Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов
ҚАЗАҚ
ӘДЕБИЕТІ
Жалпы білім беретін мектептің
жаратылыстану-математикалық
бағытындағы 11-сыныбына
арналған оқулық
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі бекіткен
Алматы
«
Жазушы
»
, 2020
11
©
Әлмұханова Р., Раушанов Е.,
Омарханов Е., 2020
© Жазушы баспасы, 2020
Барлық құқығы қорғалған
Басылымның мүліктік
құқығы
Жазушы баспасына тиесілі
ӘОЖ 373.167.1
КБЖ 83.3 (5Қаз)я72
Ә 54
Шартты белгілер:
БІЛУ
ТАЛДАУ
ТҮСІНУ
ЖИНАҚТАУ
ҚОЛДАНУ
БАҒАЛАУ
Назар аудар!
Артық болмас білгенің
Оқу сауаттылығы
Оқушы күнделігі
Ойталқы
Ғаламтор
Ә 17 Қазақ әдебиеті.
Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-матема-
тикалық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Әлмұханова Р.,
Раушанов Е., Омарханов Е. – Алматы: Жазушы, 2020. – 248 бет.
Оқулық Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі
бекіткен әдеби шығармаларды ғана қамтиды.
IS
BN 978-601-200-696-4
978-601-200-636-0
ӘОЖ 373.167.1
КБЖ 83.3 (5Қаз)я72
ISBN 978-601-200-696-4
978-601-200-636-0
3
АЛҒЫ СӨЗ
Құрметті оқушылар!
«Қазақ әдебиеті» оқулығы сендерге сенімді дос бола алады. Өйт-
кені сендер тарихтағы оқиғалар мен тұлғалар туралы көп білетін
боласыңдар. Сендер ақпарат алып қана қоймайсыңдар, көркем ой-
мен көмкерілген туындылар арқылы таным көкжиектерің кеңейе
түсетін болады. Ұлттық және адамзаттық құндылықты бағалай бі-
луді үйренесіңдер.
Сондықтан өздеріңе арналған 11-сынып оқулығында бірінші бөлім
«Кеңістік пен уақыт» деп аталып, мұнда қазақтың көрнекті жазу-
шысы Оралхан Бөкейдің «Атау-кере» повесі мен ақын Жарасқан
Әбдірашевтің «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңі енгізілген.
Оқулықтың екінші бөлімі «Заман шындығы» деп аталған. Төл та-
рихымызды бағалау – әр адамның парызы. Ежелгі дәуірлерден та-
мыр тартқан халқымыздың тағдырын білу, сырын ұғу, құндылығын
тану, оны зерттеу еш уақытта тоқтамауы керек. Тіпті, алыс дәуір-
лерді айтпағанның өзінде, замандастарымыздан естіп жүрген «Жел-
тоқсан көтерілісі» туралы білгіміз келетіні – шындық. 1986 жылы
қазақ жастарының кеңестік саясаттың үстем
кезінде алаңға шы-
ғуы – үлкен ерлік. Біз оны білуіміз керек. Сондықтан көрнекті жа-
зушы Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы ұсынылды.
Сол сияқты Ерболат Әбікенұлының қазіргі заманның шынды-
ғы бейнеленген «Пәтер іздеп жүр едік...» әңгімесі шағын болса да,
оқырман қауымды бірден елең еткізеді. Шынайы жазылған дүние
көптің көңілінен шықты.
«Ғасырлық туынды» деп аталған үшінші бөлім қазақтың мақта-
нышы – Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясымен таныс-
тырады. Мұхтар Әуезов ұлы Абай туралы жастайынан өзінің атасы-
нан естіп өсті, сондықтан ол дананың дара тұлғасын халыққа кеңі-
нен таныстыруды мақсат тұтты. Осы мақсат жолында оның өмірі
мен шығармашылығын толық зерттеді. Сол еңбектің нәтижесінде
«Абай жолы» роман-эпопеясын жазу арқылы дананың көркем бей-
4
несін сомдады. Енді осы оқу жылында сендер Мұхтар Әуезовтің қа-
ламынан туған «Абай жолы» арқылы
ұлы Абайды жақсы білетін
боласыңдар.
Ал төртінші бөлім «Табиғат және адам» деп аталған. Мұнда қа-
зақтың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлидің «Қызыл кітап» атты
поэмасын және драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың «Тойдан қайтқан
қазақтар» атты комедиялық драмасын оқисыңдар.
«Қазақтың Қадыры» атанған көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлидің
«Қызыл кітабы» кім-кімге де ой салары анық. Қазақ қана емес,
жалпыадамзатқа ортақ құндылықты арқау еткен, гуманизмге толы
шығармамен танысасыңдар. Ал «Тойдан қайтқан қазақтар» қа зір-
гі өзіміздің тірлігімізді сахнаға лайықтап көрсетуімен ой салатын
болады.
Бұл оқу жылында сендер көлемді туындыларды оқисыңдар, сон-
дықтан оқулықта берілген шығармалардың жалғасы хрестоматияда
берілді. Өз беттеріңше ізденуге дағдылануларың үшін
сілтемелер,
тапсырмалар берілді.
Оқулықтағы бар мүмкіндікті пайдаланып, сабақты ұтымды әрі
әсерлі етіп ұйымдастыра аласыңдар. Асықтардың суреті сендердің
топтық жұмыстарда немесе өзара білім жарыстарыңда ұпай жинауға
көмектесе алады.
Көркем әдебиетті көп оқыңдар, сонда басқа елдің ақын-жазушы-
ларының шығармаларымен де
салыстырулар жасап, ой-өрістеріңді
кеңейте аласыңдар әрі сабақта белсенді болуларың үшін өте қажет
болады. Рухани құндылық ұлтқа бөлінбейді, әдебиет те осы мақсат-
қа қызмет етеді.
«Оқушы күнделігіндегі» жазбаларың – өздеріңнің шығармашы-
лық еңбектерің. Жазған дүниені талдай білу қазақ тілі мен әдебиет-
тану саласындағы білімдеріңді ширата түсері анық.
Оқу жылының соңында сендерге «Ойталқы» айдары бойынша
тапсырма беріледі. Сондықтан «Қазақ әдебиетін» мұқият оқыңдар.
Іске сәт, достар!