Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
Онтогенезде үй жануарларының терісі қандай ұрық жапырақшаларынан дамиды?
Жүйке жүйесінің филогенезіне сипаььама беріңіз.
Хордалыларда жүйке жүйесі неден дамиды?
Жұлын неден түзіледі?
Сезім ағзалары қалай дамиды?
23 тақырып. Нейруляция және жүйке жүйесінің ерекшеленуі.
Мақсаты: Нейруляцияның пайда болу ерекшеліктерін, оның қалыптасуын зерделеу.
1 тапсырма. “Бақа нейруласы”, “Сомиттер” “Хорда”, “Жүйке түтігі” препараттарын көріп, бейнесін дәптерге салып алып, белгілеу қажет.
2 тапсырма. Сызбалардан, нақпішіннен жүйке жүйесінің дамуын зейінмен қарап, мына филогенезді түсіну керек: Бірклеткалы қарапайым организмдерде тітіркеністерді қабылдайтын, оларды өткізетін арнайы мүше болмайды және қоршаған ортадағы өзгерістерді олар денесінің сыртқы бетімен қабылдап, оған қимылымен үйлесімсіз жауап қайтарады. Жәңдіктердің әсер етуші тітіркеністердің белгілі бір түріне жауап қайтару реакциясын таксис деп атайды. Бүған жасыл эвгленаның күн сәулесіне, инфузорияның тұз қышқылына, түз ертінділеріне қимыл-қозғалыс түрінде қайтаратын жауабы жатады.
Көпклеткалы қарапайым жәндіктер дене қүрылысында (тұщы су гидрасы), тітіркеністерді қабылдау, өткізу қызметтерін іске асыратын арнайы жасушалар пайда болып, қалыптасады. Оны эпителийден, бүлшық еттен көреді. Бүл жасушалардың сезімтал талшықшалармен жабдықталған сыртқы рецепторлық бөліктері эктодерма жабыны жасушаларының ішінде, ал цитоплазмасында жиырылғыш миофибрилл жіпшелері бар эффекторлық бөліктері эктодерманың астыңғы жағында орналасады. Сейтіп, эпителий-бүлшықет жасушалары қабылдағыш, өткізгіш бөліктерден түрады. Қабылдағыш бөлігі өзінің сыртқы талшықшаларымен тітіркеністерді қабылдап, цитоплазмасы арқылы эпителий-бүлшықет жасушасының ішкі —өткізгіш бөлігіне өткізеді. Гидра денесінде бұдан басқа да, сезімтал жасушалар — жүйке, нейроңдар, нейроциттер кездеседі.
Эволюциялық дамуда қүрылысы күрделенген организмдерде тітіркенгіштікті іске асырушы — нейроциттер дененің белгілі бір бөлігінде топтаса жинақталып, болашақ қызметіне байланысты қалыптасады. Оны кейбір ішекқуыстыларда, мысалы коралл полиптері мен медузаларда байқайды.
Дене қүрылысы бірбіліктілік, екіжақты симметриялық заңдылықтарына сәйкес күрделене дамыған организмдерде нейроциттердің топтасуы айқын көрінеді. Мұндай организмдерде нейроциттер топтасып, дененің ұзына бойымен орналасқан жүйкелік баған түзеді. Бұл нейроциттер бағанының алдыңғы ұшы дененің болашақ бас жағындағы сезім мүшелерінің қызметін қамтамасыз ететін жұтқыншақ маңындағы жүйкелік сақинаға айналады. Бүл сақина жануарларда мидың қызметін атқарады. Орналасу орнына қарай жүйкелік сақина - жұтқыншақүсті, жұтқыншақасты жүйке түйіңдеріне ажырайды. Жұтқыншақүсті - дененің бас аумағында дамыған сезім мүшелері (иіс сезу, көру) қызметін үйлестіріп басқарып отырады. Жұтқыншақасты - ішек түтігімен тікелей байланыста дамиды. Осындай құрылым жәндіктерде жақсы жетілген. Олардағы дене сегменттерінің пайда болуы тұтас жүйке бағанының түйіндер тізбегіне ыдырауына ықпалын тигізеді. Сөйтіп жүйке бағаны ішектің төменгі жағыңдағы тақ, жұп құрсақтың жүйке түйіндері тізбегіне айналады. Нейроциттер жүйке түйіндерінің шеткі жағында орналасады. Ал, олардың орталығында жүйке талшықтары жатады. Жәндіктердің өзінде жүйке жүйесінің орталық, шеткі бөлімдерін ажыратады. Жүйке жүйесінің орталық бөліміне мидың қызметін атқаратын жұтқыншақүсті жүйке түйіні, қүрсақтың жүйке түйіндер тізбегін жатқызады. Ал, оның шеткі бөлімін осы аталған түйіндерден денеге таралатын жүйкелер мен жүйке талшықтары құрайды.
Организмнің қүрылысы күрделенген сайын нейроциттердің топтасып, жүйке жүйесі қүрылысының күрделенуі одан әрі жүреді. Жәндіктерде, мысалы етке қонатын көк сұр шыбындарда, қүрсақтың жүйке түйіндері бір-бірімен бірігіп үлкен бір көкірек жүйке түйініне айналады. Ал, жүтқыншақүсті жүйке түйіндері аталған жәндіктерде жақсы жетілген. Бір айта кететін жәйт, жүтқыншақүсті жүйке түйінінің көру бөлігі ұшатын жәндіктерде, ал иістік бөлігі жерде тіршілік ететін жәндіктерде жақсы жетілген. Жұтқыншақүсті жүйке түйінінде орталық, оның алдыңғы жағында орын тепкен саңырауқүлақ тәрізді денелері болады. Міне, осы денелерде жәндіктердің күрделі инстинктерін (бал арасы, қүмырсқа т. б.) басқаратын аралық орталықтар орналасады.
Хордалыларда жүйке жүйесі негізінен эктодермадан, мезенхимадан дамиды. Ланцетник жүйке жүйесінің орталық бөлімін эктодермадан қалыптасқан жүйке түтігі қүрайды. Ол ішек түтігі, хордадан жоғары орналасады. Жүйке түтігі ұрықтық дамудың алғашқы кезеңінде эктодерманың орталық бөлімінен бөлінген жүйке пластинкасынан жетіледі. Оның екі жағы жоғары қарай иіліп, жүйке сайына айналады. Оның 2 жиегінде жүйке білеуліктері қалыптасады. Жүйке сайы одан әрі жоғары иіліп, оның екі жиегі бір-бірімен жанасып, ішінде орталық өзегі бар жүйке түтігіне ауысады. Ланцетник дамуының соңында жүйке түтігі жүлынға айналады. Жүлынның орталық өзегінің ішкі жағы нейроцит денелерінен қүралған сұр заттан, оның шеткі жағы жүйке талшықтары түзетін — ақ заттан тұрады. Ланцетниктің жүйке жүйесі денедегі орналасу орнына қарай орталық, шеткі бөлімдерге бөлінеді. Орталық бөлімін — жұлын, шеткі бөлімін — жұлыннан дене сегменттеріне таралатын жүйкелер, жүйке талшықтары, жүйке ұштары құрайды.
Омыртқалы жануарлардың даму сатыларына байланысты (балықтар, қосмекенділер, бауырмен жорғалаушылар, қүстар, сүтқоректілер) жүйке жүйесінде организм қызметтерін үйлестіруші, басқарушы қүрылымдар жетіледі. Жүйке жүйесі орталық, шеткі бөлімдерге айқын ажырайды. Орталық бөлімді — ми, жүлын, шеткі бөлімді — ми, жүлын жүйкелері мен вегетативті жүйкелер, олардың жүйке талшықтары мен үштары қүрайды. Жүйке жүйесінің орталық бөлімінде нейроцит денелерінен түзілген сүр зат мидың бағандық бөліктері мен жүлында тереңірек орын тебеді. Аталған мүшелердің қүрамында жүйке жүйесі жүмысында маңызды қызмет атқаратын — торлы қүрылым дамып жетіледі. Ал, үлкен ми қыртысының дамуы қүстарда, сүтқоректілерде жоғары деңгейге көтеріледі. Жүлын мен ми сүйықтығының айналымын қамтамасыз ететін жүлынның орталық өзегі мен ми қарыншалары пайда болады. Жүйке талшықтары, тітіркеністердің өткізу жылдамдылығын арттыруға септігін тигізетін, миелин қабығымен қапталады. Нейроциттер тізбегіңдегі тітіркеністерді өткізу бағытын реттейтін синапстар жетіле бастайды. Осылардың нәтижесінде аталған жануарларда омыртқасыздарға қарағанда сезім мүшелері, сезімтал үштары жоғары дәрежеде дамиды.
3 тапсырма: Сызбалардан, нақпішіннен жүйке жүйесі орталық бөлімі ағзаларының дамуын көріп, мыналарды білу парыз. Ми, жүлын эктодермадан дамиды. Жүйке түтігінің жоғарғы екі бүйірінде эктодермалар топтаса қалыңдауынан жүйке білеуіктері жетіледі. Оның қуысы жұлынның орталық өзегіне айналады. Бүл өзектің бас жағы бірқатар уақыт ашық қалпында сақталады. Оны жүйке тесігі (невропор) деп атайды. Ол кейінірек соңғы пластинкамен бітеліп түйықталады. Оның жоғарғы екі жиегіндегі білеуіктер мезодерма сомитінің сегменттеріне сәйкес бөліктерге белініп, олардан болашақ омыртқалар санына байланысты жұп жұлын жүйке түйіндері (ганглий) түзіледі.
Үрықтық дамуда жүйке түтігі ұрық қаңқасы қызметін атқаратын хорданың үстіңгі жағында қалыптасып, хордаүстілік (эпихордальды), хордаалдылық (перехордальды) бөліктерге белінеді.
Эктодермадан қалыптасқан жүйке түтігінін, қабырғасы алғашқы кезде бір қабат эктодермациттерден түрады. Кейінірек, болашақ қызметтеріне байланысты олар нейробласт, глиобластарға жетіледі. Нейробласттардан жүйке жүйесі мүшелерінің қүрылымдық, функциональды бірлігі — нейроциттер (нейрондар), глиобласттардан жүйкелік глияның (нейроглия) макроглиялары дамиды. Макроглиядан өз кезегінде жүйкелік глияның үш түрі - эпендимацит, астроциттер, олигодендроглиялар қалыптасады.
Эпендимациттер жүлынның орталық өзегін, ми қарыншаларын астарлайды, олардың сыртқы шекаралық жарғағын түзеді. Сөйтіп эпендима нейроглиясы жүйке жүйесінде сыртқы, ішкі шекаралық орын алып, жабын, қорғаныс қызметтерін атқарады.
Астроциттер — жүлын мен миды құраушы нейроциттердің аралығындағы жұлдызша пішінді тармақты жасушалар. Астроциттердің есінділері бір-бірімен торлана байланысып, жұлын мен мидың тіректік негізін (стромасын) қүрайды; жүлын мен миды қоректендіруші қан тамырларының сыртқы шекаралық жарғағын түзуге қатысып, тірек қызметін атқарады.
Олигодендроглиялар жүлын мен миды қүраушы нейроцит денелерін, олардан таралатын өсінділерді тікелей қаптап, нейроциттер қабықтарын (неврилемма) жасауға қатысады. Нейроциттер есінділерін сыртынан қаптап, жүйке талшықтарын түзетін "шванн" жасушалары да, осы олигодендроглия-ларға жатады. "Шванн" жасушасымен қапталған миелинсіз жүйке талшықтары қозудың нәтижесінде пайда болған тітіркеністі 0,6—0,8 м/сек. жылдамдықпен өткізеді. Іштегі төлдің кейінгі даму кезендерінде миелинсіз жүйке талшықтарынан миелинді жүйке талшықтары жетіледі. Миелинді жүйке талшықтарының ақ түсті қабығы сыртқы "шванн" қабығының туындысы. Жүйке талшықтарындағы аталған миелин қабығының қосымша қалыптасуы тітіркеністердің жүйке талшықтары бойымен өту жылдамдығын күрт күшейтеді (100—120 м/сек). Олигодендроглиялар қорғаныс қызмет атқарып, тітіркеністер жүйке талшықтары бойымен жан-жаққа таралмай өтуін қамтамасыз етеді.
Микроглиялар — дамудың соңғы кезеңдерінде орталық жүйке жүйесі ағзаларында мезенхимадан қалыптасады. Олар ми, жүлынға қан тамырларымен бірге ілесе енеді. Олар нейроциттерді қоректік заттармен қамтамасыз етумен қатар, қорғаныс қызметін де атқарады.
Жүйке түтiгiнiң мойын, қаңқа аймағы жұлынға нақтыланып, алдыңғы бөлiгi бас миына ауысады, ал өзегi жетiлген ми-жұлын орталығы өзегiне ауысады. Жүйке түтiгi алдыңғы бөлiгiндегі әр бөлiмшелерi бiр қалыпты өспейдi, кейбiр жерi қалыңдап, келешек ми сыңары дамитын жер қалта тәрiздi томпайып, ми көпiршiктерiн (алдыңғы, ортаңғы және артқы) белгiлейдi. Алдыңғы көпiршік келешекте үлкен ми – шеткi, аралық ми өскiндерiне бөлiнедi. Ортаңғы көпiршiк дамып, нақтыланып, ортаңғы миға ауысып, сопақша ми өскiнiн бередi. Артқы көпiршiк дамуында мишық, көпiр ми өскiндерiне бөлiнедi.
Жүйке жүйесi организм бөлiктерiн бiрiктiрiп, түрлi процестердi реттеп, ағзалар, ұлпалар қызметтерiн үйлестiрiп, организмнiң сыртқы ортамен өзара iс-қимыл жасауын, сыртқы ортадан, iшкi ағзалардан түсетiн әртүрлi хабарларды қабылдап, оларды өңдеп, сигналдарды туындатып, тiтiркендiрудің әсерiне сайма-сай жауап реакциясын қамтамасыз етедi.
Жүйке жүйесi басқа ағзалар жүйесiнен бұрын пайда болып, ұрықтық кезеңде (iрi қара мал ұрығында жүйке жүйесi 18-19 тәулiкте, қой, шошқада -13-14 тәулiкте қалыптасады) қызметiн бастайды. Жүйке жүйесiнiң негiзгi құрылыс, қызмет бiрлiгi-нейрон бiрден пайда болмайды.
Жүйке жүйесiн анатомиялық құрылысына қарап, орталық, шеткi деп, екi үлкен топқа бөледi. Орталық жүйке жүйесiне бас миы, жұлын, шеткiсiне-түйiн, жүйке, жүйке ұштары кiредi. Ағза, ұлпалардың жүйкелену түрiне байланысты жүйке жүйесiн денелiк (сомалы-дене, анимальдi), дербес (вегетативтi) деп бөледi. Денелiк жүйке жүйесі ерiктi қозғалыс қызметiн - физиологиясын, дербес жүйке жүйесi - iшкi ағза, тамырлар, бездер жұмысын реттейдi. Дербес жүйке жүйесi өзара iс-қимыл жасайтын симпатикалық (сезгiш, сезiмтал, қабылдағыш), парасимпатикалық (жанында, қасында; iшкi ағзалар қызметiн реттейді: жүректiң соғуын баяулатады, ас сөлiнiң бөлiнуiн жеделдетедi; қуат (энергия) пен заттардың жинақталуын күшейтедi) бөлiмдерге бөлінiп, мида орталық, шеткi түйiн құрып орналасуымен, iшкi ағзаларға деген әсерлер түрiмен ерекшеленедi. Бұл бөлiмдерге орталық, шеткi жүйке жүйесiнің топтары кiредi. Орталық жүйке жүйесiндегi нейрондар тобын - ядролар, шеткi жүйке жүйесiндегі нейрондар тобын - түйiндер деп атайды. Орталық жүйке жүйесiндегi жүйке талшықтары шоғырын - жол деп атаса, шеткi жүйке жүйесiнде олар - жүйкелердi құрады. Орталық, шеткi жүйке жүйесiндегi нейрондар шоғырлары жүйке орталықтарын түзедi. Нейрондар шоғырының ядролық, қалқанды (экран) түрлерi болады. Араларындағы байланыс түйiспе арқылы iске асады. Олар белгiлi арнайы қызметтер орындайтындықтан, құрылысы күрделi, iшкi, сыртқы байланыстары өте көп, әртүрлi болады. Жүйке орталығының ядролық түрiнде (дербес түйiндер, бас миы, жұлын ядролары) нейрондар көрiнбейтiн тәртiпте орналасады. Қалқанды түрдегi бiр түрлi қызмет атқаратын нейрондары қалқанға (экранға) ұқсас, жеке қабатқа жиналып, онда жүйке тiтiркенiсiнiң кескiнiн (мишық, ми қыртыстары, көздiң торлы қабығы) көрсетедi. Жүйке орталықтарында жүйкелер қозуының бiрiгу (конвергенция), шашырау (дивергенция) процестерi пайда болады, қайта байланысу механизмi жұмыс iстейдi.
4 тапсырма. Сызбалардан, нақпішіннен жұлынның, мидың, жүйкенің, вентральділердің дамуын зейінмен оқып, түсініп, мынаны ұмытпау керек.
Жұлын эктодермадан қалыптасқан жүйке түтігінің эпихордальды бөлігінен дамиды.
Балықтардағы тұлға бүлшық еттерінің күшті жетілуіне байланысты қозғалтқыш орталықтары жинақталған сұр заттың вентральды бағандары жақсы дамыған. Олардағы тері сезімінің нашар жетілуіне сәйкес сезімтал орталықтары топтасқан сұр заттың дорсальды бағандары толық деңгейде дамыған. Балықтардың сулы ортадағы қозғалысында қүйрықтың қозғалыс мүшесі ретіңдегі маңызы өте зор. Сондықтан, олардың жұлынында қүйрық бөлімі жақсы жетілген.
Құрлықтағы жануарлардың қаңқа бұлшық еттерімен қатар, тері сезімі рецепторлары жоғары деңгейде дамиды. Сондықтан жұлындағы сұр заттың біркелкі қалыптасуы, оның ішінде вентральды бағандармен (қозғалтқыш) қатар, сезімтал дорсальды бағандардың дамуы, торлы қүрылымның жетілуі белсенді жүреді. Тітіркеністерді өткізу қызметін атқаратын ақ заттың қалыптасып дамуы да жоғары дәрежеде болады.
Құрлық жануарлары құйрықтарының қозғалыс мүшесі қызметінен айырылып, тіршілік сипатына қарай түрлі дәрежеде редукцияға шалдығуына байланысты жұлын қүрылысында да бірқатар өзгерістер байқалады. Құйрықты үй жануарларында жұлын 1—3 қүйрық омыртқасына дейін созылатын болса, құйрығы жетілмеген адамда 1—2 бел омыртқасына дейін созылады. Ұшатын қүйрықсыз жарғанаттарда жұлын 9 көкірек омыртқалары тұсында аяқталады. Міне, жануарлар денесіндегі қүйрықтын жетілуі мен жұлынның дамуы арасында тікелей байланыс байқалады. Жұлынның дамуына жануарлардың қимыл-қозғалыс түрлері, қаңқа бүлшық еттері, тері сезімінің жетілу деңгейлері өз әсерлерін тигізеді.
Ми бастамасының дамуына бірден-бір себепкер — жануарлар организмдёгі сезім мүшелерінің (көру, иіс сезу) жетілуі. Жүйке түтігінің алдында қалыптасқаи ми бастамасын — бірінші реттік ми деп атайды. Түтікше түріндегі бірінші реттік ми кейіннен оның сыр-тында пайда болған көлденең сай арқылы екі бөлімге бөлінді. Олардың алдыңғы бөлімінен ортаңғы ми дамиды. Сейтіп, бірінші реттік ми үш көпіршікті миға айналады. Оның алдыңғы бөлімі — бірінші реттік алдыңғы ми, ортаңғы бөлімі ортаңғы ми, артқы белімі — бірінші реттік артқы ми деп аталады.
Жануарлардың филогенезі мен онтогенезіндегі мидын дамуы бір жүйемен жүреді. Дамудың келесі кезеңдерінде үшкөпіршікті ми бес көпіршікті миға ауысады. Бірінші реттік алдыңғы ми жұп алдыңғы, тақ артқы бөліктерге бөлініп, алдыңғы жұп бөліктерден — соңгы ми, артқы бөліктен — аралық ми қалыптасады. Ортаңғы бөлімінен — ортаңгы ми дамиды. Бірінші реттік артқы ми екіге бөлініп, оның алдыңғы бөлігінен — артқы ми, артқы белігінен сопақша ми қалыптасады. Сүтқоректі жануарлардан басқаларында артқы ми тек мишықтан ғана тұрады. Сүтқоректілерде үлкен ми қыртысының жетілуіне байланысты мишықтың астында — ми көпірі дамып қалыптасады.
Төменгі сатыдағы жануарларда аралық ми негізінен гипоталамус пен эпиталамустен тұрады. Гипоталамуста жоғары қыртысасты вегетативті орталықтар орналасады. Көру төмпегі — таламус тек сүтқоректі жануарларда дамып жетіледі. Таламустың дамуы да үлкен ми қыртысының қалыптасуына байланысты болады.
Сөйтіп, бескөпіршікті мидан миға тән оның бес тұрақты бөлімдері дамып жетіледі. Мидың алдыңғы көпіршігінен — соңғы ми (оның қүрамында оң, сол ми жартышарлары — үлкен ми сыңарлары, жолақты дене, иіс миы), аралық ми, ортаңғы көпіршігінен — ортаңғы ми, артқы көпіршігінен — артқы ми және сопақша ми дамиды. Ми көпіршіктерінің қуыстары жетілген мида ми қарыншалары мен су құбыры өзегіне айналады. Соңғы мида оң, сол бүйірлік ми қарьшшалары, аралық мида — үшінші ми қарыншасы; ортаңғы мида — ми су қүбыры; ромб тәрізді мида — төртінші ми қарыншасы дамиды. Ми қарыншаларының қуыстары өзара тесіктері арқылы қатысып, төртінші ми қарыншасының қуысы жұлынның орталық өзегімен жалғасып, ми мен жүлындағы сүйықтықтың үздіксіз алмасуын қамтамасыз етеді.
Жүйкелер жүйке түтігінің беткей қабатындағы нейробласттардан дамиды. Жүйке түтігін қоршаған мүшелердің дамуы барысында, оларға нейробластар өсінділері ұзара өсіп жалғасып, қызметіне қарай орталыққа тепкіш — афференттік, орталықтан тепкіш — эфференттік жүйке талшықтарына айналады.
Омыртқалы жануарларда қаңқа сүйектерінің, омыртқалардың жетілуіне байланысты, жұлыннан дене сегменттеріне сәйкес бөлінетін дорсальды сезімтал, вентральды қозғалтқыш жүйкелер омыртқааралық тесіктерге қарай бағытталып, бір-бірімен қосылады да, дененің әрбір сегментіңде омыртқа бағаны өзегінен жоғарыда аталған тесіктер арқылы сыртқа шығатын жұп жұлын жүйкелерін тузеді. Дорсальды, вентральды жүйкелердің жұлыннан, олардың қосылатын жеріне дейінгі бөліктері — жүлынның дорсальды, вентральды түбіршіктеріне айналады. Осы кезеңде жүлынның жоғарғы жақ кабырғасынан сезімтал нейроциттер бөлініп, олардың дорсальды түбіршіктер бойын-да топтасуының нәтижесіңде жүлындық жүйке түйіндері жетіледі.
Құрлықта тіршілік ететін жануарлардағы аяқтардың дамуы нәтижесінде жұлын жүйкелерінің вентральды тармақтары қайтадан топтасып, түрлі жұлын торабтарын (мойын, иық, бел, қүйымшақ) жасайды. Олардан шығатын жүйкелер аяқтарды жүйкелендіреді.
Аралас жұлын жүйкелеріне қарағанда ми жүйкелері қызметіне қарай үш түрлі, яғни таза сезімтал, таза қозғалтқыш, аралас жүйкелер түрінде жетіледі. Осыған байланысты олардың дамуыңда да біраз ерекшеліктер байқалады. Таза сезімтал, аралас жүйкелердің сезімтал талшықтары бас аумағының тері, ауыз, мұрын қуыстарының кілегейлі қабықтарынан басталып, миға енер аддында сезімтал нейроциттер топтасқан жүйке түйіндері арқылы өтеді. Ал, таза қозғалтқыш, аралас жүйкелердің қозғалтқыш талшықтары жұлынның вентральды бағанындағы қозғалтқыш ядроларына сәйкес орналасқан мидың баған бөлігіндегі қозғалтқыш ядроларынан баста-лады.
Вегетативті жүйкелер қызметіне симпатикалық, парасимпатикалық болып 2 бөлінеді. Олар да жүйке түтігі қабырғасыңдағы нейробласттардан дамиды. Симпатикалық жүйкелер жұлынның көкірек, бел сегменттеріндегі сұр заттың латеральды бағандарында орналасқан вегетативтік ядролар нейроциттерінен пайда болады. Олар вентральды қозғалтқыш жүйке түбіршіктері құрамында жұлын жүйкелерімен бірге омыртқа бағаны өзегінен шыкқаннан кейін, омыртқа бағанының төменгі бетіңде нейробласттардан қалыптасқан омыртқамаңы симпатикалық жүйке түйіндеріне енеді де, оларды бір-бірімен байланыстырып симпатикалық бағандар түзеді. Ал, кейбір симпатикалық жүйке талшықтары омыртқамаңы симпатикалық түйіндерден төмен бағытталып, қан тамырлары маңында жетілген омыртқаалды симпатикалық түйіңдерге өтеді. Омыртқамаңы симпатикалық жүйке түйіндері нейроциттерінен шыққан эффекторлық симпатикалық жүйке талшықтары жұлын жүйкелерінің қүрамы-на сұр байланыс тармақтары ретінде кері оралып, олармен бірге дене мүшелеріне бағытталып, аталған мүшелердегі тамырлар жүйесі мүшелерінің жүмысын басқарып реттейді. Ал, омыртқаалды симпатикалық жүйке түйіндерінен шыққан сұр жүйке талшықтары ішкі мүшелерге парасимпатикалық жүйкелермен бірге өтіп, олардағы тамырлар жүйесінің жүмысын реттейді. Симпатикалық жүйке талшықтары ми жүйкелері құрамына жүлдызша жүйке түйінінен мойын арқылы басқа қарай бағытталған омыртқалық жүйке бойымен, ал жұлын жүйкелеріне — симпатикалық шекаралық бағандар жүйке түйіндерінен шығатын сүр байланыс тармақтары арқылы өтеді.
Парасимпатикалық жүйке орталықтары мидың бағанының сүр за-тыңца, атап айтқанда ортаңғы ми мен сопақша миды және жүлынның қүйымшақ сегменттерінің сүр затындағы латеральды бағандарда қалыптасады. Осы аталған орталықтардың ядро нейроциттерінен шығатын парасимпатикалық миелиңді жүйке талшықтары дененің шеткі бөлімдерінде орналасқан парасимпатикалық жүйке түйіндері нейроциттерінде аяқталады. Парасимпатикалық жүйке түйіндерінен шығатын сұр жүйке талшықтары бас аумағындағы көз қарашығын; ауыз, мұрын қуыстарындағы бездер мен көз жасы безін; көмекей мен жүтқыншақтан бастап барлық ішкі мүшелердегі етті қабықтар мен олардың бездерінің қызметін реттейді.
Төменгі сатыдағы жәндіктерде ішек түтігінің пайда болуына байланысты жүйке жүйесінің сомалық бөлігінен осы түтікті жүйкелендіретін жүйке бөліктері бөлініп, жетіле бастайды. Буынаяқтыларда вегетативтік жүйке жүйесі қызметіне байланысты парасимпатикалық, симпатикалық беліктерге ажырайды. Хордалыларда, дене сегменттеріне сәйкес жүйке түйіндері қалыптаса бастайды. Тамырлар жүйесінің жетілуіне байланысты жүйке түтігінің болашақ көкірек, бел бөліктерінің екі бүйірінен жүйке элементтері бөлініп, симпатикалық омыртқамаңы, омыртқаалды жүйке түйіндеріне айналып, олардан шығатын жүйке өсінділері әр түрлі мүшелер маңында жүйке тораптарын түзеді. Ал, парасимпатикалық жүйке түйіндері мидың бағанды бөлігі мен жүлынның қүйымшақтық бөлігінен бөлініп, экстромуральды, интрамуральды ганглийлерге айналады.
5 тапсырма. Түрлі-түсті кестені дәптерге салып алып, мезодерма қалай құрылатынын түсініп, олар қай жануарда болатынын белгілеу қажет.
Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
1. Омыртқалылардағы нейруляция процесінің пайда болуына сипаттама беріңіз.
2. Толық және жартылай дамудағы нейруляцияның ерекшеліктерін атаңыз.
3. Ұрық жапырақшаларының алғашқы жіктелуі қашан басталады?
4. Омыртқалылар жүйке жүйесі дамуының негізгі белгілері қандай?
24 тақырып. Тері – жабынның дамуы.
Мақсаты: Тері-жабын ұлпалары мен ағзалары дамуының ерекшеліктерін, олардың қалыптасуын зерделеу.
1 тапсырма. Сызбалардан, нақпішіндерден терінің дамуын көріп, оларды толық меңгеру үшін мыналарды білу керек. Онтогенезде үй жануарлар терісінің сыртқы эпидермисі - эктодермадан, нағыз тері /дерма/- мезодерманың дерматомынан, шел қабат —мезенхимадан дамиды. Іштегі дамудың алғашқы кезеңінде эпидермис бір қабатты эпидермоциттерден қалыптасып, соңынан қүрылысы күрделеніп, көпқабатты эпидермиске ауысады. Қүрылысы жағынан күрделену мезодерма сомитінен қалыптасқан дермотом мен мезенхимада қатар жүріп, олардан дерма мен шел қабаттары жетіледі. Төлдің даму мерзіміне қарай тері қабаттарымен қатар тері туындылары да күрделеніп жетіле бастайды. Осы кезеңдерде эктодермадан тері түктері, бездері, майтабан, түяқ, тырнақ, мүйіз дами бастайды. Төл терісі, оның туындыларының қалыптасуы жылқы мен ірі қара малда 4-4,5 айда, қойда 2,5-3,5 айда, шошқада 2 айға дейін аяқталады.
Филогенезде төменгі сатыдағы омыртқасыз жануарлардың тері жабыны эктодермадан дамыған бір қабат эпидермоциттерден ғана түрады. Хордалылар ішінде ланцетник терісі цилиндр тәрізді бір қабат эпидермоциттерден қүралған. Эпидермис астында нашар дамыған дерма болады. Қосмекенділер личин-касында эпидермис екі қабат жасушалардан тұрады. Дөңгелек ауыздылардан бастап барлық хордалыларда тері эпидермисі көпқабатты эпидермоциттерден құралған. Оларда тері құрылысы күрделеніп, мезодермадан дерма дамиды. Терінің сыртқы бетінің кеуіп, жарылып кетпеуі үшін тері бездері дами бастайды. Бастапқы кезде, балықтарда тері бездері кілегей бөлетін бірклеткалы бездер, кейіннен олар күрделеніп, көпклеткалы бездерге ауысады. Бұған қосмекенділердегі көпклеткалы көпіршікті бездерді жатқызады. Осындай күрделену арқасында сүткоректілерде тер, май, сүт бездері, құстарда құйрық бездері дамиды. Тіршілік ету ортасына бейімделу теріде жануарлар түрлеріне тән туындылар дамытады. Балықта — қабыршақ, жүзу қанаттары, бауырымен жорғалаушыларда — қабыршақ, тырнақ; құстарда — қауырсын, тырнақ; сүтқоректілерде — тері түктері, майтабан, тұяқ, тырнақ, мүйіз т. б. болады.
2 тапсырма. Жетілген терінің, оның туындыларының препараттарын, сызбасын көріп, мына құрылымы барын анықтаңыз, әрі есіңізде сақтаңыз.
Терi ұлпаларының дамуына, құрамына, маңызына байланысты үш қабатқа: эпидермис (терiүстi қабықша), дерма (терi негiзi, меншiктi терi), гиподерма (өңасты ұлпа, терi асты негiзi, терi шелi) деп бөлiнедi. Эпидермис ұрық эктодермасынан, дерма мен гиподерма мезенхимадан дамиды, ал жетiлу өнiмi - ұрық дерматомынан қалыптасады. Iрi жануардан сыдырылған эпидермис пен дерманы - терi (cutis) деп, ұсақ малдарда оны - кiшкене терi деп атайды. Терi қалыңдығы жануарларда бiрдей емес, мына себепшарттарға: олардың түрiне (iрi қара малда-қалың, қойда-жұқа); жасына (кәрi малда қалың); жынысына (еркек мал терiсi ұрғашыдан қалың) байланысты болады. Терi - жабынының әр бөлiгiнде терi қалыңдығы бiрдей болмайды (ол құрсаққа қарағанда арқада қалың), терiнiң нашар қорғалған, сыртқы әсерлерге көп бейiмделген бөлiгi өте қалың (желке, арқа, аяқтардың сыртқы бетi, басқалар) болады. Жылқы терiсiнiң қалыңдығы гиподермасын қосқанда 1-7 мм; қылшық жүндi қойда (гиподермасыз) - 0,6-1,5 мм; шошқада (гиподермасыз) - 1,5-3 мм; симменталь сиырының мойны мен жауырын аймағында - 3,2-4,0 мм болады.
Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
Берілген тапсырмаларды оқып алып, тері-жабын жүйесі қалай дамып жетілетінін түсіндір.
25 тақырып. Ас қорыту жүйесінің дамуы.
Мақсаты: Ас қорыту жүйесі ұлпалары мен ағзалары дамуының ерекшеліктерін және олардың қалыптасуын зерделеу.
1 тапсырма. Сызбалардан, нақпішеннен, препараттардан ас қорыту жүйесінің дамуын көріп, толық түсіну үшін мыналарды жақсылап оқып, естеріңізде сақтасаңыздар жақсы болар еді. Бірклеткалы қарапайым жәндіктерде азықты ұстау, оны ыдырату, сіңіру цитоплазма арқылы жүзеге асады, яғни, ас қорыту цитоплазма ішінде жүреді. Дене құрылысының күрделенуіне байланысты көпклеткалы организмде әр түрлі қызмет атқаруға бейімделген жасушаалар жиынтығы дамып жетіле бастайды. Ішекқуыстыларда (гидрада) ас қорыту ағзалар жүйесі болмайды. Бірақ, оның ауыз тесігі арқылы дене қуысына түскен азық дененің ішкі қабатын астарлайтын энтодермалар қатысумен қорытылады. Қорытылмай қалған азық қалдығы қайтадан ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Төменгі сатыдағы құрттардың ас қорыту түтігі ауыз тесігінен басталып, алдыңғы /ауыз-жүтқыншақ/, ортаңғы ішектерге бөлінеді. Алдыңғы ішек эктодермадан пайда болып, азықты ұстау, жұту сияқты қызметтерді жүзеге асырады. Азықтың қорытылуы, сіңірілуі энтодермадан дамыған ортаңғы ішекте жүреді. Жоғары сатыдағы құрттардың денесіндегі целома дамуына байланысты, ас қорыту түтігі өзін қоршаған дене бөліктерінен оқшауланып, онда кіреберіс /ауыз/, шығаберіс /аналь/ тесіктері пайда болады. Азық қорыту түтігі алдыңғы, ортаңғы, артқы бөлімдерге бөлінеді. Хордалыларда ауыз қуысы жұтқыншақтан көлденең шымылдық арқылы бөлінген. Жұтқыншаққа көптеген желбезек саңылаулары ашылады. Ортаңғы ішектің қабырғасыңда бауыр төмпегі айқын көрінеді. Аналь тесігі қүйрықтың алдыңғы жағында орналасқан. Желбезек аппаратының күрделенуіне байланысты балықтардың ауыз-жұтқыншағы көп өзгеріске ұшырайды. Алдыңғы ішек ретімен орналасқан түтікше ағзалар — қысқа өңеш пен қарыннан түрады. Ортаңғы немесе аш ішек бауыр мен үйқы бездерінің жетілуімен ерекшеленеді. Артқы немесе тоқ ішекте қорытылған қоректік заттар уақытша жиналып сіңіріледі, азықтың қорытылмай қалған бөлігінен нәжіс қалыптасып, аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Тоқ ішектің аналь тесігімен бітетін соңғы бөлігі — клоакаға зәр шығару, көбею ағзаларының шығару өзектері ашылады. Қосмекенділердің ас қорыту жүйесінің құрылысы балықтардың ас қорыту жүйесіне үқсас. Бірақ, олардың атмосфералық ауамен тыныс алуға бейімделуі, оған байланысты тыныс алу ағзаларының дамуы бас ішек /ауыз-жұтқыншақ/ құрылысының күрделенуіне әкеліп соғады. Желбезек аппараты жойылып, ауыз бен мұрын қуыстары толық бөлініп, бір-бірінен ажырайды. Жұтқыншақтан кейін газ алмасу ағзасы — өкпе дамиды. Қосмекенділердің алдыңғы ішегінің құрамына өңеш пен қарын кіреді. Олардың артқы ішегі клоака үстіндегі томпайған бүйеннен, клоакадан тұрады. Бауырымен жорғалаушыларда желбезек аппараты тек эмбриогенездің бастапқы кезеңінде ғана байқалады. Олардың ауыз-жүтқыншағында қатты таңдай айқын білінеді, крокодилдерде ауыз қуысы жұтқыншақтан жұмсақ таңдай арқылы бөлінген. Кейбір бауырымен жорғалаушыларда бұлшық етті қарын бөлініп, жеке қарын бөлімі ретінде жетіле бастайды, қүстарда ол жеке қарын болып қалыптасып, ас қорытуда үлкен қызмет атқарады. Ішектің артқы бөлімінде бүйеннің көлемі қосмекенділермен салыстырғанда біршама үлкейеді. Сүтқоректілерде ас қорыту жүйесінің бөлімдері жоғары дәрежеде дамыған. Ауыз, мүрын қуыстары бір-бірінен толығымен бөлінген. Ортаңғы ішек он екі елі, ащы, мықын ішектерге, артқы ішек бүйенге, тоқ, тік ішектерге бөлінеді. Сыртқы ортаның белгілі бір жағдайларына бейімделуіне, азықтану түріне қарай /шөп, ет, жеміс, жәндікқоректілер, талғаусыздар/ ас қорыту жүйесі бөлімдері мен ағзаларының құрылыс ерекшеліктері де түрлі болып келеді. Шөпқоректі жануарлар құрамында клетчаткасы мол азықты қорыту үшін көп уақытты қажет етеді. Сондықтан, олардың тоқ ішегі көлемі ұлғаяды /жылқы/ немесе қарын бөлімдері саны көбейеді /ірі қара, ұсақ малдар/. Етқоректі жануарлардың /ит, мысық/ ас қорыту жүйесінің үзындығы шөпқоректілермен салыстырғанда әлдеқайда қысқа болып келеді. Эмбриональды дамудың бастапқы кезеңінде алғашқы ішек түтігінің вентральды қабырғасы ұрықтың сарыуыз қапшығының қуысымен тесік арқылы өзара байланыста болады. Алғашқы ішек түтігінің осы тұсы оның ортаңғы бөлімі болып есептелінеді. Ортаңғы бөлімнен алғашқы ішек түтігі краниальды бағытта өсіп- алдыңғы ішек, каудальды бағытта- артқы ішек бөлімдерін түзеді. Алдыңғы ішектің түйықталған ұшы алғашқы ауыз қуысына жанасып, одан жұтқыншақ жарғағы арқылы бөлініп түрады. Артқы ішектің тұйықталган ұшы аналь аумағы эктодермасымен бірігіп, клоакальды жарғағын түзеді. Кейіннен бұл екі жарғақ тесіліп, ішек түтігі ауыз және аналь тесіктері арқылы сыртқы ортамен қатысады. Ауыз қуысының дамуы. Онтогенезде ауыз қуысы ұрықтың бас бөлімдегі маңдай төмпегінің астындағы эктодермадан дамиды. Алдымен ауыз шұңқыры пайда болады. Ол дененің ішіне қарай тереңдей өсіп, эмбриональды алғашқы ішек түтігінің алдыңғы тұйықталған ұшына жақындай жанасады. Ауыз шұңқыры ішек түтігінен тек жұтқыншақ жарғағы арқылы ғана бөлініп тұрады. Дамудың келесі кезеңінде жұтқыншақ жарғагы тесіліп, ауыз қуысы ішек қуысымен байланысады. Ауыз қуысының бүйірімен астыңғы жағынан висцеральды /желбезек/ доғалар пайда болып, олардан ауыз қуысының негізі қаланады. Тістің дамуы. Төменгі сатыдағы жануарларда тіс тері мен ауыз қуысы кілегейлі қабығы бүртіктерінің сүйектенуі арқылы дамиды, тері туындыларына жатады. Төлдердің сүт тістерінің дамуы ауыз қуысындағы қызыл иек эпителиінің қалыңдап, астындағы ұрықтық мезенхимаға үңгілене енуінен басталып, қалыңдаған эпителий тақташасы тіс пластинкасы деп аталады. Оның пішіні қызыл иекке үқсас — таға тәрізді болады. Тіс пластинкасының сыртқы ерін -ұрт бетінде болашақ тістер орындарында пішіні қалпаққа үқсас — кіреукелік /эмальдік/ мүшелер пайда болып, дами бастайды. Оның астындағы мезенхима тығыздалып, тіс емізікшесін түзеді. Өз кезегінде кіреукелік мүшеде үш қабат қалыптасады (сыртқы жұмсақ /пульпа/, ішкі жасушалар қабаттары). Олар эпителий пластинкасының туындылары. Кіреукелік мүшенің сыртқы жасушалар қабаты мойыны арқылы тіс пластинкасымен жалғасып жатады. Оның пульпасы жұлдыз тәрізді тармақты жасушалардан тузіліп, сыртқы қабатын ішкі қабатымен байланыстырады. Ішкісі призма тәрізді бір қабатты жасушалардан тұрады. Бұлар кіреуке /эмаль/ жасаушалары, адамантобласттар деп аталады. Олар кіреукені түзеді. Адамантобласттарға жанаса тығыз орналасқан тіс емізікшесіндегі мезенхималар одонтобласттар деп аталады. Адамантобласттар түзген кіреуке астындағы тістің сүйек ұлпасы — дентинді түзеді. Тістің кіреуке қабаты қалыптасқан сайын адамантобласттар жоғары қарай көтерілсе, дентин жетілген сайын одонтобласттар төмен қарай ығыса береді. Сөйтіп, бастапқы кезде жанаса орналасқан адамантобласттар мен одонтобласттар бір-бірінен ажырап, араларында болашақ тістер кіреуке, дентин қабаттары, ал мезенхиманың қалған бөлігінен тістің цемент қабаты мен пульпасы дамиды. Тілдің дамуы. Тілдің эмбриональды дамуы, шығу тегі екі бастамадан басталады. Тілдің ұшы, денесі ауыз қуысы түбінің эктодермальды бастамасынан, оның түбірі II, III желбезек доғаларының вентральды ұштары арасындағы энтодермальды эпителиймен астарланған мезенхима жиынтығынан дамиды. Өңеш пен қарынның дамуы. Онтогенезде өңеш пен қарын ішек түтігінің ауыз-жұтқыншақтан кейін орналасқан алдыңғы ішектен дамиды. Өңештің дәнекер ұлпалы, бүлшық ет негіздері мезенхимадан бастама алады. Дамудың 6-шы аптасында алдыңгы ішек ұзарып, қабырғасында екі қабат бүлшық ет қабығы пайда болады. Алғашқы кезде өңештің кілегейлі қабығы көпқабатты кірпікшелі эпителиймен астарланып, кейін көпқабатты жалпақ эпителийге ауысады. Эмбриональды дамудың 4-ші аптасында ішек түтігінің өңештен кейін орналасқан бөлігі ұзына бойына ұршық тәрізді кеңейіп, болашақ қарынға айнала бастайды. Алғашқыда кеңейген түтіктің дорсальды қабырғасының томпаюынан қарынның жоғары қарай бағытталған үлкен иіні, оның вентральды қабырғасынан кіші иіні пайда болады. Қарынды құрсақ қуысы қабырғасында дорсальды, вентральды шажырқайлар бекітіп тұрады. Дорсальды шажырқай жапырақшалары аралығында энтодерма мен мезенхимадан қалыптасқан көкбауыр мен тақ дорсальды ұйқы безінің, вентральды шажырқайда — бауыр мен жұп вентральды ұйқы бездерінің бастама құрылымдары орналасады. Эмбриогенез барысында, қарынның ересек жануардағыдай орналасуы, оның сол кезеңдегі екі бұрылыс жасауы арқылы жүзеге асады. Біріншіде ағзаның ұзынша білігі бойымен оңнан солға айналуы жүреді. Нәтижесінде қарынның дорсальды жағындағы үлкен иіні вентральды, вентральды жағындағы кіші иіні дорсальды жағдайда орналасады. Екіншісі көлденең біліктің бойымен жүреді. Осының арқасында ұзынынан жатқан қарын көлденең орналасуға мәжбүр болады. Сөйтіп, оның артқы ұшы оң, алдыңғы ұшы сол жаққа қарай ауысады. Аталған бұрылыстардың нәтижесінде дорсальды шажырқай үлкен, вентральды шажырқай кіші шарбынды түзеді. Күйіс қайтаратын жануарлардын көпбөлімді қарны өңеш типтес бірбөлімді қарыннан түзілген. Ірі қара малдың қарыны онтогенезде екібөлімді болып қалыптасады. Кейіннен алдыңғы бөлімінің томпайып бөлектенуінен мес қарын мен жұмыршақ, артқы бөлімінен қатпаршақ пен ұлтабар түзіледі. Ортаңғы және артқы ішектердің дамуы. Онтогенезде ортаңғы, артқы ішектер дененің ұзына бойымен орналасып, ұрықтың сарыуыз қапшығымен өзек арқылы қатынасады. Ішек түтігі ұзарып өсе келе шажырқайға ілінген екібөлікті ілмек түзеді. Ілмектің төменгі бөлігі қарыннан каудовентральды бағытта құрсақ қабырғасына дейін созылып, өзінің бір ұшымен сарыуыз өзегімен байланысады. Оның жалғасы екінші — өрлеме бөлік — құрсақ қабырғасынан каудодорсальды бағытта омыртқа бағанасына жетіп, артқы аналь тесігіне қарай бұрылыс жасайды. Осы бөліктің бойында томпайған кішігірім бүйеннің бастамасы пайда болады. Бұл жер негізінен ортаңғы, артқы ішектің шекарасы болып есептеледі. Ілмектің аталған екі бөлігі аралығында краниальды шажырқай артериясы дамып жетіледі. Ішек түтігі ұзындығының одан әрі өсуіне байланысты ішек ілмектері сағат тілі бағытында краниальды шажырқай артериясы бойымен толық бір айналым жасайды. Нәтижесінде төмендеген бөліктің алдыңғы жағы он екі елі ішек ретінде құрсақ қуысының оң жақ бөлігінде орналасады. Ол каудальды бағытта шажырқай түбірін айналып өтіп, сол жаққа ауысып, ащы ішекке айналады. Өрлеме бөліктің көлденең орналасқан бөлімі сол құрсақ қабырғасын жағалай ұзарып өсіп, алға қарай краниальды шажырқай артериясын айналып, оң жаққа өтеді. Бұдан соң ол қайтадан бүйенмен бірге кері каудальды жаққа бағытталады. Осы ауысулардың нәтижесінде тоқ ішек шеңбер тәрізді жиектеле орналасады. Оның оң бөлігі — жуан ішектің басталар жері — бүйеннен краниальды бағытта кетеді. Тоқ ішектің краниальды шажырқай артериясының алдында жатқан тұсын көлденең тоқ ішек, каудальды багыттағы сол белігін — сол тоқ ішек деп атайды. Жамбас қуысында сол тоқ ішек тік ішекке ауысады. Жоғарыда баяндалған ішектердің онтогенездегі дамуы негізінен етқоректі жануарларда кездеседі. Басқа шөпқоректі жануарларда дөңгелек /диск/ немесе дискоконус, талғаусыздарда конус түрінде болады.
Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
Ауыз қуысының дамуы қалай жүреді?
Тістің дамуын сипатта.
Тілдің дамуында ерекшеліктер бар ма?
Өңеш пен қарын қалай дамиды?
Ортаңғы, артқы ішектердің дамуы туралы не білесіз?
26 тақырып. Тыныс алу жүйесінің дамуы.
Мақсаты: Тыныс алу жүйесінің ұлпалары мен ағзалары дамуының ерекшелігін, олардың қалыптасуын зерделеу.
1 тапсырма. Сызбалардан, нақпішеннен, препараттардан тыныс алу жүйесінің дамуын көріп, толық түсіну үшін мыналарды жақсылап оқып, естеріңізде сақтасаңыздар жақсы болар еді. Тыныс алу жүйесінің мүшелері өзінің тарихи даму жолында әр түрлі өзгерістерден өтеді. Бұл өзгерістер жануарлар тіршілік ететін сыртқы орта жағдайлармен, оларда тыныс алу сипатының қалыптасуына тікелей байланысты болады. Суда тіршілік ететін қарапайым организмдерде (бір клеткалы, төменгі сатыдағы көп клеткалы) арнаулы тыныс алу мүшелері болмайды. Суда еріген оттегі олардың денесін қаптаған қабықшасы арқылы сіңіріледі. Тыныс алудың мұндай түрін диффузиялы тыныс алу деп атайды.
Жануарлар организмдерінің күрделенуіне сәйкес, жұтқыншақ қуысы қабырғасында желбезек саңылаулары пайда болады. Ауыз қуысынан жұтылған су осы желбезек саңылаулары арқылы, жұтқыншақтан сыртқа өтіп, тыныс алу мүшесі — желбезекпен жанасады.
Суда. еріген оттегі желбезектің жұқа қабырғасындағы қан тамырлары арқылы қанға сіңіріледі. Қандағы көмір қышқыл газы, керісінше суға бөлінеді. Сулы ортада тіршілік ететін жануарларға тән бірдей тыныс алудың түрін — желбезек арқылы тыныс алу деп атайды.
Тіршіліктің құрлыққа ауысуына байланысты жануарларда атмосфералық ауамен тыныс алуға бейімделген газ алмасудың бірнеше түрлері қалыптасады. Оларға омыртқасыздардағы кеңірдек, хордалылардағы өкпе, кейбір құрттар мен жәндік балаңқұрттардағы тері жабыны, жұмыр құрттарда кездесетін ішек арқылы тыныс алу түрлері жатады.
Мұрын, оның қуысының дамуы. Суда тіршілік ететін жануарларда мұрын қуысының орнында тек жұп иіс сезу шұңқырлары болады. Оларда мидың иіс сезу аймағымен байланысқан иіс сезгіш эпителий жасушалары орналасады. Кейін шұңқырлар тереңдеп, ұзара өсуінен олардан иіс сезу сайлары дамиды. Иіс сезу ағзасы қызметінің күрделенуінен сайлардың жиектері өзара жанасып, кіреберіс (танау), қарапайым шығаберіс (хоана) тесіктері жетілген түтікшеге айналады.
Жануарлардың құрлыққа шығуына байланысты иіс сезу түтікшелерінің құрылысы күрделеніп, иіс сезу, тыныс алу бөліктеріне бөлінеді.
Иіс сезу бөлігінің, одан әрі жетілуі, аумағының кеңейіп, кілегейлі қабығының қатпарлануына жеткізеді. Қатпарлардан иіс сезу шытырмандары, мұрын кеуілжірлері түзіледі.
Ауыз, мұрын қуыстарының бөлінуі қатты, жүмсақ таңдайлардың дамуына байланысты. Бұның өзі ауыз қуысына ашылатын қарапайым хоананың артқа қарай ығысып, оның тұрақты (дефинитивті) болып қалыптасуын қамтамасыз етеді. Ауыз, мұрын қуыстары бір-бірімен өзара қарапайым хоананың орнында сақталып, қалған мұрын-таңдай өзегі арқылы қатысады.
Құрсақта тіршілік ететін жануарлардың иіс сезу ағзасынан мұрын қуысының түбінде шеміршекті түтік тәрізді ерекше жұп мұрын — соқалық ағза бөлінеді. Ол кейбір бауырымен жорғалаушыларда, сүтқоректілерде мұрын-таңдай өзегі арқылы ауыз қуысымен байланысып, иіс сезу қызметін атқарады.
Онтогенезде мидың белсенді дамуына байланысты бас бөлімі қарқынды өсе бастайды. Нәтижесінде, оның сыртқы бетінде кедір-бұдырлы төмпектер, сайлар пайда болады. Осы кезде бастың бет бөлімінде иіс сезу шұңқыры ауыз қуысының тесіктері, жұп мұрын, жоғарғы, төменгі жақсүйектерінің өсінділері біліне бастайды. Бұдан соң иіс сезу шүңқырлары бірінші реттік хоананың көмегімен ауыз қуысымен қатынасады, жоғарғы жақсүйегінің өсінділері бір-бірімен қосылып қатты таңдайдың негізін түзеді.
Нәтижесінде ауыз, мұрын қуыстары бір-бірінен бөлектеніп, өзара қатты таңдайдан кейін орналасқан тесік тұрақты хоана арқылы байланысады.
Көмекей мен кеңірдектің дамуы. Көмекейдің шеміршектік негізі филогенезде IV, V, VI жұп желбезек доғаларының қалдықтарынан дамиды. Бүйір шеміршектерінің алғашқы жұбы қосмекенділерде болады. Кейін олар өзара бірігіп сақинаша шеміршекті түзеді. Бауырымен жорғалаушыларда, сүтқоректілерде IV, V желбезек доғалары қалдықтарынан дамыған дорсальды пластинкасы болады. Осы сақинаша шеміршектен каудальды бағытта кеңірдек пен бронхтардың шеміршек пластинкалары қалыптасады. Көмекейдің бүйір шеміршектерінен ожауша шеміршектер бөлінеді. Сүтқоректілердің көмекейінде аталған шеміршектер мен қатар, қалқанша, бөбешік шеміршектер жетіледі. Бұлардың пайда болуы көмекейдің атқаратын қызметіне тікелей байланысты болса керек. Бөбешік, ожауша шеміршектер көмекейдің кіреберіс тесігін бітеп, жұтыну кезінде азықтың тыныс жолдарына түсіп кетпеуін қамтамасыз етеді. Қалқанша шеміршектің пайда болуы жұтқыншақтың етті мүше ретінде қалыптасуы мен дыбыс мүшесінің жетілуіне байланысты. Өйткені оған аталған мүшелердің бірқатар бұлшықеттері келіп бекиді.
Эмбриогенезде көмекей мен кеңірдек алдыңғы ішектің вентральды қабырғасының томпайуы нәтижесінде дамиды. Алғашқыда онда үзынша сай байқалып, кейін ол тыныс алу түтігіне айналады. Бұл түтіктің алдыңғы бөлігі ішекпен байланысып кемекейді түзеді. Оның қаудальды бөлігі ішектен ажырап, одан кеңірдек пен бронх пайда болады.
Өкпенің дамуы. Өкпе балықтардың қарапайым жұп торсылдағының өзгеруі мен күрделенуі арқасында дамиды. Жануарладың атмосфералық ауамен тыныс алуына байланысты олар негізгі газ алмасу мүшесі — өкпе ретінде қалыптасады. Өкпенін дамуы негізінен бір бағытта, оның ауамен жанасатын тыныс алу беті ауданының ұлғаюы нәтижесіңде жүзеге асады. Бауырымен жорғалаушылардан бастап жануарлардың тыныс алу процесінде терінің үлесі кеміп, керісінше, өкпенің маңызы арта бастайды. Бұның өзі өкпеде көптеген альвеолалардың, альвеола талшықтарының, негізгі және жанама бронхтар тарамдарының пайда болуына әкеп соғады.
Сонымен қатар, өкпе қүрылысының күрделенуі кіші қан айналу шеңбері мен жүрек құрылымдарына да тиесілі өзгерістер енгізеді.
Онтогенезде тыныс алу ағзалары көмекейдің, кеңірдектің, өкпенің дамуы алдыңғы ішектің вентральды қабырғасының томпаюынан пайда болған тыныс алу түтігінен бастау алады. Кеңірдекке айналған осы түтіктің каудальды бөлігінен томпайған жұп өсінділер оң, сол жаққа ажырап бронхтарды түзеді. Өз кезегінде олар көптеген ұсақ бронхтарға тарамдалып, альвеолалармен аяқталады. Бронхтар мен альвеолалар өзара бірігіп, өкпені түзеді. Даму барысында өкпе көкірек қуысына еніп, оның сірілі қабығы — плеврамен қапталады.
Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
Мұрын және оның қуысының дамуы қалай өтеді?
Көмекей мен кеңірдектің дамуында айырмашылықтар бар ма?
Өкпенің дамуы қалай жүреді?
Тыныс алу жүйесі дамуында қандай өзгерістерден өтеді?
Құрлықтағы жануарлар қалай тыныс алады?
27 тақырып. Зәр шығару жүйесінің дамуы.
Мақсаты: Зәр шығару жүйесі ұлпалары мен ағзалары дамуының ерекшеліктерін, олардың қалыптасуын зерделеу.
1 тапсырма. Сызбалардан, нақпішеннен, препараттардан зәр шығару жүйесінің дамуын көріп, толық түсіну үшін мыналарды жақсылап оқып, естеріңізде сақтасаңыздар жақсы болар еді. Зәр шығару ағзалары организмдегі зат алмасу процесімен тығыз байланыста дамыған, олардың күрделеніп жетілуі зәр түзуші ұлпалардың денедегі ыдырау өнімдерін сыртқы ортаға шығаруынан іске асады. Зәр шығару ағзалары филогенезіңде даму процесінің көптеген сатыларынан өтеді. Төменгі сатыдағы жәндіктер (қарапайымдылар, ішекқуыстылар) ыдырау өнімдерін организмнен сыртқы ортаға денесінің қабығы арқылы диффузиялық жолмен шығарады. Инфузорияларда зәр шығару қызметін арнайы органелла — жиырылғыш вакуольдар атқарады. Жануарлар дене құрылысының күрделенуі организмде бір-бірімен үйлесімді қызмет атқаратын көптеген ағзалар жүйелерінің қалыптасуына әсерін тигізді. Сондықтан ыдырау өнімдерін денеден қоршаған ортаға шығаруға арналған зәр шығару мүшелері жетілген. Бұл ағзалар көпклеткалы күрделенген организмде (жалпақ қүрттарда), шығару өзекшелер жүйесі түрінде қалыптасқан. Зәр бөлу өзекшелері - протонефридийлер дене паренхимасында тарамдалып, тұйықтаушы жасушалар көмегімен ыдырау өнімдерінен несеп түзіп, оны сыртқа шығарады. Протонефридийлер жәндіктерде эктодермадан дамыған. Организмнің одан әрі күрделеніп, екінші дене қуысының пайда болуына байланысты (буылтық құрттарда - жауын) протонефридийлер дене сегменттеріне сәйкес орналасады. Олардың зәр бөлетін бастапқы жасушалары - соленоциттер деп аталады. Организмдер құрылысының бұдан кейінгі күрделенуі қылтанаяқты құрттарда зәр түзу қызметі мезодермадан дамыған өзекше — нефридийлерге ауысады. Олардың шөлмек тәрізді кеңейген ұштары екінші дене қуысы сегменттерінде орналасып, олардың санына сәйкес келеді. Нефридийлер қуыс ішіндегі сұйықтықтың ыдырау өнімдерін кірпікшелерінің көмегімен сорып сыртқа шығарып отырады. Нефридийлер дене қуысынан иректеліп басталып, сәл кеңейіп, кейін сыртқы ортаға ашылады. Жануарлар организмдерінде нефридийлерден басқа екінші дене қуысынан шөлмек тәрізді кеңейіп басталатын өзекшелерді - целомодуктер деп атайды. Олар арқылы жыныс өнімдері дене қуысы — целомадан сыртқа шығарылады. Целомодуктер нефри-дийлер сияқты мезодермадан қалыптасып, көп жағдайда нефридийлер өзекшелерімен бірігіп, екі жүйеге ортақ мүше — нефромикцияны түзеді. Екінші дене қуысты қүрттарда целомодуктер тек жыныс өнімдерін шығару қызметін атқарады. Басқа екінші дене қуыстары жоқ буынаяқтылар мен моллюскаларда олар несеп шығару қызметін атқарады. Жәндіктерде несеп шығару қызметін мальпиги атқарады. Олар ас қорыту жүйесі қуысына, ортаңғы, артқы ішектер шекарасына ашылады. Төменгі сатыдағы хордалыларда (ланцетник) несеп шығару қызметін мезодермадан дамыған нефридийлер тәріздес түтіктер атқарады. Олардың саны жүз шақты жұп өзекшелерге тең, дененің желбезек аумағында сегменттерге сәйкес жұп-жұбымен орналасады. Нефридийлердің ішкі ұштары бірнеше тесікпен дене қуысы — целомадан басталып, екінші ұштары сыртқа — желбезек маңындағы қуысқа ашылады. Целомадағы нефридийлер ұштарының тесіктері басталар тұсында қан тамыр капиллярларының жиі торы — капиллярлар шумағы түзілген. Осы шумақ капиллярларының қабырғалары арқылы - қаннан сүзіліп бөлінген зәр нефридийлердің көмегімен сыртқа шығарылады. Ланцетниктерде нефридийлер жыныс мүшелерімен байланыста болмайды. Кейін нефридийлердің сыртқы ұштары бірігіп, барлығына ортақ бір өзек — қарапайым несепағарды түзеді. Омыртқалы жануарларда нефридийлер құрылым бірлігі ретінде зәр шығару ағзасы — бүйректі құрайды. Бүйрек филогенезінде зәр шығару қызметі дененің алдыңғы жағындағы нефридийлерден, оның артқы жағында дамыған несеп өзекшелеріне ауысады. Соңғы өзекшелер бірігіп, құрылысы қомақты бүйректі түзе бастайды. Бүйректен шығатын несепағар ішектің соңғы бөлімі — клоакаға ашылады. Омыртқалыларда бүйрек бір-бірін алмастырып отыратын үш сатыдан өтеді. Олар: бастапқы бүйрек-пронефрос, аралық бүйрек-мезонефрос, тұрақты бүйрек-метанефрос. Зәр шығару ағзаларының дамуы көбею ағзалары дамуымен қатар жүреді. Пронефрос маныңда ұрғашы жануарлардың көбею ағзалары дамып, кейінірек пронефрос несепағары аналық көбею ағзаларының жыныстық жолдарына айналады. Мезонефрос несепағарынан аталық көбею ағзаларының жыныс жолдары дамиды. Нефридийлердің күрделеніп, қан капиллярларымен өзара әрекеттесуінен әр түрлі бүйрек сатыларына сәйкес бүйрек өзекшелері — нефрондар дамиды. Біріншіден, қан капилляр шумақшасы нефронның басталар ұшындағы ыдыс тәрізді екі қабат қабығымен (капсуласымен) қапталып, бүйрек денешігін құрайды. Денешіктерде қан сұйығынан сүзіліп, алғашқы зәр түзіледі. Эпителийден тұратын бүйрек өзекшелері алғашқы зәрден организмге қажетті заттар мен суды кері сорып, керексіз ыдырау өнімдерін зәрге қосымша бөліп тұрады. Нефрон - экскреторлық қызмет атқарды. Нәтижесіңде нефронның соңғы бөліктерінде нағыз зәр түзіледі. Бастапқы бүйрек немесе бастағы бүйрек дененің бас бөлігінде, 2—10 дене сегменттері түсында қалыптасады. Бүйрек негізінен 3—4 жұп шөлмекті өзекшелерден тұрады. Әрбір өзекше шөлмегі маңында қан капиллярлар шумақшасы дамиды. Бастапқы бүйрек дөңгелекауызды, кейбір сүйекті балықтарда, қосмекенділер балаңқұрттарда болады.
Аралық бүйрек немесе тұлғалық бүйрек бастапқы бүйректен кейін, 10—30-шы дене сегменттері тұсында, яғни дене тұлғасында қалыптасады, бастапқы бүйректі алмастырады. Аралық бүйректе нефрондар денедегі метамериялык (сегменттік) орналасуы бұзылып, целомамен байланысы үзіледі. Нәтижесінде ол қомақты бүйрекке айналады. Нефронның ыдыс тәрізді кеңейіп басталатьш ұшы қан капиллярлар шумақшасына айналып, бүйрек денешіктерін түзеді. Аралық бүйрек балықтарда, қосмекенділерде негізгі зәр түзуші ағза болып табылады. Құстар мен қосмеқенділерде ол тек эмбриональды даму кезеңінде ғана уақытша қызмет атқарады. Тұрақты бүйрек немесе жамбастық бүйрек алғашқы бүйректен кейін, 31—32-ші дене сегменттері түсында қомақты ағза болып қалыптасады. Тұрақты бүйрек бауырымен жорғалаушылар, қүстар, сүтқоректілерге тән ағза. Үй жануарлары онтогенезінде бүйрек мезодерманың нефротомынан (сегменттік аяқшалардан) дамиды. Даму кезінде ол филогенездегі бастапқы, аралық, тұрақты бүйректер сатыларын қайталайды. Бастапқы бүйректін қалыптасуы дене сегменттерінің бас бөлігінде өте жедел жүреді. Оның сүтқоректілердегі даму процесі мерзімін анықтау қиын. Бастапқы бүйректен кейін қалыптасатын аралық бүйрек іштегі төлде уақытша зәр түзу қызметін атқарады. Клоакалы (үйректұмсык, ехидна), қалталы (кенгуру) сүтқоректілерде аралық бүйрек эмбриональды кезеңнен кейін зәр түзу қызметін біраз уақыт жалғастырады. Аралық бүйректің зәр шығару өзегі несепағар деп аталады да, клоакаға ашылады. Аралық бүйректен кейінгі жамбас сегменттерінде тұрақты бүйрек қалыптасады. Оның негізгі зәр түзуші бөлігі — нефрондар мезодерма нефротомының нефрогеңді ұлпасынан, бүйрек түбегі мен несепағар аралық бүйрек несепағарының соңғы бөлігінен дамиды. Қуық пен несепағар аллантоис пен клоакадан жетіледі.
2 тапсырма. Ұрықтық даму кезеңiнде жүйелi мына бөлiну ағзалары: бастама бүйрек (рrоnерhrоs), тұлғалық немесе аралық бүйрек (mеsоnерhrоs), ақтық бүйрек (mеtаnерhrоs) құрылады. Бастама бүйрек мезодерманың 8-10 алдыңғы жақтағы сегменттерiнің аяқшаларынан қалыптасады. Олар целома қуысымен байланысын үзбей, сомиттерден бөлiнедi. Бiр-бiрiмен жүйелi қосылып, Вольфов өзекшесiн құрады. Аралық бүйрек келесi тұлғалық сегменттер аяқтарынан құрылады. Олардың арқа жақтағы ұштары вольфов өзекшесiне өтедi. Оның ерекшелiгiн өзекшелерiнiң қызыл тамыршалар торымен тығыз байланысуынан көруге болады. Қылтамырлар шоғырын қаптап өсiп, зәр өзегiнiң қабырғасы қос қабатты қабық құрады. Ол өз қуысына қан плазмасынан сүзiлген өнiмдердi қабылдайды. Қылтамырлардың шоғыры мен бұл қабық қосылып бүйрек денешiгiн құрады. Бүйректер жануарлар дамуының ұрықтық кезеңiнде бөлу ағзасының қызметiн орындайды. Ақтық бүйрек кейiн өскiнденгенiмен ұрықтық дамудың 2-i жартысында қызметiн атқара бастайды. Қой ұрығының ақтық бүйрек бастамасы дамудың 23 тәулiгiне келедi. Ол 25 тәулiкте екi қабатқа бөлiнiп, зәр түзушi бөлiгi немесе-нефрондар, мезодермадағы нефротом нефротектi ұлпасынан, ал зәрағар, бүйрек түбекшесi, тостақаншасы, емiзiк өзегi және жинағыш түтiкшелер-аралық бүйрек өзекшелерiнен дамып, жетiледi.
Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
Төменгі сатыдағы жәндіктерде зәр шығару қызметін не атқарады?
Протонефридийлер дегеніміз не? Олар жәндіктерде неден дамиды?
Соленоциттер дегеніміз не?
Омыртқалылардың зәр шығару ағзалары неден дамиды?
Бастапқы, аралық және тұрақты бүйректер қалай дамиды?
28 тақырып. Жыныс жүйелерінің дамуы.
Мақсаты: Жыныс жүйесі ұлпалары мен ағзалары дамуының ерекшеліктерін, олардың қалыптасуын зерделеу
1 тапсырма. Сызбалардан, нақпішеннен, препараттардан жыныс жүйелерінің дамуын көріп, толық түсіну үшін мыналарды жақсылап оқып, естеріңізде сақтасаңыздар жақсы болар еді. Жануарлардың көбею ағзалары ата тегінің тіршілік ету ортасына қарай филогенезде күрделі де, ұзақ тарихи даму сатылардан өткен. Мұхитта алғаш пайда болған бірклеткалы қарапайым жәндіктер тек бөліну арқылы көбейген, оларда арнайы көбею мүшелері болмаған. Көбеюдің бұндай түрін жыныссыз көбею деп атайды. Бертін келе дене құрылысы күрделенген организмдерде кебею процесін іс жүзіне асыратын арнайы жасушалар — жыныс жасушалары жетілді. Олар көлемі мен пішініне байланысы екі топқа бөлінеді: ірілері — макрогаметалар, кішілері — микрогаметалар деп аталады. Макрогамета — аналық, микрогамета — аталық жыныс жасушалары. Олардың қосылып, ұрықтануынан жаңа организмдер өрбиді. Бұл жыныстық көбею деп атайды. Қарапайым көпклеткалы жәндіктерде (тұщы су гидрасы) көбеюдің жыныстық, жыныссыз түрлері қатар кездеседі. Жыныстық көбеюде денеде пісіп жетілген макро мен микрогамета бір-бірімен қосылып, ұрықтанғанда бірклеткалы организм — зигота пайда болады. Зигота жаңа организм түзеді. Жыныссыз көбею ересек жәндіктерде жүреді. Онда дененің көпклеткалы бір бөлігі бөліктеніп, одан басқа организм өсіп жетіледі. Жәндіктерде - жыныссыз көбею, өсімдіктерде - вегетативті көбею жүреді.
Филогенезде қарапайым көпклеткалы жәндіктерде макро- микрогаметалар бір организмде пісіп жетілген. Бұндай организмдер гермафродиттер (қызтеке) деп аталады. Кейінірек жануарлар дүниесінде дара жынысты жәндіктер пайда болады, яғни бір организмде макро-, екінші организмде микрогаметалар дамыды. Бұл жануарлардағы үлкен прогресс — араморфоз еді. Жаңа организмдердің дамуы тек дара организмдерде пісіп жетілген макро- мен микрогаметалардың қосылып, ұрықтануынан кейін ғана басталды. Пайда болған организмге тән қасиеттер, ол жеке екі организмдегі тұқым қуалау қасиеттері; өзара әрекеттесуінен алған жаңа сипаттар еді. Даму сатысында көпклеткалы қарапайым жәндіктер денелерінде гаметалар пісіп жетілетін арнайы ағза болмаған.
Тіршілік ету ортасына қарай организм дене көлемінің үлкейіп, күрделенуіне байланысты гаметалар белгілі бір дене бөліктерінде арнайы пісіп жетіле бастайды. Аталған дене бөліктері — гонадалар деп аталады. Бастапқы кезде гонадалар дененің сыртқы бетіне жақын орналасып, пісіп жетілген гаметалар, олардың жарылуы нәтижесінде сыртқы ортаға шыққан. Кейінірек, гонадалар екінші дене қуысы қабырғасында жинақталып, олардағы пісіп жетілген гаметалар арнайы өзектер арқылы сыртқа шығарылып отырады. Кейбір жәндіктерде гонадалардың шығару өзектері зәр шығару өзектерімен бірігіп кеткен.
Организмінің одан әрі күрделенуіне байланысты денеде гаметалар дамитын құрылысы күрделі арнайы ағзалар жетіледі. Макрогаметалар, яғни жұмыртқа дамитын ағза — жұмыртқалық, микрогаметалар, яғни спермалар пісіп жетілетін ағза — ен деп аталады. Жыныс бездерінің жетілуіне байланысты организмдер дара жынысты жануарларға, яғни еркек, ұрғашы деп бөлінеді. Жыныс ағзаларында пісіп жетілген жыныс жасушалары сыртқы ортаға шығару өзектері арқылы шығарылады. Бұл өзектер жәндіктерде шәует немесе жұмыртқа жолы деп аталады. Омыртқасыз жәндіктерде жыныс жасушалары осы шығару өзектері арқылы тікелей сыртқы ортаға шығарылады. Хордалы жануарларда дене қүрылысының күрделенуіне, олардың тіршілік жағдайының өзгеруіне бай-ланысты жыныс жолдарының құрылысы да әр түрлі дәрежеде өзгеріп отырады. Төменгі сатыдағы хордалыларда жыныс жолдары сыртқы ортамен тікелей қатыспайды. Олар пісіп жетілген жыныс жасушаларын алдымен ішек түтігінің соңғы бөлімі клоакаға, содан соң, үрықтану үшін клоакадан қоршаған сыртқы ортаға шығарады. Суда тіршілік ететін хордалы жануарлардың ұрықтануы организмнен тыс сулы ортада жүреді. Соңдықтан, олардың жыныс ағзаларының (жыныс жолдарының) қүрылысы тым күрделі емес. Жыныс жасушаларының құрылысы, пішіні де сулы ортада ұрықтануға, дамуға бейімделген. Белгілі жыл маусымында сулы ортада болатын қолайлы жағдай — жылы мен ылғал, ұрықтану нәтижесінде пайда болған бірклеткалы организм — зиготаның дамуына толық мүмкіншілік береді.
Жануарлар тіршілік жағдайы организм құрылысының өзгеруіне әсерін тигізді. Суда тіршілік ететін хордалы жануарлардың құрлыққа шығуы, дене қүрылысының белгілі дәрежеде күрделенуіне әкеліп соқтырды. Бұл құбылыс көбею ағзаларының құрылысы мен пішініне зор ықпалын тигізді. Біріншіден, ұрықтану ортасы өзгерді. Судағы сыртқы ұрықтану организмде жүретін ішкі ұрықтануға ауысты. Ішкі ұрықтану аталық, аналық жануарлардың жыныстық қатынасы арқасында іске асты. Бұл процестің іс жүзіне асуы жыныс ағзалары құрылысының күрделенуіне ықпалын тигізді. Ұрықтану процесі ұрғашы жануардың жыныс жолдарыңда жүрді. Егер пайда болған ұрық организмнен тыс сыртқы ортада жүретін болса, онда оның дамуын қамтамасыз ететін керекті қоректік заттар жүмыртқаклеткасында қор ретіңде жиналып, ұрықтанған жұмыртқаны кебуден сақтайтын арнайы қабықтар түзуге мәжбүр болды. Ұрғашы жануарлардың жыныс ағзалары ұрықтандыруға, жұмыртқадағы қоректік заттарды жинау мен қорғаныс қабықтарын түзуге бейімделіп, олардың құрылысы белгілі дәрежеде күрделенді. Еркек жануарда спермийлерді аналық жыныс жолдарына енгізіп, жыныстық қатынасты қамтамасыз етуші арнайы жыныстық мүше (пенис) дамыды. Бұндай көбею ағзалары жұмыртқа салу арқылы дамитын бауырымен жорғалаушыларға, құстарға және сүтқоректілерге (үйректұмсық, ехидна) тән.
Ішкі ұрықтану процесінің одан әрі күрделенуі, одан пайда болған үрық іштөлінің аналық жыныс ағзаларындағы дамуы мен өсіп жетілуі — көбею мүшелерінің құрылысындағы күрделі құрылымдардың қосымша жетілуіне зор ықпалын тигізді. Ұрғашы сүтқоректі жануарларда жұмыртқалық пен жұмыртқа жолдарына қосымша іштөлі өсіп жетілетін жатыр, жыныстық қатынасты қамтамасыз ететін қынап, несеп-жыныс кіреберісі, еркек жануарларда — ен мен шәует жолдарына қосымша несеп-жыныс өзегі, қосалқы жыныс бездері, жыныстық мүше — пенис (қамшы, қаса), енқап, күпек дамыды.
Жануарлар онтогенезінде көбею ағзалары организмнің іштегі даму кезеңінде аралық бүйректің медиальды бетінде мезотелийдің жыныс қатпары ретінде қалыптасады. Өсе келе бұл қатпарлар сопақтанып, бастама жыныс бездеріне (жүмыртқалық, ен) айналады. Бұдан кейінгі даму сатысында көбею мүшелерінің жетілуі зәр шығару мүшелері дамуымен тығыз байланыста жүреді. Аралық бүйрек маңында бастама жыныс бездерінен кейінірек жануарлардың болашақ жынысына қарай жүмыртқалық немесе ен дамиды. Аралық бүйрек өзегі маңында жыныс қатпарымен бір мезгілде бастапқы бүйрек өзегінің қалдығынан арнайы өзек қалыптасады. Ол алғашқы кезде аралық бүйрек өзегімен жапсарлас, кейінірек одан ажырап, мюллер өзегі деп аталады.
Аталық көбею ағзаларының дамуы кезегінде жыныс қатпары бастамасының мезотелийлері белсенді түрде көбейіп, пішіні сопақша жетілген жыныс без бастамасының ішіне қарай енеді де, иректелген түқым өзекшелеріне айналады. Осы кезде аралық бүйрек жартылай ыдырайды да, оның қалған бөлігі жыныс безі бастамасымен әрекеттесіп, көбею ағзаларының қалыптасуына қатысады. Аралық бүйректегі несеп шығару түтікшелерінің алдыңғы бөлігі жыныс безінің ішіне қарай өсіп, ендегі иректелген тұқым өзекшелерімен жалғасады да, түзу тұқым өзекшелерін, ен торын, қосымшасынын басын құрайтын тұқым әкеткіш өзекшелерді түзеді. Оның артқы бөлігі ыдырап, одан қалған қалдық ен қосымшасының маңында организмде енмаңы (парадидимас) деген атпен өмір бойы сақталады. Аралық бүйректің негізгі (вольф) өзегі ен қосымшасының өзегіне және шәует жолына айналады. Еркек жануарларда мюллер өзегінің тек ыдыраған алдыңғы бөліктері ғана ен маңывда сақталып, гидатида деп аталады. Ыдараған оң және сол мюллер өзектерінің сақталған соңғы беліктері бір-бірімен қосылып, еркек жатыры және қынабы деген атпен қалдық ретіңде шәует жолдары аралығындағы несеп-жыныс қатпарында орналасады.
Жетілген жыныс безі — ен қүрсақ қуысының қабырғасымен бағыттаушы байлам арқылы байланысады. Бұл байламның аралық бүйрек (вольф) өзегіне дейінгі бөлігін еннің арнайы байламы, оның қалған соңғы жағы — шап байламы деп аталады. Сүткоректі жануарларда дамып жетілген ен қалыпты жағдайда өзін қаптаған сірілі қабықпен бірге құрсақ қуысы қабырғасынан пайда болған қалта — ұмыға түседі.
Аналық көбею ағзаларының дамуы кезінде жыныс безі бастамасының ішіне енген мезотелийлер көбейіп, жұмыртқалықтағы алғашқа фолликулдерге айналады. Сөйтіп, жыныс безі бастамасынан жұмыртқалық дамиды. Ол— негізгі аналық жыныс безі ретінде жануарларда құрсақ қуысының бел аумағында орналасады.
Аралық бүйректің алдыңғы бөлігі ыдырап, одан ен қосымшасының басы іспеттес қалдығы эпоофорон, оның ыдыраған артқы бөлігінің қалдығы жұмыртқалық маңы (параоофорон) деген атпен сақталады. Параоофорон еркек жануарлардығы парададимиске сәйкес қалдық құрылым. Ұрғашыларда аралық бүйректер өзектері (вольф) толығымен ыдырау процесіне ұшырайды. Олардың нашар жетілген соңғы ұштарының қалдықтары гартнер өзегі деп аталады.
Бұған керісінше бастапқы бүйрек өзектері — мюллер өзектері белсенді жетіліп, жұмыртқа жолына, жатырға, қынапқа айналады. Қынап өз кезегінде несеп-жыныс кіреберісіне ашылады.
Мюллер өзектерінің бір-бірімен өзара әр түрлі дәрежеде қосылып бірігуіне байланысты түрлі жануарларға тән жатыр типтері дамиды. Бұл өзектердің бірігуі, олар соңғы бөліктерінен алдыңғы жақтарына қарай багытталады. Егерде мюллер өзектері бір-бірімен қосылмай, әрқайсысы жеке-дара несеп-жыныс кіреберісіне ашылса, олардан қосқынапты қосжатыр дамиды. Әрбір жатырдың өзіне тән жұмыртқа жолы, қынабы болады. Бұндай жатырда іштөлі ұзақ дами алмайды. Себебі, іштөлінің ұрық қабықтары мен жолдасы (плацента) толық жетілмейді. Сондықтан, қосқынапты қосжатырлы жануар баласын шала туады. Олар төлдерін кішкентай, соқыр, қызылшақа түрінде туып, дене қалталарында асырайды. Бүндай жануарларға қалталы хайуанаттар (кенгуру, қалталы аю — коала, қалталы пері, қалталы көртышқан, тышқан) жатады.
Мюллер өзектерінің соңғы ұштарының қосылуынан бірқынапты қосжатыр дамиды. Әрбір жатыр өз жеке дара тесігімен бір қынапқа ашылады. Бірқынапты қосжатырда іштөлінің ұзақ мерзім дамуына толық жағдай болады. Бұндай жатырлар пілде, кейбір кемірушілерде жетіледі.
Мюллер өзектерінің соңғы ұштарының көбірек бірігуінен қосбөлімді жатыр дамиды. Бұндай жатырдың бір мойыны, денесі, екі мүйізі болады. Мойны қынапқа ашылады. Денесінің ішкі қуысында жартылай перделік болады. Осыған байланысты жатырға "қосбөлімді" деген атақ берілген. Қосбөлімді жатыр кейбір кемірушілер мен қолқанатты (жарғанат) хайуанаттарға тән.
Мюллер өзегінің жартылай бірігуінен қосмүйізді жатыр түзіледі. Бұндай жатырдың бір мойны, денесі, өте жақсы жетілген екі мүйізі болады. Қосмүйізді жатыр жоғары плацентарлы жануарларға (төрт түлік малға) тән.
Мюллер өзектерінің толық қосылып бірігуінен қарапайым жатыр дамиды. Бұндай жатырдың бір мойны, үлкен денесі болады. Денесіне екі жұмыртқа жолы екі жағынан ашылады. Қарапайым жатыр приматтар мен адамға тән.
Ұрғашы жануарларда бағыттаушы байламның артқы бөлігі құрсақ қуысы қабырғасымен байланысын үзіп, жатырдың жұмыр байламына айналады. Оның алдыңғы жақсы жетілген бөлігі жұмыртқалықтың арнайы байламы деп аталады.
Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
Бірклеткалы қарапайым жәндіктер қалай көбейеді?
Жыныссыз көбею дегеніміз не?
Макрогаметалар не түзеді?
Аталық көбею ағзалары қалай дамиды?
Аналық көбею ағзалары ше?
29 тақырып. Қан тамырлар жүйесінің дамуы.
Мақсаты: Қан тамырлар жүйесінің ұлпалары мен ағзалары дамуының ерекшеліктерін, олардың қалыптасуын зерделеу.
1 тапсырма. Сызбалардан, нақпішеннен, препараттардан қан тамырлар жүйесінің дамуын көріп, толық түсіну үшін мыналарды жақсылап оқып, естеріңізде сақтаңыздар. Филогенез. Суда тіршілік ететін қарапайымдар мен көпклеткалы төменгі сатыдағы организмдер қоректік заттар, оттекті' қоршаған ортадан алып, сол ортаға ыдырау өнімдерін бөліп отырады. Оларда сыртқы ортадағы керекті қоректік зат пен оттекке тек дененің сыртын қоршаған жасушалар ғана жанаса алады. Нәтижесінде зат алмасу процесі дененің терең қабаттарында орналасқан жасушаларға қарағанда қарқынды жүреді. Демек, дене жасушасындағы зат алмасу процесінің бір деңгейде жүруі үшін клеткааралық тамырлар арнасының дамуы қажет. Аталған тамырлар арқылы тереңде орналасқан жасушаларға ұлпа сұйықтығы жеткізіліп, жасушалар тіршілігі де сұйық ортада жүреді. Сұйықтыққа диффузия жолымен түскен қоректік заттар организмге таралып, оған ыдырау өнімдері бөлініп отырады.
Дене құрылысы күрделенгеи сайын оргаиизмдерде арнайы тамырлар жетіле бастайды. Олар негізінен қабырғасы бір қабат эндотелийден тұратын өзектер түрінде қалыптасады. Бұл тамырлар дене қуыстарына ашылады. Тамырлар қуысында түссіз ұлпа сұйықтығына ұқсас қан тәріздес сұйық, дене қимылы әсерімен араласып, қозғалысқа келеді. Бұндай түйықталмаған тамырлар жүйесі жәндіктер, шаян тәрізділерде кездеседі. Оларда арқаның ұзына бойымен өтетін тақ тамырлардың белгілі бір жерінде бұлшық ет ұлпасы пайда болып, жүрек тәрізді толқынды жиырылады. Нәтижесінде қан қозғалысқа келеді.
Организмнің одан әрі күрделенуі тамырлар арнасы ұштарының қосыла байланысуына, тұйықталуына әкеп соғады. Осыдан тұйықталған тамырлар жүйесі дамиды. Ол төменгі сатыдағы құрттарда кездеседі. Олардың денесінде бір арқа, екі құрсақ тамырлары жетіледі. Қан дененің бас бөлігіне арқа тамырының жиырылуы арқылы жеткізіледі. Буылтық құрттарда аталған тамырлардың екеуі ғана болады (арқа, құрсақ). Олар бір-бірімен өзара тек тамырлар ұштарымен ғана емес, әрбір дене сегментінде орналасқан метамерлік тамырлар арқылы да байланысады. Олар өз кезегінде дене қабырғасына париетальды, ішкі мүшелерге висцеральды тармақтар бөледі.
Хордалыда (ланцетник) қан айналым жүйесі арқа, құрсақ қолқаларынан (аорта) тұрады. Олар бір-бірімен желбезек саңылауларында тарамдалған ұсақ қан тамырлары арқылы ұштасады. Қанның оттекке қанығуы да осы желбезекте жүреді. Ланцетниктің қаны түссіз келеді. Қан жасушалары болмайды. Жәндікте жүрек қызметін жұтқыншақ астында орналасқан құрсақ қолқасының бұлшық етті бөлігі атқарады.
Ланцетниктің артқы бөлімінде құрсақ қолқасы кеңейіп, вена қойнауын түзеді. Оған алдыңғы және артқы кардинальды вена тамырлары ашылады. Ішек капиллярларынан басталған ішекасты вена тамырлары бауырда капилляр торларына таралып, қақпақ вена жүйесін түзеді. Одан бауыр венасы арқылы қан вена қойнауына құйылады.
Суда тіршілік ететін омырқалы жануарлардағы зат алмасу процесін атқаратын жүйелердің жетілуі, желбезек аппаратының күрделенуі, аралық бүйрек пен капиллярлар торларының дамуы қан айналым жүйесінде айтарлықтай өзгеріс туғызады. Акулаларда желбезектер мен желбезек тамырларының саны 6 жұпқа дейін қысқарады. Жоғары сатыдағы балықтарда желбезек тамырларының саны 4 жұпқа дейін азаяды. Бұл желбезектердегі капиллярлар торларының күрделене жетілуін қамтамасыз етеді. Жануарлардың бас аумағында олардан ішкі ұйқы артериясы дамиды. Арқа артериясынан көкірек қанаттарына — бұғанаастылық, құрсақ қанаттарына — мықындық артериялар бөлінеді. Ішкі мүшелерге тарайтын сегментальды артериялардың саны қысқарып, бауыр мен қарынға — тақ іш, ішектерге — шажырқайлық, бүйректерге — жұп бүйрек, жыныс бездеріне — жұп жыныс артериялары бөлінеді.
Тамырлардың веналық жүйесінде де күрделі өзгерістер байқалады. Құйрық веналары бүйрек арқылы өтіп, онда капиллярлар торларын түзеді. Одан артқы кардинальды веналар басталады.
Желбезек пен дене мүшелеріндегі капиллярлар торларының пайда болуы қанның қозғалысын қиындатып, жаңа қозғалтқыш мүше — жүректің дамуына ықпалын тигізеді. Балық жүрегі төрт бөлімнен тұрады: веналық қойнау, жүрекше, қарынша, артериальды баған. Аталған бөлімдер бір-бірінен қақпақшалар арқылы бөлінеді. Веналық қойнау қанды жалпы кардинальды, бауырлық веналардан жинайды, артериальдық баған желбезек артерияларына жалғасады. Балықтарда жүрек арқылы тек вена қаны ағып өтеді. Сүтқоректiлердің жүрегi, қан тамырларының өскiндерi ұрықтық дамуда ерте, жүйкенің сайша қалтқысының жүйке түтiгiне тұтаспай тұрғанда пайда болады. Жүрек өскiндерiнiң пайда болуы ұрық қоректенуi өзгерiстерiне дәл келедi. Ол тек ұрықты ғана қанмен қамтамасыз етіп қоймай, дамудағы организм ұлпаларына ана қанынан қажеттi заттарды жеткiзу үшiн, арнайы уақытша ағзалар құрады. Ең алғашқы болып, сарыуыз қапшығы пайда болады. Ұрықтың тамырлар жүйесi қысқа уақытта (3-4 тәулiк) өскiндер берiп, өз қызметтерiн атқара бастайды.
Тіршілік құрлыққа ауысуына байланысты денеде газ алмасу процесін іске асырушы ағза — өкпе дамиды. Ол қан айналым жүйесінің, оның ішінде жүрек пен желбезек тамырлары құрылысының түбегейлі өзгеруіне себебін тигізеді. Өкпе арқылы тыныс алынатындықтан веналық қойнау жүрекшемен бірігіп кетеді, артериальдық баған қолқа мен өкпе артериясына ажырайды. Нәтижесінде жүрек үш бөлімді жүрекке айналады (қосмекенділерде). Оның перде арқылы бөлінген екі жүрекшесі (оң, сол), бір қарыншасы болады. Бауырымен жорғалаушылардың жүрегі бір-бірінен перде арқылы бөлінген екі жүрекшеден, бір қарыншадан тұрады. Артериальдық баған қолқа мен өкпе артериясына бөлінеді. Кейбір жануарларда жүрек қарыншалары жартылай пердемен екіге бөлінеді.
Құстар, сүтқоректілер жүректері толығымен оң, сол бөліктерге ажырап, төрт камерадан тұрады.
Қан тамырларының ішінде желбезек артериялары көп өзгеріске ұшырайды. Олардан қолқа доғасы, ұйқы артерияллары дамиды. Құрлықтағы омыртқалылардың аталған қан тамырлары балықтардың III, IV, VI жұп желбезек доғаларынан түзіледі. Соның ішінде VI жұптағы желбезек доғасынан өкпе артериялары пайда болады. Желбезек доғасының VI жұбы бауырымен жорғалаушыларда оң, сол, қүстарда оң, сүтқоректілерде сол қолқа доғаларына айналады. Ішкі ұйқы артериясы желбезек доғасының III жұбынан дамиды.
Онтогенез. Сүтқоректілердің қан айналым мүшелері онтогенездің өте ерте кезеңінде қалыптаса бастайды. Олар негізінен мезенхимадан бастау алады. Ұрық дамуында мезенхималардың бірқатары қан аралшықтары, ангиобластар түрінде оқшаулана бастайды. Кейін олардың ортасында эритроциттер, лейкоциттер пайда болады. Оларды қоршап жатқан мезенхималардан ұрықтық капилляр тамырларының эндотелий қабаты түзіле бастайды. Басқа ұрық денесінен тыс жатқан мезенхималардан сарыуыз қапшығы, кіндіктің қан тамырлары пайда болады. Бұлар кейіннен ұрық денесінде дамып жатқан қан тамырларымен қосылып, оның тамырлар жүйесін құрайды.
2 тапсырма. Жануарлар онтогенезінде жүрек іштөлінің мойын аумағында, энтодерма, мезодерманың вентральды бөлігі — спланхнотомның висцеральды жапырақшасы аралығындағы, мезенхима тканьдерінен бастау алады. Алғашқы кезде бұл тканьдерден екі эндотелиальды түтік дамып жетіледі. Кейіннен бұл екі түтік спланхнотомның висцеральды жапырақшасымен жанасып, сонымен бірге дененің екінші реттік қуысы — целома ішіне қарай томпайып өсе бастайды. Екі жақтың аталған жапырақшалары біріккен кезде түтіктер бір-бірімен тұтасып, тақ жүрек түтігіне айналады. Дамудын келесі сатысында бұл түтікшелер жүректің ішкі қабығы — эндокардқа, спланхнотомның висцеральды жапырақшасы миокардқа, ал оның сыртқы сірілі қабығы — эпикардқа айналады.
Жүрек түтігі бастапкы кезде іштөлі денесінде ұзына бойы орналасып, веналық қойнаудан, жүрекшеден, қарыншадан, артериальды бағаннан тұрады. Кейіннен жүрек үш, төрт бөлімді болып қалыптасады.
Ұрық жүрегінің алғашқы дамуы кезеңінде жүрекше пердесінде плаценталық қан айналымды қамтамасыз ететін сопақша тесік орналасады. Кейіннен бұл тесік сол жүрекше жағынан сопақша тесік қақпақшасымен жабылады. Іштөлі жүрегінің қарыншасындағы көптеген бұлшық ет көпірлерінің тығыз торлары, сіңірлі жіпшелер, емізікше бұлшық ет көпірлері мен жүректің көлденең бұлшық еттеріне айналады.
3 тапсырма. Онтогенездің бастапқы кезендерінде сүткоректілер ұрығының қаны, оның бас аумағынан күретамырлар, ал тұлғасынан кардиальды веналар арқылы ағып шығады. Бұл тамырлар өзара бірігіп веналық қойнауға құйылатын жалпы кардиальды веналарды түзеді. Осы кезеңде ұрық денесінде жетілген аралық бүйректен қанды бауыр веналарға жеткізетін қарапайым қуысты вена пайда болады. Кардиальды веналар мен аталған осы қуысты вена аралықтарында анастомоздардың пайда болуы нәтижесінде кардиальды веналар көкірек, құрсақ бөлімдеріне бөледі. Оның құрсақ бөлімінен қан қарапайым қуысты венаға құйылады. Ұрық (іштөлі) денесінің артқы бөлігінен қанды алып келетін жалпы мықын веналарының арасында, олардың оң, сол кардиальды веналарға құйылар тұсында анастомоз пайда болады. Осының нәтижесінде қан тек оң кардиальды вена арқылы ғана ағады да, сол кардиальды вена редукцияға шалдығады, яғни біртіндеп жоғалып кетеді. Ал, оң кардиальды вена артқы қуысты венаның бел аумағындағы бөлігіне айналады. Сөйтіп, тұрақты артқы қуысты вена оң кардиальды венадан, қарапайым қуысты венадан және бауыр венасынан түзіледі.
Тақ веналар (сол және оң) кардиальды веналардың көкірек бөліктерінен дамиды. Олар қанды көкірек керегесі қабырғасынан жинайды. Үй жануарларының ішінде жылқы мен итте тек оң тақ вена, ал сиыр, қой, ешкі мен шошқада тек сол тақ вена ғана жетіледі.
Бұғанаасты веналар ұрықтық дамудың бастапқы кезінде кардиальды веналарға ашылады. Қуысты веналар жетілгеннен кейін, бұғанаасты веналар әуелі жалпы кардиальды веналарға, одан соң орын өзгертіп күретамырға құйылады. Осындай өзгерістердің нәтижесінде күретамырлардың жүрекке жақын соңғы бөліктері алдыңғы қуысты веналар деп аталынады.
Іштөлі дамуының кейінгі кезегінде алдыңғы қуысты веналардың арасында анастомоз пайда болып, вена қаны негізінен оң қуысты вена арқылы ағады. Нәтижесінде сол қуысты вена құрылымдық редукцияға ұшырап, ақырында жоғалып кетеді.
Жануарларда вена қан тамырлары қызметтік байланыстағы төрт веналық жүйке құрайды. Олар: 1) жүрек веналары; 2) кіші қан айналым шеңберінің веналары; 3) алдыңғы қуысты веналар жүйесін және 4) артқы қуысты веналар жүйесі.
Лимфа жүйесінің дамуы. Омыртқасыздар мен төменгі сатыдағы омыртқалыларда лимфа жүйесінің қызметін веналық қан айналым жүйесі атқарады. Балықтар мен қосмекенділерде лимфа айналым жүйесі қарапайым лимфа қойнаулары түрінде жетілген, Олар негізінен теріасты мен ішкі мүшелерде орналасады. Құстарда лимфа қойнауларының орнында жіңішке келген түтікше лимфа тамырлары жетіледі. Лимфа тамырлары қақпақшалармен жабдықталған. Бірақ олардың саны аз. Ал, сүткоректілерде лимфа тамырлары жақсы жетілген. Оларда қақпақшалар көптеп кездеседі.
Лимфоидтық құрылымдар мен лимфа түйіндері тек жылы қанды жануарларда кездеседі. Мысалы, құстарда мұндай құрылымдар жұтқыншақта, өңеште, бүйенде орналасады. Лимфа түйіңдері негізінен сүтқоректілерде жоғары дәрежеде жетілген.
Лимфа тамырлары томпайып тұйық келген лимфа капиллярынан бастау алады. Лимфа капиллярларының қабырғасы эндотелийден тұрады. Диаметрлері қан капиллярларына қарағанда кең, созылмалы. Мүшелерде лимфа капиллярлары бір-бірімен қосылып көптеген торлар түзеді.
Мида, көкбауырда, тері эпителиінде, бауырда, көздің қасаң қабығы, көз бұршағында лимфа капиллярлары болмайды.
Қан жасаушы мүшелердің дамуы. Ұрық дамуының бастапқы кезеңінде мезенхимадан ангиобластар деп аталатын қан аралшаларының клеткалары қан мен эндотелий клеткаларына айналады. Ең алғашқы кезде ангиобластар ұрық денесінен тыс сарыуыз қапшығы мезенхимасыңда түзіледі, ал кейіннен олар мезенхимасынын өзінде диффузды түрде өтеді.
Сарыуыз қапшығының қан түзуші қызметі өз ретімен мезенхимадан пайда болған бауырға, көкбауырға, қызыл сүйек майына ауысады. Ұрық дамуының алғашқы айларында (1,5—2 ай) бауыр бүкіл құрсақ қуысын алып жатады. Оның бұлай жетілуі ұрықтың даму кезіндегі қан клеткаларын түзумен тығыз байланысты. Қан жасау қызметінің көкбауыр мен қызыл сүйек майына ауысуына байланысты, оның өсу қарқаны бәсеңдейді. Туғаннан кейін ақ қан клеткалары көкбауырда, лимфа түйіндерінде, лимфа құрылымдарында түзіле бастайды.
Қызыл сүйек майының қан түзу қызметі сүйек тканінің жетілуіне тікелей байланысты. Ересек жануарларда ол негізгі қан жасаушы мүше болып есептеледі. Организмде эритроциттер тек осы қызыл сүйек майында түзіледі.
Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
Ангиобластар дегеніміз не?
Мезенхиманың бұл жүйедегі рөлі қандай?
Қан жасаушы ағзалардың дамуы қалай жүреді?
30 тақырып. Тірек – қимыл жүйесінің дамуы.
Мақсаты: Тірек-қимыл жүйесінің ұлпалары мен ағзалары дамуының ерекшеліктерін, олардың қалыптасуын зерделеу.
1 тапсырма. Сүйектің дамуы. Қаңқа сүйектері дамуына байланысты екі топқа бөлінеді. Олар: біріншілік және екіншілік сүйектер. Біріншілік сүйектердің дамуында жаргақты, шеміршекті және сүйекті кезеңдерін ажыратады. Бүндай сүйектерге түлға, аяқ және негіздік бас сүйектері жатады. Екіншілік сүйектер даму барысында жарғақты және сүйекті ке-зеңдерінен етеді. Бүл топты бастың жабынды жалпақ сүйектері қүрайды.
Филогенезде жарғақты қаңқа алғашқы рет хордалылар типінің қарапайым өкілі ланцетниктерде дамып жетіледі. Эволюциялық дамудың келесі сатысындағы шеміршекті балықтарда (акула, скат) жарғақты қаңқаны шеміршекті қаңқа ауыстырады. Бұдан кейінгі са-тылардағы жануарлар өкілдерінде (сүйекті балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер) шеміршекті қаңқадан сүйекті қаңқа дамиды.
Әрбір жануарлар қаңқасы өзінің онтогенезіңде филогенездегі кезеңдерді қысқаша қайталап өтеді. Біріншілік сүйектер дамудың үш кезеңінен, ал екіншілік сүйектер мезенхимадан дамитын жарғақты қаңқа, оның орнында қалыптасатын сүйекті қаңқа кезеңдерінен өтеді.
2 тапсырма. Онтогенездің бастапқы кезеңінде жас дәнекер ткань — мезенхимадан жарғақты қаңқа дамиды. Дамудың келесі кезеңінде жарғақты қаңқа негізінен шеміршекті қаңқаға ауысады. Бұдан соң шеміршекті қаңқаның кейбір жерлеріңде сүйектену ошақтары пайда болады. Сөйтіп шеміршекті қаңқа біртіндеп сүйек тканіне айнала бастайды.
Қаңқа сүйектері тканінің түзілу орнына байланысты сүйектенудің шеміршекіштік (энхондральды) және шеміршексырттық (перихондральды) түрлері ажыратылады.
Жілік бөліктерінде сүйектену әр түрлі жолмен жүреді. Жіліктің диафизі перихондральды, ал эпифиздері энхондральды жолмен сүйектенеді. Перихондральды сүйектену кезінде сүйек ткані шеміршектік жілік диафизі қабының ішкі бетіндегі клеткалар — остеобластардан түзіледі. Сүйек тканінің одан әрі қалыңдауының нәтижесінде жіліктің сүйектік диафизінің тығыз сүйек заты қалыптасады. Осы кезде жілік шеміршегінің ішіне қарай енген остеобластар мен остеокластардың (сүйек тканін бүзушы клеткалар)— қатысуымен шеміршектік диафиздің орнында сүйек кемігі түзіледі. Одан кейін тек остеокластардың әрекетіне байланысты сүйек кемігі толығымен бұзылып, оның орнында жілік қуысы пайда болады. Сүйек кемігі диафиздің екі ұшы мен эпифиздердің аралығында ғана сақталып қалады. Бүл кеміктік аралықты метафиз деп атайды. Метафиз сүйек қуысы жағынан эндоостпен қапталған.
Жілік эпифиздерінің ішкі ортасында пайда болған сүйектену ошақтарынан сүйектің кемік заты дамиды. Осы заттың ұлғайып өсуі нәтижесінде шеміршектік эпифиздер толығымен сүйек кемігіне айналады. Бірақ шеміршек толығымен жойылып кетпей эпифиздердің сыртқы буындық беттері мен метафиздермен шекаралас жерлерде сақталып қалады. Эпифиз бен метафиздің аралығындағы шеміршекті — метафиздік шеміршекті қабат деп атайды.
Қысқа сүйектер негізінен энхондральды сүйектену жолымен дамиды. Ал, сүйектерде кездесетін әр түрлі өсінділер жеке энхондральды сүйектену ошақтары арқылы өсіп жетіледі. Бүндай ошақтарды апофиздер дейді.
3 тапсырма. Сүйектердің түтаса байланысуы негізінен суда тіршілік ететін төменгі сатыдағы омыртқалы жануарларға тән. Жануарлардың құрлыққа шығуы аяқтардың дамуы мен басқа да қозғалыс мүшелерінің жетілуіне ықпалын тигізді. Осының нәтижесінде сүйектердің байланыс түрлері де аталған мүшелердің атқаратын қызметтеріне тәуелді жетіліп, күрделене дамиды.
Онтогенездің бастапқы кезеңдерінде сүйектер бір-бірімен өзара жас дәнекер ткань — мезенхиманың көмегімен байланысады. Дамудың келесі кезеңдерінде қаңқа сүйектерінің орналасу орны мен атқаратын қызметіне сәйкес сүйекаралық мезенхимадан тұтаса байла-ныстың түрлері (синдесмоз, синхондроз, синэластоз, синостоз) дамиды.
Ал, буынды байланыстардың дамуы кезеңінде сүйектер аралығындағы мезенхима ыдырап, жойылып кетеді де, оның орнында қоймалжың сұйық — синовийге толған, сыртынан буын қапшығымен шектелген буын қуысы пайда болады. Буын қапшығы да, байланысушы сүйектердің буын беттерін қаптаған гиалин шеміршегі де мезенхимадан дамиды.
Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
Қаңқа сүйектері дамуында қандай екі топқа бөлінеді?
Сүйектің дамуы қалай жүреді?
Сүйектер байланысының дамуы туралы не білесіз?
4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОРЫЙДАЙТЫН ЖҰМЫСТАРЫ
4.1 Окуляр көрсеткішін әзірлеу
4.2 Мұражай (музей) препараттарын әзірлеу
4.3 Слайдтар әзірлеу
4.4 Суреттер жасау
4.5 Амнионды ашып көру
4.6 Ұрық қабықтарын зерделеу
4.7 Жүйке жүйесі дамуын өз бетімен зерделеу
4.8 Сезгіш жүйелер дамуын өз бетімен зерделеу
4.9 Ішкі секреция жүйесі дамуын өз бетімен зерделеу
4.10 Тері-жабын ағзалары дамуын өз бетімен зерделеу
4.11 Ас қорыту жүйесі дамуын өз бетімен зерделеу
4.12 Тыныс алу ағзалары дамуын өз бетімен зерделеу
4.13 Зәр шығару ағзалары дамуын өз бетімен зерделеу
4.14 Жыныс жүйесі дамуын өз бетімен зерделеу
4.15 Тірек-қимыл ағзалары дамуын өз бетімен зерделеу
ОБӨЖ оқытушы түсіндірме бергеннен кейін орындалады. Қажетті кеңесті ұялмай сұрап алған орынды. Оның нәтижесі жаппай сұрауда, ағымдағы, шектік бақылауда анықталады. СӨЖ орындағанда, ол түрлі әдістемелік жолдарды таңдап, пайдалануына болады. Негізгі бақылау 4, 6, 10, 13 тәуліктерде жүргізіледі. Бақылау тапсырмалары. Олар сөзсiз орындалып, белгiленген мерзiмде тапсырылуы қажет. Кешiгiп орындалған жұмыстардың бағасы өзiнен - өзi төмен болады. Межелiк бағалау: Межелiк бағалаудың қортындысы сабақ қатысуы мен үлгерiмiне, студенттердiң белгiленген мерзiмге өз бетiмен жұмыс орындауына, сабақта ауызша немесе жазбаша түрде берген жауабына, межелiк бақылау қортындысына байланысты қойылады. Рейтингтік бақылау 7 және 15 тәулікте ауызша сұрау арқылы өтеді. Шектік аттестация қортындысы студенттің сабаққа, дәріске қатысуына (дәрiс, зертханалық сабақтарға мiндеттi түрде қатынасу керек. Егерде қандайда болмасын себептермен сiз оларға қатынаса алмасаңыз, онда барлық меңгере алмаған материалға жауапкер боласыз), зертханалық сабаққа дайындалғанына, ОБӨЖ, СӨЖ орындалғанына байланысты қойылады.
Қортынды емтихан барлық студенттер емтихан беруге рұқсат етiлгеннен кейiн емтихан сұрақтары жазылған ауызша, не тест арқылы өткiзiледi. Бұл студенттерге өте маңызды: себебi олар әр деңгейдегi жүйелер құрылымының тiршiлiк құбылысы мәнiн қалыптастыруы; философияның диалектикалық материализм көзқарасынан организмнің даму заңдылықтарын; тiршiлiк процестерiн басқаруды меңгерiп алуы қажет. Бұлармен бiрге емтиханға дейiн пән бағасын шығару үшiн қысқаша жазба дәптер, микропрепараттағы көрiнiстер бейнесiн салған альбом тексерiледi, биология бакалавры жұмысына қажет организм, ағза, ұлпа, жасуша, олардың электронды микроскоптағы құрылымын күрделi, кешендi зерттеу тәсiлдерiн қолдануына қажет препараттарды, электронды микрофотограммды оқып, микроскоппен жұмыс iстеу дағдысы байқалады. Әр тесте пәннiң әр бөлiмiнен алынған бес сұрақ болады. Оның iшiнде тек бiр жауабы ғана дұрыс. Сондықтан дұрыс жауап алдына белгi қою қажет.
«ЖЕКЕ ДАМУ БИОЛОГИЯСЫ» ПӘНІНІҢ ЕМТИХАНЫНА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАРЫ
Жеке даму биологиясы, оның басқа пәндермен байланысы, келешек биология бакалаврын дайындаудағы маңызы. Қысқаша тарихы. Пәннің қазіргі бағыттары.
Ендегі иректi өзекше қабырғасының құрамын атаңыз.
Құстың ұрықтан тыс (іштөлі) қабықтарын атап, олар қандай қызмет атқаратынын түсіндір.
Қаңқа сүйектері дамуында қандай екі топқа бөлінеді (сипаттаңыз)?
Қандай зерттеулер К.Ф. Вольф, А.М. Шумлянский, К.Э. Бэр аттарымен байланысты?
Лейдиг жасушасының құрылысын баяндаңыз, ол қандай гормон бөледi?
Ен қосалқысындағы барлық өзекшелердi атап, әкетүшi өзекшелерден тiк өзекшелер қандай белгiлерiмен ерекшелелетiнiн түсiндiр.
Сперматозоидтың құрылысы мен қызметін баяндаңыз.
Қандауыр (акросома) дегеніміз не? Оның атқаратын рөлі қандай?
Еркек малдардың қосымша бездерiн атап, олардың маңызын сипаттаңыз.
Еннiң құрылысы қандай? Үрпi құрылысын түсiндiр.
Онтогенез дегеніміз не? Ол қалай жіктеледі?
Тілтіс, омыртқалы ганоидтар мен қосмекенділер бластулаларының ерекшеліктері неде?
Овогенездің сперматогенезбен салыстырғандағы ерекшеліктерін атаңыз.
Ланцетник ұрығының даму сатыларына салыстырмалы-эмбриологиялық шолу жаса.
Ұрықтану дегеніміз не? Оның биологиялық маңызы неде?
Табиғи және жасанды ұрықтанбай өрбу дегеніміз не?
Эмбриогенез дегеніміз не? Оның қандай сатылары бар?
Бастапқы, аралық және тұрақты бүйректер қалай дамиды?
Ұлпалар мен ағзалардың дамуы?
Эмбриогенездің әр сатысына сипаттама беріңіз.
Бластула, гаструла дегеніміз не? Гаструляция туралы не білесіз?
Гоноциттер (гонобластар) қайда пайда болады, олар қайда және қалай көшедi?
Қандай жасушаларда хромосомалардың диплоидты жиынтығы, ал қандайында гаплоидты жиынтығы болады?
Сүттенетін сүт безінің құрылысын, сүттенбейтін кезеңдегі құрылыммен салыстырып, айырмашылықтарын сипаттаңыз.
Жетiлген аналықтардың аналық бездерiнде овогенездiң қандай дәуiрi өтедi?
Бiрiншi көпiршiктегi овоциттiң екiншi түрiнен айырмашылығы бар ма, болса ол неде?
Овогенез өсу сатысының ерекшелігі бар ма?
Эндотелиохориалды қағанақ қандай малдарда кездеседі? Оның тосқауылын түзетін құрамбөліктерін баянда.
Ұрықтың ана организмімен және орта мен өзара іс-қимыл жасауы.
Амфибий ұрығының даму сатыларына салыстырмалы-эмбриологиялық шолу жаса.
Тері – жабынның дамуы.
Сүтқоректілердің ұрықсоңы дамуы.
Сперматогенез бен овогенездің ұқсастығы, айырмашылықтары.
Ас қорыту жүйесінің дамуы.
Тілтіс (минога), омыртқалы ганоидтар және қосмекенділердің дамуы.
Жыныстық цикл. Ұрықтану және ұрықтанбай өрбу.
Тыныс алу жүйесінің дамуы.
Сүтқоректілердің дамуы.
Қан тамырлар жүйесінің дамуы..
Жеке даму биологиясы нені зертейді? Оның қандай жетістіктерін білесіз.
Гаметогенез туралы түсінік.
Құстардың ұрықсоңы дамуы
Қағанақ туралы не білесіз?
Жыныс бездерінің құрылысы.
Сүтқоректілер ұрығының даму сатылары, ерекшеліктері, қауіпті кезеңдері.
Зәр шығару жүйесінің дамуы.
Балықтар, бауырымен жорғалаушылар және құстар дамуындағы ерекшеліктер.
Негізгі және қолданбалы даму түрлері, ондағы жетістіктер мен мақсаттар.
Лимфа жүйесінің дамуы.
Құс ұрығының дамуындағы ерекшеліктер неде? Оның кезеңдері, қауіпті сатылары.
Ұрықтық материалдарды ауыстырып салу (трансплантация) туралы не білесіз?
Ішектердің дамуы қалай жүреді?
Балықтардың ұрықсоңы дамуы
Жұмыртқаклеткасының құрылысы және овогенез.
Эпителиохориалды қағанақ қандай малдарда кездеседі? Оның тосқауылын түзетін құрамбөліктерін баянда.
Дұрыс және бұрыс даму.
Құстар эмбриогенез кезеңдерінің өтуі және ерекшеліктері. Ұрықтан тыс ағзалар.
Омыртқалылар жүйке жүйесі дамуының негізгі белгілері қандай?
Жасушалық инженерия, тек инженериясы және биотехнология туралы не білесіз? Демеу түрлерін атаңыз.
Сырттай және іштей ұрықтану қандай жануарларға тән?
Өңеш пен қарын қалай дамиды?.
Цитожіктелу және морфогенез туралы не білесіз?
Бауырымен жорғалаушылар эмбриогенез кезеңдерінің өтуі және ерекшеліктері. Ұрықтан тыс ағзалар.
Құсқа қандай бөлшектену тән? Дискобластула дегеніміз не?
Даму биологиясының ілімдік және қолданбалы аспектілері.
Жұмыртқаклетка қандай белгілеріне байланысты жіктеледі, олар қалай деп аталады?
Абиотикалық, биотикалық және антропогендiк факторларды баяндаңыз.
Организмнің даму кезеңдері. Тәжірибелік эмбриология немесе даму механикасы. Ұрық материалдарын көшіріп орнату. В. Фогт тәсілі.
Қағанақ дегеніміз не? Оны қандай белгілеріне байланысты шашыраңқы, ыдысша, шеңбер (сақина), диск тәрізді деп бөледі.
Сомиттер дегеніміз не? Онда мезодерма қалай жіктеледі?
Өсу, оның өзерістері. Тікелей даму. Түр өзгерісі дамуы.
Жұмыртқаклеткасының қосымша қабықтарын атап, олардың атқаратын қызметтерін түсіндіріңіз.
Балықтар эмбриогенез кезеңдерінің өтуі және ерекшеліктері. Ұрықтан тыс ағзалар.
Жыныстық жасушалардың құрылысы, қызметі және дене жасушаларымен салыстырғандағы ұқсастықтары және негізгі айырмашылықтары.
Онтогенез дегеніміз не? Ол қалай жіктеледі?
Омыртқалылардың зәр шығару ағзалары қалай дамиды?
Ұрық жапырақшаларының түзілуі, олардың ерекшеленуі, ұлпалар мен ағзаларды құруы. Қай ұрық жапырақшасы қандай ұлпа және ағза түзеді?
Сперматозоид пен еннің құрылысы және сперматогенез.
Ұрық организмiнiң қабылдағыштық, реттеушi нейрогуморальдi механизмi.
Ана организмiнiң қабылдағыштық және реттеушi механизмдерi.
Овуляция дегеніміз не? Сары тін неден дамиды, оның маңызы неде?
Ланцетник эмбриогенезінің кезеңдері, олардың ерекшеліктері. Білікті ағзалардың қалыптасуы.
Жетілген жыныс жасушаларының дене жасушаларынан айырмашылығы неде?
Гаструляцияның түрлері. Омыртқалылардың ұрық жапырақшалары қалай түзіледі? Білікті ағзалардың қалыптасуы.
Сүтқоректілерде ғана болатын іштөлі қабығын ата. Оның қызметі қандай?
Қосмекенділер эмбриогенез кезеңдерінің өтуі және ерекшеліктері.
Жұмыртқалық. Ол овогенезге, дене қуысына шығуына, бітеуөзек (атрезия) және сары тінін құруына байланысты қалай өзгереді?
Төменгі сатыдағы жәндіктерде зәр шығару қызметін не атқарады?
Сүтқоректілер (қалталы, жоғары сатыдағы) эмбриогенез кезеңдерінің өтуі және ерекшеліктері. Ұрықтан тыс ағзалар. Қағанақтың құрылысы және атқаратын қызметі.
Көбеюдің негізгі екі түрін атап, оларға сипаттама беріңіз.
Ұрық жапырақшаларының алғашқы жіктелуі қашан басталады?
Омыртқалы ганоидтар эмбриогенез кезеңдерінің өтуі және ерекшеліктері.
Қандауыр (акросома) дегеніміз не? Ол қандай органоидтан дамиды, ұрықтануда қандай рөл атқарады?
Гемохориалды қағанақ қандай сүтқоректілерде болады? Оның тосқауылын түзетін құрамбөліктерін баянда.
Тілтіс (минога) эмбриогенез кезеңдерінің өтуі және ерекшеліктері.
Қолдан ұрықтандыру әдісін баяндаңыз. Ол ұтымды ма?
Жетiлген аналықтардың аналық бездерiнде овогенездiң қандай дәуiрi өтедi?
Бiрiншi көпiршiктегi овоциттiң екiншi түрiнен айырмашылығы бар ма, болса ол неде?
Овогенез өсу сатысының ерекшелігі бар ма?
Ен құрылысы. Онда аталық жасушалар қалай дамиды?
Онтогенез, оның дәуірлері. Филогенез. Ланцетниктің дамуы.
Сарыуыз мөлшеріне байланысты жұмыртқаклетка қалай және қандай түрлерге жіктеледі? Жұмыртқа клеткасының құрылысы қандай?
Көбею биологиясы. Организмнің көбею түрлері.
Жыныстық цикл сатылары. Ұрықтану морфологиясы және биологиясы. Ұрықтанбай өрбу түрлері.
Аталық жыныс жасушаларының дамуы немесе сперматогенез.
Бөлшектену, оның түрлері, ұрық дамуына орта жағдайларының тигізетін әсері.
Сүтқоректілер жұмыртқаклеткасының құрылысы қандай?
Жұмыртқаклеткаларын қандай белгілеріне қарап жіктейді, олардың қандай түрлерін білесіз?
Көбеюдің негізгі екі түрін атаңыз.
Жыныссыз көбею қалай өтеді?
Көп ұрықтылық (полиэмбриония), өзара қосылу (копуляция), қосылу (конъюгация), қызтекелік (гермафродитизм) дегеніміз не?
Жыныстық көбеюдің биологиялық рөлі неде?
Ұрықтанбай өрбу (партеногенез) дегеніміз не?
Моно және полиспермия дегеніміз не?
Ұрықтанбай өрбудің жіктелуін атап, оның қайсысы бал арасына, сонаға және құмырсқаға тән екенін баяндаңыз?
Организмнің көбею түрлері, олардың сипаттамасы, оның жетістіктерін практикада қолдану. Сперматогенез және овогенез сатыларын сипаттау.
Десмохориалды қағанақ дегеніміз не? Расында да ол ұсақ және ірі қара малда бола ма?
Ангиобластар дегеніміз не? Мезенхима бұл жүйеде қандай рөл атқарады?
Нейруляция дегеніміз не? Онда қандай өзгерістер байқалады?
Достарыңызбен бөлісу: |