ҚР білім беру жүйесін реформалаудың басым бағыттарын көрсетіңіз


Монтессори әдісінің мақсаты



бет4/9
Дата22.05.2022
өлшемі84,94 Kb.
#144622
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ЕМТИХАН-ИННОВАЦИЯ

Монтессори әдісінің мақсаты:
- Балаларды еркін тәрбиелеп, ӛмірге бейімдеу.
- Ӛмірде ӛз мақсаты бар екенін қалыптастыру.
- Балалардың ӛзінің үйреніп, ӛзін дамытуына жаңа мүмкін діктер беру.
Монтессори педагогтың міндеті:
- Балаға ӛз жұмысын басқаруға кӛмектесу.
- Негізгі түстерді айыра білуге үйрету.
- Ұсақ моториканы дамыту.
- Алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру. - Зейінін тұрақтандыру. - Тәртіпке үйрету
Монтессори 5 аймақтан тұрады: 1. Күнделікті ӛмір жаттығулар аймағы. 2. Сенсорика аймағы. 3. Математика аймағы. 4. Тіл аймағы7 5. Ғарыш аймағы.
1. Күнделікті ӛмір жаттығулар аймағы: Күнделікті ӛмір жаттығулар аймағы кішкентай балалар үшін ерекше маңызды. КӚЖ аймағында бала ӛзіне және ӛз заттарына қарауға кӛмектесетін материалдар орналасқан.

  1. Ұжымдық оқыту технологиясына баға беріңіз.

Ұжымдық оқыту әдісі дегеніміз оқу үрдісін төрт түрлі ұйымдастыру түрлері, яғни, жекелей, жұптық, топтық, ұжымдық тәсілдер арқылы жүзеге асыру. Ұжымдық оқыту әдісі әр оқушының бір сәтте әрі оқушы, әрі мұғалім ретінде болатындай етіп оқу үрдісін белсендіре түседі. Оқу әрекетін ұйымдастыруда ұжымдық оқыту әдісі әр оқушының өз мүмкіндігін барынша қолдануға, ал мұғалімге әр балаға деңгейіне сай оқуына мүмкіндік туғызады. Мұндай оқыту түрі тек қана бірлесіп жұмыс істеу емес, сонымен қатар, жарысқа түсу, бәсекелесуді қарастырады ("ХХІ ғасыр – білім мен ғылым бәсекесінің ғасыры” Н.Назарбаев).
Ұжымдық іс-әрекет және оның құрылымы:
- Ұжымда бір мезгіл жұмыс жасау (ең қарапайым түрі);
- Жұптасып жұмыс жасау (2 оқушы);
- Топтасып жұмыс жасау, ең азы-3 оқушы, ең көбі-6-7 оқушы.
- Топаралық жұмыс, топаралық мақсат, міндет айқындалады.
Ұжымдық оқыту тәсілі мұғалімді күнделікті тексеруден босатып, осыған орай әр оқушыға жекелей көмек көрсетуге уақытының болатынымен де құнды.Бұл технологияның тәрбиелік мәні де ерекше, оқушының өзіндік әрекеті, бір-біріне деген жолдастық қарым-қатынасы арта түсіп, бір-біріне бар ынта жігерімен көмектесіп,үйретуге,топтық жарыстар кезінде жетекшінің ұйымдастыру қабілетінің арта түсетіндігі,оқушы бағалауының әділ болатындығы және бірнеше оқушыны бағалау мүмкіндігі туатындығы және т.б. оқушыларды топтап оқытудың қолайлы екендігінің бірден-бір дәлелі.

  1. Оқытудың педагогикалық технологиясына баға беріңіз

Технология дегеніміз - өндірістік процесті және оның тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технологияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? "Білім - оқыту мен тәрбие" - деген анықтамаға сүйенсек, онда мүмкін емес. Оқыту мақсаты - оқушыны болашақтағы мамандығына керекті іс-әрекет тәсілдеріне үйрету. Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оқай тексеруге болады. Олай болса оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін.
Тәрбиеде жағдай басқаша. Бұл салада технологиялық жоба арқылы керекті қасиеттерді алу мүмкін емес деген пікірлер бар. Себебі адамға неше түрлі жағдайлар әсер етеді. Сонымен тәрбие процесінде бір сапаны қалыптастыруды мақсат етіп, оның тех-нологиясын жасау мүмкін емес.
Оқыту технологиясының ерекшеліктері:
• түрлі құралдар арқылы оқушылардың білім, іскерліктерін жиі тексеру.
• үлгермеушілерді анықтау және іріктеу.
• олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы жұмыстардан кейін оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру.
• оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себептерін зерттеу және анықтау.

  1. Дамыта оқыту технологиясының мәнін көрсетіңіз.

Дамыта оқыту технологиясы.– оқушының алған білімін өзіндік ойлаумен ұштастыратын бірден-бір әдіс. Бұл технологияларды қолдану көркем шығармалардың мәтіні арқылы сөздің мағыналық – қисындық құрылымына назар аударуды қажет етеді. Әдеби мәтіндердің көркемдік – тілдік ерекшеліктерін ажыратуға негіз болады. Көркем туындының мазмұнын түсініп, оны талдау барысында проблемалық сұрақтарға жауап беруді қамтамасыз етеді. Дамыту технологиясы әдебиетті оқытуда оқушыны жан-жақты ізденуге, өзіндік ой-тұжырымдарын жасай алуға, сонымен қатар, тұтас көркемдік талдау жасауды үйретеді.


Дамыта оқыту технологиясы - оқушының оқу, білім алу процесінде жан- жақты Дамыта оқытудың мазмұны теориялық ойлаудың дидактикалық тұрғыдан түзілген. Дамыта оқыту оқушының алдына саналы түрде белгілі бір мақсат қойып, оған жетуін ұйымдастыратын, мақсатты түрде бағытталған оқу іс-əрекеті арқылы жүзеге асады. Дамыта оқудағы негізгі нəрсе – берілетін білімнің өзектілігі. Дамыта оқытуда оқушы іс-əрекетінің толыққанды субъектісіне айналады.амуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды.

  1. Модульдік оқыту технологиясын көрсетіңіз.

М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясының» маңызы ерекше. Себебі аталмыш технология әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі өзгені де бағалай білуге үйретеді. Бұл технологияның бір ерекшелігі сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.

Оқушының белсенділігін оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сабақ формаларының өзгеріп отыруы, әсіресе топтық формалар оқушылар арасында қарым-қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді. Оқушының тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, оның өз күшін, шама-шарқын бағалай білуге, өзін қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын болуға және оны жеңуге тырысуына жетелейді.


Модульдік оқыту технологиясының негізі – модуль. Осы технологияны басшылыққа ала отырып, бағдарламада берілген тақырыптар логикалық бір жүйеге келтіріліп, модульдерге бөлінеді. Бұл модульдік оқытудың негізгі идеясы – жаңғырту. Оның мазмұны:

оқытудың жалпы мақсатын қою;


жалпы құрылған мақсатты нақтыланды руға көшу;
оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау;
оқу әрекеттерінің жиынтығы;
нәтижені бағалау
Модульдік оқыту технологиясы өте тиімді. Бұл технологияны қолдану білімді демократияландыруға, ізгілендіруге, оқыту сапасын арттыруға ықпал етеді.

Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.





  1. Интерактивті тақта және олардың сипаттамаларын көрсетіңіз.

Интерактивті тақта - мультимедиалық электрондық оқыту құралдарының бірі.

Бұл білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе.


Интерактивті тақта –дегеніміз не? Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Интерактивті – inter (өзара), akt(әрекеттесу). Оқыту процесі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады. Қазіргі уақытта бастауыш сыныптан бастап білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдар қолданылуда.

Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.


Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.Интерактивті оқыту моделін пайдалану - өмірлік ситуацияларды модельдеуді, ролдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандай да бір қатысушысын немесе идеяны /яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты/ ерекшелеуді шектейді. Бүгінгі күні білім саласында қолданылып жүрген интерактивті тақтаға қысқаша шолу жасайық.



  1. Интерактивті тақтаны пайдалану мақсаттары мен әдістемесін көрсетіңіз..




  1. Қашықтан білім берудің принциптерін көрсетіңіз.


  1. Қашықтан білім берудің ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Қашықтықтан білім беру мүмкіндігін ұсынатын оқу орындарының барлығы бір бірінен белгілі қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Олардың ерекшеліктері білім беру мазмұны мен деңгейі, білім алушылардың саны мен құрамы, техникалық және қаржылай мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Қашықтықтан білім беру жүйесі дамытылған елдер де мемлекет деңгейінде қаржыландыру арқылы жүргізіле ді. Дүниежүзіндегі дамушы елдердің барлық жоғарғы оқу орындары қашықтықтан білім беру технологиясымен жұмыс жасауда. Мысалы, алпауыт елдердің бірі Америка құрама штаттарында 1995 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарының 58% қашықтықтан оқыту технологиясына тәжірбие жасап, бұл технологияның тиімді екенін алға тартқан. Қазірде бұл елде мыңдаған оқу орындары осы технология бойынша жұмыс жасауда.Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:
Оқытушы компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет.Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет.Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.



  1. Қашықтан білім беру жүйесінің негізгі ұғымдарын көрсетіңіз

Қашықтан оқыту – бұл заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, білімді, дағдыны игерудің тиімді жолы. Оқушы мен мұғалім интернет байланысы арқылы қарым-қатынас жасайды. Мұғалім тапсырмаларды әртүрлі интернет платформалары арқылы оқушыға береді және онлайн-чат арқылы оқушыға кеңес береді. Қашықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуалдық өзара іс-қимыл табылады. Қашықтан оқыту əдісін көбінесе жабық оқыту жүйесімен байланыстырады жəне мұндағы негізгі құрал интернет болып табылады. Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың үш түрлі формасы бар: онлайн, оффлайн, вебинар.Ғаламтордың дамуымен бірге онлайн білім беру формалары да қатар пайда болды. Онлайн оқыту – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта білім мен дағдыларды игеру процесі. Оқушылар сабақты кез-келген уақытта қайталап, қажетті жерлерін жазып ала алады. Онлайн оқыту оқушыға қолжетімді орта болып табылады. Оффлайн режимдегі оқыту – интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы. Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы. Бүгінгі білім беру жүйесінде қашықтан оқытудың бірнеше платформалары қолданысқа енді. Атап айтсақ, Google Classroom, Kundelik.kz, Moodle жүйелері, Bilimland платформалары және тағы да басқалар. Сондай-ақ, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары, Facebook және басқа әлеуметтік желілердегі парақшалар, Telegram, WhatsApp чаттары, онлайн конференциялар және басқа да форматтарды атап өтуге болады.Қашықтан оқыту процесін ұйымдастырудың міндеттері: оқытуды даралау; оқытудың тиімділігін арттыру; кеңестер беру; білім алушыларға оқу материалын жеткізу; білім алушылармен кері байланыс орнату; білім алушылардың білімдерін бақылау. Қашықтан оқытудың отандық және шетелдік теориясы мен тәжірибесін талдау бірнеше басымдылықтарды атап өтуге мүмкіндік береді: икемділік – оқушылар өзіне ыңғайлы уақытта, ыңғайлы жерде және ыңғайлы қарқынмен оқиды; әлеуметтік – қашықтан оқыту белгілі бір дәрежеде тұратын жері мен материалдық жағдайына қарамастан білім алудың тең мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік қарама-қайшылықты жояды; ақпараттық – компьютерде жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді.





  1. Қашықтан окытудың құралдары мен формаларын талқылаңыз.

Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:


· Оқытушы компъютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.
· Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет.
· Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет.
· Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.
· Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.
· Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді ұйымдастыра білуі қажет.
· Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес. Республикалық білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығы ақпараттық қарым-қатынастық технологиялардың білім берудегі педагогикалық мүмкіндіктерін зерттеу жолында ЮНЕСКО институтының тірек нүктесіне жатады және онымен бірге қашықтықтан оқытудың спутниктік каналын ендірудің бірлескен жобасын жүзеге асыруда.

  1. Қашықтықтан оқыту (ҚО) технологиясын ұйымдастырудың теориялық негіздемесін талдаңыз.

Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың теориялық негіздері. Қашықтықтан оқыту (ҚО) - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады. Қашықтықтан оқыту технологиясының кейс және желілік технология деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады. Қашықтықтан оқыту технологиясынын дамуына Интернеттің әсерін бағалау қиын. Ол ара қашықтықтықты қысқартумен қатар, оқытушы мен студентке анағұрлым көп еркіндік береді. Енді тыңдаушы немесе студент тапсырмалар және тестпен өзіне ыңғайлы уақытта айналыса алады. Оқытушы материал мазмұньн жедел түрде өзгерте алады. Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы - біздің білім беру жүйесінің болашағы болып табылады. Шетелде күндізгі немесе қашықтықтан білім берудің қайсысының дұрыстығы жөнінде сөз де болмайды. Өйткені, басты орынды қашан да сапалы білім алады. Қашықтықтан оқытуда өз бетінше жүргізілетін жұмысты сөзжұмбақтар, шарада немесе тапсырмалар арқылы ұйымдастыру, жаңа тақырыптарды меңгеру үшін өте ыңғайлы. Қашықтықтан оқытудың жетістігі - оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтықтан оқыту курсында электрондық түрде немесе электрондық оқулық түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде сабақтың басты элементі форум немесе чат болып табылады. Мұндай баяндаулар алдын ала жоспарланып, алдын ала даярланған сценарий бойынша жүргізіледі. Оқу үрдісіне тьютор белсенді қатысады. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды баяндаудың тағы бір нұсқасы виртуалды шебер. Әдетте оқу материалын баяндау және талқылау бір мезгілде жургізіледі. Қашықтықтан оқыту жүйесін әрқайсысы өз кезегінде бірнеше компоненттерден тұратын үш компоненттің жиыны ретінде карастыруға болады. Олар: Дидактикалық жүйе; Технологиялық жүйе; Қамтамасыз ету жүйелері. Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалык бес әдісін қолдануға болады: Ақпараттық-рецептивті; Репродуктивті; Мәселелік мазмұндау; Эвристикалық; Зерттеу; Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар: Кейс – технология – оқытушы дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген. Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады. Кейс – технология арналған материалдар түрлері мыналар: Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқужоспарындағы пәндер бойынша әлектрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады.

  1. Қашықтықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттерін талдаңыз.

Қашықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері: курстың терминдер мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы; пайдаланушыға ыңғайлы құрылым – мұғалім материалды беру реті мен бейнелеудің бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар. Кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ. Кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.Оқушы оқулықтың кез келген бетін қағазға шығара алады. Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, CD-ROM). Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар. Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады. Желілік – технология - білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік қүралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген. Оқытудың желілік – технологиясына жатады: Интернет желісін пайдалану; Электрондық поштаны пайдалану; Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану; Мультимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар желелік компьютерлік класс.Электронды почта тыңдаушыларға курстың негізгі мәселелері бойынша конфиденциалды хат жазысуға мүмкіндік береді. Электронды почта арқылы ақпаратты жоғары жылдамдықпен жіберу мүмкіндігінің арқасында тыңдаушыға көмек дер кезіңде, сұранысты алған соң бірден көрсетіледі. Интернет көмегімен тыңдаушылармен кері байланыс орнатып қана қоймай, олардың оқу қызметін бақылауға, бағалауға болады.Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

  1. Проблемалық оқытудың жалпы міндеттерін талдаңыз.

Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады. Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс. Проблемалық оқытудың ең негізгі мақсаты-қазіргі заманғы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, продуктивтік және творчестволық оқу процесінің логикалық жолдарын баяндау. Міндеттер: мұғалімнің проблемалық оқыту процесінің ұйымдастыруының негізгі тәсілдері мен формаларын көрсету, оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатып, оқушылардың неғұрлым тиімді жалпы дамуына жағдай тудыру. Проблемалық оқытудың мақсаты-ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзі де, процесінде меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның творчестволық қабілеттерін дамыту. Проблемалық оқытуда мұғалімнің түсіндіруі мен оқушылардың репродуктивтік қызметті талап ететін міндеттер мен тапсырмаларды орындауы жоққа шығарылмайды. Проблемалап оқыту әдісін жүргізу дидактиканың заңдылықтарына байланысты мынадай кезеңдерге бөлінеді: 1.Проблемалық ахуалдар туғызу жолын алдын ала дайындау. 2.Проблемалық сұрақтарды грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс құру. 3.Проблемалық мәселелерді шешу амалдарын күні бұрын дәл белгілеу. 4.Проблемалық сұрақтардың теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу. Дәстүрлі оқыту әдісі бойынша мұғалім сабақ тақырыбын хабарлайды, мазмұнын түсіндіреді, есептер шығартады, талдау жүргізеді, қорытынды жасайды. Ал, оқушылар мұғалімнің әңгімесін тыңдайды, тапсырмаларды орындайды, керекті әдеьиеттермен танысады. Мұнда игеруге тиісті оқу мазмұны күні бұрын дайындалған күнінде оқушылардың қабылдауын талап етеді. Мұндай оқыту жүйесі репродуктивтік немесе дайын білім беру әдісі деп аталады.Проблемалап оқыту әдісінің екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншісі, оқыту мақсатына байланысты, мұнда оқу материалының мазмұны зерттеледі, ол белгілі бір дәрежеде қорытылады. Нәтижесі практикада сыналып, оқу программаларына, оқулықтарға және қосымша оқу құралдарына жазылады. Екіншісі, педагогикалық процесті ұйымдастыру принципі тұрғысынан қарастырылады. Бұл кезде әдебиеттерде дайындалып көрсетілген білім мазмұнының көшірмесін қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді.Проблемалық ахуал - оқушылардың игерген білімі мен іскерлікті қалыптастырудағы қажетті ұғымдар мен фактілердің арасындағы сәйкессіздік. Информатика пәнінде оның негізгі көзі берілген есептің математикалық моделін жасау, алгоритмін құру болып табылады. Бұл кезде оқушылардың өзіндік шығармашылық әрекеті орындалады.Проблемалап оқыту теориясының аумағында әлі де зерттеулерді қажет ететін көптеген мәселелер бар. Бұл маңызды мәселелердің бірі - оқыту процесінде оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі. Оқу-тәрбиесінде мынандай өзекті проблемалар бар:оқушылардың өз бетінше ойланып,әрекет етулері жеткіліксіз. Бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп, өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын.



  1. Жобалап оқытуды пайдаланудың ерекшеліктеріне талқылаңыз.

Оқу әрекетінің тиімділігін арттыру үшін оқушыны білім алу процесіндегі белсенді әрекет ететін субьектіге айналдыру керек деген идеялар көтерілгелі көп болды. Осындай идеялардан туындаған технологиялардың бірі – жобалап оқыту технологиясы.
Жобалап оқыту технологиясының негізін салушы Карл Фрей өзінің “Жобалау әдісі” атты кітабында (Бельц қаласы, Германия, 1977 ж.) жобалау әдісі туралы былай түсіндіреді:
Оқушылардан болсын немесе оқытушы тарапынан болсын практикалық маңызы бар бір жоба (проект) ұсынылуы тиіс.
Жобаға қатысушылар оқыту түрі, міндеттерді атқару туралы өзара келіседі. Оқушылар алған білімдерін танымдық және практикалық міндеттерді шешуге пайдаланады. Жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерінен өз бетінше оқып үйренеді.
Оқушылар ұжымда жұмыс істеп үйренеді. Зерттеу біліктерін (проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау) меңгереді. Оқушылардың жүйелі ойлауы дамиды.
Жобаны зерттеуді кластан тыс сабақтарда өткізген тиімді болады. Жобалау әдісі – оқушылардың зерттеу жұмыстары әдісі болып табылады.
Жобаны орындау мынадай кезеңдерден тұрады:
І –кезең. Жобалық тапсырманы, тақырыбын құрастыру. Жобаның тақырыбын жіктеп бөліп, оларды оқушылар арасында бөлу
ІІ –кезең. Шығармашылық топтар құру, топтағы оқушылар өзара үйлесімді жұмыс істеуі үшін олармен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу
ІІІ –кезең. Зерттеу жұмысына материалдар дайындау. Жауап берілуі тиіс сұрақтарды тұжырымдау, командаларға тапсырмалар, қажетті әдебиеттерді таңдау.
ІҮ –кезең. Оқушылардың жобаны орындауы. Мұғалім оқушылар жұмысын үйлестіреді, кеңес береді, олардың іс-әрекетін көтермелеп отырады. Оқушылар іздеу, тану жұмыстарын орындайды.
Ү –кезең. Нәтижелерді шығару, нәтижелерге нақтылы жағдайға сәйкес ішінара түзетулер жасау.
ҮІ –кезең. Жұмыстар қортындысымен жұртшылықты таныстыру (презентация). Мұғалім экспертизалық жұмысты ұйымдастырады. Мысалы эксперт ретінде жоғары сынып оқушыларын немесе ата-аналарды шақыруға болады.
ҮІІ –кезең. Орындалған жұмысты талдау, бағалау (рефлексия). Мұғалім балалардың іс-әрекетін педагогикалық тұрғыда бағалайды, балалардың ынтасын ескереді.
Бұл технологияда жобаға оқушылардың қызығушылығын туғызу басты қиындық болып табылады. Сондықтан жобаның маңызын түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек болады.



  1. Педагогикалық ынтымақтастық қағидаларын талқылаңыз



Ынтымақтастық технологиясы – оқушы мен оқытушы арасындағы қарым – қатынастың тең дәрежеде жүзеге асуы, бірлік одақта қызмет етуі, оқытушының оқушыға басымдылық көрсетпеуі. Мақсат, талап ету педагогикасынан қарым – қатынас педагогикасына өту; оқушыға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиелеуді ұштастыру.
Ынтымақтастық – бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс - әрекет. Оған керекті жағдайлар:
• мақсаттың бір екенін анық сезіну;
• ынтымақтасушы жақтардың қызметін дәл белгілеу;
• мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушылардың т.б педагогикалық үрдіске қатысушылардың бір – біріне көмек беруі.
Ынтымақтастық технологиясының негізгі идеялары:
• оқушылардың шығармашылық, атқарушылық қабілетін дамыту;
• оқушылардың өзін - өзі құрметтеуі;
• оқушыларды құрметтеу.

Бұл технологияның негізгі идеясы – әр түрлі оқыту жағдайларындағы оқушылардың белсенді бірлескен оқу қызметіне жағдай жасау. Оқушылар әр түрлі болады – біреулері оқытушының айтқандарын бірден «қағып алады», өздері кез келген сұраққа дайын; енді біреулері үшін материалды түсінуге уақыт қана емес, қосымша мысалдар, түсіндірулер қажет. Мұндай балалар әдетте бүкіл топ алдында сұрақ қоюға ұялады, ал кейде өздерінің нақты ештеңе түсінбейтінін, сұрақты дұрыс қоя білмейтінін сезінбейді. Егер мұндай жағдайда балаларды шағын топтарға (3 – 5 адамнан) біріктіріп, оларға ортақ бір тапсырма беріп, топтағы әрбір оқушының осы тапсырманы орындауға рөлін түсіндірсе, онда әркім өз жұмысының нәтижесі үшін ғана емес (көбінесе оларды енжар қылдыратын), бүкіл топтың нәтижесі үшін жауап береді. Мұның үлкен мәні бар. Сондықтан нашар оқитын оқушылар жақсы оқитын оқушылардан мәселенің мәнісін түсінуге тырысады, ал жақсы оқитындар топтың бардық мүшелерінің, бірінші кезекте, нашар оқитын оқушының материалды меңгеруге мүдделі болады. Сөйтіп, бірлесе күш жұмсаудың арқасында әрбір оқушы материалды өзіне лайықты деңгейде меңгереді. Бұл – ынтымақтастықта оқытудағы ортақ идея.



  1. Деңгейлеп оқыту технологиясын бағалаңыз.

Оқулықтардың жаңа технологиясының бірі – жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады. Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімділігі бар, деңгейге бµліп оқытудың өзіндік ерекшеліктері қандай және жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ, деңгейге бµліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік – теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін әлеуметтік – психологиялық танымал, сұранымын ескеру талап етіледі. Сондықтан да тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білім мен деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру қажет.


Қазіргі базалық білім беру – жеткілікті білімнің төменгі шегі. Бұлар оқытудың деңгейіне сәкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы,әрі оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі. Оқушыны деңгейіне бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.
Деңгейлік-саралап оқыту технологиясы-оқушының туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке даму жанжақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Бұл технологияда бірінші орында оқушы туралы және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударады.
Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып,білім алуына жағдай жасайды.Әртүрлі деңгейдегі балаларға бірдей зейін аударып,олармен саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бала білімін оқушы деңгейден шығармашылық деңгейге жетелеу оқушылардың өз бетінше,ізденуіне жол ашады,шығармашылық жұмыстарға баулиды,қиялын,ойын ұштайды.
Оқушының білімді меңгеру сатысы:
1.Шығармашылық; 2.Эвристикалық;
3.Алгоритмдік; 4.Оқушылық деңгей;
Оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту үшін:
1.Өз бетінше тапсырма беру (тарихи есептер,логикалық есептер)
2.Тарихи мағлұматтарға байланысты рефераттар қорғау.
Осы айтылғандарды ескере отырып,оқушыларды математиканы оқуға ынталандыратын және математикалық қабілетін дамытатын тарихи есеп-
терді пайдалану арқылы,деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы шығармашылық білім сапасын арттыруға болады.
Деңгейлеп оқыту барысында оқушылардың есте сақтау қабілеті жақсарып,өз эмоциясын өзі басқара білетіні,зейіннің тұрақтылығы,ой- лауы дамитыны байқалады.
Бірінші деңгей тапсырмаларды білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктеріне сай болады. 
Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі. Бірінші деңгейден бастау алған сµйлесу үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын кµрінуімен логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен,ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдалануымен сипатталады.Танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі жұмыстарды іздеп өз бетімен орындайды. Төртінші деңгей дарынды, ізденімпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады.
Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізу оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы басты себеп болды. Деңгейлеп оқыту – оқытылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі жүзеге асырылады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері:
1. Денгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкідік береді.
2. Денгеийеп оқыту әртүрлі катигориядағы балаларға бірдей зейін аударып,олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Денгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш денгеий қарастырылады: ең төменгі денгей(минималды базалық),бағдарламамалық, күрделенген денгей.
Базалық денгей-мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы менгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
4. Оқушының жеке тәжірбесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтежелі болу үшін.
Жеке тұлға ерекшеліктеріне;
Психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау, қабілетінің ерекшелігіне, ойлау, қабылдау, зейін ерекшелігіне,өзінің эмоциясын басқара білуіне);
Пән бойынша білімді игеру деңгейіне /оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып,көңіл бөлу керек



  1. Оқытудың модульдік технологиясын бағалаңыз.

М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясының» маңызы ерекше. Себебі аталмыш технология әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі өзгені де бағалай білуге үйретеді. Бұл технологияның бір ерекшелігі сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады. Оқушының белсенділігін оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сабақ формаларының өзгеріп отыруы, әсіресе топтық формалар оқушылар арасында қарым-қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді. Оқушының тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, оның өз күшін, шама-шарқын бағалай білуге, өзін қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын болуға және оны жеңуге тырысуына жетелейді.

  1. Оқытудың ойын технологиясына баға беріңіз

Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал.Ойын барысында балалардың белсенділігі,шығармашылығы дамиды.


Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу-тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ.Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы,дүниетанымы дамиды.Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру,ол дегеніміз түпкі нәтижені кһре білу, яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы,дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді.
Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады.
Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен,белсенділікпен орындайды.Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі- дидактикалық ойындар.
Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. 
Бастауыш сыныптардың тіл сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау,жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет.
Ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ НЕНІ МЕҢГЕРЕДІ
1.Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
2.Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелержі өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3.Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
4.Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5.Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6.Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7.Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
8.Оқушылар үшін қауіпсіз
9.Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.
10.Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
11.Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі
12.Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері,алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен,мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге,қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.
Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызды ор Халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі ұлт ойындары... Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап,мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал ретінде баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады. Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. 
Ойын түрлерінің материалдарында сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызыда арта түседі.Оны тиімді пайдалану сабақтың әселігін,тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктерімен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн.Ойыннан басталады»,-десек, баланың ойын жетілдіріп,сабаққа қызығушылығын,белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің қолданатын басты тәсілі- ойын. 
Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден,білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білімін өмір тәжірибесін жинақтауға көмектеседі.Ойынның кәсіптік, әуестену,оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар.Ол дем алу,көңіл-көтеру бола тұра оқуға,шығармашылыққа, емдеуге, адам қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады.Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс-тәжірибелерін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған.Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады



  1. Оқытудың кіріктірілген технологиясына баға беріңіз.

Кіріктіру – ХХІ ғасыр талабы. Кіріктіру – бұл бір оқу мазмұнының әр түрлі
саладағы жан-жақты білімдермен тоғысуы, бір-бірімен араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ,
оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, пәннің жалпы мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен
ерекшеленеді.
Оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқыту:
-ерекше дарынды оқушыларға мәнді де саналы оқуға;
- сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға;
- жеке тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін
белсендіруге;
-оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық
процесіне бақылау жасауға;
-білім берушілік, дамытушылық және танымдық үшбірлікті ұстаздың шексіз
шығармашылығы тұрғысынан жүзеге асыруға;
-сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға;
-оқушылардың уәждемесін арттыруға, олардың оқу-танымдық әрекетін белсендіруге,
шаршағандары мен қажуларын азайтуға;
-сабақ үрдісінде өтілетін тақырыптың адам және қоғам өмірімен тікелей байланысына мән
беруге;
-оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға;
- олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.

  1. Проблемалық және қаркынды күшейте оқыту технологияларына баға беріңіз

Проблемалық оқыту-мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет