Ќр білім жєне ѓылым министрлігі



бет1/2
Дата11.05.2024
өлшемі63,5 Kb.
#201961
  1   2
Байланысты:
1- дәріс
Икт 2 АБ 2, все тесты


1 – дәріс

Тіл білімі және оның объектісі


Мақсаты. Тіл білімі – ғылым ретінде қалыптасуы. Тіл білімінің зерттеу нысаны мен міндеттерін білу. Тіл білімі - жүйелі дербес ғылым.
Дәріс жоспары:

  1. Тіл білімінің нысаны, мақсаты

  2. Жеке тіл білімі, жалпы тіл білімі

  3. Тіл білімінің тараулары мен салалары

  4. Басқа ғылымдармен байланысы

1.Тіл білімі – дербес ғылымның бірі. Тіл білімі немесе лингвистиканың зерттейтіні, яғни нысаны (объектісі) – тіл, адамзаттың сөйлеу тілі, дыбыстық тілі. Тіл – адамдар арасындағы пікір алысу, өзара түсінісу құралы, кез келген тіл адамдар үшін, өзінің ортасы үшін, яғни қоғам үшін қызмет етеді.


Лингвистиканың негізгі объектісі – сөйлеу, адамзаттың сөйлеу тілі. Сөйлеу – адамның іс-әрекетінің ерекше формасы. Сөйлеу адамзаттың ойлауымен және басқа да психикалық процестермен тығыз байланысты. Сөйлеу процесі адамзаттық сөйлеу іс-әрекетін тексеру бір ғана тіл білімінің үлесі емес, бұл басқа да ғылымдардың (психология, физиология, логопедия) да объектісі. Әдетте сөйлеу мен тіл сөздері синоним ретінде қолданыла береді, бірақ олар бірдей емес, бұл ұғымдарды ажырата білу қажет, айырмасын табу керек. Сондықтан психология сөйлеумен айналысса, лингвистика тіл ерекшеліктерін қарастырады. Тіл дегеніміз адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, пікір алысу құралы, сөйлеу – сол тілді қарым-қатынас жасау, пікір алысу құралын пайдалана білудің әр түрлі амалдары мен жолдары, тәсілдері.
Тіл – единицалар жүйесі.
Тіл білімі кез-келген ғылым саласы ретінде практикалық қажеттіктен туып, дамып күрделі де жан-жақты, жүйелі теориялық ілімге және қолданбалы пәнге айналады. Теориялық тіл білімі шартты түрде жалпы және жеке тіл біліміне бөлінеді.
2. Жеке тіл білімі – бір ғана тіл туралы ғылым. Ол ғылым нақты бір тілдің жүйесін, құрылымын, ерекшеліктерін даму заңдықтарын зерттейді.
Нақты бір тілді зерттейтін лингвистика да туыстас тілдер тобын зерттейтін лингвистикада жеке тіл білімі қатарына жатады.
Жалпы тіл білімі – лингвистиканың теориялық методологиялық негізі, тілдің жалпы теориясы туралы ғылым. Бұл ғылым жеке, нақты тілдерді, туыстас тілдер тобы мен семьяларын егжей-тежейлі зерттеу. Солардың ортақ заңдылықтарын ашу, айқындау негізінде жасалынған.
Сөйтіп лингвстикадербес ғылым ретінде негізгі екі бөлімнен–жекежалпы т/б –дан құралады.Лингвистика теориялық негізі-жалпы т/б. Ал тілдің теориясы-тілдік факторлардың шексіз мұхитында алға бастар компас.
Жалпы тіл білімінің басты мәселелері:

  1. тілдің мәні, табиғаты, қызметі қандай деген сұраққа жауап беру.

  2. белгілі бір методологияға негізделуі: салыстырмалы-тарихи әдіс.(негізің қалаушылар Франц Бопп (1791-1867), Расмус Раск (1787-1832) неміс ғалымы Яков Гримм, орыс ғалымы Ал. Хр. Востоков (1781-1864);

Статистикалық талдау әдісі структуралықзерттеу әдісі (Прага лингв. мектебі, Американ структурализімі, копенгаген мектебі).

  1. тілдің құрылымы мен жүйесін зерттеу мәселесі тілдің құрылымы мен жүйесін зерттеу мәселесі тілдің құрылымы өте күрделі құбылыс А.А Реформатскидің түсіндіруші: тілдің құрылымы –бір бүтін ішіндегі әр тектес элементтердің бірлігі. Құрылым ішіндеегі әр ерустың өз жүйесі болады.(фонетика, морфология). Таңбалар жүйесі туралы ілімді сематика д/а.

  2. Жалпы т/б тіл мен ойлаудың шынуы, дамуы әр түрлі дәуірлердегі тілдердің қарым-қатынасы деген маселелерге жауап береді.

  3. Дүние жүзінде 5661 тіл бар екн жалпы т/б осы тілдердің туыстық қарым-қатнасын , құрылымын зерттеп, солар жөнінде мағлұмат береді.

Ленгвистика тілдерді екі тұрғыдан; шығу тегі мен құрылысы жағынан топтайды, яғни геологиялық және типологиялық классификация.
Геологиялық тұрғыдан тілдерді шығу тегіне, туыстығына, даму заңдылықтарының ортақтығына қарай топтастырғанда барлық тілдер алпыс семые қажарына кіреді: индаэвропа, семих-хамит6 кавказ, Алтай, Орал, Қытай-тибет , Балту т.б.
Типологиялық тұрғыдан барлық тілдерді құрамы мен құрылына қарай ірі төрт топқа бөлінеді. Түбір (аффиксіз) тілдер, полисинтетикалық (инкорпаративті) фиективті (фузиялық), аггиотинативті (жалғалмалы)
6 Жалпы т/б дүние жүзінде жазу, сызу тарихы, жалпы жазу атаулының шығуы, олардың түр-түрі жөнінде теорилық және практикалық ұғымдар туралы мағлұмат береді
7.Тіл мен сана, және тіл мен ойлаудың байланысы жөніндегі мәселе-лингвистикалық философиялық негізі, ең үлкен проблемасының бірі.
8. Тіл тарихи құбылыс. Кез келкен тілдің бүгінгі қазіргі таңдағы қалпы бар, кез келген тілдің өткені яғни тарихи бар деген сөз. Осыған байланысты екі термин синхрония және диохрония (бір кездегі, әркездегі) синхрондық тұрғыдан зерттеу-тілдің қазіргі құрылымын жүйесін сипаттау, диахрондық тұрғыдан зерттеу-тілдің құрылымы мен жүйесін тарихи шалып, қарастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет