Қр денсаулық сақтау министрлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет31/41
Дата24.04.2024
өлшемі0,73 Mb.
#201308
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41
Байланысты:
Kaz testy intern inf bol ispr (2)

Сіреспе. (6)
619.Сіреспе қай ауру тобына жататынын көрсетіңіз:
a) ішек инфекциялары
b) тыныс алу жолдарының инфекциялары
+c) беткей жабындылар инфекциялары
d) қан (трансимиссивті) инфекциялары
e) парентеральді инфекциялар
620.Сіреспе токсины көбінесе зақымдайды:
+a) эфферентті рефлекторлы доғаның ендірме (вставочные) нейрондары
b) бас миы қыртысының қозғалтқыш аймағы
c) холинэргиялық синапстар
d) жұлынның артқы мүйіздері
e) сопақша мидың ретикулярлы формациясы
621. Жиірек сіреспенің ерте симптомы болып табылады:
a) диплопия
b) дисфагия
+c) тризм
d) опистотонус
e) тетаниялық тырыспалар
622. Сіреспе диагнозы неге негізделініп қойылады:
a) клинико-лабораторлы мәліметтерге
b) клиникалық мәліметтерге және бактериологиялық зерттеудің нәтижесіне
c) клиникаға және антитоксикалық антиденелер дәрежесін анықтауға
+d) клиникаға және анамнезінде жарақаттың болуына
e) клинико- эпидемиологиялық және лабораторлы мәліметтердің жиынтығына
623. Сіреспенің алғаш симптомдарында бірінші кезекте тағайындайды:
a) антибиотиктер
+b) сіреспеге қарсы сарысу
c) сіреспеліканатоксин
d) нейролептиктер
e) люминал+ дифенин
624. Иммунды емес науқастарда жарақаттар, күйіктер және үсіктер байқалғанда сіреспенің алдын-алуы жүргізіледі:
a) сіреспеліканатоксин
b) сіреспеге қарсы иммуноглобулин
c) сіреспеге қарсы сарысу жөне иммуноглобулин
+d) сіреспеге қарсы иммуноглобулин жөне анатоксин
e) әсері кең спектрлі антибиотиктер


Тілме (17)
625.Тілмемен ауруға бейім келетін қандай науқастар:
a) асқазан ойық жарасымен
+b) қант диабетімен
c) гипертониялық аурумен
d) бейспецификалық жаралы колитпен
e) ішек инфекциясымен
626.Тілме қандай инфекциялық аурулар тобына жатады:
a) парентеральды
b) ішек инфекциясына
c) ауa -тамшылы инфекцияға
d) жуғу жолы әртүрлі
+e) сыртқы жабындылар арқылы

627. Тілме кезінде байқалатын негізгі жергілікті симптом:


а) ойықжара
b) пустула
+c) эритема
d) шиқан
е) сыздауық

628. Тілме кезінде қандай факторлар әсер етеді:


а) преморбидті
b) қоздырушы фактор
+c) стрептококктың сенсибилизациясы
d) стрептококктың токсигенділігі
е) эндогенді инфекция

629. Тілмеге тән негізгі симптом:


а) интоксикация синдромы
b) диарея синдромы
+c) терінің зақымдану синдромы
d) артралгиялық синдром
e) менингиальды синдром

630.Тілменің ең жиі кездесетін клиникалық формасы:


+a) эритематозды
b) метастатикалық
c) эритематозды-буллезді
d) буллезды-геморрагиялық
e) эритематозды-геморрагиялық

631.Тілменің ең жиі орналасатын жері:


а) арқада
b) іште
c) кеудеде
d) қолдарда
+e) аяқтарда

632. Біріншілік тілме кезінде ерте пайда болатын симптом:


a) зақымданған жердегі ауру сезімі
+b) теріде эритеманың пайда болуы
c) қалтырау, дене қызуының жоғарылауы
d) зақымданған ошақтың ісінуі
e) регионарлы лимфа түйіндеріндегі ауру сезімі

633. Тілмеге аса тән негізгі синдром:


а) интоксикациалық синдром
+b) терінің зақымдану синдромы
c) ісікті-асциттік
е) гиповолемиялық

634. Тілменің эритематозды түрінің клиникалық белгілеріне жатады:


+а) шектелген гиперемия
b) зақымданған жердегі айқын пульсация
c) зақымданған жердегі қара дақ
d) региональды лимфаденит
e) гиперемияланған жердің флюктуациясы

635.Тілме кезіндегі эритемада болатын өзгерістер:


a) терінің шектелмеген гиперемиясы
b) бетте көбелек тәрізді гиперемия
c) периферияда айқын көрінетін тері гиперемиясы
+d) гиперемияланған терідегі айқын шектелген аумақ
e) гиперемиямен қоршалған некроздалған ошақ

636.Тілменің буллезді формасына тән:


а) терідегі ұсақ көпіршіктер
b) безболезненный карбункул
c) ұзаққа созлыатын ауру синдромы
d) нерв бағанасының бойымен ауру сезімі
+e) серозды сұйықтықпен ірі көпіршіктер

637.Тілме диагнозы негізделіп қойылады


+a) клинико-эпидемиологиялық белгілерге
b) бактериологиялық белгілерге
c) терілік-аллергиялық сынамаларға
d) серологиялық реакцияларға
e) биологиялық әдістерге

638. 55 жастағы, әйел адам жедел ауырған: дене қызуы 39°С дейін көтеріліп, қалтырау, сол балтырының тартылуы, басының ауруы байқалған. 2-ші күні сол балтырының керіп ауру сезімі, гиперемиясы және ісінуі мазалаған. Науқас кеше жаңа аяқ киім аяғын қажағанын айтады. Жергілікті белгілер: сол балтырында айқын ісіну, шектелген гиперемия, ұстап көргенде ыстық және пальпацияда ауру сезімді. Мүмкін болатын диагнозды таңдаңыз. a) оба


+b) тілме
c) бруцеллез
d) эризипелоид
e) сібір ойық жарасы

639. 51 жастағы У.атты ер адам, жүргізуші, аурудың 3 күні ауыр жағдайда ауруханаға түскен, дене қызуы 39,6°С, тахикардия, пульс 130 мин-на., АҚҚ 95/60 мм.с.б Кеудесінің сол бөлігі толығымен гиперемияланған, көптеген геморрагиялар қызарулар шектелмеген перифериялық ойықпен, сыртында әртүрлі көлемдегі сары және қаралау сұйықтықпен көпіршіктер байқалады. 40 жасында бет тілмесімен ауырған. Мүмкін болатын тілменің формасы:


a) қайталамалы, эритематозды
b) біріншілік, эритематозды
+c) біріншілік, буллезді-геморрагиялық
d) қайталамалы, буллезді-геморрагиялық
е) қайталамалы, эритематозды- буллезді

640. 40 жастағы, Д. атты ер адам, аурудың 2 күні ауруханаға түскен. Жедел ауырған, қалтыраумен дене қызуы 39,50С дейін көтерілген, бас ауруы, әлсіздік, жүрек айну, 1 рет құсқан. Бір тәуліктен кейін оң жақ балтырында қызару, ауру сезімі, ісіну байқалған. Анамнезінде созылмалы тонзиллит жиі асқынулармен.


Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Т – 390С. Тері қатпарлары құрғақ.Оң жақ балтыр терісінде «жалын тілі» мен көрінген, шектелген және айқын гиперемия, ұстап көргенде ыстық, тері асты қатпарының ісінуі, пальпацияда ауру сезімді валик. Перифериялық лимфа түйіндері үлкеймеген. Ішкі ағзалар бойынша ақаулар жоқ. Қай ауруға аса тән симптомокомплекс деп ойлайсыз:
а) сібір ойық жарасы, шиқанды түрі
+b) біріншілік тілме, эритематозды түрі
c) қайталамалы тілме, эритематозды-геморрагиялық түрі
d) оба, бубонды түрі
e) туляремия, терілік-бубонды түрі

641. 55 жастағы ер адамда, қарап тексергенде оң жақ балтырында айқын гиперемия, шектелген және түзу жиекті, зақымданған ошақта ашу және күйдіру сезімі бар, регионарлы лимфаденит. Ауырғанына 2 күн, дене қызуының көтерілуінен басталған, әлсіздік, мазасыздық. Мүмкін болатын тілменің түрі?


a)адаспалы
+b) эритематоды
c) эритематозды-буллезді
d) буллезді-геморрагиялық
e) эритематозды-геморрагиялық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет