Қр денсаулық сақтау министрлігі


Симптоматикалық артериалдық гипертензияларды 5 топқа жіктейді. Симптоматикалық артериалдық гипертензиялардың жіктелуі (екіншілік гипертензиялар)



бет4/7
Дата30.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#155686
1   2   3   4   5   6   7

Симптоматикалық артериалдық гипертензияларды 5 топқа жіктейді. Симптоматикалық артериалдық гипертензиялардың жіктелуі (екіншілік гипертензиялар):

  • І). Бүйректік гипертониялар:
  • 1. Туа пайда болған ақаулар - гипоплазия, гидронефроз, поликистоз, патологиялық қозғалмалы бүйрек; артерияның атрезиясы мен гипоплазиясы, аневризмалар, артериовеноздыфистулалар.
  • 2. Жүре пайда болған ақаулар – диффузды гломерулонефрит, созылмалы пиелонефрит, амилоидоз, диабеттік гломерулосклероз, жүйелі васкулиттер (түйінді периартериит, қызылжегі, склеродермия), бүйректеринфаркті, туберкулезі, ісігі.
  • 3. Жүре пайда болған магистралды бүйрек артерияларының ақаулары - атеросклероз, тромбоз, кальциноз, эмболиялар, аневризмалар, фибромускулярлы дисплазия, аортоартериит, эндоартериит, тыртықтар, гематомалар, неоплазмалар, жаншылып жатқан магистралдыбүйрек артериялары, бүйрек көктамырларының стеноздары және тромбоздары.

ІІ).Жүрек және ірі артериялардың зақымдалуы мен жүретін гипертониялар – қолқа коарктациясы, атеросклерозы, ұйқы және мықын артерияларының стенозирдаушы зақымдалулары, қолқа қақпақтарының жеткіліксіздігі, толық атриовентрикулярлы бөгеме.

  • ІІ).Жүрек және ірі артериялардың зақымдалуы мен жүретін гипертониялар – қолқа коарктациясы, атеросклерозы, ұйқы және мықын артерияларының стенозирдаушы зақымдалулары, қолқа қақпақтарының жеткіліксіздігі, толық атриовентрикулярлы бөгеме.
  • ІІІ). Эндокринді гипертониялар - феохромоцитома, біріншілік альдостерома, кортикостерома, тиреотоксикоз, Иценко-Кушинг ауруы.
  • ІV). Орталық гипертониялар - энцефалит, полиомиелит, ісіктер, жарақаттар.
  • V). Қосарланған зақымдалулардағы гипертония – бүйрек артерияларының, бүйрек паренхимасының және оның магистралды артерияларының, бүйрек үсті безі мен бүйректің, бүйректің әр түрлі паренхиматозды ауруларында.

АГ синдромының диагностикасы:

  • 1. Отырған, жатқан қалпында АҚ 2-3-рет өлшеу;
  • 2. Бойының ұзындығын, денесалмағын, бел мен мықын айнала шеңберін өлшеу, бел/мықын өлшемдерінің қатынасын есептеу;
  • 3. Гипертониялық ретинопатияның дәрежесін анықтау үшін көз түбін тексеру;
  • 4. Жүрек-қантамыр жүйесінтексеру: жүрек көлемін, тондардың өзгеруін, шулардың болуын; жүрек жеткіліксіздігі белгілерін; ұйқы, бүйрек және шеткері артерияларының патологияларын, қолқа коарктациясын;
  • 5. Құрсақ қуысын тексеру (тамырлық шулар, бүйректердің ұлғаюы, қолқаның патологиялық пульсациясы);
  • 6. Шеткері артериялардың пульсациясын және аяқтардағы ісіктерді анықтау;
  • 7. Цереброваскулярлы патологияны анықтау үшін жүйке жүйесін тексеру.
  • Міндетті зерттеулер, емнің алдында нысана ағзалардың зақымдалуы мен қауіп факторларын анықтау қажет: - несеп анализі; - жалпы қан анализі лейкоформуласы мен; - қан анализі (калий, натрий, креатинин, глюкоза, жалпы холестерин және жоғары тығыздықтағы липопротеидтер); - 12 тіркемедегі ЭКГ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет