Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды. - Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.
- Әр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты етіп өткізу арқылы бүлдіршіндердің оқуға деген ынта-ықыласын, пәнге қызығушылығын арттыруға болады. Ойын баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын ойынның бір түрі – сергіту сәті. Сабақта сергіту сәтін оқушының шаршағанын басу үшін ғана емес, оның тәрбиелік мәніне де назар аудару қажет. Мысалы: «Ұзын құлақ сұр қоян», «Тербеледі ағаштар», «Сырғанақ тебу», «Алып атам күрегін» т.б. сергіту ойындары. Мұндай сергіту сәттері баланың мейірімділікке, достыққа, сыйластыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |