Саяси этика - саяси қызметтің нормативтік теориясы, оның әділетті әлеуметтік құрылысы, жетекшілер мен азаматтардың құқықтары мен міндеттері, еркіндік, теңдік және әділеттілік қарым-қатынастары және т.б. мәселелерін қамтиды. Ол саяси билікті, сонымен бірге әртүрлі басқару түрлерін легитимдендіруде шешуші рөл атқарады.
Саяси этика - саясат әлеміне, оның институттарына, қатынастарына, саяси дүниетанымға қандай да бір қауымдастық мүшелерінің мінез-құлқына қатысы бар имандылық бастаулары, құндылықтар мен ережелер жиынтығы.