ҚР акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру туралы Қр дсм 26 тамыз 2021жылғы №92 стандарты бойынша дайындалған Акушерлік – гинекологиялық көмек


Амбулаториялық-емханалық деңгейде "Педиатрия (неонатология)" мамандығы бойынша дәрігердің атқаратын жұмысы



бет8/19
Дата13.03.2023
өлшемі72,03 Kb.
#172072
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
аку 2

Амбулаториялық-емханалық деңгейде "Педиатрия (неонатология)" мамандығы бойынша дәрігердің атқаратын жұмысы:
1) жіті және созылмалы, оның ішінде гинекологиялық аурулары бар балаларды анықтау;
2) жасөспірімдерді ерте жыныстық қатынас профилактикасы, ұрпақты болу денсаулығын сақтау, отбасын жоспарлау және контрацепция мәселелері бойынша ақпараттандыру;
3) жасөспірімдерде жүктілікті уақтылы анықтау және одан әрі қадағалап-қарауды шешу үшін кәмілетке толмағандардың ата-аналарының және (немесе) заңды өкілдерінің (қамқоршыларының) келісімі кезінде акушер-гинеколог дәрігердің және психологтардың комиссияда қарап-тексеруін қамтамасыз ету;
4) жүкті әйелдерге және аналарға емшекпен қоректендіру мәселелері бойынша консультация беру және лактациялық аменория әдісіне оқыту, босанғаннан кейінгі кезеңде отбасын жоспарлау мәселелері бойынша ақпараттандыруды;
5) босанғанға дейін және босанғаннан кейін байқауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету.


"Медициналық генетик" мамандығы бойынша дәрігер:
1) дені сау ұрпақтың болуына болжам жасау, баланың туа біткен даму ақаулармен тұқым қуалайтын аурулармен туу мәселесіі бойынша консультация беру;
2) предгравидарлық дайындау, пренаталдық скрининг, инвазивтік пренаталдық диагностика бойынша ұсынымдарды ұсыну. Медициналық көрсетілімдер бойынша және жүкті әйелдің ақпараттандырылған келісімі болған жағдайда пренаталдық диагностиканың инвазивтік әдістерін қолдану;
3) жүкті әйелде зерттеп-қарау нәтижелері бойынша ұрықтың кемшіліктерінің дамуы бойынша қауіп топтарын айқындау;
4) ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 669 бұйрығымен бекітілген Скринингті ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жатыр ішіндегі ұрықтың генетикалық диагнозын нақтылау, жаңа туған нәрестенің дамуын және одан арғы өмірін болжау, жүктілікті одан әрі қадағалау тәсілін, босандыру мерзімі мен орнын анықтау үшін бейінді мамандармен бірлесіп пренаталдық консилиум жүргізуді қамтамасыз ету.
78. Әйел жүктілікті қаламаған жағдайда және жүктілікті сақтау үшін медициналық және әлеуметтік қарсы көрсетілімдер болған жағдайда жүктілікті жасанды үзуді жүргізу үшін жүкті әйелді акушер-гинеколог дәрігер консультациясына жіберу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет