ҚР акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру туралы Қр дсм 26 тамыз 2021жылғы №92 стандарты бойынша дайындалған Акушерлік – гинекологиялық көмек



бет13/19
Дата13.03.2023
өлшемі72,03 Kb.
#172072
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
аку 2

Репродуктивті кезең
• Репродуктивті кезеңнің барлық уақытында әйел организмінде жүктілікке
дайындайтын циклдік өзгерістер болады. Бұны менстуралды цикл деп айтамыз. Орташа ұзақтығы 28 күн (21-35 күн аралығында ауытқиды). Бұл цикл гипофиздан бөлінетін гонадотропты гормондардың әсерімен бақыланады және жүреді.
• Менструальды кезеңде аналық бездік және жатырлық циклды ажыратады. Олар бір бірімен өте тығыз байланыста өтеді.
• Аналық бездік цикл. Екі фазадан тұрады:
1) Фолликулинді фаза. 
ФСГ гормонының әсер етуінен аналық безде бір немесе бірнеше фолликуланың жетілуі жүреді, бірақ бұлардың тек біреуі ғана толық жетіледі. Фолликул ішіндегі жұмыртқа (аналық) жасушасы жетіліп, сыртында мөлдір қабық қалыптасады. Жұмыртқа жасушасының айналасында эстрогені бар фолликулярлы сұйықтық болады. Фолликуланың толық жетілуі циклдің бірінші жартысын алып (14-15 күн), оның жарылуымен аяқталады. Бұл процесс овуляция деп аталынады. Жарылған фолликуладан жұмыртқа жасушасы шығып, жатыр түтігіне түседі. 
2) Лютеинді фаза. Жарылған фолликула орынында сары дене деп аталынатын без қалыптасады. Бұл без циклдің екінші жартысында жұмыс жасайды. Егер жүктілік тумаса ол циклдың соңына қарай жойылып кетеді. Бұл без прогестерон гормонын синтездейді. Бұл гормон организмді жүктілікке дайындайды: жатырдың жиырылу қабілетін төмендетеді, жатыр түтігі перистальтикасын жоғарылатады, сүт бездерін секрецияға дайындайды, лютеиндеуші гормонды тежеп аналық бездегі фолликулдар жетілуін болдырмайды.


Жатырлық цикл 4 кезеңнен тұрады:
• Десквамация фазасы. Жатырдың шырышты функционалды қабатының жатыр бездерімен және ашылған қантамырлардағы қанмен бірге сылынып түсіп қалуы. Бұл етеккірдің келу кезеңі. Ол сары дененің жойылу уақытымен сәйкес келеді. 
• Регенерация фазасында етеккір тоқтап, 5-6 күнге қарай эпителий қабатының регенерациясы болады, яғни сылынып түскен функционалды қабат кері қалыптасады.
• Пролиферация фазасы. Фолликулдың жетілу уақытына сәйкес келеді және циклдің ортасына дейін жалғасады. Гормондар әсерінен шырышты қабаттағы бездер секрециясы жоғарылайды. Жатырдың шырышты қабаты 4-5 есе қалыңдайды.
• Секреция фазасы. Сары дене қалыптасу уақытымен сәйкес жүреді. Бұл кезеңде сары дене прогестероны әсерінен бездер секрет бөле бастайды. Бұл кезең жатырдың жүктілікке дайын екенін білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет