Қр білім және ғылым министрлігі


Әдебиеттер Бет. 91-94; 6. Бет. 74-80; 6. Бет. 60-96., 7. Бет. 27-78. 11. Бет 23-96. № 9 дәріс тақырыбы



бет4/14
Дата31.01.2018
өлшемі3,74 Mb.
#36359
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Әдебиеттер

  1. Бет. 91-94; 6. Бет. 74-80; 6. Бет. 60-96., 7. Бет. 27-78. 11. Бет 23-96.

9 дәріс тақырыбы – Сүтқоректілер дамуы. Қағанақ.



Жалпы сұрақтары: Сүтқоректілер (қалталы, жоғары сатыдағы) эмбриогенез кезеңдерінің өтуі және ерекшеліктері. Ұрықтан тыс ағзалар. Қағанақтың құрылысы және атқаратын қызметі.

Дәрістің қысқаша жазбасы.

Сүтқоректiлердiң ұрық дамуы әртүрлi болады. Организмнiң тарихи дамуында ұрықтың дамуы телолецитальдi жұмыртқасы бар бауырымен жорғалаушыларда пайда болды, қағанақты сүтқоректiлер ұрығы–жатырда дамиды, ал ондағы ұрық ана организмiнiң есебiнен қоректенетiндiктен, жұмыртқаклеткасында сарыуыз екi есе аз болады. Ең жабайы сүтқоректiлерге клоакалы жануарлар (үйректұмсық, ехидна) жатады. Олардың ұрықтары құстар ұрығының дамуына өте ұқсас өтедi, себебi жыныс жасушалары телолецитальдi, бөлшектенуi меробласты болады. Қалталы жануарлар жұмыртқаклеткаларында сарыуыз мөлшерi аз болып, ұрық шала туады. Ұрық ана құрсағындағы ерекше қалтада сақталып, дамиды. Ана сүт безiнiң емiздiгiмен ұрық өңешi арасында байланыс құрылады. Жоғары сатыдағы сүтқоректiлер жұмыртқаклеткасының диаметрi 100-200 мкм, олиголецитальдi, изолецитальдi, жұмыртқалық фолликуласында дамиды, овуляцияда ұрық жолына түсiп барып, жетiледi. Ұрықтану ұрық жолының жоғарғы үштен бiрiнде өтедi. Қағанақты сүтқоректiлер бөлшектенуi толық бiркелкi емес түрiне жатады. Бластомераларының мөлшерi әртүрлi, бөлiнуi бiрдей болмайды да, ұрық 3, 5, 9, 12, тағы басқа бластомералардан тұрады. Бөлшектенуде ұрықтың жоғарғы бетiнде ұсақ ақшыл, оның астында орналасатын iрi қара-қоңыр бластомералар пайда болады. Одан кейiн морула құрылып, ақшыл, қара-қоңыр бластомералар арасында белоктар сұйығынан тұратын қуыс түзiлетiндiктен жылдам жоғалып кетедi. Бластодермалық көпiршiктен стерробластула, бластоциста дамиды. Оның қабырғасын ұсақ бластомералар құрып, қоректiк қызмет атқаратындықтан трофобласт деп атайды. Трофобластың iшiнде iрi және қара-қоңыр бластомералар жатады. Оны ұрықтық түйiншек - эмбриобласт деп атайды. Одан ұрық, ұрықтан тыс ағзалар дамиды. Сүтқоректiлер ұрық дамуы ерекшелiгiне дене қатпары пайда болып, ұрық жапырақшаларының ұрықтық, ұрықтан тыс деп ерте бөлiнуi жатады. Бөлшектену мөлдiр, ұрықтану қабықтарының панасы арқасында ұрық жолында басталып, жатырда жалғасады. Ол шошқада 3 күн, қойда–4, сиырда-бөлшектенудегi зигота ұрық жолында 4 күн және 15-16 бластомералардан тұратын морула сатысында жатырға түсiп, онда бөлшектену тағы 4 күн жүредi. Ол кезде ұрық жөндi өспейдi. Бөлшектену соңында, гаструляция басталып, жұмыртқаклеткасының қабықтары ерiп (шошқада-8, қойда–10, сиырда–13 күндерi), трофобласт жатыр қуысынан сұйықтарды қарқынды соратындықтан, осы кезде ұрық қызу өседi. Мұнда, әсiресе трофобласт жақсы ұлғаяды, күйiс қайыратындарда-ұршық, шошқа мен жылқыда-сопақ тәрiздi болады. Н.М. Решетникованың дерегi трофобласт ұзындығы 20 см болғанда, эмбриобласт тек 1 мм ғана жететiнiн көрсеттi. Эмбриобласт трофобластың орта бөлiмiнде тiлiнiп, қос қабатты болады. Гаструла түзiлуi қоспластинкалану, әрi құстардағыдай кiрлiгу жолы арқылы жүрiп, ұрық дискiн құрады. Эктодерма трофобластқа, энтодерма бластоциста қуысына жанасады. Ұрық дискiсiнiң бетiндегi трофобласт сiңiрiлiп, эктодерма диск жиегiнде онымен бiрiгiп кетедi. Ұрық дискiсiнiң орта тармағында жасушалар бiр жерден екiншi жерге көшуiнен сайшасы бар алғашқы жолақ немесе шұңқыршасы бар алғашқы түйiншек құрылады. Жасушалардың қайырылуы, мезодерма мен бiлiктi ағзалардың жетiлуi құстардағыдай өтедi. Алғашқы жолақ аймағында хорда алды тақташасы, хорда материалдары қайырылып, алға жылжи бастайды. Мезодерма материалдары алғашқы жолақ аймағында қайырылып, алға, эктодерма, энтодерма араларының әр жағына шошқада 9, қойда 13, сиырда 15 күн бойы жылжиды. Ұрық жапырақшаларынан мезенхима түзетiн жасушалар көшiп, қонады. Ұрық жапырақшаларының жетiлуi ұрықтың бас жағынан басталады. Жүйке тақташасы эктодерманың арқа жақ жасушаларынан шошқада 14, қойда 15, сиырда 19 күндерi жетiледi. 3-4 күннен кейiн жүйке тақташасы жүйке түтiгiне айналып, бас жағында ми көпiршiктерi, иiс сезу, көру, есту ағзаларының бастамалары салынады. Мезодерма сомиттердi, бөлшектер сабағын, спланхнотомды, энтодерма iшек және сарыуыз қабын жетiлдiредi. Осы кезде ұрық жатырдың бiр мүйiзiнде жатады. Ұрық трофобласында алғашқы бүрлер құрылып, жатыр кiлегейлi қабығына кiрiп, жатыр безiнiң секретi–жатыр сүтiн сорады. Cүтқоректiлерде мұндай қоректену олар қағанақ құрғанда аяқталады. Ұрық жапырақшалары жетiлiсiмен ұрықтан тыс ағзалар: сарыуызды қап, амнион, аллантоис, хорион, қағанақтың дамып, қалыптасуы жүредi. Сарыуызды қап күйiс қайыратын жануарлар мен шошқа ұрықтарын қоректендiруде ешқандай рөл атқармаса, жылқыда аз уақытқа, сарыуызды қап хорион деңгейiне жеткенше, сарыуыз қағанағы ретiнде құрылады. Сарыуызды қап өте қысқа (қойда 13-30, сиырда 16-35, шошқада 11-23 күн, жылқыда үшiншi ай соңына дейiн) болғанымен, өте маңызды қызметтер орындайды: тамырлар жүйесi құрылады; ол қан түзедi, қоректену және тыныс алуды қамтамасыз етедi; алғашқы жыныс жасушалары құрылатын жер; гормон заттарын бөледi. Ұрықтық кезең аяқталысымен сарыуызды қап жойылады. Аталған қызметтердi орындау басқа ағзаларға көшедi. Амнион - сулы қабық, жатырдағы дамуда ұрықты тұрақты қоршап тұрады. Себебi, ол ұрықтық даму басында ұрық дискiсi сатысында (қойда 15, сиырда 19, шошқада 13 күнi) құрылады, туу кезiнде өз тiршiлiгiн тоқтатады. Амнион қорғаныш қызмет атқарады. Өйткенi, ол ұрық, iштөл дамитын iштөлсуын өндiредi. Аллантоис қойда дамудың 16, сиырда 20, шошқада 15 күндерi пайда болады. Күйiс қайыратындар аллантоисының орталық бөлiмi енсiз, екi жақсы дамыған мүйiзi, шошқа мен жылқыда, оның түрi денесiнiң артқы жағы айналасында қабылыстырылған шар тәрiздi болады. Мұнда зат алмасуынан пайда болатын сұйық өнiмдер, кейбiр биологиялық қарқынды заттар, басқа өнiмдер жиналады. Ол жылдам өсiп, амнион мен хорион араларындағы қуыстарды толтырады. Мезодермалық қабаттары бiрiгiп, аллантоамнион, аллантохорион құрады. Оларда тамырлар торы дамып, қалың торлы аймақ аллантоистың хорион жағында құрылады. Торлар алдымен алғашқы трофобласт бүрлерiнде өсiп жетiледi. Сондықтан олар iрi, тармақталған болып келедi. Осы кезде аллантохорион қабырғасының құрылысы күрделенiп, қағанақтың ұрық бөлiмi пайда болады. Ұрықтың бүрлi қабығы (хорион) қағанақты сүтқоректiлер ұрығының жатырдағы дамуында тұрақты кездесiп, сыртқы қабық болып есептелiнедi. Ол қорғаныш, қоректiк қызметтер атқарады. Жұмыртқаклеткаларының қабықтары толық бұзылысымен трофобласта алғашқы бүрлер құрылып, жатыр кiлегейлi қабығындағы бездермен байланыс түзiп, ұрықтың оған енуi жүрiп, тамырдан тыс қоректенуi қамтамасыз етiледi. Амнион қатпары бiрiгуi кезiнде ұрықтан тыс мезодерма трофобласт iшiнен қаптап өседi, оның бүрлерiне енiп, ұрықтың бүрлi қабығын құрады. Осы уақыттан бастап ұрықтың қоректенуi қабықтағы тамырлар торы арқылы қамтамасыз етiледi. Кейiн бұл қабық аллантоиспен тұтасып (аллантохорион) кетедi, мүйiздi малда, одан басқа жерде амнионмен тұтасып (амниохорион), қағанақ құрамына кiрiп, оның ұрық бөлiмi болып есептелiнедi. Осы кезде бүрлер одан сайын ұлғайып, аллантохорион қабырғасы күрделенiп, қағанаққа тән қызметтердi орындай бастайды. Қағанақ жоғарыда келтiрiлген уақытша ағзалар негiзiнде ұрықтық кезең соңында пайда болады, буаздық соңына дейiн тiршiлiк етiп, оның қалыпты өтуiн қамтамасыз етедi. Қағанақ қоректiк, бөлiндi (экскрет) бөлу, механикалық және иммунобиологиялық қорғау қызметтерiн атқарады, эндокриндi ағза (хорионды гонадотропин, сары тiн тәрiздi-прогестерон, сүт безiнiң өсуiн ынталандыратын саматомаммотропин және басқа түзінділерді өндiредi) болып келедi. Қағанақ ұрық және аналық бөлiмдерден тұрады. Оның ұрық бөлiмiн аллантохорион, ал күйiс қайыратындарда амниохорион құрады. Аналық бөлiмдi арнайы өзгерiстер жүретiн жатыр қабырғасының кiлегейлi қабығы түзедi. Түрлi тұқымдас жануарлардың қағанағы хорион бүрлерiнiң орналасуына, жатыр кiлегейлi қабығының ұлпаларына, олардың ену тереңдiгiне қарай жiктеледi. Аллантохорион бүрлерiнiң орналасуына байланысты, морфологиялық жiктеуге сай, қағанақ-шашыраңқы, ыдысша (котиледон), шеңбер (сақина) және диск тәрiздi болады. Шашыраңқыда бүрлер хорион бойында бiркелкi қысқа кiшкене шоқ бұта тәрiздi орналасады. Мұндай қағанақ бие, мәшi, iнген, мегежiндерге тән. Ыдысшада қағанақ бүрлерi iрi және қатты тармақталған, бiр жерге жиналып, томпайып барып, ыдысшалар (котиледондар) деп аталып, жатыр қабырғасындағы етше өскiнмен (карункула) тығыз байланысқа түседi. Мұндай қағанақ күйiс қайыратын малдарда болады. Шеңбер тәрiздi қағанақ бүрлерi белдеу тәрiздi бүкiл аллантохорионды қоршап орналасады, жыртқыштарда орын алады. Адам, маймыл, кемiрушiлер қағанақтары диск тәрiздi болады. Өйткенi, бүрлер орналасқан аудан түрi диск тәрiздi болып келедi. Ұлпалардың ұрық пен аналық қан тамырлары арасында орналасуына байланысты Отто Грослер ұсынған гистологиялық жiктеуге сай, қағанақ-эпителиохориалды, десмохориалды, эндотелиохориалды, гемохориалды деп аталады. Эпителиохориалды қағанақта хорионның эпителийi жатырдың кiлегейлi қабығын бұзбай, оның эпителийiмен жанасады. Хорион бүрлерi аналық без қуысына енiп, олар бөлетiн аналық сүттi сорады. Туу кезiнде бұл бүрлер жатыр эпителийiн бұзбай айырылады. Бұл қағанақ бие, мәшi, мегежiндерге тән. Десмохориалды қағанақта хорион бүрлерi жатыр кiлегейлi қабығының меншiктi қабатына енiп, оның эпителийiн бұзады. Мұндай қағанақ күйiс қайыратындарда болады. Онда қағанақ дамуымен жатырдың ыдысшаларға жанасатын кiлегейлi қабықтарында қылтамырлар қаптап өседi де, ұрықтың гемотрофты қоректенуiн күшейтедi. Туу мезгiлiнде жатырдағы етше өскiн аймағы эпителийiнен айырылады, бiрақ ол өте жылдам қалпына келедi. Жыртқыштарға тән эндотелиохориалды қағанақта тек эпителий емес, жатыр кiлегейлi қабығындағы дәнекер ұлпа бұзылады. Сондықтан бүрлер эпителиi жатырдағы қылтамырлардың эндотелиiмен жанасады. Бұл қағанақ әбден жетiлген қоректенудi және ұрықты оттегiмен қамтамасыз етедi. Гемохориалды қағанақ жәндiк қоректiлер, жарқанаттар, кемiрушiлер, маймыл және адамдарда түзiледi. Мұндай қағанақ қалыптасуында жатыр кiлегейлi қабығының қабаттары бұзылып, хорионның бүрлерi жатыр қылтамырындағы қанға батып, аналық пен ұрық арасында ең тығыз байланыс қамтамасыз етiледi. Туу кезiнде қан мол кетедi, бiрақ ол зақымданған ұлпалар қайтадан қалпына келетiндiктен жылдам тоқтайды. Барлық қағанақ түрлерiнде аналық пен ұрық қан араларында тосқауыл сақталады. Тамырлардың арналары бiрiкпей, гематоқағанақтық тосқауылмен бөлiнедi де, аналыққа түсетiн қолайсыз жағдайлардан ұрықты қорғайды. Аналық қанда болатын микробтар, уыттар, антиденешiктер белгiлi шамаға дейiн аталған тосқауылдан өте алмайды. Ұрықтық кезең бөлшектенуде басталып, қағанақ түзiлуi, ұлпалар және ағзалар дамуымен аяқталады. Шошқада ол 23, қойда–25-30, сиырда–35 күн, биеде ұрық дамуының үшiншi ай соңына дейiн созылады. Шошқада 23 күннен 38 күнге, қойда 30 күннен 45 күнге, сиырда 35 күннен 60 күнге, биеде жатырдағы дамудың 4 айының басына дейiн ұрық алды кезеңi жүредi. Бұл кезде қарқынды ағзалардың дамуы, қағанақтың толық дамуы (күйiс қайыратындарда ыдысшалар саны 100-ге дейiн ұлғаяды), ұрық массасы 20 есе өседi. Ұрықтық кезең шошқада 39-114, қойда 46-150, сиырда 61-285, биеде 98-295 күнге дейiн жүредi. Осы уақытта құрылымдардың толық жетiлуi, ағзалар қызметiнiң қалыптасуы, ұрықтың қарқынды өсуi (ұрық алды кезеңнiң соңында бұзау салмағы 13 кг болса, ұрықтық кезең соңында 16-60 кг болады) байқалады. Ағзалар дамуы әр ағзалар жүйесiн сипаттағанда берiледi. 1972 ж. Н.Л. Гороховский нақты дәлелдер келтiрiп, қой қағанағы үш аймақтан тұратынын (бездi–эпителиохориалды, безаралық–30 тәулiкке дейiн–десмохориалды, 70 тәулiктен кейiн таза эпителиохориалды, етше өскiн аймағы–басынан аяғына дейiн–гемохориалды) анықтап, ол әртүрлi екенiн дәлелдедi.

Әдебиеттер

  1. Бет. 102-118; 6. Бет. 81-86; 6. Бет. 60-96., 7. Бет. 27-78. 11. Бет 23-96.

10 дәріс тақырыбы – Ұлпалар мен ағзалардың дамуы.



Жалпы сұрақтары: Ұрық жапырақшаларының түзілуі, олардың ерекшеленіп, ұлпалар мен ағзаларды құруы. Қай ұрық жапырақшасы қандай ұлпа, ағза түзуін меңгеру.

Дәрістің қысқаша жазбасы. Организмдер органикалық дүниенiң тарихи дамуында белгiлерiнiң алшақтануы (дивергенция) жолымен жүрдi. Нәтижесiнде қазiргi кезде көптеген әртүрлi түрлер тiршiлiк етуде. Мұнымен қатар ұлпалардың дамуы жүрдi. Ұлпалар дамуында белгiлерiнiң алшақтануы iлiмiн негiздеп, дамытқан Н.Г. Хлопин болды. Бiрақ, органикалық дүниенiң тарихи дамуында бiр-бiрiнен алшақ, тұқымдассыз жануарлар түрлерiнде атқаратын қызметi бiрдей, ұқсас ұлпалардың бары да байқалды. Бұл А.А. Заварзинге ұлпалар дамуында бiрдей жүретiн қатарлар iлiмiн ашуда басты негiз болды. Ол ұрық дамуын зерделей отырып, құрылысы қалай бiртiндеп күрделенетiнiн салыстырып қарағанда жасуша материалдары ауысу, тектердiң басым болу (репрессия), дерепрессия, жасуша iшiндегi зат алмасу өзгерiсi, айқындалу (детерминация), жетiлу нәтижесiнде әртүрлi бастамаларға, өзгерiп кетiп, ұлпалар, ағзалар құратынын байқауға, болатынын көрсеттi. Ұлпалар дамуын гистогенез деп атайды. Онда негiзiнен басты екi процесс жүредi: бiрiншiден, жасушалар белсендi көбейiп, саны көптеген миллиардқа жетедi; екiншiден, жасушалар арасында құрылым, қызмет ерекшелiктерi пайда болып, өздiгiнен реттелiп, жаңарып тұрады. Организмде 100 жуық әр түрлi жасушалар типтерi құрылып, тiршiлiк етедi. Ұлпалар жеке емес, бiр-бiрiмен өзара тәуелдiлiкте дамиды. Қалыптасқан ұлпалар тұрақты болмай, сыртқы және iшкi жағдайларға орай, дарақ тiршiлiгiнде әрдайым өзгерiстерге ұшырап тұрады. Ағзалар дамуын - органогенез. Хордалыларда алдымен бiлiктi, ағзалар: жүйке түтiгi, желi және iшек түтiгi пайда болады. Жүйке түтiгiнiң жетiлу сатысын нейруляция деп атайды. Жүйке түтiгi салынуымен қатар алғашқы энтодерма дамуы, одан әрi жалғасады. ЖТ астында жатқан арқа бөлiгiнен жасушалар арқауы–желi тақташасы жекеленедi. Оның ұштары қосылып, түтiк түрiн алатындықтан, желi деп аталады. Хорда бүйiрлерiнде қос қап тәрiздi ұсақ жасушалардан тұратын, жоғары қарқынды митозбен бөлiнетiн өсiндi қалыптасады. Бұл өсiндi - мезодерма бастамасы. Оның арқа бөлшегi - сомиттер, бөлшектер сабақтары, бөлшектенбеген екi жапырақшасы: сыртқы, iргелiктi (париетальдi), iшкi, iшкi ағзалықты (висцералды) ажыратылады. Жапырақшалар арасындағы қуысты - екiншi дене қуысы деп атайды. Хорда мен мезодерманы бөлгеннен қалған алғашқы энтодерма екiншi iшек энтодермасы деп аталады. Ұрық жапырақшалары қалыптасқаннан кейiн ұлпалар, одан соң ағзалар дамып, жетiледi. Онымен бiрге мезодерма мезенхима бастамасы болып келедi. Мезенхима - ұрықтың дәнекер ұлпасы, көптеген ағзалар құрамына кiредi, одан жетiлген организмнiң барлық дәнекер, бiрыңғай салалы бұлшық ет ұлпалары, қан тамырлары дамиды. Органикалық дүниенiң тарихи дамуы жолында ұлпалар организмнiң тарихи даму процесiнiң (филогенез) белгiлi бiр сатысында пайда болады. Жануарлар жеке организмiнiң дамуы барлық тарихи даму өзгерiстерiн қайталап, әртүрлi ұрық бастамалары, олардың қайнар көзi болып келедi. Эволюциядағы (бірте-бірте даму) ұлпалардың даму заңдылықтары ұлпа дамуындағы белгiлердiң алшақтануы (Н.Г. Хлопин), ұлпалар дамуында бiрдей жүретiн қатарлар (А.А. Заварзин) iлiмдерiмен қорытындалды. Ұлпалар дамуындағы белгiлердiң алшақтану iлiмi фило-онтогенезде ұлпалар эволюциялық өзгеруiн белгiлердiң алшақтануы ретiнде қарастырады. Себебi, әр ұрық бастамасынан ұлпалар дамып, құрылым, қызмет жағынан бiр-бiрiнен бiртiндеп, өзгешелiктерге ие бола бастайды. Бұл iлiм ұлпалардың эволюциядағы негiзгi бағыттарын көрсетедi. Ұлпалар дамуында бiрдей жүретiн қатарлар iлiмi ұлпалар құрылысына, филогенезде бiр-бiрiнен алшақ тұратын тұқымдас емес жануарлар бiрдей қызмет атқарудағы ұқсастықтарына негiзделген. Ол ұлпалар құрылысы, қызметi тығыз байланыста және жануарлар әлемiнiң әртүрлi тарауындағы бiр типтi ұлпалар эволюция жолында дербес екендiгiн көрсетедi. Бұлар ұлпалар құрамы дамуындағы ұқсастыққа жеткiздi. Бұл iлiм ұлпалардың бейiмделгiш қасиетi барын, олардың эволюциядағы өзгерiс дәлелдерiн ашады. Ұлпа түрлерiнiң дамуы, жасушалардың айқындалу (детерминация), жiктелу (дифференциация) процестерiмен қамтамасыз етiледi. Ұлпалардың айқындалуы ұрық жапырақшаларының даму кезiнде жүрiп, ол дамудағы әр ұлпаға тән бағытты бекiтедi. Бұл бекiту жасушалар қабілетiн сатылап шектелуiнде iске асады. Жiктелу процесiнде ұлпалардағы жасушалар бекiтiлген қабілеттердi жүзеге асырады. Ұлпаларда бiрнеше әртүрлi жасауша дифферондары (жiктелу тармақтарын түзетiн жасуша түрлерiнiң (бағаналық, құрушы, жетiлген) жиынтығы) болады. Бағаналық жасушалар ұлпалардың ұрықтық дамуында, организмнiң көптеген ұлпаларында болып, үзiлмейтiн қабілеттi қолдап, сирек бөлiнiп, бұзғыш факторлар әсерiне тұрақты болып, басқа жасушаларды дамыта алады. Алғашқы жалғыз құрушы жасушадан пайда болатын ұқсас жасушалар тобын-вегетативтiк өскiн (клон) деп атайды. Кейбiр ұлпалардың жетiлген жасушалары түрткiнi қолданғанда (гепатоциттер, тироциттер, жебiр жасушалар) бөлiну қабілетiн сақтаса, ақтық жетiлген жасушалар мұндай қабілеттi толық жоғалтады (нейрон, остеоцит, түйiршiктi қан жасушасы, бүрлi энтероцит, кардиомиоцит). Ұлпалардың қалпына келуi деп, ұлпа элементтерінің қалыпты тiршiлiк әрекетi (физиологиялық қалпына келу), бүлiнуден кейiнгi (репаративтiк) жолдармен пайда болуын айтады. Оны алдымен ұлпадағы жасушалар қамтамасыз етедi. Онда жасушалар митоз жолымен бөлiнiп, ұлпада жаңа жасушалар түзіле ұлғайып, өсуi нәтижесiнде жүредi. Бұның әр ұлпадағы қарқындылығын өсу факторлары, гормондар, жасуша қызметінің асуы, цитокиндер бақылап отырады. Организмдегi барлық ұлпа жасушалары қалпына келу деңгейiне орай, үш топқа бөлiнедi: тұрақты қабылеттi - ұзақ тiршiлiк ететiн, бөлiнбейтiн жасушалар (нейрон, кардиомиоцит); өсуге қабылеттi - ұзақ тiршiлiк ететiн, арнайы қызметтер орындайтын, ширатуда бөлiне алатын, ядросында хромосома санының көп болуына ұшырайтын жасушалар (бүйрек, бауыр, ұйқы, қалқанша, қуық бездерiндегi эпителийлер); жаңартуға қабылеттi - тұрақты, жылдам жаңаратын жасушалар (iшек, эпидермис эпителийлерi, қан жасушалары). Жасуша iшiндегi қалпына келуде жасуша құрамбөлiктерiнiң құрылымы қалыпты жағдайда немесе бүлiнуден кейiнгі жолдармен үзiлiссiз қалпына келуi қамтамасыз етiледi. Ол әмбебапты, организмдегi барлық ұлпаларға тән. Кейбiр ұлпаларда (жүрек бұлшық ет ұлпасы), жасушалар тармақтарында (нейрондар) мұндай қалпына келу жалғыз-ақ тәсiл болса, басқаларда жасушалардың толық жаңаруы жүредi. Жасушалар көлемiнiң ұлғаюы - гипертрофия (грек. ең, өте; қоректену), түзiлiстiк процес ыдырау процесiнен басым болғанда өтедi, құрылымдар жасуша iшiндегi қалпына келу тәсiлi арқасында ұлғайып, өзгерiс жағдайларына бейiмдi болып келедi. Жасуша ядросында хромосома саны артып, ДНҚ молекуласындағы бiрiздiлiктiң иРНҚ молекуласына жазылуына қолайлы жағдай туатындықтан, ұлпалар көлемiнiң ұлғаюы жүредi. Онда көлемi ұлғайған, бiрақ саны өспеген жеке жасушалар байқалады. Бұл құбылысты ұлпалар көлемiнiң ұлғаюы-гипертрофия деп атайды. Ұлпада жаңадан жасуша түзе ұлғайып, өсуi жүрсе, жасушалар саны көбейедi, оны гиперплазия (грек. ең, өте; құру) деп атайды. Гипертрофия және гиперплазия ұлпалар көлемiнiң ұлғаюына жеткiзедi. Жасушаның семуi - атрофия (грек. сему) кезiнде, оның көлемi, массасы, қызмет қарқындығы, iшкi қалпына келуi төмендейді, ыдырау процесi түзiлiстiк процесiнен басым болады. Бұл құбылысты жасушаның енжарлығы, гормондар, қоректің жетiмсiздiгi, қартаю, қолайсыз физикалық, химиялық және басқа әсерлер туғызуы мүмкiн. Жеке даму биологиясында 1925 ж. В. Фогт ұсынған ұрық бөлігін тірілей таңбалау әдісі ғылыми тәжірибеде аса зор рөл атқарды. Тірілей бояғыш (бейтарапты қызыл, метилен көгі, т.б.) ертіндісіне агар кішкентай кесегін орналастырады. Боялған кесекті ұрықтың зерттеушіге қажет жеріне салады. Бояу ұрық жасушаларына сіңіп, оларды бояйды. Мұндай қосмекенділердің бластуласын таңбалау В. Фогтқа гаструляция процесінде ұрық жапырақшалары, ұрық бастамалары пайда болатын бөлімдерді нақты анықтау мүмкіндігін берді. Бұл көптеген жануарлар бастамаларының картасын құруға, олардың даму процесін бақылауға жеткізді және ұрықтанған жұмыртқаклеткасының материалдарыда айқындалатынын көрсетті. Бірақ, жұмыртқаклеткасының айқындалуы, тек оның белгілі ортада дамығанында ғана іске асады.

Әдебиеттер

  1. 51-77; 6. Бет. 70-71; 6. Бет. 60-96., 7. Бет. 27-78. 11. Бет 23-96.

11 дәріс тақырыбы – Ұрық және ана организмі, олардың ортамен өзара іс-қимыл жасауы.



Жалпы сұрақтары: Ана организмiнiң қабылдағыштық, реттеушi механизмдерi. Ұрық организмiнiң қабылдағыштық, реттеушi нейрогуморальдi механизмi. Абиотикалық, биотикалық және антропогендiк факторлар.

Дәрістің қысқаша жазбасы. Бізді қоршап тұрған табиғаттың жалпы көрінісін ретсіз орналасқан тірі организмдердің жиынтығы деп қарауға болмайды. Ол өсімдіктер мен жануарлардың әрбір түрі ерекше орын алған, біртіндеп тарихи дамуда қалыптасқан, мейлінше тұрақты және ұйымдасқан жүйе. И.М. Сеченовтың организм ортасыз жерде тіршілік ете алмайды деуі, биологтардың ертеде айтқан организм және орта әруақытта “бірлікте” болады деген ережеге сай келеді. Дегенменде, организм мен ортаның бір-біріне деген қарым-қатынасы туралы пікір осу күнге дейін, әлі әртүрлі. Ана–ұрық жүйесi буаздық процесiнде пайда болады да, араларындағы өзара iс-қимыл жасау-нейрогуморальдi механизмдер мен қағанақ арқылы қамтамасыз етiледi. Ана организмiнiң қабылдағыштық механизмi дамудағы ұрық күйiн алғашқы қабылдайтын сезгiш жүйке ұштары бар жатырда орналасады. Эндометрийде хемо-, механо-, жылу қабылдағыштары, қан тамырларында-қысым қабылдағыштары болады. Ерiктi сезгiш жүйке ұштары жатыр қабырғасы көктамырларында, қағанақ бекитiн аймақта өте көп кездеседi. Ана организмiнiң қан қысымы, тыныс алу қарқындылығы өзгеруiн жатыр қабылдағыштарының тiтiркенуi қоздырады. Ол ұрық дамуына қалыпты жағдайды қамтамасыз етедi. Ана организмiнiң реттеушi механизмi орталық жүйке жүйесiнiң бөлiмдерiн, гипоталамус-эндокриндi жүйенi қосады. Маңызды реттеуiш қызметтердi-жыныс, тироксин, кортикостероид, инсулин, басқа гормондар орындайды. Буаздық кезiнде ана бүйрекүстi безi қыртысының белсендiлiгi күшейедi, ұрық зат алмасуын реттеуге қатысатын кортикостероидтар құрылуы артады. Ана нейроэндокриндi аппараты буаздықты сақтауды, жүрек, тамыр, қан жасаушы ағзалар, бауыр деңгейi қызметiн және ұрыққа қажеттi ұтымды зат және газ алмасу деңгейiн қамтамасыз етедi. Ұрық организмiнiң қабылдағыштық механизмi ана организмiнiң өзгерiстерiн немесе өз тұрақтылығының хабарларын қабылдап, ұрықтың кiндiкбау қабырғасындағы қызыл және көктамырларда, бауыр көктамыры сағасында, терiде, iшектерде байқалады. Бұл қабылдағыштар тiтiркенуi ұрық жүрек қағуы жиiлiгiнiң өзгеруiне, оның қан тамырында қанағымы жылдамдығына, қанда қант сақталуына жеткiзедi. Ұрық организмiнiң реттеушi нейрогуморальдi механизмi даму процесiнде қалыптасып, орындаушы-тыныс алу қарқындығының өзгеруiн, жүрек-тамырлар iс-әрекетiн, бұлшық ет белсендiлiгiн қамтамасыз ететiн-ұрық ағзаларын, газ, зат алмасу, жылу реттеу, басқа қызметтер өзгерiсi деңгейiн анықтайтын механизмдерге бағытталған. Ана-ұрық жүйесi байланысын қамтамасыз етуде аса маңызды рөлдi қағанақ атқарады. Ол ұрық дамуына қажет заттарды жинақтап, оларды түзедi. Қағанақ эндокриндi қызмет орындайды, бiрталай гормондарды: прогестерон, эстроген, хорион гонадотропинiн, қағанақ лактогенiн, тағы басқаларды өндiредi. Қағанақ арқылы ана-ұрық арасында гуморальдi және жүйке байланыстары iске асады. Ана-ұрық жүйесi қалыптасуында бiрталай қатерлi кезеңдер болады. Тұңғыш рет 1897 ж. қатерлі кезеңдер атауын берген П.И. Броунов. Ол ұрықтық, ұрықсоңы дамуларда, олардыңсатылары алмасып тұратынын байқап, әрі олар әртүрлі әсерлерге тұрақтылық көрсететінін қоян ұрығынан көрді. Қоян ұрығында рентген сәулесі буаздықтың алғашқы 10 күнінде 100-150 рениген мөлшерінде, ұрықтың 10-14 күндерінде – 200р, 17-20 күндері – 550 р, 23-27 күндері – 900 р болса, ол ұрықты өлтіре алатынын байқады. Организм дамуындағы қатерлі кезеңдерге 1921 ж. түсіндірме ұсынған Ц.Р. Стоккорд болды. Ол онтогенез сатыларының жетілуі даму жылдамдығына байланысты, ал қатерлі кезеңдер сыртқы ортаның әсеріне сай, дамуды жылдамдатуы, баяулатуы немесе тоқтатуы ықтимал. Сондықтан қатерлі кезеңдер ұрықтық дамудың алғашқы сатыларында бүкіл ұрық организміне қатер туғызса, кейінгі сатыларында тек оның жеке ағзалар дамуына зиянын тигізеді. Орыс ғалымы П.Г. Светлов қатерлі кезенге тиетін сыртқы ортаның мына 3 тән әсерін болжады: 1) зақым келтіру әсері, ол өлімге жеткізеді немесе дерттану (патология) құбылысын туғызады; 2) өзгергіштіктің тұқым қуалайтын түр өзгертушілігінің (модификация) әсері, ол қалыпты түрді ауытқытады, бірақ дерттану құбылысын туғызбайды (оған тұқым қуалайтын өзгергіштік мысал бола алады); 3) ортаның заңды әсері, ол қалыпты дамуды қамтамасыз етеді. Бұл әсерлерге оттегі, қорек, қызу (температура), тағы басқалар жатады. Бұдан басқа П.Г. Светлов организмдегі жасушалардың өте сезгіш қабылдағыштар болатынын, олар дамуға қажетті түрткіні қабылдап отыратынын баяндады. Жердi мекендейтiн организмдер әртүрлi мекен ортасын - су, құрылық - әуе, топырақты игерiп алады. Ортаның кейбiр элементтерiн экологиялық себепшарттар деп атайды. Оны абиотикалық, биотикалық, антропогендiк деп, үшке бөледi. Абиотикалық факторлар - табиғатта органикалық емес (температура, жел, жарық, қысым, дымқылдық, жел, рельеф, топырақ) себепшарттар. Тек 20 ғасырдың басынан бастап, зерттеушілер тарту күшінің, осмостық қысымның, ортадағы газ құрамының, теңіз, тұщы сулардың химиялық құрамының ұрық дамуына тигізетін әсеріне көңіл аударылды. Олардың ішіндегі В. Ру пікірі ерекше, ол организм дамуында 4 кезең анықтады: 1) ұрық дамуы тек тұқым қуалайтын фактормен анықталады, 2) ұрық бұл фактордің жартысымен бірге, жартылай сыртқы орта әсерінен дамыса, енді оған қосымша қорек, әрі оны реттейтін тітіркендіргіштер қажеттігі айқындалды, 3) тек сыртқы тітіркендіргіштер басым болып, оның бір бөлігі ұлғайып, екіншісі – семіп отырады; 4) организмнің жүдеуі немесе қартаюы байқалатынын көрсетті. Осы күнге дейін маңызын жоғалтпаған Ч.М. Чайлд пікірі, ол сыртқы факторлардың арқасында ооциттерде алғашқы полярлық беттер жыныс жасушаларында, жас ұрпақтарда тепе-теңдік құбылыстары болатынын түсіндірді. 20 ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап, сыртқы ортаның ұрық дамуына берер әсерін зерттеу жүргізілді. Жалпы онтогенезге әсер етіп, оны реттеуге болады деген ұсыныстар жасалды. К.А. Тимирязев айтқандай, организм дамуында ортаға өзіне қажетті талап қояды. Организмде ортаның бір затынан әртүрлі протоплазма құрылады, әртүрлі қуатқа деген қатынасы да әртүрлі болып келеді. Көптеген организмдер онтогенездің әр сатысында бір ортадан екіншісіне ауыса алады. Бірталай жәндіктердің дәрнәсілдері (личинка), қуыршақтары суда, топырақта дамиды, ал жетілген түрі ауада мекендейді. Су, ауада бақалар дамуы да өтеді. Балық, құс, сүтқоректілер дамуында даортаның ауысуы жақсы байқалады. Сүтқоректілерде мұндай құбылыс шаранадағы хорион бүрлерінің жатыр бездері қуыстарына еніп, бекілгеніне, ұрықтың туған кезеңіне өте байланысты болады. Бұл кезеңдерде олардың құрылымы, қызметі, мінез-құлқы ерекше өзгерістерге бейімделеді. Сондықтан сыртқы орта әсеріне деген қатынасы да өзгереді. Жануарлардың ұрықтық дамуы сыртқы ортамен зат алмасуы арқылы үзіліссіз байланыста болады. Организмнің дамуындағы әдеттегі құрылымның бұзылуы, оның қалыптасуы қатар, әрі атом, молекула, жасуша және басқа деңгейлерде жүреді. Биотикалық факторлар - организмнiң бiр немесе әр түрiнiң бiр бiрiне түрiшi және түраралық ықпал жасауы. Бiр түрдегi дарақ арасының қатынасы тiптi әр түрлi болады. Мысалы, ол ұрғашы малға ие болу үшiн еркек малдың арасындағы бәсекелестiк күрес, топта жетекшi болу үшiн байқалатын күресi, ата-ананың ұрпаққа деген қамқорлығы, еркек малдардың жас және ұрғашы малдарды қорғауы болуы мүмкiн. Түраралық қатынастарға бәсекелестiк, жыртқыштық, тоғышарлық, серiктестiк, селбестiк жатады. Антропогендiк факторлар - адам iс-әрекетiнiң тiкелей тiрi организмге, олардың мекен ортасына әсер етуi. Адамның организмге тигiзер әсерi тiкелей немесе жанама, оң немесе терiс болуы мүмкiн. Омыртқалыларда органикалық дүниенiң тарихи дамуына, ондағы жаңа жағдайға жануарлардың бейiмделуiне байланысты ұрықтан тыс ағзалар пайда болды. Бастапқыда олар тек қоректiк материалдарды (сарыуыз) жинайтын жер, қоры деп есептелiндi. Олар қорғаныш, тыныс алу, қоректiк қызметтер атқаратыны дәлелдендi. Ұрықтан тыс ағзалар құрлықта дамитын ұрық айналасында, жаңа организмге қажет өте қолайлы сұйық орта құрады. Құстар, сүтқоректiлер ұрықтары даму жолында (ұрық жапырақшалары, гаструла толық құрылғаннан кейiн басталады) уақытша ұрықтан тыс бөлiмдер-төл қабықшаларын құрады. Оларға сарыуызды қап, шарана қабық (амнион), аллантоис, сiр қабығы (құстарда), ұрықтың бүрлi қабығы (хорион, сүтқоректiлерде) жататыны туралы сіздер жақсы білесіздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет