107
Құнанбай Өскенбайұлы Арқат тауының солтүстік өңіріндегі өз қонысынан
көшіріп, жанына алдыртқан. Солайша Әуез бен Абай іргесі айырылмаған
сырлас, сыйлас дос болды. Мұхтар Әуезов жақыннан естіп-білген құрметті
ақынның мұралары мен оған қатысты мәліметтердің ұлт үшін
маңызды
екенін түйсініп өсті. Нәтижесінде тұңғыш ғылыми еңбек «Абайдың туы-
сы мен өмірі» деген атаумен 1933 жылы Қызылорда қаласында шыққан
шығармалар жинағында жарияланды. Мұхтар Әуезов бүкіл өмірін Абайды
зерттеуге арнады деуге болады. Бүгінде оның зерттеулері абайтанудағы
маңызды ақпараттар қоры болып есептеледі. Көрнекті жазушының «Абай
Құнанбаев» деген атаумен шыққан монографиясы 1967
жылы жарық
көрді. Бұл жинақта М.Әуезовтің Абай Құнанбайұлы туралы зерттеулерінің
бәрі топтастырылған. Сондай-ақ жазушы көркем шығармалары арқылы
дана
тұлғаның дара бейнесін сомдады, оның заманын,
қоғамға сіңірген
еңбектерін пьеса, либретто, т.б. салалар бойынша танытты.
Достарыңызбен бөлісу: