ТӨлеген айберген 1937-1967 Бір тойым бар, болатыны сөзсіз менің



Дата25.12.2016
өлшемі10,24 Kb.
#4559
  • Бір тойым бар,
  • болатыны сөзсіз менің.
  • Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
  • Бірақ,бірақ…
  • Ешкімді де билетпей қайтармаймын.
  • Төлеген Айбергенов қазақ поэзиясы әлемінде Мұхтар Шаханов, Фариза Оңғарсынова, Жарасқан Әбдірашев, Есенғали Раушанов, Тынышбай Рахым т.б. жас ақындарға ұстаз бола білді.
  • Патриоттық сезім мен адам бойындағы асыл қасиеттерді ту еткен талантты ақын 1967 жылы Қарақалпақстанның астанасы Нөкіс қаласында көз жұмды. Дүниеден өткеннен кейін “Құмдағы мұнаралар” атты жыр-жинағына 1974 жылы әдебиет, өнер және сәулет саласы бойынша “Қазақстанның Ленин комсомолы” сыйлығы берілді.
  • Күйсе күйсін күншілдер
  • күйігінде,
  • Өз ғасырым өзімнің иінімде.
  • Ақ жаңбырлар тоздырған
  • тау сияқты,
  • Мен өлемін өзімнің биігімде.
  • Тәрбиемде болып, лекцияларымды тыңдаған студенттер арасынан Төлеген Айбергеновтей аса талантты ақын, публицист-журналистер, оншақты ғылым кандидаттары мен оқу-ағарту және қоғам қызметкерлерінің шыққаны ұлағатты ұстаз еңбегінің сәтті жемісінің нәтижесі деп орынды мақтаныш көремін.
  • Тұрап Айдаров
  • Маржан - жырдың мөп-мөлдір бір түйірі ….
  • Адамдар
  • О,адамдар,біргемін мен сендермен,
  • Ықласыңа ешнәрсені теңгермен.
  • Сендер менің бақытымның бұлағы,
  • Сендер менің дарыныма жел берген.
  • ---------------------------------------------
  • Өздеріңмен өмір шыңын бірге астым,
  • Жарты құртты бөліп жедім сырластым.
  • Дүниеге келгенім жоқ шет жүріп,
  • Рақатын ойлау үшін бір бастың.
  • ----------------------------------------------
  • Гүлістанға айналдырған тақырды
  • Болат қолдар,алғыр милар ақылды,
  • Сүйемін мен,сүйемін мен сендерді
  • Алар демім қалғанынша ақырғы.
  • -----------------------------------------------------
  • Менің үшін бірдей тілің,жынысың,
  • Көбің ана,көбің аға-інісің.
  • Достық өскен,ерлік өскен ортаңа
  • Енген сайын кеңи түсер тынысым.
  • ------------------------------------------------------
  • Не кездессе өздеріңмен көрмекпін
  • Қарапайым адамдары еңбектің!
  • Барлығын да бағыштар ем сендерге
  • Махаббатын маған берсе жер-көктің
  • “Жан еді өлең үшін дара туған” атты Төлеген Айбергенов
  • туралы естеліктер кітабы
  • Дұрыс! Төлегеннің ұйқаста жеткен жетістігі өз алдына әңгіме етуге
  • тұрарлық дүние. Шәмші Қалдаяқов туралы Қадыр Мырзалиевтің
  • «Қайырмадан қайырма тудыратын композитор» дегені бар еді.
  • Төлеген «ұйқастан ұйқас тудыратын ақын – өлеңінің музыканты».
  • «Қаратау» өлеңінде:
  • Есен-сау бармысыңдар, армысыңдар,
  • Армысыңдар, қария, қарлы шыңдар.
  • Төсінен керуен-керуен көш өткен тау,
  • Сен менің керуен-керуен алғысымды ал.
  • Сенбісің сияқты орман күй ақтарған,
  • Ұзатқан қыздың көші сияқтанған.
  • Жаныңда саз қалды ма, наз қалды ма,
  • Сан тұлпар дүбірлеткен тұяқтардан
  • Кәкімбек Салықов.
  • Төлегенге
  • (Мұқағали Мақатаев)
  • I
  • Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның,
  • Қызарып батты ертеңгі шығатын күн.
  • Торғай-өлең шырылдап бара жатты
  • Аузында ажал дейтін сұрапылдың.
  • Торғай-өлең өлмеді, аман қалды
  • Әкетті ажал...
  • Жыр емес, адамды алды.
  • Бір өмірдің дастаны басталды да,
  • Шорт үзілді,
  • Шоп-шолақ тамамдалды.
  • Қаралы лек.
  • Бозғыл шаң шұбатылды.
  • Бара жатыр жерлеуге шын ақынды.
  • Маржан - жырдың мөп-мөлдір бір түйірі
  • Құмға түсіп кетті де, уатылды.
  • Тұңғыш көрдім қайтқанын шын ақынның,
  • Қаталы-ай жыл дейтін сұрапылдың!
  • Сұңқар - төсі томпиып қарсы қарап,
  • Қаршығадай қылшылдап тұратын кім?!
  • Енді жоқ азаматым, аймаңдайым,
  • Жоқ болды құмға сіңген айрандайын.
  • Асығыс, ылғи жортып жүруші еді,
  • Бетпақтан су іздеген жайрандайын...
  • II
  • Бармаңдар ақынды жұрт жерлегенде,
  • Көрмеңдер көрдің аузы жабылғанын.
  • Көтеріп сендер оны келмегенде,
  • Көмусіз қалмайды ғой бауырларым!
  • Көмбеңдер!
  • Топырақты тастамаңдар!
  • Жабыла толтырыңдар кұмды ұдаиы.
  • Ақынды көмсін білмес басқа жандар,
  • Басына бармаңдар да, құрбылары!
  • Ет жүректің езілмес кезі ме бұл...
  • Жылай білсең, шын жыла!
  • Жасыма тек,
  • Кезек күтіп тұрғандай сезіне біл,
  • Алдыңдағы апанның басына кеп.
  • Өмір-өзен айдынында,
  • аз жүздіңде көп ықтың
  • Ну қамыстың арасынан,
  • бір шоқ гүлдей боп шықтың.
  • Ерте солып кетсең-дағы,
  • сол гүл болып қалдыңда,
  • Хатың қалды хош иістей,
  • мәңгі бақи артыңда.
  • Бір тамаша сол тойыңды,
  • бере алмадық біздерде,
  • Дәл қай күні екенін,
  • ұрпақ әлі іздеуде.
  • Шырылдамасын рухың сенің,
  • шайқалмасын қәбірің,
  • Мәңгілікте күнде болар,
  • сөзсіз сенің сол тойың.
  • Ерлан Шарафи


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет