ол мыналарды қамтиды:
жаңа туған кезеңінен бастап 18 жасқа дейінгі кезеңде гинекологиялық аурулары репродуктивті жүйесінің қалыптасуында бұзылысы бар, менструалдық функцияның қалыптасуында және жыныстық жетілуде бұзылысы бар балаларға консультациялық, диагностикалық және емдік көмек көрсетіледі;
қыздардың репродуктивті жүйесінің дұрыс дамуын бақылайды;
гинекологиялық аурулары бар балаларды диспансерлеуді ұйымдастырып, жүргізеді;
медициналық көрсетілімдер болған жағдайда зертханалық-диагностикалық әдістердің көмегімен гинекологиялық науқастарға тереңдетілген зерттеулерді ұйымдастырып, жүргізеді;
медициналық көрсетілімдер болған жағдайда гинекологиялық аурулары бар науқастарды стационарлық емдеуге жібереді;
Балалардың денсаулығын нығайту бойынша іс-шараларды әзірлеумен, қызмет көрсету ауданында гинекологиялық аурулардан болатын сырқаттанушылықтың негізгі медициналық-статистикалық көрсеткіштерін талдап, мониторинг жүргізеді;
тәулік бойы медициналық байқауды қажет етпейтін пациенттерге медициналық көрсетілімдер бойынша стационарды алмастыратын және оңалту көмегін ұйымдастырып көрсетеді;
салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарымен бірлесіп балаларға, жасөспірімдерге және олардың ата-аналарына репродуктивті денсаулықты сақтау, отбасын жоспарлау, ерте жыныстық қатынастың және қаламаған жүктіліктің профилактикасы бойынша санитариялық-гигиеналық ағарту, консультация беру, контрацепция әдістері туралы ақпараттандыру жөніндегі іс-шараларын жүргізеді.
73. Қыздарды акушер-гинеколог дәрігердің консультациясына жіберудің медициналық көрсетілімдері:
1) іштің ауырсынуы;
2) ішінің формасының өзгеруі;
3) 8 жасқа дейінгі жыныстық жетілу белгілерінің пайда болуы;
4) 13 жасқа дейін екіншілік жыныстық белгілерінің болмауы;
5) жыныс жолдарынан бөліндінің болуы;
6) менструалдық циклдың бұзылуы;
7) сыртқы жыныс органы құрылымындағы ауытқулар;
8) жыныстық жетілу кезінде дене салмағын күрт қосу немесе жоғалту;
9) ішперде қуысы ағзаларына оперативтік әрекеттен кейін іштің ауырсыну сезімдерініңпайда болуы.

74. Акушер-гинеколог дәрігердің қыздарды медициналық қарап-тексеруіне мыналар кіреді: объективті қарап-тексеру; екіншілік жыныстық белгілердің дамуын бағалау; көрсетілімдер бойынша сыртқы ультрадыбыстық зерттеу; көрсетілімдер бойынша кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарының және (немесе) заңды өкілдерінің (қамқоршыларының) ерікті ақпараттандырылған жазбаша келісімі болған жағдайда екі қолмен ректалдық-абдоминалдық зерттеу.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет