егизм (фа-цзя) (қытай) – б. з. д. VI– II ғ. пайда болып қалыптасты. Легизм заңгерлер мектебiнiң iлiмi, адам, қоғам және мемлекет туралы саяси-этикалық концепциялар жасады. Негiзгi өкiлдерi: Шан ян, Шэнь Бухай, Шэнь Дао және оның ең көрнектi өкiлi – Хань Фэй. Легизмнiң қалыптасуы ертедегi конфуцийшылармен өте өткiр күресте өттi. Конфуцийшылар мемлекеттi әдептiлiкке негiзделген заңдар арқылы билеудi жақтаса, легистер – тек таза заңға сүйенiп билеудi қоштайды. Легистердің ұғымы бойынша адамгершiлiк негiзiнде билеу қылмыстың көп болуына мүмкiндiк бередi.
Ли (этикет) - қоғамдық қағида, Жэньнiң нақтылыққа айналуы, оның барлық өмiр саласындағы iске асыру әдiсi болады (отбасынан мемлекетке дейiн). Этикеттi бiлмеу – тұрақталу мүмкiндiгi жоқтың (лайықты мiнез-құлықтың) белгiсi (Лунь Юй).
Логика - ойлаудың заңдары және түрлері ақиқатты танудың жолдары.