ҚР білім беру жүйесін реформалаудың басым бағыттарын көрсетіңіз



бет6/9
Дата22.05.2022
өлшемі84,94 Kb.
#144622
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ЕМТИХАН-ИННОВАЦИЯ

Міндеттері:
Әр оқушының жеке танымдық қабілеттерін дамыту арқылы оқытуда құзіреттілік әдістерді тиімді қолдану;
Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологияларын зерделеу, олардың тиімділігін анықтау.
XXІ ғасыр – қарыштап дамыған білім ғасыры. Білім беруде жаңа технологияларды пайдалану оқыту үдерісін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға септігін тигізеді. Бүгінде мұғалімнің басты міндеті – педагогикалық технологиялар арқылы оқушының интеллектуалдық, шығармашылық деңгейін жоғарлатып, жекелігін, тұлғалығын қалыптастыру. Балалардың өмірден өз орнын табуына, өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілеттерінің ашылуына көмектесудің қажеттілігі арта түсуіне «Жеке тұлғаға бағытталған оқыту» жобасының ролі өте маңызды
Тұлғаға бағдарланған оқыту – бұл педагогикалық қызметтегі методологиялық бағдар, ол өзара байланысты түсініктер, идеялар мен тәсілдер арқылы өзіндік тануын, өзін- өзі қалыптасуын және бала тұлғасының қабілеттерінің жүзеге асуын, оның қайталанбас даралығының дамуын қамтамасыз етеді және қолдайды.
Тұлғаға бағытталған оқыту-бұл оқушымен жеке жұмыс мүмкіндігі:
Оқушы тұлғасын тану және қадірлеу;
Қабілеттеріне қарай топтарға бөлінген балаларды оқыту;
Балалармен ынтымақтастық;
Оқытудың түрін, мазмұнын, формасын таңдауға мүмкіндік беру;
Оқушылардың танымдық стратегиясын дамыту;
Оқыту үрдісінде балалардың тұлғалық тәжірибесін есепке алу;
Адамгершілік қасиеттерін дамыту;
Оқыту үрдісінде баланың өзіндік «менін» іздеуге көмек көрсету;
Гипотезалар - Оқушы оқыту үрдісінде ғана субъект болып қалыптаспайды, ол ең басынан бастап субъектік тәжірибенің иесі болып табылады:
Оқу оқытудың тікелей өндірмесі емес, бұл өзіндік, даралық, тұлғалықмаңызды, яғни, өте әрекетті даму көзі;
«Даму векторы» оқушыдан оның дамуына ықпал ететін жеке педагогикалық әрекет етудің жүйесін анықтау;
Оқушы қоғамдық іс - тәжірибені өндірумен емес, өзінің жеке іс-тәжірибесін өндірумен және оның негізінде дамуымен құнды.
Тұлғаға бағытталған оқытудың мазмұнының компоненттері
Аксиологиялық (құндылық);
Когнитивтік (білімділік);
Тұлғалық;
Қызметтік-шығармашылық (операциялық-технологиялық)

  1. Оқушыларды кәсіпке даярлау жүйесінің жеке дара тәсілін көрсетіңіз

Оқушыларды кәсіпке даярлау жүйесі, оларды еңбекке даярлау жүйесінің үш бірдей компоненттерінің бірлігі арқасында жүзеге асырылады. Ол компоненттер: оқушылар, мақсат пен міндет, еңбекке даярлау мазмұны, оқытушылар және еңбекке даярлау құралдары,тәрбие, оқу, еңбек прцестері, ұйымдастыру түрлері және басқару. Осы құрылым шеңберінде оқушылар мен үйірме, сынып жетекшілерінің бірлескен іс-қимылы жүзеге асырылады.
Ғылыми еңбектер, оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлау жүйесінің өзге де анықтамалары кездеседі. Айталық, интегралдық процестердің мынадай бағыттары болады. Олар: политехникалық сипат арқылы оқыту, оқушылардың жалпы білімге қоса еңбек дағдыларын алуын қамтамассыз ету. Сабақтан тыс немесе демалыс кезеңдерінде қоғамдық белсенді еңбекке жұмылдыру, кәсіптік бағдар беру. 
Оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлау екі ерекшеліктен тұрады. Біріншісі-интегралды процес болса, екіншісі-жұмыстың бағыт бағдары. Бұл екеуі де басқару нәтижесінде жүзеге асырыл ады. 
1. Оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлаудың педагогикалық негізін зерттеуде алдымен оларды басқару аналитикалық, индуктивті, дедуктивті, сандық, сапалық, құрылымдық, тарихи аспектілер декөмекке келеді. 
2. Оқушыларды кәсіпке даярлаудың негізгі диактикалық және политехникалық методологисымен бір қатарда тұруы; даярлау кезеңдері: мақсатты белгілеу, педагогикалық талдау, жобалау, ұйымдасытыру, бақылау, бағалау, үйлестіру және түзету. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуын қамтаммасыз ету; оқушылардың физиология-гигеналық талаптарға сай келуі ескеріледі.
3. Оқушыларды кәсіпке даярлау жүйесі құрылымдық-функциональдық жағынан үнемі дамып отырады. Оның түпкі мақсаты-оқу тәрбие процесінің тиімділігін арттыру болып табылады. Оған қоса ішкі және сыртқы (компонеттер) қоршаған орта, қоғамдық жағдайларға да тығыз байланысты.
4. Жүйелік тәсіл кешенді тәсілді жоққа шығамайды. Кешенді тәсілге іс-әрекет нәтижесін талдау, өзара байланысты анықтау, еңбекке даярлау жағдайлары мен проблемалары, басқару технологиялары кіреді. Негізгі белгілеріне: оның тұтастығы, құрылымы қабілеті сияқты ұғымдар кіреді. Осы процестердің құрамдас компанеттерін оқушылар мен мұғалімдер, мақсат пен міндеттер, мазмұн мен тәрбиеісі, оқу мен кәсіби еңбек құрайды.
Орындалатын тапсырмалардың ерекшелігіне қарамастан өндіріске баулу мен еңбек сабағының практикасы бір-біріне ұқсас келеді. Оқытудың бұл екі түрі де оқытудың мазмұнына, топтарға жіктелу қағидалармен топтастыру реттілігі оқытудың жүйесін қолдану негізінде анықталаады. Олардың көбінесе еңбекке баулудың жүйесімен атап, еңбекке практикалықептілігі мен дағдысын қалыптастырудың дидактикалық жолдарын түсінеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет