Пременопаузальды кезең
Жыныс бездері жұмысының тоқтауы. Ерекше белгісі болып менстурацияның ұзақтылығы мен ырғағының бұзылуы және гипоменорея, олигоменорея, опсоменорея жатады.
Пременопаузальды кезеңді шартты мына фазаларға бөледі:
• Гиполютеинді – клиникалық симптомдары болмайды, аденогипофизден лютропин, аналық безден прогестерон секрециясы аздап төмендейді.
Гиперэстрогенді – овуляция болмауы, ФСГ және ЛГ ырғақты секрециясының болмауымен сипатталады. Эстроген мөлшері жоғарлауы салдарынан
менстурация 2-3 айға тоқтап соңынан қан кетумен көрінеді. Гестагендер концентрациясы аз.
• Гипоэстрогенді – аменорея, эстроген мөлшері төмендеуі – фолликулдар жетілмейді және ерте атрофияға ұшырайды.
• Агормональді – аналық бездің функционалдық қызметі тоқтайды, эстрогендер тек бүйрек үсті безінің қыртысты қабатында аз мөлдерде синтезделеді (қыртысты қабатының компенсаторлы гипертрофиясы), гонадотропиндер продукциясы күшейеді, тұрақты аменореямен көрінеді
Постменопауза
Агормональды фаза постменопаузальды кезеңнің басталуымен сәйкес келеді. Бұл кезең ішкі жыныс ағзаларының (жатырдың массасы төмендейді, оның бұлшықеттік элементтері дәнекер тінмен алмасады, қынап эпителиі
қабаттарының азаюы салдарынан әлсірейді), уретраның, қуықтың, жамбас қуысы бұлшықеттерінің атрофиясымен көрінеді. Постменопауза кезеңінде зат алмасу бұзылады, сүйек, жүрек-қантамыр жүйесінің және де басқа
жүйелердің патологиялық жағдайлары қалыптасады
Тақырып: Әйел жамбасы. Жамбас өлшемдері.
1. Жамбас қуысы мен сүйектеріне жалпы сипаттама
2. Үлкен, кіші жамбас қуысы қабаттары. Жамбас түбі.
3. Жамбас өлшемдері
4. Сәби босану объектісі
1. Босану жолының негізін жамбас қуысы құрайды. Жамбас қуысын екі жамбас сүйегі, сегізкөз, құйымшақ сүйектері құрайды. Әрбір жамбас сүйегі бірігіп кеткен 3 сүйектен: шат, шонданай, мықын сүйектерінен тұрады. Шат сүйегі кіші жамбас қуысының алдыңғы қабырғасын жасайды. Ол өзара біріккен екі қасаға сүйектерінен тұрады. Олардың біріккен жері шат симфизі деп аталады. Босану кезінде шат симфизі ажырауы мүмкін. Шат сүйегінің жоғарғы қыры, төменгі бұталары бар. Бұталары шат бұрышын жасайды. Бұл бұрыш 90 градусқа шамалас. Бұрыш кішірейсе босану кезінде қиындық туады.
Мықын сүйек жамбас сүйегінің қалақ тәрізді үлкен бөлігі. Оның ұршық ойысын құрайтын қалың жері - денесі, ал жоғары орналасқан кең бөлігі – мықын қанаттары деп аталады. Қанатының жоғары жақ жиегін мықын қыры дейді. Мықын қыры алдыңғы және артқы жағынан жоғарғы және төменгі мықын өсінділерімен аяқталады.
Шонданай сүйегінің денесі және екі (жоғарғы және төменгі) бұтағы бар. Сегізкөз сүйегі өзара тұтасқан бес омыртқадан тұрады. Сегізкөздің бірінші омыртқасы соңғы бел омыртқамен, ал соңғысы құйымшақпен байланады. Сегізкөздің бел омыртқамен біріккен жерін – сегізкөз негізі дейді. Оның ішкі жиегі сегізкөз мүйісі деп аталады.
Құйымшақ 4-5 омыртқаның бірігуінен пайда болған, жамбастың ең шыға берісінде орналасқан сүйек.
2. Жамбас қуысы екі бөлімнен: үлкен жамбас және кіші жамбас қуыстарынан тұрады. Екеуінің шекарасы: алдыңғы жағынан - шаттың жоғарғы қыры, екі жанынан- мықынның шекара сызықтары, артқы жағынан – сегізкөз бен бел омыртқаның біріккен жері. Осы шекарадан жоғары үлкен жамбас қуысы, ал төмен кіші жамбас қуысы орналасады. Үлкен жамбас қуысы алдыңғы жағынан-іш пердесімен, екі жанынан - мықын қанаттарымен, артқы жағынан - бел омыртқалармен шектеледі. Кіші жамбас қуысын алдыңғы жағынан – шат сүйегі, екі жанынан шонданай сүйектері, артқы жағынан – сегізкөз бен құйымшақ жасайды. Үлкен жамбастың үсті мен алды ашық, кең, босану кезінде оның маңызы жоқ. Ал кіші жамбас қуысының барлық қабырғасы сүйектерден жасалғандықтан, босану кезінде оның маңызы өте зор. Себебі босану кезінде сәби осы жамбас қуысы арқылы туылып шығады.
Әйел жамбасын табиғат еркек жамбасынан ерекше қылып жаратқан. Олардың өзара айырмашылығы болады. Әйел жамбасының қуысы кең, сүйектері жұқа, беті тегіс болады. Ал ер адам жамбасы биік, қуысы тар сүйектері қалың, бұдырлы болады.
Кіші жамбас қуысы 4 қабаттан тұрады: 1. кіші жамбасқа кіреберіс қабат
2. кіші жамбастың кең қабаты 3. кіші жамбастың тар қабаты
4. кіші жамбастың шыға беріс қабаты. Босану кезінде осылардың ішінде маңыздысы кіре беріс қабат.
Жамбас қуысының шыға беріс қабаты жамбас түбі деп аталады. Ол өте берік дәнекер тінді бұлшық еттен тұратын 3 қабатпен жабылған. Бірінші төменгі-сыртқы қабаты, екінші-ортаңғы, үшінші ішкі-жоғарғы қабаты. Бұл бұлшық еттер ішкі жыныс мүшелеріне тірек болады, оларды төмен түсуден қорғайды. Босану кезінде бұл еттер созылып, босану каналын жасайды. Босанғаннан кейін олар кері жиырылып, қалпына келеді.
3. Жамбастың 4 сыртқы және 2 ішкі өлшемі бар. Сыртқы төрт өлшемнің үшеуі көлденең, біреуі тік өлшем. Оларды жамбас өлшегіш құралымен анықтайды.
Distancia spinarum (1)– мықын қырларының алдыңғы, жоғары өсінділерінің аралығы – 25-26см тең
Distancia cristarum (2) – мықын қырларының бір-бірінен ең алшақ орналасқан екі нүктесінің аралығы – 28-29см тең
Distancia trochanterica (3) – ортан жілік ұршық арлығы – 30-31см тең
Сonjgata externa (4) - сыртқы тік өлшем-алдыңғы жағынан шаттың жоғарғы қыры мен арт жағынан сегізкөз ойысы аралығы 20-21см
Ішкі өлшемдер:
Сonjgata diagonalis (4)– ішкі қиғаш өлшем - шаттың төменгі бұрышынан сегізкөз мүйісіне дейінгі аралық – 12,5-13см тең. Оны қынапқа қол салып тексеру арқылы анықтайды
Сonjgata verae (1) – негізгі тік өлшем - шаттың жоғары қыры мен сегізкөз мүйісіне дейінгі аралық – 11см тең. Оны Сonjgata externa және diagonalis өлшемінен есептеп шығарады.
Жамбас сүйектерінің қалың-жұқалығын білу үшін білезік айналамынан Соловьев индексі анықталады. Қалыпты жағдайда 14-16см аралығында болуы керек. Жамбас қуысы мен сүйектерінің қалыптылығын білу үшін әйелдің бел аймағынан Михаэлис ромбасы (пішіні) анықталады. Ол ромбаның тік өлшемі 12см (1-2), көлденең өлшемі 10-11см (3-3) болуы керек. Қалыптыда Михаэлис ромбасының пішіні төртбұрышқа ұқсайды.
Достарыңызбен бөлісу: |