ҚР акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру туралы Қр дсм 26 тамыз 2021жылғы №92 стандарты бойынша дайындалған Акушерлік – гинекологиялық көмек



бет12/19
Дата13.03.2023
өлшемі72,03 Kb.
#172072
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
аку 2

Антенатальды кезең
Аналық без
Эмбрион дамуында алғаш жыныстық бездер қалыптасады (3-4 апта). 6-7 аптада гонадалар қалыптасуының индиферентті сатысы бітеді. 10
аптадан бастап әйел гонадалары қалыптасады. 20 аптада тығыз эпителимен қапталған овоцит жасушасы қалыптасады. 25 аптада аналық бездің ақуыздық қапшығы қалыптасады. 31-32 аптада фолликулдардың дәнді клеткаларының
дифференцировкасы жүреді. 37-38 аптада фолликулдар саны артады. Туылу кезінде аналық безі морфологиялық жетілген болады.
Ішкі жыныс мүшелері
Жатыр түтігі, жатыр және қынаптың 1/3 бөлігі парамезонефральды түтіктен
дамиды. 5-6 аптадан жатыр түтігі дамуы басталады, 13-14 аптада жатыр
парамезонефральды түтіктің дистальды бөлігі қосылуынан түзіледі. 16-20 аптада жатыр мойны түзіледі. 17 аптада жыныс еріндері түзіледі. 24-25 аптада қыздың белгілері анық көрінеді
Гипоталамо – гипофизарлы жүйе
8-9 аптадан бастап аденогипофиздің секрециясы басталады, ФСГ және ЛГ
гипофизда, ұрық қанында, аздап амнион сұйықтығында анықталады. 19 аптада пролактин бөліне бастайды.
Нәрестелік кезең
Ұрық даму соңында анасының эстроген мөлшері жоғары болуы фетальды
гипофиздің гонадотропин секрециясын тежейді, бала туылған кезде қанында
эстроген мөлшерінің бірден төмендеуі аденогипофизден ФСГ және ЛГ
секрециясын стимулдап, аналық без функциясының қысқа уақытқа күшеюіне
әкеледі. Осыдан жаңа туылған қыз баланың жыныс мүшесінен қызарған бөлінеді. 10 күні эстрогендік әсер ету тоқтайды.
Балалық шақ кезеңі
Репродуктивті жүйенің функционалдық белсенділігінің аз болуымен көрінеді. Эстрадиол секрециясы аз, фолликулдар жетілуіаз және жүйелі емес, ГнРГ бөлінуі тұрақсыз, жүйелер арасындағы рецепторлы байланыстар толық
дамымаған.
Жыныстық жетілу кезеңі
Бұл кезеңде репродуктивті жүйенің жетілуі ғанаемес, әйел организмінің физиологиялық жетілуі де аяқталады: дененің ұзына бойына өсуі, сүйектердің өсу зонасының сүйектенуі болады. Дене бітімі бұлшықет және майдын тіндерге бөлінуі әйел типі бойынша қалыптасады. Қазіргі уақытта гипоталамикалық құрылым жетілуіне байланысты 3 кезеңге бөледі:
• Препубертатты 8-9 жас
• Пубертатты кезеңнің бірінші фазасы 10-13 жас
• Пубертатты кезеңнің екінші фазасы 14-14 жас
Препубертатты
Гонадатропин секрециясының жоғарылауымен көрінеді. Эстрогендер
синтезі аз. Дене ұзындығының өсуінде секіріс болады және дене бітімінің
феминизациясының бірінші белгілері пайда болады: май тінінің жоғарылауынан белдің дөңгелектенуі, әйел жамбасының қалыптасуы, қынаптың эпителий қабатының санының артуы болады
Пубертатты периодтың бірінші фазасы
ГнРГ, ФСГ, ЛГ күндік ырғақты синтезінің жоғарылауынан аналық бездің гормон синтезі артады. Сүт безінің үлкеюі, жыныс мүшелерінің түктенуі, және қынап микрофлорасында лактобациллалар пайда болады. Бұл кезең
дененің ұзына бойына өсуінің тез тоқтауымен сәйкес келетін алғашқы
менстурация менархенің келуімен аяқталады.
Пубертатты кезеңнің екінші фазасы
ГнРГ бөлінуінің тұрақты ритмге түсуі, базальды монотонды секреция фонында ФСГ және ЛГ лақтырысы жоғарылайды. Сүт безі және жыныс түктену дамуы, дененің ұзына бойына дамуы тоқтайды, әйел жамбасы толық қалыптасады, менстуралды цикл овуляцияға бейім келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет