ҚР ҰҒА академигі А. М. Ғазалиевтың редакциясымен


ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ – ХАЛЫҚТАРДЫҢ НАҒЫЗ ДОСТЫҒЫНЫҢ, АЗАМАТТЫҚ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН



бет8/8
Дата24.05.2017
өлшемі3 Mb.
#16912
1   2   3   4   5   6   7   8

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ – ХАЛЫҚТАРДЫҢ НАҒЫЗ ДОСТЫҒЫНЫҢ, АЗАМАТТЫҚ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН

КЕЛІСІМНІҢ ҮЛГІСІ (ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АСПЕКТІ)
Біздің республикамыз өзінің этникалық ерекшелігі бойынша бірегей мемлекет болып табылады – мұнда 130 астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Қазақстан сонымен бірге, көп конфессиялы мемлекет болып табылады – мұнда 40 астам конфессия мен деноминация бейбітшілікте өмір сүріп жатыр. Ұлтаралық толеранттық пен қоғамдық келісім Тәуелсіз Қазақстанның ең көрнекті және сөзсіз табыстарының бірі болып отыр. Егемендікке қол жеткізуде осы салада барлық беделді халықаралық сарапшылар проблемалардың болатындығына кепілдік берген еді. Алайда, Қазақстан халқы керісінше дәлелдеді. Біздің еліміз тұрақты түрде дамып келе жатыр. Бүгінгі таңда біздің бірлігіміз – бұл жаңа 2050-стратегиясын іске асырудың басты факторы [1]. Халықтардың нағыз достығының, азаматтық бейбітшілік пен келісімнің үлгісі болып Қарағанды облысының көп ұлтты құрылымының қалыптасу тарихы негіз бола алады.

ХІХ ғасырдың аяғында Орталық Қазақстан өңірінің негізгі тұрғындары қазақтар болды, олардың жергілікті халық құрамындағы үлес салмағы 93 % құрады (288 576 адам); орыстар мен украиндардың үлесі көп болған емес – 5 % (15 515 адам); одан да процентті татарлар, мормордва және поляктар құрады, сәйкесінше: 1 %; 0,5 %; 0,5 % [2, 2-4 б.].

1906 жылға дейін Қарағанды көмір өңірінде, Шерубай Нұра өзені мен Топар және Байғора салаларының көмір бассейнінде, Былқыздақ шатқалында, Сарысу өзенінің бассейнінде, Ортау, Ақтау және Алабыс тауларының алқаптарында алғашқы жер аударылған поселкелер Преображенский, Романовский, Рождественский, Черниговский, Киевский, Ивановский, Петровский және Санников шықты [3, 84 б.].

XX ғасырдың 30-ыншы жылдарына дейін ұлттық құрылымда Қазақстанның басқа өңірлеріндегі сияқты өзгерістер болған жоқ. Ол территориясында қазақтар қоныстанған аймақ болып қала берді [4, 36 б.]. Ерекшелік Қарқаралы қаласында болды, 1920 жылы қазақтар 61,1 %; орыстар – 22 %; татарлар – 9,8 %; украиндар, немістер, поляктар – 1 % құрады; халықтың 6,8 % басқа ұлт өкілдері құрады [5, 314 б.].

Көп ұлтты құрылымы бар өңірдің қалыптасу және даму процесі өз мәнінде өтіп жатты, ХХ ғасырдың 30-ыншы жылдарында кеңестік қоғамның модернизациясы барысында жер қойнауын қарқынды түрде өңдеумен байланысты әлеуметтік-экономикалық және саяси ақиқат негізінде болды. Өлкенің қолданыстағы еңбек қорлары сандық қатынаста сияқты, сапалық қатынаста социализмнің адам қорларын жеткілікті түрде қамтамасыз ету бойынша жүктемені өз мойнына алуға дайын болған жоқ. Бұл проблеманы шешу үшін көші-қон саясаты құрылды. Тоталитарлық жүйе жағдайларында еріксіз еңбек территорияны басудың негізі болды, ал күштеп қоныс аудару – қалыпты болды. Өңірге алғашқы қоныс аударылғандар «кулактар» болды. 1931 жылы Қарағандыға 15 мың отбасы арнайы қоныс аударылғандар келді. 1933 жылы 10 қыркүйек Қарағандының арнайы қоныс аударылғандар мекенінде 45 700 арнайы қоныс аударылғандар тұрды [6, 9-10 б.]. 1938 жылы 1 шілде облыс бойынша 30 еңбек поселкесінде 91 297 адам тұрды [7, 13 б.].

Қарлаг ұйымы 1930 жылы барлық мемлекеттерден сотталғандардың тегін еңбегін жаппай қолдануды қамтамасыз етуге аз үлес қосқан жоқ. Осы жылдары облыс саяси жер аудару орталығы болды: Ресей, Украинадан және басқа республикалардан арнайы жер аударылғандар; этникалық топтардың депортация көпірі: кәріс, иран, әзірбайжан, құрт, армян, поляк, латыш, литвалықтар және басқалары. Өңірлердің сыртына еріксіз көшіру, аштық пен ауру нәтижелерінде зақақ халқының саны күрт азайып кетті (280 317 адамнан 1926 жылы 136 541 адамға дейін 1939 жылы), ал үлес салмағы 85,3 % бастап 32,6 % дейін қысқарды. Алғаш рет қазақтар өздерінің тарихи жерінде аз болып қалды. Басқа ұлт өкілдерінің жергілікті халық құрамындағы абсолютті саны мен үлес салмағы артты: орыстар (15 196 адамнан 1926 жылы (4,6 %) 190 017 адамға дейін 1939 жылы (45,5 %). Орыстар аймақтың саны көп ұлты болды, олар өнеркәсіктік кәсіпорындардың ұжымдарының негізгі процентін құрады. Облыс халқының құрамындағы үлесі 9% жетті (24 988 адамнан 1926 жылы 40 177 адамға дейін 1939 жылы), татарлар - 1,4 % (712 адамнан бастап 1926 жылы 5824 адамға дейін 1939 жылы), немістер – 3,6 % (5589 адамнан 1926 жылы 14 814 адамға дейін 1939 жылы). Өңірдің территориясын бұрын мекен етпеген ұлт өкілдері пайда болды, мысалы, кәрістер олардың саны 1939 жылы 7 536 адамды құрады. [8, 77 б.]. Осылайша, он жылға толмаған кезең ішінде Орталық Қазақстан аз ұлтты өңірден көп ұлтты аймаққа айналды. Бұл кезеңде қоғамда жалпы араласу, салт-дәстүрлерді өзгерту мен өмір салтының өзгеруі болды. Өндірістік функциялар бойынша халық екіге бөлінді деуге болады. Бірінші - индустриалды нысандардың құрылысы мен оны пайдалануды қамтамасыз етті. Бұл – Қарағанды тас көмір бассейнінің жұмыскерлері, құрылысшылар, ал содан кейін Балқаш металлургия комбинатының пайдалану жұмыскерлері, рудниктер мен темір жол станцияларының жұмыс поселкелерінің тұрғындары. Екіншісі олардың азық-түлік проблемасын шешуге құрылған. Бұл - «Гигант» совхозының тұрғындары ОГПУ НКВД және кәсіпорындардың ауыл шаруашылық артиллериясы мен ауыл шаруашылық поселкелерінің Осакаровка тобы. Барлық қиындықтарға қарамастан қарама-қайшылықтар мен 1930 жылдардағы қайғылы қайта құрылуға қарамастан олардың КСРО халықтар бірлігін нығайтуға маңызды нәтижесі болды. Оның жақсы дәлелі – Кеңес Одағының фашистік Германияны Ұлы Отан соғысында жеңіске жетуі. Гитлер КСРО шабуыл жасағанда нәтижесінде мемлекеттің ішінде әлеуметтік, ұлттық қайшылықтар тудырып, Мәскеуге қарсы орыс емес ұлттар қарсы шығып, ол ыдырап кетеді деген сенімде болған. Алайда, көп ұлтты кеңес мемлекеті қаншалықты қиыншылықтарға қарамастан төзімділікке ауыр сынауға қарсы шықты.

Индустриализация жылдарында қуатты өнеркәсіп потенциалы бар Орталық Қазақстан КСРО экономикасында стратегиялық мәнге ие болды. Соғыс жылдарында «сенімсіз халықтардың» депортация саясаты бірнеше рет күшейді – немістер, шешендер, ингуштер, қалмақтар, қарашайлар, қырым татарлары, болгарлар, гректер, түріктер және Еңбек армиясының қатарын толықтырған басқа ұлт өкілдері. Еңбек ету нәтижесін шамадан тыс арттыру, еңбек күшін артық пайдалану майданның нағыз арсеналы болды. Қарқынды миграциялық ағындар облыстың халық санының артуы мен көп ұлтты халық болуының себебі болды. Тұрғындардың негізгі бөлігін майданда болған облыстардың және басып алынған территориядан эвакуацияланған, 30-ыншы жылдары арнайы қоныс аударылғандар, Қарлаг тұтқындары, жер аударылған халық өкілдері құрады. Тұрғындардың жаңа санаты пайда болды – әскери тұтқындар мен интернирленген (поляктар, жапондықтар, немістер, венгрлер, финдер, италяндықтар, француздар, болгарлар және басқалары). Облыс тұрғындарының тұрмыстық және тұрғын-үй жағдайлары Ұлы Отан соғысы кезінде біршама қолайсыз болды. Барлық өндірістік және азық-түлік міндеттерін Еңбек армиясын шешуге шақырды, оларды жинақтау НКВД желісінің арнайы қоныс аударылғандардан, азаматтық халық пен соғыс жасына дейінгі жер аударылған халық өкілдерінен, сонымен бірге жаңа санат арнайы контингент – соғыс тұтқындары мен интернирленген. Бұл санаттағылардың құқықтық ережесі бірдей болмаса да, күнделікті тұрмыс-тіршіліктері біркелкі болды, құқық дәрежесі немқұрайлы болып қала берді. Ерекше тәртіпте жеке құрам мен Қарағанды еңбекпен түзету лагерінің жұмыскерлері болды, әйтсе де олар азық-түлік, мундир және тұрғын-үй кешеніне байланысты барлық қиындықтарды бірлесе көрді.

Соғыстан кейінгі жылдарда интеграциялық процестер елімізде жалғасып, күшейе түсті. КСРО территориясын фашистерден азат ету шамасына қарай Қазақстан соғыстан зардап шеккен аудандардың экономикасын қалпына келтірудің басты тірек базасы болды, республикадан бұл аймақтарға металл, шикізат ресурстары, отын, құрылыс материалдары, өнеркәсіп тауарлары, азық-түлік, мал және тұқым жеткізілді. Аймақта еңбекті милитаризация әдісінің радикалды сипатын алды. Мұнда Қарлаг жүйесінің, халқы көп жер аударылғандардың поселкелері жұмыс істеді. Мәжбүрлі еңбекті ұйымдастыру жүйесіндегі көптеген үлесті соғыс тұтқындары мен интернирленгендер құрады. ХХ ғасырдың 50-інші жылдары Орталық Қазақстанның экономикасында оның индустриялық даму тенденциясы біршама нығая түсті, әскери-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының желісі дами бастады. 1939 жылдан бастап 1959 жылға дейінгі аралықта Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда халықтың ұлттық құрылымында біршама өзгерістер болды. 20 жыл ішінде қазақтардың саны барлығы 58 371 адамға артты, немесе 1,4 есеге өсті және 194 912 адамды құрады. Қазақтар облыстың халық санының 1/5 кемін құрады, ал орыстар – 47,4 %, немістер – 10,9 %, украиндар – 9,6 %, татарлар – 2,5 %, кәрістер – 1,2 %, басқа ұлттар – 9,3 % [9, 168 – 174 б.].

1960-1980-інші жылдардың бірінші жартысында Орталық Қазақстанның ұлттық құрылымының қалыптасуы оның индустриялық даму потенциалымен бір мәнде болды. 1970 жылғы халық санағы республикада негізгі халықтың өсу көрсеткішіндегі салыстырмалы үлесі - 18,9%, ал мұнда орыстардың үлесі - 50,5 %. Басқа ұлттардың салыстырмалы үлесі тіпті өзгермеді: белорустар -2,6 %; кәрістер - 0,9 %; немістер - 9,4 %; татарлар - 3,1 %; украиндар - 9,8 %; басқа ұлттар - 4,8 %. Келесі жылдарда қазақтардың үлесі біршама арта бастады, орыстар, украиндар мен белорустардың үлесі азая бастады [10, 117-123 б.]. Келесі жылдарда Қарағанды облысы халқының ұлттық құрылымының қалыптасуында жаңа тенденциялар байқалды. Қазақтардың саны мен олардың аймақ халқындағы үлесі біршама артты (1979 жылы - 21,8%), орыстардың үлесі мен басқа европалық ұлттардың үлесі керісінше, азая бастады: орыстар - 50,2 %; белорустар - 2,2 %; украиндар - 8,4 %. Ұқсас демографиялық тенденциялар келесі кезең үшін тән. Жалпы одақтық халық санағы 1989 жылы қазақтардың үлес салмағының өсуін 25,8 % дейін белгіледі, орыстар - 46,9 % дейін азаю; белорустар - 2 % дейін; украиндар - 7,4 % дейін [11, 117-123 б.].

Өткен жүзжылдықтың 70-80-ші жылдарында қоғамдағы әлеуметтік бірлік деңгейінің және интернациялық процестердің тереңдігі кеңес басшылығы үшін жеткілікті болып көрінген, КСРО ұлттық мәселені шешу және «кеңес халқының» - адамдардың жаңа тарихи қоғамы туралы шешімдерін алға тартып, белсенді түрде насихаттау керек деп шешті. Біртұтас мемлекетте ұзақ уақыт бірге өмір сүру барлық ұлт өкілдерінің тұрмысында, жүріс-тұрыстарында, менталитеттерінде ортақ жалпы қасиеттері пайда бола бастады. Бұл, партия идеологтарының пікірі бойынша, әлеуметтік-саяси беріктіліктің және КСРО территориясына қоныстанған барлық ұлттар мен ұлыстардың идеялық бірлігінің нәтижесі болып табылады. Келесі оқиғалар көрсеткендей, «беріктік» пен «бірлік» туралы түсініктер асыра берілді, ал ұлттық мәселелерге жете назар аудармау одақ мемлекеттері үшін қайғылы салдарын тигізді. Көптеген объективті және субъективті, ішкі және сыртқы факторлардың үйлесімі КСРО ыдырауына әкеп соқты. Тұтас мемлекет болған аудандарда ұлттық және діни қайшылықтардың салдарынан қаруланған қақтығыстарға әкеп соқтырды, ал бұл қақтығыстар салдарынан көптеген адамдардың өміріне қайғы әкелді. Мұндай сипатты Қазақстанда да болады деп еді.

Көріп отырғанымыздай, Қарағанды облысының көп ұлтты құрылымының қалыптасуына миграциялық процестер шешуші роль атқарды. Әрине сөзсіз, бұл аймақ территориясына көптеген адамдарды жер аудару әлеуметтік және саяси шиеленістер тудырып, жаңа – экономикалық, саяси және ұлтаралық проблемаларды тудырды. Халықтар дағдарыс күйін кешті, басқа табиғи-климаттық, этношаруашылықты, әлеуметтік мәдениеті мен тіл ортасы бөлек ортаға түсті. Жергілікті халық оларды жаңа орындарға орналасуларына көмек көрсетті. Қазақтар соңғы тілім нанымен бөлісіп, нағыз интернационализм үлгісі болды.

Қарағанды облысы Қазақстанның басқа аумағы сияқты территориясына жер аударылған сан мыңдаған адамдардың ауыртпашылықтары мен қайғысын басынан өткерді. Ол үйсіз-күйсіздерге ғана пана болып қоймай, жер аударылған халықтың зар-шерін, күйзелісін бірге көтерді. Жер аударылған халықтардың қайғылы тарихы көп ұлтты Қазақстан қоғамының шоғырлану негіздерінің бірі болды.

Қазақстанның жүріп өткен жолына қарасақ, бұл жерде әр түрлі халықтың, түрлі діндердің, мәдениет пен өркениеттің бейбітшілікте тарихи өмір сүруінің бай, табиғи тәжірибесі бар екендігін атап өтеміз. Біздің қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім басты жалпы ұлттық құндылықтардың бірі болып табылады, олар бүкіл қазақстандықтарды біріктіреді және біздің еліміздің болашақтағы іргетасын құрайды [12].

Біздің басты жетістігіміз – ұлтаралық келісім қазақстандықтардың бір ғана ұрпағымен құрылған жоқ, ол қаншама тарихи сындардан өтті. Қаншама онжылдықтарда түрлі ұлт өкілдері қазақ менталитетін, ерекше рухани күйін, ұлтаралық келісімнің биік дәрежесіне қол жеткізді. Мүмкін, Қазақстаннан бір жылдары қоныс аударғандар Қазақстан халқының мәдени қоғамынан алшақта қалғандай сезінетін болар, біздің облысымызға қайта келуге тырысатын болар.


Әдебиеттер тізімі
1. Выступление Президента Казахстана Нурсултана Назарбаева на XXI сессии Ассамблеи народа Казахстана //Казахстанская правда. – 2014. – 19 апреля

2. Первая Всеобщая Перепись населения Российской империи 1897 г. Акмолинская область, т. 81, СПб.: Слово, 1904. – 135 с.; Первая Всеобщая Перепись населения Российской империи 1897 г. Семипалатинская область, т. 84, СПРб: Слово, 1905. – 148 с.

3. Переселение в Степной край в 1907 г.: Изд-во «Переселенческое управление», 1907, - 168 с.

4. ЦГА РК. Ф. 698, Оп. 14, Д.12

5. ЦГА РК. Ф. 698, Оп. 14, Д.12

6. Караганда. Карагандинская область: Изд-во «Энциклопедия».- Алма-Ата, 1986

7. Земсков В.Н. Кулацкая ссылка накануне и в годы Великой Отечественной войны // Социс. 1992. № 2.

8. Всесоюзная перепись населения 1939 года. Основные итоги. - М., 1992.

9. Итоги Всесоюзной переписи населения 1959 года. Казахская ССР. М.: – 1962. – 202 с.

10. Численность и размещение населения в Республике Казахстан. Т. 1. - Алматы, 2000; Национальный состав населения Республики Казахстан. Т. 1. Итоги переписи населения 1999 г. в Республике Казахстан. Статистический сб. – Алматы, 2000. - 203 с.

11. Рассчитано по: Национальный состав населения Республики Казахстан. – Т. 4. Ч. 2. – Население Республики Казахстан по национальностям и уровню образования. Итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан. - Алматы, 2000. – 199 с.

12. Послание Главы государства Н.А.Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь - 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» //Казахстанская правда. – 2014. – 18 января.


С.Д. Шаймұханова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Қазақстан тарихы

кафедрасының профессоры, т.ғ.д.

e-mail: sd_52@mail.ru


ҚАЗІРГІ ДАМУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ
2012 жыл көрерменге қазақстандық кинорежиссерлердің жарқыраған кинокөрсетілімдерімен есте қалды. Бір ғана «Жаужүрек мың бала» неге тұрады?! Жаңалыққа толы жылдың кейбір қорытындылары туралы біз мәдениетке тікелей қатысы бар, белгілі музыкант және дирижер Асқар Бөрібаевпен әңгімелесеуді жөн көрдік. Мәдениетіміз үшін маңызы зор оқиға – бұл А. Жұбановтың және Л. Хамидидің «Абай» операсын Оңтүстік Тюрингия (Германия) опералық театрының тарихи сахнасында қойылуы. Опералық жанрдағы қазақ шығармасы алғаш рет Батыс Еуропа сахнасында қойылды. Бұл халқымыздың музыкалық өнері әлемдік мәдениетте абыройлы орын алатынын мойындау. Бұл Елбасымыз, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Еуропаға жол» бағдарламасын өмірге енгізу. Маңызы зор іс – тарихи-мәдени мұрамызды сақтау. Көпке мәлім, 1987 жылы ЮНЕСКО Бас конференциясының 24 сессиясында «Жібек жолы – сөйлесу жолы» Ұлы жібек жолын кешенді зерделеу бойынша халықаралық жобасы мақұлданды.

Өткен уақыт ішінде номинацияны жылжыту бойынша әр түрлі конференциялар, халықаралық экспедициялар, семинарлар өткізілді. Қазақстан, Орталық Азия елдері сияқты ЮНЕСКО «Ұлы жібек жолы» номинациясына ерекше ескерткіштерді жылжытуға белсенді қатысады. Осы жобаға деген қызығушылық қарастыруға Жібек жолының объектілерін немесе барлығын дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу мүмкіндігін әкелді. Қазіргі таңда біздің министрлікпен осы ескерткіштерді сақтау бойынша номинациялар мен менеджмент-жоспарларды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соңғы жинақтарды дайындауды аяқтау 2013 жылдың қаңтарына белгіленген.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі көрмелер ұйымдастыру, ТМД елдерімен әр түрлі іс-шаралар өткізу арқылы тарих және мәдениет ескерткіштерін насихаттау және жария ету болып табылады. 2012 жылғы қаңтардан бастап қарашаға дейінгі кезеңде Министрлік желісі бойынша 8 халықаралық көрмелер өткізілді. Соның ішінде Астана жылында «Астана – Түркі әлемінің мәдени астанасы» шеңберінде 3 ірі мәдени шара өтті. Бұл түркі тілдес елдердің «Ару-Арт» қазіргі заманғы өнер галереясында ұйымдастырылған 9-шы фотосуретшілер кездесуі. Осы іс-шараның шеңберінде өте қызықты «Жаңа мыңжылдықтың жаңа астанасы» атты фотокөрмесі өтті. Осы кездесуге Астанаға Қазақстанның, Қырғызстанның, Әзірбайжанның, Ресейдің, Молдавияның, Түркияның, Кипрдың кәсіби суретшілері, сонымен қатар ТЮРКСОЙ халықаралық ұйымының өкілдері келді. Сонымен қатар, 5 қыркүйек – 5 қазан аралығында Астанада 5-ші биеннале өтті (Биенна́ле (лат. bis — екі рет + annus — жыл) — түркі өнерінің мүсін өнерінің жылына екі рет өтетін әдеби көрме, кинофестиваль немесе музыкалық конкурс. Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының залдарында ұйымдастырылған «Франция маржандары – француз өнері және Ренессанс дәуірінен бастап қазіргі кезге дейінгі мәдениет» атты халықаралық көрмесін ерекше атап өту керек. Көрмеге Лувр және Д’Орсэ, Помпиду орталығының, Франция ұлттық кітапханасының, Ұлттық гобелен мануфактуралары, Бове және Савонри мануфактураларының, Версаль сарайының және т.б Франция мұражайларының 400 астам бірегей шығармалары ұсынылды.

Мәдениетте тағы бір бағыт бар – бұл театр өнері. Қазақстанның театр өнерін қолдау мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен маңызды іс-шаралар өткізілді. Наурызда Алматы қ. шетелдік театр саңлақтарының қатысуымен «Қазіргі театрдағы дәстүрлер мен жаңалықтар» және «Театрлық сын және қазіргі театр процесіндегі оның рөлі» атты ХII Республикалық театр өнері қайраткерлерінің практикумы өтті. Оған Қазақстан театрларының директорлары, көркемдік жетекшілері және режиссерлер, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушылары мен студенттері, Қазақстанның театр қайраткерлері одағының өкілдері, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қызметкерлері қатысты. Қыркүйекте Оралда Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірге КСРО Халық әртісі Халық Қаһарманы, КСРО мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, атақты кино және театр режиссері Әзірбайжан Мәмбетовтың 80-жылдығына орай ХХ Республикалық Қазақстанның драма театрларының фестивалі өтті. Сонымен қатар, қыркүйекте Министрліктің келісімімен Жамбыл облысының әкімдігі «Дебют» республикалық жас режисерлер конкурсын өткізді, ал қазанда Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның проза және публицистикалық шығармалары бойынша республикалық жабық конкурсы өткізілді.

Қостанайда Мәдениет қайраткері жазушы Ілияс Омаровтың 100-жылдығына арналған Республикалық театр фестивалі өтті. Алматыда IV Халықаралық Орта Азия елдерінің театр фестивалі шеңберінде жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Дулат Исабековтың 70-жылдығына орай «Исабеков әлемі» атты Халықаралық театр фестивалі өтті. Жалпы, қазақстандық театрлар шетелде өтетін халықаралық іс-шараларға белсенді қатысады, солай қазақстандық көпұлтты театр өнерін насихаттайды. Биылғы жылы да біздің театрлар Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Түркия және Корея елдеріндегі фестивалдерге қатысты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңару – Қазақстан дамуының басты векторы» атты Жолдауында моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше назар аударады. Осы тұрғыдан министрлікпен республикалық гастрольдік-концерттік ұйымдардың гастрольдік жоспары әзірленді. Ол «Отаным – бақыт мекенім» атты жобасының негізі болды, оның мақсаты – мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын насихаттау, моноқалалардың тұрғындарының рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету, өнер мен әдебиеттің ұлттық және дүниежүзілік шығармаларын насихаттау, мәдени шараны ұйымдастыру және халықты эстетикалық тәрбиелеу. Осы іс-шараның маңыздылығы мен ерекшелігін ескере отырып, оны жүзеге асыру үшін жетекші республикалық шығармашылық ұжымдар тартылды.



2012 жылдың сәуірінен бастап республиканың 56 тұрғын пунктілерінде 15 республикалық ұйымдардың 15 гастрольдер өткізді. 8 моноқалаларда отандық фильмдер көрсетілді. Бұның бәрі халықта ерекше қызығушылық тудырды, сондықтан бұл тәжірибе келесі жылдары да жалғасатын болады.

Қазіргі таңда Министрлікпен жүзеге асырылып жатқан маңызды іс-шаралардың бірі халық шығармашылығының республикалық теледидардық көрсетілімі «Ел іші – өнер кеніші» атты бағдарламасы, бұл жаңа дарындарды айқындау және талантты, ерекше шығармашлық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау, республиканың қалаларында, аудандық орталықтарында және облыстарында оларды дамытуға жағдай жасау. Халық таланттарын іздеу мамырда басталды. Оған қатысу үшін дербес ұжымдар мен орындаушылар 15 – 35 жас арасында шақырылды. Өз таланттарын көрсету үш номинацияда ұсынылды: «Ән және би», «Театр өнері және өзіндік жанр», «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнері». Ымырасыз жарысудың нәтижесінде ең үздік ансамбльдер мен орындаушылар, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері астаналық Конгресс-холл сахнасында кездесті. Конкурстың финалына еліміздің әр түрлі аймақтарынан әртістер мен шығармашылық ұжымдар келді. Мұндай жобалар мәдениетті сақтауға, дамытуға және таратуға әсер етеді, жастарды патриоттық тәрбиелеуге қолдау көрсетеді.

Осы жылы тәуелсіз Қазақстан әр түрлі мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатқанына 20-жыл толуын атап өтті. Мерекелік оқиғаларда мәдени байланыстар, көршілес және алыс штел елдерімен қарым-қатынастар ерекше орын алды. Тамызда Бішкекте Қырғызстандағы Қазақстандық Мәдениет күндерінің ресми ашылуына орай гала-концерт, сонымен қатар, бейнелеу өнерінің көрмесі өтті. Мұнда Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы қорларынан суреттер ұсынылды. Мәдени іс-шаралар мен концерттер Қырғызстанның астанасында ғана емес, Талас және Қант қалаларында да өтті.

Бұл жылы дипломатиялық қарым-қатынастардың 20-жылдығын Қазақстан мен Түркия да атап өтті. Кейінгі 20 жылда біздің елдеріміз Мәдениет күндерін сәтті өткізіп келеді, онда екі елдің халықтары бір бірінің тарихы мен өнерін танып білуде. Биылғы жылы Қазақстан мен Түркия елдерінің Мәдениет күндері Стамбулда өтті. 10 - 12 қазан аралығында түркі көрермені қазақ өнерінің атақты шеберлерінің шығармашылығымен тамсана алды. 10 қазанда «Ежелгі көшпенділер алтыны және Қазақстанның зергерлік өнері» көрмесінің ашылуы болды, 12 қазанда Қазақстанның өнер шеберлерінің шығармашылық концерті өтті. 2012 жылдың 9 қазанында Мәскеуде Ресейдің Үлкен театрында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғанына 20-жыл толуына орай Мерекелік концерті өтті. Концертке екі елдің басшылары қатысты. Әр түрлі жанрда өткен гала-концерт Қазақстан мен Ресейдің халқы бірге келе жатқандығын және қызметтің барлық салаларында өзара сәтті бірге әрекет ететінін растайды.

9 -11 қыркүйегі аралығында Астанада Қазақстан Республикасындағы Въетнам Социалистік Республикасының мәдениеті күндері өтті. Олардың салтанатты ашылуында Бейбітшілік және келісім сарайында Куан Хо билері мен әндері ұсынылды. Бұл Солтүстік Въетнамның Кинь Бак халық әндері. Куан Хо әндері 2009 жылы ЮНЕСКО материалдық емес мәдени мұрасы болып танылды. 20 қарашада Астанада Қазақстандағы Ланкиялық мәдениет күндері өтті. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы мен Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастарды орнатуға арналған.

Қазақстанда 2005 жылдан бастап ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен Астана күніне орай жыл сайын өткізіліп келетін «Опералия» халықаралық фестивалі өтті. Астанада өтетін мәдениет саласындағы ең ірі ауқымды акциялардың бірі. «Опералия» фестивалінің арқасында Астана қонақтары мен тұрғындары әлемнің ең үздік театрларының атақты опера өнерімен және орындаушыларымен танысу мүмкіндігін алды. Қазіргі жылы фестиваль ең жоғары деңгейдегі әртістерді жинады. «Әлемдік балет жұлдыздары» гала-концертінің бағдарламасында әйгілі бишілер Арионель Варгас (Англия), Дерек Данн, Мария Ковроски, Аск ля Кур Расмуссен (АҚШ), Ма Сяньдон, Чжан Синьлю (Қытай Ұлттық балеті), Хуан Кая, Шига Якуе (Жапония), Үлкен театр орындаушылары Екатерина Крысанова, Владислав Лантратов (Ресей), сонымен қатар К.Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының орындаушылары Мадина Басбаева, Таир Гатауов қатысты. Сондай-ақ, Астана мен Алматыда итальяндық Еуропаның алдыңғы қатардағы театрларының орындаушылары Джузеппе Варано мен Сильвии Далла Бенеттаның қатысуымен «Әлемдік опера жұлдыздары» гала-концерті өтті.

Маусымда Астана Қорқыт атындағы түркітілдес елдердің дәстүрлі орындаушыларының өнері фестивалінің қонақтары мен қатысушыларын қабылдады. Ол үш номинация бойынша өтті: қобыз, үрлеу және таяқпен ойнайтын аспаптар. Оның негізгі мақсаты – түркітілдес халықтардың ортақ мұрасы ретінде Қорқыттың музыкалық мұрасын сақтау. Біз елімізде қобыз дәстүрлі мектебін дамытқымыз, дарынды жастарды айқындағымыз және оларға өз шеберліктерін жетілдіруге мүмкіндік бергіміз келеді. Қыркүйектің ортасында К. Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында «Астана – түркі әлемінің мәдени ордасы – 2012» жылы шеңберінде «Ұлы дала әуені» халықаралық дәстүрлі орындаушылар фестивалі өтті. Оның мақсаты – қазақ және басқа түркітілдес халықтардың музыкалық мәдениетінің әралуандылығын көрсету, қазақ ұлттық музыкасын түркі өнерінің бір бөлігі ретінде дамыту және насихаттау. Фестивальдерден басқа бізде қызықты байқаулар да өтті. Сонымен, қазанда Астана қ. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және ҚазҰӨИ қолдауымен IV Халықаралық скрипкашылар байқауы өтті. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері Қазақстан композиторларының шығармаларын көпшілікке тарату, музыканттардың кәсіптік шеберліктерін жетілдіру, дарынды скрипкашыларды анықтау және елдің мәдени имиджін жоғарылату сияқты көптеген аспектілерден тұрады. Ал қыркүйекте Алматыда VI Халықаралық Бибігүл Төлегенова вокалистерінің байқауы өтті. Оған 45 жас орындаушы Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Украинадан, Литвадан, Ресей Федерациясынан және Болгариядан қатысты. Астанада 5 желтоқсанда «Тәуелсіздік толғауы» ІІІ Республикалық байқауы өтеді. Оның негізгі мақсаты – маңызды драмалық және музыкалық шығармаларды жазуға жәрдемдесу, отандық авторларды қолдау, республикалық театрлардың репертуарларын және концерттік ұйымдарды қазіргі заман талаптарына жауап беретін жаңа шығармалармен толықтыру, мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Өнердің ең әйгілі түрі, әсіресе жастар арасында, – кино. Министрліктің стратегиялық жоспарына сәйкес, осы саладағы іс-шаралар біздің кинематографымыздың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған. Стратегиялық бағыттарды дамытудың мақсаттары, біріншіден, «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасын одан әрі жүзеге асыру, және, екіншіден, елді және шетелде отандық мәдениетті жария ету болып табылады. Мемлекеттік тапсырманың шеңберінде әр түрлі жанр мен түрдегі фильмдер шығарылады. Фильмдердің негізгі тақырыптық бағыты кино құралдарымен Қазақстанның тарихын, оның қазіргі өмірін көрсету. Біздің кинематографистер алдарына кең көрермендік аудиторияның қызығушылықтарына жауап беретін жоғары көркемдік фильмдерді қояды. Министрлікпен, сондай-ақ, Қазақстан кинематографистері одағының қызметіне қолдау көрсетіледі.

Қазіргі таңда қазақстандық фильмдерге деген сұраныс жоғары. Әрине, бұл осы жылдағы еліміздің мәдени өмірі туралы толық бейне емес. Мен олардың көбісіне тоқталмаймын, себебі олардың барлығы БАҚ кеңінен жарыққа шықты. Осындай әралуандылықта әр адам өзіне бір жақын дүниені тапты деген сенімдеміз, келесі жылы қазақстандықтарды жаңа жобалармен қуантуға тырысамыз.
Әдебиеттер тізімі

1. Бурибаев А. Культура Казахстана на современном этапе. - Алматы, 2012.

2. Асанова С.А. Возрождение традиционных обрядов в современном Казахстане. – Алматы, 2010.


Мазмұны


Кіріспе…………………………………………………………………......…

3

А.А. Бегенеев. Батыл жобаларға арналған алаң…………………...........

4

Ю. Попов. Уақыт түпкірінен……………………………............................

8

А.Е. Даниярова. Орталық Қазақстанның әкімшілік-территориялық бөлінуі және табиғи-климаттық ерекшеліктер....................................….

15


А.Е. Даниярова. Ежелгі дәуір кезіндегі Орталық Қазақстан. Археологиялық ескерткіштер.............…………..……………………...…..

20


Т.Ж. Макалаков. Орта ғасыр кезеңіндегі Орталық Қазақстан.........……

26

В.В. Козина. ХIX ғасырдың жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Орталық Қазақстан...........................………………..………………………

32


Т.Ж. Макалаков. Жаңғырту кезеңіндегі аймақты әлеуметтік-экономикалық және саяси дамыту (ХХ ғ. 20-30-шы жж.)……..…………

38


Е.Г. Огольцова. Орталық Қазақстандағы кен-металлургиялық өнеркәсіптің пайда болуы мен даму тарихы……………………………..

42


Е.Г. Огольцова. Өңір аумағындағы айрықша міндетті «Карлаг» еңбекпен түзету лагерінің құрылуы және жұмысы істеуі...........………....

47


К.С. Тілеуғабылова. Орталық Қазақстан Ұлы Отан соғысы майданының арсеналы......................................................................................................

52


К.С. Тілеуғабылова. Қарағандылықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында

58

А.А. Абдрахманова. Соғыс жылдарынан кейінгі және «Хрущев онкүндігі» кезеңдегі Орталық Қазақстан…......…………………………....

64


А.А. Абдрахманова. ХХ ғасырдың 1960-1980-ші жылдарындағы Орталық Қазақстан............………………………………………….………

68


М.Ж. Сүлейменова. Егеменді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы Орталық Қазақстанның ролі...................…….………….....

72


М.Ж. Сүлейменова. Орталық Қазақстан аймағының қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуы.....................................…………..…......

78


В.В. Козина. Қарағанды облысы – халықтардың нағыз достығының, азаматтық бейбітшілік пен келісімнің үлгісі (демографиялық аспекті)....

84


С.Д. Шаймұханова. Қазіргі даму кезеңіндегі Қазақстан мәдениеті.........

90


ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен


ӨЛКЕТАНУ

4-жинақ
2-ші басылым, өңдел. және толық.
Құрастырушы-авторлар: Т.И. Сүлейменов, К.З. Сәрекенов, Л.Г. Матвеенкова, А.К. Мубаракова, А.Е. Даниярова, Т.Ж. Макалаков, Е.Г. Огольцова,

К.С. Тлеуғабылова, А.А. Абдрахманова, М.Ж. Сүлейменова, В.В. Козина,

С.Д. Шаймұханова

Басуға 03.08.2015 ж. қол қойылды. Пішімі 60х84/8.

Есептік баспа табағы 12. Таралымы 100 экз. Тапсырыс № 140

ҚарМТУ баспасы, 100027, Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары, 56





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет