ҚР акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру туралы Қр дсм 26 тамыз 2021жылғы №92 стандарты бойынша дайындалған Акушерлік – гинекологиялық көмек


Тақырып: Босану. Босануды жүргізу



бет16/19
Дата13.03.2023
өлшемі72,03 Kb.
#172072
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
аку 2
Сөйлем мүшелері, приложение, Заметка 3 июня 2023 г.15 40 55, Question 1, АФО стомат 2016
Тақырып: Босану. Босануды жүргізу. 
Жоспар: 

  1. Босану кезінде жатырда болатын өзгерістерге түсінік. 

  2. Босану. Босанудың жақындығын білдіретін белгілер. Босану күштері. 

  3. Босанудың 1-ші кезеңіне түсінік 

  4. Босанудың 1-ші кезеңін жүргізу. 

  5. Босанудың 2-ші кезеңіне түсінік. Босану биомехнаизмі. 

  6. Босанудың 2-ші кезеңін жүргізу 

  7. Босанудың 3-ші кезеңіне түсінік, 3-ші кезеңді жүргізу. 

  8. Сәбидің алғашқы тазалығы 



  1. Жатыр құрылысын еске түсірсек ол денесі, мойындылығы, мойыны болып 3-ке бөлінген. 

Мойнының ішінде 1,5 см болатын жатыр мойын өзегі бар. Мойын өзегі, ішкі жұтқыншақпен - жатырға, сыртқы жұтқыншақпен - қынапқа ашылады. Жатыр мойындылығы – жатыр денесі мен ішкі жұтқыншақтың арасындағы биіктігі 1 см болатын бөлігі. 
Жүктіліктің 4 айынан бастап жатыр мойындылығы созылып, жұқарып жатырдың төменгі сегментіне айналады. Төменгі сегментте, қасағадан 4 к/с биіктікте контракциялық сақина қалыптасады. Қалыпты жағдайда ол көлденең орналасу керек. 
Босанудың 1-ші кезеңінде толғақ әсерінен жатыр мойны жұқарып, жазылып, ашыла бастайды. Ол 10-12 см ашылғанда сыртқы жұтқыншақ «жатыр жұтқыншағы» деген атқа ие болады. Жатыр жұтқыншағы мен ұрық басының айнала жанасқан жерін шектесу белдеуі д.а. Осы белдеу қағанақ суын 2-ге бөледі. Шектесу белдеуінен жоғары жатқан су «артқы су», ал төмен орналасқан су «алдыңғы су» деп аталады. Алдыңғы қағанақ суы жатыр мойнының ашылуына әсер етеді. Жатыр мойны 6 см-ден жоғары ашылғанда қағанақ қабығы жарылып «алдыңғы қағанақ суы» кетеді. Оның мөлшері 200 – 300 мл ақшыл түсті. Артқы қағанақ суы нәресте иығы мен денесінің туылуымен кетеді. Оның мөлшері 800 – 1000 мл болады. 

  1. Босану процесі дегеніміз – туу жолдары арқылы жатырдағы ұрықтың және оның жолдасының толғақ күшімен сыртқа туылып шығуы. Бұл процесс толық 37- 42 апта аралығында болу керек. 

Жүкті әйел көбіне 280 күнде немесе 39-40 аптада жеңілденеді. Жүктіліктің соңына қарай босану күнінің жақындығын білдіретін белгілер пайда болады. Оған: 

  1. Ұрықтың төмен жылжып, басымен кіші жамбастың кіреберіс жазықтығына бекінуі. Осыған байланысты жатыр түбінің төмен түсіп, әйел тынысының жеңілдеуі. 

  2. Әйел ішінің, белінің әлсін әлсін ауруы. Бұны жалған толғақ дейді. Ол ретсіз, сирек қайталанады және жатыр мойнын ашпайды. 

  3. Жыныс мүшесінен созылмалы ақшыл түсті, кейде қан аралас шырыштың бөлінуі – бұл жатыр өзегінен кеткен тығын. 

  4. Қайталап босанушы әйелде жатыр мойнының жұмсарып, 1 саусаққа сәл ашылуы болады. Бұл белгілер 2-3 аптадан кейін ретті толғаққа ұласады. 

Босану күштеріне толғақ және күшену толғағы жатады. 
Толғақ – жатыр көк еттерінің жиырлуы. Толғақты әйел басқара алмайды, ол еріксіз өздігінен ырғақты, арасына үзіліс салып қайталанып отырады. Бастапқыда толғақ қысқа, сирек, әлсіз болады. Біртіндеп толғақ ұзарып, жиілеп, күшейеді. Толғақ әсерінен жатыр мойны жазылып, ашылады және нәресте басы кіші жамбасқа түсіп, түбіне жетеді. Босанудың 2-ші кезеңінде толғақ күшену толғағына ұласады. 
Күшену толғағы – бұл жатырмен бірге құрсақ көкеттері мен диафрагманың жиырлуы. Күшену толғағын әйел терең, жие (итше) демалу арқылы тежеп, басқара алады. Күшену толғағы әсерінен нәресте және оның жолдасы дүниеге келеді. 
Толғақ басталғанша әйелді «жүкті», толғақ басталысымен – «босанушы әйел», нәресте туылған соң – «босанған әйел» дейміз. 

  1. Босану процессі 3 – кезеңнен тұрады

1-ші кезең – жатыр мойнының ашылу кезеңі. Алғашқы босанушыда бұл кезең 8-18 сағатқа, қайталап, босанушыда 5-12 сағатқа созылады. Алғашқы босанушыда алдымен жатыр мойнының ішкі жұтқыншағы ашылып, жатыр мойны қысқара береді, сосын сыртқы жұтқышақ ашылады. Қайталап босанушыда ішкі, сыртқы жұтқыншақтың ашылуы, жатыр мойнының қысқарып, жазылуымен қатар жүреді. 
Жатыр мойнының ашылу кезеңі алғашқы толғақпен басталып, жатыр мойнының толық 10 см ашылуымен аяқталады. 
Жатыр мойны 4 см-ге ашылғанша латентті кезең дейді. 4 см-ден ары қарай ашылуын белсенді кезең дейді
Жатыр мойны 6 см-ден жоғары немесе толық ашылғанда қағанақ қабығы жарылып алдыңғы су кетеді. Бұны судың уақытымен кетуі дейді. Су, жатыр мойны 6 см-ге ашылмай кетсе, судың ерте кетуі дейді. Егер су, толғақ басталмай тұрып кетсе, судың күнінен бұрын кетуі дейді. Кейде су босанудың екінші кезеңінде кетеді. Бұны кеш кету дейді. 

  1. Босанудың 1-ші кезеңін жүргізу

Қағанақ қабығы бүтін, нәресте басы жамбас кіреберісіне бекінген босанушыларға тұрып жүруге болады. Акушерка босанушының жалпы жағдайын, тәртібін, терісінің түсін бақылап отырады. Дәрігер тағайындауларын уақтылы орындап әйелдің жақсы босанатына сенімін арттырады. Толғақ ұзаққа созылса, әйелге күш қуат беру үшін аз мөлшерде сорпа, тәтті шәй, шоколад, шырын беруге болады. Әрбір 4 сағат сайын ҚҚ, қызуы өлшенеді. Тамыр соғуын әрбір 30 минут сайын анықтайды. Толғақ күшін, ұзақтығын, реттілігін бақылайды. Ол үшін алақанын әйел ішіне қойып, секундтық тілі бар сағатпен толғақ басталған және аяқталған уақыт аралығын, және келесі толғаққа дейінгі үзілістің ұзақтығын есептейді. Толғақ басталғанда жатыр алақан астында қатайып білінеді, үзілісте жұмсарады. Жатыр мойынының жағдайын білу үшін әйел босану бөліміне түскенде және әрбір 4 сағат сайын қынапқа қол салып тексереді. Қынаптық тексеруде жатыр мойыны неше см-ге ашылғандығы, қағанақ қабығының жағдайы, нәрестенің жатырған бөлігі, оның кіші жамбас қабаттарына қатынасы, диагнольды коньюгата анықталады. Жатырдағы нәрестенің жүрек соғуын латентті кезеңде әрбір 30 минут сайын, белсенді кезеңде әрбір 15 минут сайын тыңдап бағалап отыру қажет. Жүрек соғуының реттілігі, жиілігі және анықтылығы ескеріледі. Қалыпты жүрек соғуы минутына 110-160 рет ырғақты, анық болады. Егер жүрек соғуы қалыптыдан ауытқып 110-нан кем немесе 160 – тан артса, реттілігі бұзылса, анық естілмесе, дәрігерге ескертеді, себебі бұл жатырдағы нәрестенің тұншығу белгісі. Жатырдағы нәрестенің тұншығуын – гипоксия, ал сәбидің тұншығып туылуын – асфиксия деп атайды. Анықталған мәліметтер партограммаға уақтылы жазылып отыруы керек. Ұрық қимылының жиілігі, күштілігі әйелден сұрап анықталады. Нәресте қимылының жиелеуі немесе сиреп, тоқтап қалуы да тұншығудың белгісі. 
Нәресте гипоксиясында әйелді ылғалды оттегімен демалдырады. 
Әйел қуығы әрбір 2-3 сағат сайын босатылып тұруы қадағаланады. Қуықтың толық болуы толғақты әлсіретіп, ұрықтың ілгері жылжуына кері әсер етеді. Әйел өзі кіші дәретке отыра алмаса, катетермен босатады.


  1. Босанудың екінші кезеңі баланың дүниеге келу кезеңі – жатыр мойының толық 10 см ашылуымен басталып, баланың туылуымен аяқталады. Алғаш босанушыда ол 1-2 сағатқа, қайталап босанушыда 30-45 минутқа созылады. Қағанақ суы кеткеннен кейін толғақ күшейіп, аралық үзілісі қысқарады. 

Күшену толғағы кезінде босанушы әйелдің жыныс саңылауынан бала басы көріне бастайды. Күшену толғағы аралығындағы үзілісте, бас, жыныс саңылауының артына жасырынып, келесі күшену толғағында қайта көрінеді. Бұл құбылысты бала басының көрінуі дейді. Күшену толғағы әсерінен ілгері жылжыған бала басы аралық үзілісте жасырынбай, жыныс саңылауынан көрініп қала береді. Бұны бала басының жарып шығуы (прорезывание) дейді. Жарып шыққан бас шүйдесімен қасағаға, бетімен бұтаралыққа қарап жатады. Бас туылғаннан соң бала денесі іштен бұрылыс жасайды. Дене бұрылғанда сырттағы бас бетімен анасының оң немесе сол жақ шабына, бұрынғы позицияға қарама – қарсы бағытқа қарап бұрылады. (2 позицияда – сол жақ шабқа, 1 позицияда оң жақ шабқа). Келесі күшену толғағында жыныс саңылауынан иық белдеуі шығады. Осы кезде артқы су кетеді. 
Босану биомеханизмі – дегеніміз туу жолымен жылжып келе жатқан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет