Саясат нысаны іс жүзінде мемлекетте, партияларда және мүдделер топтарында (қауымдастықтар мен қозғалыстар), сондай-ақ заңдарда, саяси және құқықтық нормаларда жүзеге асырылады
Саясат нысаны іс жүзінде мемлекетте, партияларда және мүдделер топтарында (қауымдастықтар мен қозғалыстар), сондай-ақ заңдарда, саяси және құқықтық нормаларда жүзеге асырылады.
Саясаттың мазмұны оның мақсаттары мен құндылықтарында, ол шешетін мәселелерде, саяси шешімдердің себептері мен тетіктерінде көрінеді. Саяси процесте саяси қызметтің күрделі, көп субъективті және қайшылықты сипаты, оның әртүрлі әлеуметтік топтардың, ұйымдар мен жеке тұлғалардың қарым-қатынасы ретінде көрінісі көрінеді.
Саясат дегеніміз мемлекет басқару ісіндегі нәзік өнер болып табылады. Ал дәл солай болуы үшін ол ғылымның жетістіктеріне сүйенумен бірге адамгершіліктің ең жоғары критерийлеріне үйлесімді болуы тиіс, өйткені әлеуметтік қызметтердің ішінде саяси қызмет ең жауапкершілігі басымы болып табылады. Саясат, сонымен бірге саяси шешім қабылдау өнері: көптеген мүмкіндіктерден таңдап дұрыс жол таба білу керек. Ал бұл болса, саясаткердің біліміне, тәжірибесіне, интуициясына дүниетанымына және т.б. байланысты іске асатын үлкен өнер. Сондықтан кейде саясатты «мүмкіндік өнері» деп те атайды, өйткені толған мүмкіндіктер ішінен ең қолайлысын, ең сәттісін тап баса білу керек, — ал мұны өнер демеске лаж жоқ.