ҚР ҰҒА академигі А. М. Ғазалиевтың редакциясымен



бет4/8
Дата24.05.2017
өлшемі3 Mb.
#16912
1   2   3   4   5   6   7   8

В.В. Козина,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Қазақстан тарихы

кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д.

е-mail: Lera2019@rambler.ru


ХIX ҒАСЫРДЫҢ ЖАРТЫСЫ МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН
ХIХ ғасырдың екінші жартысында Орталық Қазақстан территориясы сирек елді, негізінде көп ұлтты аймақ болып табылды. Ең ірі ру арғын руы болды, олардың негізгі бөлігі былайша орналасты: Қарқаралыда – 87 381, Ақмолада – шамамен 100 000, Атбасарда - 32 207 шаруашылық. Наймандар негізінде Атбасарда болды - 38 375 шаруашылық; қыпшақтар оңтүстікте Сырдарияның орта және төменгі ағыстарынан солтүстікте Тобыл өзеніне дейінгі территорияда орналасты, олардың саны шамамен 130-150 мың адамды құрады [1, 16-17-б.].

XIX ғасырдың басында аймақтың шығыс бөлігінде басталған әскери-казак отарлау келесі кезеңдерде жалғасын тапты. Қарқаралы казак станицасына (1827 ж.) 1850-жылдардың басында кішіресейлік казактар көшіп келді. 1869 жылдан бастап Қарқаралы (1824 ж.) енді уездік орталық болады. 1883 жылы ондағы тұрғындар саны 1548 адам болып, олардың 181 адамы немесе 11,6 %-ы қазақтар болды [2, 4-б.].

Шаруалардың көшіп келу процесі, Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда, әлдеқайда баяу болды, өйткені Орталық Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайы мал шаруашылығы үшін анағұрлым жарамды болды. Тіпті Қазақстан Ресейге қосылғанмен, көшіп келушілер үшін қолайлы жағдай туындаған уақытта, қазіргі Қарағанды облысының территориясына бұқаралық шаруашылық көшіп келу болған жоқ. Аймақ территориясында Нұра өзенінің жанында, қазіргі Қарағанды ауданында – Үлкен Михайловка, Дубовка, Черниговка, Волынское және басқа да жерлерде бірнеше орыс-украин қоныстары ғана болды [3, 20-б.].

ХІХ ғасырда Орталық Қазақстан өнеркәсіптік игеруде, аймақтың табиғи байлығын, бірінші кезекте, пайдалы қазбаларды пайдаланудағы перспективті аймақ ретінде басты назарда болды. Бұл оның дамып келе жатқан ресейлік капиталистік өнеркәсіп үшін шикізат жеткізушісіне айналуының бастамасы болды. Ресейлік капитализмнің дамуы, қазақ даласына капиталистік қатынастардың кеңінен енуі сауда орталықтары мен қоныстардың пайда болуымен, жер қойнауындағы байлықпен танысумен, содан кейін рудниктер мен шахталардың, зауыттар мен фабрикалардың, темір жолдардың салынуымен бірге жүрді.

Ресей кәсіпкерлері жергілікті байлардан тас көмір, мыс, сирек металл кен орындарына бай жерлерді тым арзанға жалдап та, сатып алып та жатты. Осылайша, мыс рудасына бай Нілді шатқалы Байзақов деген байдан 86 рубль күміске сатып алынды. 1859 жылы Н. Ушаков Қарағанды-басы шатқалындағы тас көмір кен орнын И. Өтепов деген байдан 255 рубль күміске, сонымен бірге Сарань кен орнын 114 рубльге сатып алды. 100 кв. км ауданды Қарағанды пайдалы қазбаларды қазу жөніндегі компанияның жеке меншігіне өтті де, жергілікті тұрғындар ежелден қолданып келе жатқан жайлауынан айрылып қалды [4, 12-б.].

Ресей империясының 1897 жылғы Тұңғыш Жалпыға ортақ халық санағы аймақ тұрғындарының немен айналысқандығы туралы мәлімет береді. Табиғи-климаттық жағдай аймақта мал шаруашылығының дамуына себепші болды, ол көшпенді қазақтардың негізгі кәсібі және басты тіршілік әрекеті болды. Онымен тұрғындардың 98,0 %-ы айналысты. Егіншілікпен тұрғындардың тек 1,2 %-ы айналысты.

Рудниктер мен тас көмір шахталарында 1897 жылғы санақ кезінде 362 адам (олардың 64,3 %-ы – ер адамдар және 35,7 %-ы әйелдер) – негізінен қазақтар жұмыс істеді. Салыстыру үшін айта кететін жайт, он жыл бұрын 1886 жылы 715 адам (594 қазақ және 121 орыс) жұмыс істеді [6, 25-б.].

Қарқаралы уезінің орыс халқы омарташылықпен, жүкшілікпен, жергілікті кәсіппен, шайыр қайнатумен және аңшылықпен айналысты. Алайда бұл кәсіптер айтарлықтай пайда берген жоқ. Осылайша, 1886 жылы ауладағы пайда көлемі 3 рубльді, ал Қарқаралы уезіндегі жалпы пайда көлемі 1705 рубльді құрады [6, 62-б.].

Қолөнерші қазақ ер адамының жұмысы тапсырыспен анықталып отырды. Сатуға арналған заттарды беретін майдагерлік өндіріс әйелдер қауымымен орындалды. Әйелдер киіз, жүннен тоқылған қаптар мен кілемдер жасады, қыл және жүн жіп (арқан) тоқыды.

Балқаш көліне жақын орналасқан қазақтар балықты жазда, қыста да аулап, оны Қарқаралы қаласына жіберіп тұрды. Алайда көшпенді қазақ арасында бұл әрекет түрі айтарлықтай маңызға ие болған жоқ.

Халық санағы материалдарында патшалық әкімшілік өкілдері де көрсетілген – бұл әкімшілік, сот және полиция және әскери қауым өкілдіктерінің шенеуніктері (101 адам Қарқаралы қаласында). Уезде интеллигенция өкілдері де болды – бұл мұғалімдер, тәрбиешілер (151 адам) және дәрігерлер, фельдшерлер (9 адам). Сол уақытта қазақ интернаттары да бой көтере бастады, ал Қарақаралы қаласында бір әйелдер интернаты да болды.

ХХ ғасырдың басында Орталық Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы Ресей империясының оқиғалар арнасында болды және өткен кезеңдегі сипатқа ие болды: аймаққа ресейлік және шетелдік капиталдың енуі, егіншілікке қолайлы жерлерге қоныстану, қазақтарды жерлерінен ығыстыру және олардың дәстүрлі шаруашылығын ыдырату жалғасты. Империалистік соғыс, буржуазиялық-демократиялық революция, Қазан революциясы және одан кейін болған Азамат соғысы, құлдырау, құрғақшылық пен жұт, жаңа экономикалық саясат та әлеуметтік-экономикалық дамуына да әсерін тигізбей қоймады.

Аймақтағы көптеген өнеркәсіп кәсіпорындары шетелдік капиталистер құзырына көшті. Осылайша, 1904 жылы Ушаков пен Рязанцевтің ұрпақтарына тиесілі кәсіпорындарды Жан Карно сатып алды; 1907 жылы Сарань және Қарағанды көмір шахталары, Өспен және Спасско-Воскресенский мыс рудниктері және Сарысу көліндегі байыту фабрикасы «Спасск мыс рудалары» ағылшын акционерлік қоғамының жеке меншігіне өтеді. Қоғам акцияларын, ағылшын және француз капиталистерінен басқа, АҚШ, Германия, Ресей, Швеция, Австрия және т.б. мемлекет капиталистері иемденді.

Ақмола кен округі бойынша кен өндірісінің негізгі салаларында 1901 жылы 2615 жұмыскер; 1902 жылы - 2066 жұмыскер, 1903 жылы – 2130 жұмыскер, 1904 жылы – 2164 жұмыскер жұмыс істеді [9, 54-57 беттер]. Жұмыскерлердің жағдайы өте қиын болды. Жұмыс күнінің орташа алғандағы ұзақтығы 14-16 сағат болғандағы өнеркәсіп кәсіпорындарындағы еңбекақы мөлшері 20-дан 50 тиынға дейін болды. Қарағанды тас көмір шахталарындағы азапты жұмыс үшін шахтерлер айына орташа алғанда 10 мен 20 рубль аралығындағы еңбекақы алған және бұл уақытында берілмей отырды. Кеншілер өз қожайындарынан азық-түлікті амалсыз қарызға сатып алуға мәжбүр болды. Адамдар аш болды, киімі мен аяқ киімі бүтін болмады. Кейде жұмыскерлерді жарғыш құралдарды, жарық лампаларын, қолғаптар және т.б. өз ақшаларына алуға мәжбүр етті.

Азапты еңбек, ауыр материалдық жағдай, адам төзгіссіз тұрмыстық жағдай кеншілердің жаппай ауыруына әкелді. Осылайша, 1904 жылдың соңында Өспен руднигіндегі жер үйлерде тұратын қазақ жұмыскерлері мен олардың балаларының арасында шешек ауруы пайда болды. Шешек індеті казармаларда тұратын жұмыскерлер арасына да кеңінен тарады. Аймақтық инженер індеттің әрі қарай таралуын тоқтату үшін жедел шаралар қолдану шешіміне келді.

Бұл кезеңде Ресейде өнеркәсіптік дағдарыс нәтижесінде (1900-1903 жж.) 3 мыңға дейін ірі және шағын кәсіпорындар жабылды. 100 мыңнан астам жұмыскер жұмыстан шығарылды. Олардың көбі жұмыс іздеп Орталық Қазақстанға келеді.

1903 жылдың тамызында Қарағанды шахталарында 67 адам жұмысқа кірісуден бас тартты. Бұл оларды жалдау кезінде уәделескен ақшаны алмауынан пайда болды. Олар экономикалық талаптар қойды: тәулігіне 8 сағат жұмыс істеу; кесімді жалақы алу; дүкендегі азық-түлік пен тауар бағасын төмендету және т.б. Әкімшіліктің бұл ұсыныстарды қабылдамауына жауап ретінде жұмыскерлер кеңсе бөлмелерін қиратты, дүкендерді бұзды және шахтадан рұқсатсыз кетті. Кен жұмыскерлерінің революциялық қимылдары 20 желтоқсаннан 24 желтоқсанға дейін жалғасты.

1903-1905 жж. Спасск мыс балқыту зауыты мен Өспен руднигінде ереуілдер болды. 1905 жылғы Өспен руднигінің жұмыскерлерінің ереуілі Қазақстанның революциялық қозғалыс тарихындағы ең ірі оқиға болып табылды, осында жұмыскерлердің «Орыс-қырғыз одағы» құрылды. Рудникте ереуіл басталғанға дейін 334 адам, олардың ішінде – 269 қазақ, және 65 орыс жұмыс істеді [10, 166-б.]. 1907 жылы Спасск акционерлік қоғамының негізгі үш кәсіпорнында: Спасск зауытында, Қарағанды тас көмір шахтасында және Өспен руднигінде ереуілдер болды. Ереуілге шығушылар тұрмыстық жағдайларды жақсартуды және әкімшіліктің жұмыскерлермен жасасқан шартты ұстануын талап етті.

Аймақтағы бұқаралық ереуілдер жұмыскерлердің материалдық жағдайының біршама жақсаруына әкелді. Сонымен бірге, 1907 жылы «Спасск зауыты – Қарағанды шахталары» темір жол жүйесі іске қосылды, оның ұзындығы 40 шақырым болды, бұл еңбек өнімділігін арттырды, яғни капиталистер пайдасын да арттырды деген сөз. Бұл жұмыскерлердің материалдық жағдайын да біршама жақсартқан болар. Осылайша, 1907 жылы Қарағанды шахталарында, Спасск зауыты мен Өспен руднигінде шахталардағы бір күндік жалақы мөлшері 80 тиыннан 1 рубльге дейін болды. Қыста 20 тиын, ал жазда 65 тиыннан 1 рубль 10 тиынға дейін болды [7, 84-б.].

Территорияның Ресейлік өнеркәсіп орталықтарынан алыс орналасуы, сұрапыл климаттық жағдайлар, көлік пен білікті жұмыс күшінің жоқтығы аймақтағы өнеркәсіп дамуына кедергі келтірді.

Бұл кезеңдегі кен жұмыскерлерін негізгі екі топқа бөлуге болады: білікті және біліксіз. Бірінші топта Ресей, Орал, Сібір және Алтай орталық губернияларынан жіберілген орыс жұмыскерлері болды. Ал екінші топта қазақтар көп болды. Кен жұмыскерлерінің ұлттық құрамы әр түрлі болды. Мұнда қазақтар, орыстар, татарлар, башқұрттар және т.б. болды, сонымен бірге олардың шамамен70 % -ын қазақ жұмыскерлері құрады.

1919 жылдың соңына қарай Орталық Қазақстан территориясы, Қарағанды өнеркәсіп ауданын қоса алғанда, ақ гвардияшылар мен капиталисттерден толық босады. 1920 жылғы Тұңғыш кеңестік халық санағының, ауыл шаруашылық санағының, өнеркәсіп кәсіпорындары мен түрлі құжаттардың материалдарын талдау сол кезеңде Қазақстан даласы мен оның аймақтарында әлеуметтік-экономикалық және саяси дағдарыстың көрінісін береді.

Шетелдік әскери интервенция мен азаматтық соғыс аяқталғаннан кейін жаңа билік Қазақстанның ауыл шаруашылығы экономикасына кері әсерін тигізді. Сонымен қатар 1920 жыл өнімсіз болып, кейбір территорияларды жұт басты. Мал басының күрт төмендеуінен, көшпенді шаруашылық пен шаруашылық қоны аударулардың көбі салықты төлей алмай қалды. Келесі 1921 жылы Қазақстан территориясының көп бөлігіне құрғақшылық тарады. Бұл көшпенді аймақ болып табылатын Орталық Қазақстанға өте әсер етті. Құрғақшылықтан шөп болмады, малға жем болмай қалды.

Көшпенділердің малынан айырылуы оларды отырықшылыққа әкелді. Олар шаруашылық жүргізуге арналған артельдерге бірікті. Отыз үш шағын дербес ауыл мен қыстақтарды тұрғындар саны 2283 адам болып, олар орыс-қазақты құрады. Қазақтар 43,6 %, ал орыстар 49,3 % болды. Басқа ұлттар үлесі айтарлықтай болған жоқ (татарлар – 2 %; украиндер – 2,8 %; немістер мен басқа да еуропалықтар –1 %) [13, 36-65 беттер].

Мұндай апаттар салдарынан Орталық Қазақстан халқы ашаршылыққа душар болды. Өлім мен кедей аудандардан көшу көптеп кездесті. Аймақтың экономикасы құрыды. 20-жылдардағы Қазақстан халқының шығыны туралы мәселелер ғылыми әдебиетте жиі көтеріле бастады.

Х1Х ғасырдың екінші жартысында орыс және шетел кәсіпкерлері бастаған Орталық Қазақстанды өнеркәсіптік игеру және кен-алу өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үзіліп қалды.

1918 жылдың 11 мамырында СНК РСФСР «Спасск мыс балқыту зауытын ұлттандыру туралы» декрет қабылдайды. 1920 жылы Қарағанды шахталарында 125 жұмыскер болды. 1913 жылмен салыстырғанда көмір өндіру 94,6 %-ға төмендеп, 8 280 тоннаны құрап, көбінесе ішкі қажеттіліктер үшін қолданылды [14, 102-103 беттер]. Сол жылы Өспен руднигі мен Сарысу фабрикасы да тоқтатылды. Орталық Қазақстанда бірде-бір өнеркәсіп кәсіпорны әрекет еткен жоқ.

Осылайша, аймақ экономикасы бір жола құлдырады. Халық наразылығын білдіріп жатты, кеңес билігіне қарсылық бүкіл Қазақстан бойынша тарап кетті. Жаппай тәртіпсіздікпен мазасызданған кеңес үкіметі 1921 жылдың 14 маусымындағы «Табиғи ет салығы туралы» декретімен көшпенді және жартылай көшпенді қазақ шаруашылықтарын ет салығынан босатады. Сондықтан 20-жылдардың басындағы Қазақстанның аграрлық секторының біршама жақсаруы осы жаңа экономикалық саясатпен байланысты болды [16, б. 16]..

Салықты ұзарту, көптеген салық түрлерін ортақ, табиғи салықпен алмастыру алғашқы жылдары ауыл шаруашылығын қалыпқа келтіруде маңызды роль атқарды. 1921 жылғы құрғақшылық пен жұт, одан кейін ілесе кеткен ашаршылық соғыс салдарынан енді ғана бой көтеріп келе жатқан ауыл шаруашылығы үшін ауыр соққы болды. Егер 1920 жылдың соңында Х1Х ғасыр соңындағы деңгейде болса, 1923 жылы тағы да 20-30 жыл артқа тасталды [11, 179, 185 беттер]. Қалыпқа келтіру процесі негізінде тек 1923 жылы басталды да, алғашқы уақытта баяу қарқынмен жүріп отырды. Ауыл шаруашылығын қалыпқа келтірудің жалпы коэффициенті 1913 жылға қарағанда 65 %-ды ғана құрап, бүкіл КСРО бойынша төмен көрсеткіш болды [11, 187-б.].

Астан-кестен өзгерістер мен соғыстар болмағанда, мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы аймақтың ішкі қажеттіліктерін толығымен қанағаттандырар еді. 20-жылдардың ортасында экономикалық даму жақсара бастады.


Әдебиететр тізімі
1.Абдишев Б. Системный прорыв в будущее //Индустриальная Караганда.- 2014.- 18 февраля.

2. Казахи. Историко-этнографическое исследование. - Алматы, 1995.

3. Обзор Семипалатиской области за 1883 год.

4. Караганда. Карагандинская область: Энциклопедия. - Алма-Ата, 1986.- 606 с.

5. Караганда. - Алма-Ата: Наука. 1989.- 191 с.

6. Обзор Семипалатинской области за 1884 год. Каркаралинский уезд. - с. 11.

7. Обзор Семипалатинской области за 1884 год. Каркаралинский уезд. - с. 11.

8. Переселение в Степной край в 1907 г. - с. 84

9. ЦГА РК. Ф.698. Оп.14. Д. 2.

10. Дильмухамедов Е.Д., Маликов Ф. Очерки истории рабочего класса дореволюционного Казахстана. Вторая половина Х1Х - начало ХХ вв. Алма-Ата: Из-во АН КазССР, 1963. - 270 с.

11. ЦГА РК. Ф.14. Оп.1. Д. 167.

12. Дахшлейгер Г.Ф., Нурпеисов К.Н. История крестьянства

советского Казахстана. - Алма-Ата, 1985.

13. ЦГА РФ. Ф.1318. Оп. 1. Д.1 93.

14. ЦГА РК. Ф.698. Оп. 14. Д. 2.

15. Социалистическое строителсьтво Каз АССР. Экономико-статистический справочник за 1920-1935 гг. - М, 1936.

16. Социалистическое строительство в Казахстане в

восстановительный период (1921-1925 гг.). Сб. документов и материалов. - Алма-Ата, 1962.






Т.Ж. Макалаков,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Қазақстан тарихы кафедрасының

аға оқытушысы

e-mail: makalakov77


ЖАҢҒЫРТУ КЕЗЕҢІНДЕГІ АЙМАҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ДАМЫТУ

(ХХ Ғ. 20-30-ШЫ ЖЖ.)
ХХ ғасырдың 20-шы – 30-шы жж. екінші жартысы КСРО-да кең масштабты жаңғырту процестерінің уақыты болды. Өзгерістер мемлекет тірлігінің барлық салаларына әсер етті. Тұтастыққа қол жеткізу үшін жаңа әкімшілік-территориялық бөлу жүзеге асырылды. 20-шы жылдардың соңы мен ХХ ғасырдың 30-шы жылдары аралығында Орталық Қазақстанда әкімшілік-территориялық құрылым бірнеше рет өзгерді. Осылайша 1926 жылғы санақ кезінде Қазақстанды әкімшілік-территориялық бөлу бес буын (бес деңгей) бойынша жүргізілді: орталық, губерния, уез, болыс, ауыл.

Жаңа әкімшілік-территориялық құрылым жасау Қазақстанда 1927 жылдың соңында басталды да, процесс кезінде шаруашылық және табиғи жағдайлардың аз зерттелуімен, қалалар мен ауылдардың территория бойынша шашыраңқы орналасуымен күрделенді. 1928 жылы Қазақстанның жаңа құрылымы бекітілді – ол аймақтық деп аталды. Міне, осы аймақтардың аудандарының негізінде қазір біз Орталық Қазақстан немесе Қарағанды облысы деп атап жүрген территория қалыптасты [1, 91-б.].

1932 жылы Қазақстанда жаңа әкімшілік-территориялық бөліну – облыстық құрылымға көшу болды. 6 облыс құрылды, оның ішінде Қарағанды облысы да бар, оның орталығы Петропавл қаласында болды. 1936 жылы Қарағанды облысынан Солтүстік Қазақстан облысы бөлінді. Қарқаралы аймағы таратылып, оның аудандары ауылдық кеңестер ретінде Қарағанды облысының құрамына кірді.

Осылайша, жаңа қарапайым әрі қолайлы әкімшілік жүйе орталықтандырылған территориялық әкімшілікке қаңқа болды. Әкімшілік-территориялық реформалаумен қатар мемлекет басшылығы қоғамды әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңғырту жұмыстарын жалғастырып отырды.

ХХ ғасырдың 20-жылдарының басы да тыныш болған жоқ. Экономикалық құлдырау шаруалардың наразылығымен күрделен бастады. ВКП X съезінің жаңа экономикалық саясат жөніндегі жаңа шешімімнен кейін аймақтағы экономикалық жағдай жақсара бастады. Осы негізде жеке ауыл шаруашылықтарының нығаюымен қатар жер өңдеу және мал өсіру бойынша түрлі серіктестіктер дами бастады. Әйгілі Қоянды жәрмеңкесі де өз жұмысын қайта жаңғыртты [2, 382-383 беттер].

20-жылдардың бірінші жартысында мемлекетіміздің бүкіл территориясында болған аймақ экономикасының тұрақтануы, халықтың материалдық жағдайының жақсаруы сияқты жетістіктер кеңестік мемлекет экономикасын «революциялық өзгертуге» қатысты жаңа идеялардың әсерінен тоқтап қалды. Жаңа экономикалық саясат, жағымды жақтарының көп болғанына қарамастан, коммунистік идеология сәйкес болмауынан тоқтатылды. Ауыл шаруашылығын бұқаралық ұжымдастыру жолы арқылы аграрлық саланы өзгерту кеңес басшылығының басты мәселесіне айналды. Ұжымдастыру негізінде «мемлекетті индустриаландыру» деген ұранмен кең масштабты өнеркәсіп құрылысын жасау шешімі қабылданды, бұл кейін қайтымсыз қайғылы зардап келтірді.

Орталық Қазақстандағы жаңғырту негізсіз (экзогенді) сипатқа ие болды, өйткені өнеркәсіптік және басқа да құрылыс үшін объективті алғышарттар болған жоқ. Жаңғырту, өзінің экономикалық сипатына қарамастан, қоғамның әлеуметтік өмірінің барлық салаларын қамтып, халық санына да әсерін тигізді. Экономикалық дамудың, бірінші кезекте өнеркәсіп дамуының қарқыны көп жұмыс күшін қажет етті және халық санының тез өсіп, оның орналасу сипатына әсер етіп қана қоймай, әлеуметтік, кәсіптік, ұлттық құрылымы мен білім деңгейін өзгертті.

Еңбек ресурстарының мәселесі, бір жағынан, ұжымдастыру кезінде қазақ халқының дәстүрлі көшпенді салтын бұзу арқылы, ал екінші жағынан, Ресей, Украина, Белоруссияның орталық облыстарынан мәжбүрлі түрде қоныс аударту арқылы шешілді.

1930 жыл мал басының азаюымен өзгеріске толы болды. Колхоздарда мал індеті басталды, кейбір шаруашылықтар малды мемлекет алып қояды деген қорқынышпен сойып жатты. Кейбір деректерге сүйенсек, 1930-1931 жж. Республикада мал саны 12,2 млн басқа азайды. Етпен астықты экспорттау арқылы кеңестік мемлекет шетелден өнеркәсіп жабдығы мен құрылғыларын сатып алу қажеттілігін орындады. Нәтижесінде 1934 жылға қарай барлық малдың 45 млн-ынан республикада тек 4,5 млн-ы ғана қалды [3, 304-б.].

Мұндай құлдырау шегі 1932 жылы ерекше масштабтарға жетті. Осылайша, кейбір мәліметтер бойынша Қарқаралы ауданында 1930 жылдың басындағы 260 мыңнан астам мал басынан 1932 жылдың күзінде тек 8,4 мың мал бас қалған.

Қазақстан басынан ашаршылықты да өткерді, ол халыққа үлкен қайғы-қасірет әкелді. Орталық Қазақстан аудандары қиын жағдайға душар болды. Көптеген ауылдар толығымен босап қалды: адамдар не қайтыс болған, не өздерін құтқару мақсатында ол жерден көшіп кеткен. Бір жарым жылдың ішінде (1930 жылдан 1931 жылдың маусымына дейін) Қарағанды облысынан 59 928 шаруашылық көшіп кеткен.

Мемлекетті аграрлық ауыл шаруашылықтан өнеркәсіптікке жедел ауыстыру экономикалық жаңғыртудың басты мақсатына айналды. Жаңғырту мәселесі мемлекет алдында әрине болды. Алайда күрделі халықаралық жағдай, техникалық және экономикалық артта қалғандық, аграрлық шаруашылық сипаты, КСРО ішіндегі саяси жағдайдың ерекшелігі осы стратегияның мәселесіне айналды.

Орталық Қазақстанның табиғи ресурстарының байлығы көмір алу, түсті және қара металлургия, химия өнеркәсіптерінің қарқынды дамуын қамтамасыз етуге қабілетті бола отырып, жаңғыртуды жүзеге асырушы ретінде өзінің тарихи міндетін атқара алды.

Қазақстанда кеңестік билік орнағаннан кейін РСФСР Совнаркомының төрағасы В.И. Ленин орталық шаруашылық органдары мен мамандарға Қазақстанның, оның ішінде Орталық Қазақстанның табиғи ресурстарын зерттеу, пайдалы қазбалар кен орындарының масштабтарын айқындау, көмір, мыс және басқа да пайдалы қазбалар қорының көлемін анықтау жайлы бұйрық береді. 1920 жылдан Орталық Қазақстанда Қарағандыдағы кен орындарын, Балқаш пен Жезқазғандағы мыс кен орындарын қарқынды зерттеу басталды. Геологиялық зерттеулер ғылыми негізде жүргізілді. Жұмыс кезінде зерттеулер географиясы кеңейіп, пайдалы қазбалардың жаңа түрлері табыла бастады [4, 77-б.].

ХХ ғасырдың 20-жылдарында орталықтан Балқаш ауданына М.П. Русаков бастаған геологиялық экспедиция келеді. Экспедиция нәтижесі бойынша Балқаштағы Қоңырат кен орнында 1 млн 700 мың тонна мыс қорының бар екендігі анықталды. Бұл Балқаш мыс қорыту зауытының құрылысы жайлы мәселені көтерді [4, 78-б.].

1929 жыл мен 1941 жыл аралығында Жезқазғандағы геологиялық жұмыстар академик, әйгілі ғалым геолог Қ.И. Сәтпаевтың жетекшілігімен жүргізілді. Жезқазған кен орнындағы мыс қорын толық ашу және осы байлықты игеруді Қ.И. Сәтпаевтың зор еңбегі деп білуге болады. Қ.И. Сәтпаевтың жетекшілігімен жүргізілген геологиялық жұмыстар оған 1932 жылы Жезқазған кен орнында бай мыс қорының бар екендігін ғылыми негізде дәлелдеуге және соның негізінде ірі кенметаллургиялық түсті металлургия кешенін құруға мүмкіндік берді [4, 79-б.].

Яғни, Орталық Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер бірінші кезекте көмір алу, түсті және қара металлургия, химия өнеркәсіптерінің дамуымен байланысты.

ХХ ғасырдың 30-жылдарында Қарағанды облысында көмір бассейнін игеру басталады. Сондықтан келімсектердің көп бөлігі көмір өнеркәсібімен айналыса бастайды.

Осындай тарихи қысқа мерзімде Орталық Қазақстан бір ұлтты аймақтан көп ұлтты аймаққа айналды. Бұл кезеңде қазақтар алғаш рет өз жерінде саны аз ұлт болып қалды. Орталық Қазақстан халқының саны 32,6 % болды. 1939 жылғы халық санағының мәліметтері бойынша Орталық Қазақстан халқының саны 21,5 %-ға өседі. Халық санының орташа өсу қарқыны бұл жылдары – 1,7 % болса, жалпы республикалық көрсеткіште – 0,1 % болды [7, 14-б.]. 1939 жылғы халық санағына сәйкес, қалалық жерлерде 235 053 адам тіркелген (олардың ішінде 160 768 адам Қарағандыда, ал 32 521 адам Балқашта өмір сүрді), бұл Орталық Қазақстан халқының жартысынан көп көрсеткіш (56,2 %) болды [7, 15-б.]. Алайда Орталық Қазақстан халқының жалпы санының өсуімен қатар қазақтар санының күрт қысқаруы байқалады. Бұл аймақтан тыс жерлерге шарасыздықтан көшу, 1931-1933 жылдардағы аштық пен індет кезінде өлім санының көбею салдарынан болды.

Осындай қысқа мерзімде Орталық Қазақстан территориясы ауыл шаруашылық аймағынан Кеңес мемлекетінің индустриалды-өнеркәсіптік аймаққа айналады.


Әдебиеттер тізімі
1. Козина В.В. Население Центрального Казахстана (конец XIX в. – 30-е годы ХХ в.). Книга первая – Алматы: Оркениет, 2000.- 144 с.

2. Восточная Сарыарка Каркаралинский регион в прошлом и настоящем / под ред. К.С. Алдажуманова, А.З. Бейсенова. Алматы: 2004. -564 с.

3. Кузембайулы А., Абиль Е.А. История Казахстана. – СПб.: Соларт, 2004. – 420 с.

4. Досмагамбетов С.К. Центральный Казахстан: природа и природные ресурсы, события и люди, реформы и развитие. – Алматы, 2003. - 562 с.

5. Депортированные в Казахстан народы. – Алма-Ата. - 356 с.

6. Шаймуханова С.Д. Политические репрессии в Казахстане (30-40-е – начало 50-х гг. ХХ века). Караганда, 2000. – 180 с.



7. Козина В.В. Население Центрального Казахстана (Методология. Историография. Источники). – Алматы: Оркениет, 2001. – 88 с.
Е.Г. Огольцова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Қазақстан тарихы

кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к.

e-mail: cmaffia72@mail.ru



ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕН-МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ
Көмірдің арқасында Орталық Қазақстан Қазақстан Республикасының ғана емес, сондай-ақ бүкіл орасан Еуразиялық континенттің ірі индустриялық орталығы болды. Мұнда ірі өнеркәсіптік қалалар бой көтерді: жарты миллион халқы бар Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран және т.б.

Бірақ осы ірі экономикалық индустриялық орталық қалай дамыды?

Орталық Қазақстанның табиғи ресурстарға ерекше бай біртіндеп қалыптасатын өнеркәсіптік бейнесі бірінші кезекте тау-кен зауыттық саламен анықталды. Орталық Қазақстан өнеркәсіптік даму деңгейі тұрғысында республика аймақтары арасында бірінші орын алады. Онда қуатты екі өнеркәсіптік торап құрылған. Бірі Қарағанды-Теміртау көмір-металлургиялық кешені, оған Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай, Шахтинск, Ақтау, Жезқазған қалаларындағы электр энергетикасы, машина жасау, металл өңдеу, химия, жеңіл, азық-түлік өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары кіреді, екіншісі Балқаш түсті металлургия өнеркәсіптік кешені, ол негізінен мыс кендерін өндіру және өңдеуге тазартылмаған және тазартылған мысты, түсті прокатты, сондай-ақ марганец, қорғасын, мырыш және басқа полиметалл концентраттарын шығаруға маманданған. Осынау кәсіпорындық торап Жезқазган, Балқаш, Сәтпаев, Қаражал қалаларының, Жәйрем, Жезді, Қоңырат, Саяқ, Ақшатау кенттерінің кеніштері мең шахталарын, байыту фабрикаларын, мыс қорыту зауыттарын, өнеркәсіптін химия, азық-түлік және басқа салаларын біріктірген.

Облыс экономикасының қазіргі жағдайы экономикалық және әлеуметтік құрылымдардағы елеулі өзгерістермен сипатталады. Облыстың республикадағы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 15 % пайыздан асып жығылады. Бүгінде аймақта 300-ден астам бірлескен және шетелдік кәсіпорындар жұмыс істейді. Олардың ішіндегі ең ірілері мыналар: «Қазақмыс» корпорациясы ААҚ, ол көп қырлы, өндірісі аяқталған циклды кен-металлургия кәсіпорны, әрі бірқатар зауыттар, кеніштер және энергетикалық нысаңдарды біріктіреді; «Арселор Миттал» ААҚ, ол толық металлургиялық циклді кәсіпорындардын барлығының Қарағанды бассейнінің көмір шахталарының ЖЭО, қосалқы және басқа да қызмет көрсететін өндірістік инфрақұрылымының басын қосқан.

Марганецтің ірі өндірушісі «Жәйрем КБК» ААҚ болып табылады. Машина жасау және металл өңдеудегі жетекші кәсіпорындар Пархоменко атындағы машина жасау зауыты, «Қарағандыкенмаш» НТЭК» ЖАҚ, «Қарағанды құю-машина жасау зауыты» ААҚ, «Техол» ЗПХ ЖАҚ, «Қазкарметавтоматика» ААҚ және басқа кәсіпорындар есептеледі. Резеңке және пластмасса бұйымдар шығаратын негізгі өнеркәсіптік кәсіпорындар қатарына «Қарағанды резеңке техника» ЖШС, «Саранрезеңкетехника» ААҚ, «Восход» ЖШС жатады.

Химиялык өнеркәсіпте «Теміртау химия-металлургиялық зауыт», «Монета Дитерджентс жуғыш заттары зауыты» ЖШС жұмыс істейді. Құрылыс материалдарды өндірумен «Сеntral Аzia Cement» ААҚ және «Қарағанды асбоцементтік бұйымдары» ЖШС айналысады.



Жеңіл өнеркәсіптің ірі кәсіпорындары «Гүлден» ЖШС және «Тоmiris» ЖШС, азық-түлік өндірісінде «Тұлпар» фирмасы саналады.

Өндірістік мәселелерді шешу және тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу үшін тың өндірістік куаттар және нысандар іске қосылуда, әртүрлі машиналар мен тау-кен және өңдеу өнеркәсібінің техникалық жабдықтарына қосалқы бөлшектер өндіру және тұтыну тауарларын даярлау ауқымы ұлғая түсуде [1].

Машина жасау салалары көмекші салалардың рөлін атқарады. «Қаргормаш» зауыты - металлургия кәсіпорындарына арналған тау-кен шахта құрал жабдықтарын шығарады. Сондықтан да ауыр өнеркәсіп Орталық Қазақстанда жетекші орынға ие. Ауыр өнеркәсіп салаларының кешенін толықтырушы кәсіпорындарға жеңіл және тамақ өнеркәсібі жатады. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары тігін, тоқыма, аяқ киім бұйымдарын шығарады. Өңдеуші салалардың жалпы өндірістік өнім шығарудағы үлес салмағы 86 % .

Көлік түрлеріне келетін болсақ негізгі рөлді темір жол атқарады. Өткен ғасырдың 30-жылдары салынған Астана - Қарағанды -Мойынты - Шу темір жолы тек орталықтың емес солтүстік ауданында отын өнеркәсібін және басқа салаларын дамытты. Осы темір жол магистралынан бөлініп кенорындарына тартылған (Жезқазған, Қаражал, Теміртау, Балқаш, Саяқ) жолдар түсті және қара металлургияның дамуына түрткі болды.

Темір жолмен қатар автомобиль жолдары да жақсы дамыған. Автомагистральдар аудан ішіндегі және көршілес аудандардың ірі өнеркәсіп орындарын байланыстырады. Қарағанды - Теміртау, Қарағанды -Балқаш - Алматы.

Ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға ауданның солтүстік бөлігі қолайлы. Негізінен астық тұқымдастардан жаздық бидай, арпа, тары, техникалық дақылдардан күнбағыс және бау-бақша мен картоп егіледі. Қала маңдарында суармалы жағдайда бау-бақша егіледі. Сонымен бірге ірі қара, қой, жылқы, шошқа өсіріледі (аудандар арасында жылқы саны бойынша 3-ші орында).

Ауданның оңтүстігіндегі ауыл шаруашылық жерлері тек қана мал жайылымына жарайды. Өсіресе қой бағылады.

Орталық Қазақстан ауыл шаруашылық енімдерімен өзін-езі қамтамасыз ете алмағандьқтан сырттан әкеледі. Орталық Қазақстан аумағында Қарағанды-Теміртау АӨК және Балқаш-Жезқазган өнеркәсіп торабы қалыптасқан. Бір-бірімен жоғарғы электр желісі және темір жолмен байланысады. Қарағанды- Теміртау АӨК (ең қуаттысы) көмір өнеркәсібінің негізінде қалыптасқан. Орталығы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинаты. АӨК-ң құрамына өнеркәсібі дамыған Абай, Саран, Шахтинск қалаларымен, қала типтес Долинка, Шахан, Топар және т.б. кенттер кіреді. Бұл кешенде металды көп қажет ететін машина жасау және негізгі химияның салалары дамыған.

АӨК-н сумен Ертіс Қарағанды каналы мен Нұра су қоймасы қамтамасыз етеді. Балқаш және Жезқазған өнеркәсіп тораптары, толық циклды мыс өнеркәсібінің дамуына байланысты қалыптасқан әрқайсысында тау-кен байыту комбинаты — (оның құрамына кенорны, карьер, байыту фабрикалары, мыс балкыту зауыттары) жұмыс істейді. Қарағанды (429 мың адам). Мемлекетіміздегі жас қалалардың бірі, бірақ экономикалық әлуеті жағынан республикамыздағы жетекші қалалардың бірі. Халық арасында Қарағанды Кеншілер (шахтерлер) қаласы деп аталады. Тарих тұрғысынан қарасақ алғашқы елді мекен 1,5 ғасыр бұрын көмір кенін игеруге байланысты пайда болған екен. Қаланың қарқынды өркендеуіне Ақмоладан (Астанадан) тартылған темір жол магистралы, Нұра өзені бойына салынған су қоймасы, кейінірек Қарағанды қаласына тартылған су құбыры, әсер етті. Қарағандының басты мамандануы - қаладағы ауыр өнеркәсіп салаларына қажетті кокстелетін тас көмір өндіру.

1935 жылы барлық шахталар электрленді. Алғашқы кірпіш, алебастр, әктас зауыттары жұмыс істей бастады. 1937 жылы жылына 14 мың тонна өндіретін Қарағанды цемент зауыты іске қосылды.

Қарағанды — орталықта орналасуына байланысты республикалық және облыстық дәрежедегі темір жолмен автомобиль жолдарының түйіскен жері. Қарағанды - Қазакстанның мәдени және ғылыми орталықтарының бірі. Теміртау (170 мың адам). Қарағандының серіктес қаласы. Қаланың тарихы 1905 жылдан басталады. Нұра өзенінің сол жағалауында алғашқы көшіп келгендер орналаса бастады. Алғашқы қоныстанушылар ауылдың атын жергілікті жердегі Жуар шоқысының атауымен Жуар деп атады. Ұлы Отан соғысынан кейін Теміртау деп аталды. Ол кезде қалада бар жоғы 20 мың тұрғын болатын. Қаланың негізгі тірегі - болат балқыту комбинаты. 1960 жылы 3 шілде күні алғашқы Қазақстан шойыны алынды.

Қазіргі Теміртаудағы «Миттал Стил Теміртау» кәсіпорыны дүние жүзінде болат балкыту жөнінен жетекші орында. Қалада кокс өндіретін зауыт агломерациялық фабрика және электр стансасы, химия өнеркәсібінен азот тыңайтқышын (аммони сульфаты) шығаратын зауыт жұмыс істеуде.

Тамақ өнеркәсібінен ет және ұн тарту комбинаттары жұмыс істейді.

Балқаш (74 мың адам) Балқаш көлінін солтүстік жағалауындағы өнеркәсіпті қала. Қалада Республикамыздағы ең ірі кәсіпорындардың бірі Балқаш мыс комбинаты бар. Қала 1937 жылы мыс балқыту зауытының салынуына байланысты іргесі қаланған Балқаш Қазақстандағы маңызды түсті металлургияның орталығы.

Ауыр өнеркәсіптің басты салаларының бірі – металлургия. Ол екі саланы – қара және түстіметаллургияны қамтиды. Металлургия зауыттарында кен өндіру және металл қорыту жұмыстары іске асырылады. 1730-1832 жылдарға дейін Қазақстанның Алтайдағы қазіргі ipi кен орындары Березов, Ниқолаев, Зырян, Белоусов, Крюков, Сокол ашылды. Республикада түсті металлургияның алғашқы ipi кәсіпорындары - Риддер полиметалкомбинаты мен Қарсақбаймыс қорыту зауыты ашылды. Республикамызды электрлендіруде, қорғаныс қабілетін нығайтуда, атом техникасын, авиацияны, сондай-ақ қара металлургия мен химия өнеркәсібінің дамытуда түсті металлургияның маңызы зор. Түcтi металдар бағалы қасиеттерімен ерекшеленеді. Комбинат мыс және күкірт қышқылын шығарады. Сонымен қатар асыл металдар зауыты (жылына 600 тонна күміс, 3,5-5 тонна алтын өндіреді). Жаңа технологиялық қондырғылармен жабдықталған мырыш зауыты, кірпіш, механикалық жөндеу зауыты, балық консерві комбинаттары жұмыс істейді. Құрылыс материалдары мен ағаш өңдеу өнеркәсіптері жақсы жолға қойылған. Қала маңында (Шашубай ауылы) балық консерві комбинаты жұмыс істейді.



Жезқазған (95 мың адам). Қаланың іргесі 1938 жылы Жезқазған елді мекенінің орнында Кеңгір су коймасының жанында қаланды. (Кеңгір - бұл аймақтың негізгі су көзі). Қаланың қалануында маңызды рөл атқарған қазақтың ұлы ғалымы Қ.И. Сәтбаев. 1929 жылдың өзінде Сәтбаев мыс орталығының қаласын салуды армандаған болатын. Қала статусын Жезқазған 1954 жылы алды. 1965 жылы Сәтбаевтың арманы орындалып Жезказғандағы барлық өнеркәсіп кәсіпорындары біріктіріліп өндірістік кешені, яғни Жезқазған тау-кен байыту комбинаты құрылды.

Сөйтіп ірі көлік магистралының бойында металлургтер қаласы пайда болды. Жезқазған - мемлекетіміздің негізгі мыс балқыту орталығы болып есептелінеді. Мұндағы кен байыту фабрикасымен мыс балқыту зауыты мыстан басқа республикамызбен ТМД елдерінің зауыттарына қажет қорғасын концентратын шығарады. Мыс балқыту өнеркәсібінен басқа құрылыс кәсіпорындары, тоқыма, тігін фабрикасы және ет комбинаттары жұмыс істейді.

Қарағанды көмір бассейнінің өнеркәсіптік мәніне Гапеев тобының берген зор бағасы және Қарағанды көмірінін негізгі тұтынушысы — сол кезде салынып жатқан Магнитогорск металлургия комбинатына жақын жерде болуы бассейнді жедел игеруде шешуші рөл атқарды. Жаңа жоба бойынша Оралдын қара металлургиясы, бастапқыда белгіленгендей, Кузнецк көмірімен емес, енді Қарағанды көмірімен жабдықталатын болды. 1930 жылдың бас кезінде Қарағанды көмірлі ауданының өнеркәсіп учаскесінде геолог Д. Н. Бурцевтың бастауымен геологиялық жедел барлау жұмыстары қолға алынды. Жалпы қуаты 47,7 м. геологиялық қоры 8,6 млрд т, 28 көмір қабаты барланды. 1930-31 ж.ж. 23 барлау пайдалану шахтасы салынды, мұның ішінде 10 шахта пайдалану орындары болып кайта құрылды. Соғыстан бұрынғы жылдары Қарағанды көмір бассейні шығыстың көмір-металлургиялық жаңа базасының маңызды буынына айналды-1940 ж. мұнда 6,3 млн т көмір өндірілді. Ұлы Отан соғысы жылдарында бассейн Кузбасс және Қызыл көмір кендерімен катар еліміздің отын проблемасын шешуде, Орал мен Сібір металлургиясын кокспен қамтамасыз етуде аса манызды рөл атқарды. Көмір өндіру 1941 ж, — 7,2, 1942 ж. — 7,0, 1943 ж. — 7,0, 1944 ж. — 10,9, 1945 ж. — 11,3 млн т болды. Соғыстың аяғына таман, кокстелетін көмір өндіру 2,3 есе ұлғайды. Соғыс жылдарында жүзеге асырылған кешенді шаралар КСРО-да шығарылатын көмірден Қарағанды көмір бассейнінің алатын үлес салмағын 1940 жылғы 3,8 %-дан 1945 ж. 7,6 %-ға дейін өсіруді камтамасыз етті.
Әдебиеттер тізімі
1. История Казахстана. Под ред. Асылбекова М.Х., Козыбаева М.К. и др. Алматы: Атамұра, 2000. - 768 с.

2. История индустриализации Каз.ССР. Документы и материалы. – Алма-Ата, 1967. – Т. 1. – С. 73.



3. Огольцова Е.Г. История становления и развития горно-обогатительного комплекса Республики Казахстан [Электронный ресурс]: Программа для ЭВМ. – Астана, 2010.




Е.Г. Огольцова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Қазақстан тарихы

кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к.

e-mail: cmaffia72@mail.ru


ӨМІР АУМАҒЫНДА АЙРЫҚША МІНДЕТТІ

«КАРЛАГ» ЕҢБЕКПЕН ТҮЗЕТУ ЛАГЕРІНІҢ

ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУІ
1930 жылы ұйымдастырылған. 1930 жылдың мамыр айында КСРО ХКК «Қазақ еңбекпен түзету лагерлерін ұйымдастыру туралы» Қаулысы қабылданды. Құжатта: «саяси-шаруашылық және аграрлық-мәдени, Қазақстандағы ОГПУ-дың ерекше мақсаттағы лагерлері Қарқаралы округіндегі мәжбүр ету арқылы жұмыс істету лагерлері жанындағы үлкен аралас құрылатын кеңшарларды ескере отырып, Халық комиссарлар кеңесі қаулы етеді:

1. Жер Халық Комиссариатының қорытындысына және ОГПУ-дің ерекше мақсаттағы Қазақстандағы лагерьлер басқарамасының Қоянды жәрмеңкесі аумағы мен құрылыстарынан басқа 110.000 гектар алаңды мерзімсіз тегін пайдалануға деген өтініші қанағаттандырылсын. 2. Қазақ КСРО Жер Халық Комиссариатына аталмыш лагерьлерге бөлінетін жерді дереу бөліп, жұмыс жүргізетін техникалық қызметкерлерді іріктеу тапсырылсын. Бүкіл жұмыстар Қазақстандағы ОГПУ ерекше мақсаттағы лагерьлер басқармасы күші мен қаражаты арқылы жүзеге асырылсын» деп айтылады.

Осы қаулыға сәйкес 1930 жылғы 13 мамырда Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қарқаралы округінің Бесоба мен Қоянды жәрмеңкесі арасындағы 110.000 гектар жерді бүкіл құрылыстарымен ОГПУ ерекше мақсаттағы лагерьлерінің қарамағына беру туралы шешім қабылдайды. Алайда, бір жылдан кейін, яғни 1931 жылғы 19 желтоқсанда басқаша шешім қабылданады, онда: «Қазақ еңбекпен түзеу лагерінің» бірінші бөлімшесі – «Гигант» кеңшары осы күннен бастап қысқартылған түрде «КарлагОГПУ» деп аталатын, ГУЛАГ-қа тікелей бағынатын Қарағандының жеке еңбекпен түзеу лагері болып қайта құрылатыны, лагерь басқарамасы Долинка селосында орналасатыны» айтылған.

Сонымен, Қарағанды еңбекпен түзеу лагері 1931 жылы 19 желтоқсанда құрылды, лагерьдің орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка селосы болды, оған 120 000 гектар егістікке жарамды жер, 41 мың гектар шабындық жер бөлініп берілді. Карлаг аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейінгі 300 шақырым, шығыстан батысқа дейінгі 200 шақырым жерді алып жатты. Оған қоса осы аумақтан сыртқары лагерьден 350 шақырым жерде Ақмола және 650 шақырым жерде Балқаш бөлімшелері құрылды. Карлагты құрудағы басты мақсаттардың бірі – сол кезде қарқыныды дами бастаған Орталық Қазақстандағы Қарағанды көмір бассейініне, Жезқазған және Балқаш мыс қорыту комбинаттарына аса ірі азық-түлік базасын жасау болды. Оған осы өнеркәсіп салаларын құрып, дамытуға жұмыс күші де қажет болатын.

Карлаг далада, Орталық Қазақстанның елсіз мекендерінде құрылды деген сөз дұрыс емес. Лагерьге бөлініп берілген ұланғайыр аймақта қазақтардың, орыстардың, немістер мен украиндардың елде мекендері болатын. Тарихтан белгілі, қазақтар бұл жерді ғасырлар бойы мекендеген, ал немістер, орыстар мен украиндар бұл жерге 1906-1910 жылдары қоныс аударған. Ақмола губерниясының 1909 жылғы 10 желтоқсандағы қаулысы бойынша Долинка селосы дербес поселке атағына ие болған. 1911 жылы мұнда 2630 адам тұрған, олардың ішінде немістер, орыстар және украиндар болған.

Карлаг аумағында 80 мың тұрғыны бар 4 мың қазақ киіз үйі, 1200 неміс, орыс, украин үйлері болды. 1930-1931 жылдары халықты зорлап көшіру басталды. Бұл операциялар үшін НКВД-нің әскері пайдаланылды. Немістер мен орыстар, украиндар негізінен Қарағанды облысының Тельман, Осакаров және Нұра аудандарына қоныс аударды. Қазақтардың тағдыры ерекше қайғылы болды: лагерьлерге берілген жердің солтүстік бөлігіндегі халықтың көпшілігі Қарағандыға, оған таяу жерлерге көшті. Бұның бәрі байлар мен кулактарды тәркілеп, олардың мыңдаған малын талан-таражға салумен тұтас келді. Тәркіленген малдың біразы «Гигант» кеңшарында арнайы ұйымдастырылған «Востокмясо» деген ұйымға берілді. Жергілікті халық көшірілгеннен кейін бос қалған жерлерді тұтқындардың сан мыңдаған топтары мекендеді. Олар лагерьдің бүкіл аумағына орналастырылды: теміржол салды, өздеріне барактар, мал қоралар, күзеттегі жауынгерлерге казармалар, бастықтарға тұрғын үйлер салды. Құрылысқа көбінесе ескі үйлердің материалдары пайдаланылды, «бейіттердің саман кірпіштерін пайдалануға тыйым салынды», алайда ол тыйым кейде сақталған жоқ. Бейіттердің бұзылу фактісі Қарағанды облысының Жаңарқа ауданында кездесті. Бұл туралы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Ж. Сүлейменов Қарағанды обкомының бірінші хатшысы Галайдинге арнаулы хат жолдады. Хатта былай делінген: «Аудан аумағында Карлаг бөлімшелерін салу кезінде Ортау, Алабас, Жайдақсу шатқалдарында Карлаг қызметкерлері қазақтың атақты адамдарының бейітін бұзды. Атақты Жидебай Сыздықтың және басқа да кісілердің бейіттері бұзылды, мал қораға айналдырылды». Карлаг басқармасы тек қана ОГПУ (НКВД) ГУЛАГ-қа, Мәскеуге бағынды. Республикалық және облыстық партия, кеңес органдары лагерь қызметіне ешқандай ықпал ете алмады. Бұл өзі тізгіні Мәскеудегілердің қолында болған отарлық үлгідегі құрылым еді. Мәні бойынша ол мемлекеттің ішіндегі мемлекет болды. Оның өзіндік шынайы өкіметі, қару-жарағы, көлік-құралдары, поштасы мен телеграфы болды. Көптеген бөлімшелері – «нүктелері» бірыңғай шаруашылық тетікпен байланыстырылды, олардың өзіндік мемлекеттік жоспары болды.

Карлагтың құрылымы да мейлінше күрделі еді. Оның көптеген бөлімшелері болды: әкімшілік-шаруашылық (ӘШБ), есепке алу, бөлу бөлімі (ЕББ), бақылау-жоспарлау бөлімі (БЖБ), мәдени-тәрбие бөлімі (МТБ), кадрлар, жабдықтау, сауда, жедел-чекистік, қаржы, көлік және саяси бөлімдер. Осы соңғы бөлім ГУЛАГ басқармасына ай сайын 17 түрлі есеп жіберіп отырды. Жоғары тиімділік (арзан жұмыс күші, оған қоса қорлар құнының, аммортизациялық шығынның төмендігі) өндірісті кеңейтуге жағдай жасады. Карлаг шаруашылығының негізгі бөлігі Қарағанды мен Ақмола облыстарының аумағында жатты. Егер 1931 жылы Карлаг аумағы 53 000 гектар болса, 1941 жылы 1 780 650 гектар болды. Егер 1931 жылы Карлагта 14 бөлімше, 64 учаске болса, 1941 жылы 22 бөлімше, 159 учаске, ал, 1953 жылы 26 бөлімше, 192 лагерь нүктелері болды. Әрбір бөлімше өз кезегінде бірқатар шаруашылық бөлімшелеріне бөлініп, учаске, нүкте, ферма деп аталынды. Лагерьде 106 мал шаруашылығы фермасы, 7 бақша учаскесі мен 10 егістік учаскесі болды. Бөлімшелер мен учаскелердің лагерь орталығынан қашықтығы 5 шақырымнан 650 шақырымға жететін. Карлаг аумағы 1950 жылы 2 087 646 гектар, яғни 20 876 шаршы шақырым болды, соның ішінде егістік – 111 886 га, шабындық – 337 670га, жайылым – 1 378 999 га.

Лагерьдегі ауыл шаруашылығының үлес салмағы 58,5 пайызды, өнекәсіптікі -41,5 пайыз болды. Ауыл шаруашылғының екі бейіні болды: өсімдік шруашылығының үлес салмағы -51,8 %, мал шаруашылығы -48,2 % болды. Карлаг тұтқындарының жалпы саны кейбір жылдар бойынша келесідей: бір кездері тұтқындар саны 75 мың адамға өсті. Бұл адамдар лагерьдегі барлық қиындықтарға төзіп бақты, моральдық және басқа да ауыртпалықтарды көтеріп, адамгершілік қасиеттерін сақтай білді.

Жезқазған қаласы мен кен металлургия комбинатының құрылысы 1936 жылы басталды. 1940 жылы Кеңгір өзенінің жағасында бұрынғы пионер лагерінің орнына КСРО Ішкі істер министрлігінің аса ірі Жезқазған лагері құрылды. Үлкен Жезқазғанның жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан нысандарының бәрі НКВД-ның қарауына беріліп, «Жезқазған еңбекпен түзеу лагері және НКВД комбинаты» деп, ал Жезқазған қаласының құрылыс алаңы «НКВД-нің Кеңгір құрылыс ауданы» деп аталынды.

Өнеркәсіп пен құрылыс нысандарында 7 мыңнан астам тұтқындар жұмыс істеді. Ең әуелі Кеңгір су қоймасының бөгені мен жылу электр орталығы салынды. Тұтқындардың күшімен ұзындығы 400 шақырымнан астам Жарық станциясынан Кеңгірге дейін теміржол тармағы тартылды. Құрылыс нысандарының ұлғаюына байланысты тұтқындардың саны да өсе түсті. Рудниктерде 3117, Жезқазған марганец кенішіне тартылған теміржол құрылысында 2731, Жезқазған кенішінде 2100, басқа да өнеркәсіп нысандарында 1553, азаматтық құрылыста 1901, Байқоңыр көмірін өндіруде 300, ауыл шаруашылығы жұмыстарында 338 тұтқын жұмыс істеді. 1941 жыл ішінде комбинат пен лагерь 52 млн сом капитал салымын игерді және құрамында 1500 тонна мысы бар 53 мың тонна мыс кенін қазып шығарды. 1941 жылдың 1 қаңтарында комбинатта барлығы 1784 ерікті жұмысшылар, соның ішінде 780 жұмысшы жұмыс істеді. Бұдан басқа мың адамдай күзет және лагерь әкімшілігінің қызметкерлері болды. Осы жылы тұтқындардың жаңа легі келіп қосылды. Кеніштердегі жұмысшылардың саны едәуір ұлғайды. 1942 жылы 605 мың тонна мыс кені қазып шығарылды (19800 тонна мыс). Шығарылған кендер Балқашқа, Қарсақпай мыс зауытына, Орал зауыттарына жіберілді. Соғыстың алғашқы жылдары алдында істен шыққан төрт шахта іске қосылды. Бес шахта қосалқы болды, ең бірінші ірі № 31 шахта іске қосылды [4].

1942 жылы Үлкен Жезді далалық өзеннің құмды жағалауында шамамен екі ондық уақытша барактар пайда болды. Бұл жерде тұтқын құрылысшылар мен болашақ Жезқазған марганец кенішінің пайдаланушылары орналастырылды. КСРО ХКК шешімінен және кеніштің құрылысы басталғаннан кейін 38 күн өткен соң 1942 жылдың 12 маусымында марганец кенінің алғашқы тонналары шығарылып, тұтынушы зауыттарға жіберілді[5].

Соғыс жылдарында Жезқазған кеніші Магнитогорск және Кузнецк металлургия комбинаттарының марганецке деген қажетін елеулі түрде қанағаттандырып отырды. Тұтқындардың бұндай еңбектегі ерлік нәтижелері лагерьге еңбексүйгіш, жоғары білікті мамандар мен инженер-техник қызметкерлердің әкелінуімен түсіндіріледі. Ұлы Отан соғысы жылдары Жезқазған КСРО-ның қорғаныс өнекәсібіне мыстың жартысынан астамын және марганецтің 70 пайызын берді.

1941-1942 жылдары Жезқазған лагерінде контрреволюциялық қылмысы үшін 1830, қарақшылық пен кісі өлтіргені үшін 548, шекараны жасырын түрде бұзғаны үшін 108, әскерден қашқаны және соғыс қылмыс үшін 477, басқа да қылмыстары үшін 9050 адам отырды. Осы соңғы, «басқа да қылмыстары үшін» отырғандардың арасында ешқандай жазығы жоқ жұмысшылар, колхозшылар, инженерлер және басқа да мамандық адамдары, НКВД-нің нұсқауы бойынша құлдық жұмысқа жіберілген адамдар көп еді. Олар айыпты болғандықтан емес, құрылыста, шахталар мен кеніштерде қажет болғандықтан лагерьлерде отырды. 1945 жылдың наурыз айында Карлагтың Кеңгір бөлімшесі негізінде соғыс тұтқындарына арналған №50 лагері құрылды. Жылдың аяғына дейін ол № 39 лагерьге айналдырылды. Тұтқынға түскен неміс жауынгерлерінің алғашқы 8 мың адамдық эшелоны Кеңгірге 1945 жылғы 23 сәуірде келіп түсті.

1946 жылға дейін ерекше қауіпті қылмыскерлер, «халық жаулары», «отанын сатқандар», «контрреволюционерлер» үшін құрылған Жезқазған лагері Карлагтың қарамағында болды. Егер Карлаг патшалы Ресейдің еңбекпен түзеу колониясы принципі бойынша құрылған болса, Степлаг Герман концлагерьлерінің принципі бойынша құрылды. Егер Карлаг тұтқындары негізінен ауылшарушылығымен айналысса, Степлаг тұтқындары тек қана өнідірістік кәсіпорындарда жұмыс істеді. Лагерьдің бұрынғы тұтқыны Р. Ахметов былай деп еске алады: «Біздер фашистік концлагерьдегідей тұрдық. Мұнда әрбір тұтқынға арнаулы шифр-номер берілетін. Бізді ешқашан аты-жөнімізбен атамайтын, шифр-номерімізбен шақыратын. Әр бригадада 15-20 адамнан болды. Тұтқындар мыс кенін шығаруда жұмыс жасады. Бұрғылау құрғақ күйде жүргізілгендіктен, бос қазбаның шаңы туберкулез және силикоз ауруларына алып келетін. Тұтқындардың жағдайы өте ауыр болды. Барлық жағдайлар тұтқындардың ашу-ызасын тудырды. Тұтқындар дұрыс тамақтанбады, дұрыс ем қабылдаған жоқ, үнемі қорлады. Бұлардың барлығы наразылыққа алып келді. 1954 жылы 16 мамырда Степлагта атақты көтеріліс бұрқ ете түсті. Ол бүкіл ГУЛАГ жүйесін дүр сілкіндірді. Степлаг тұтқындарының көтерілісі 40 күнге созылды. Олар үкіметке ұйымдасқан түрде қарсылық көрсетті. Көтерілістің басында Кеңес Армиясының неміс тұтқынында болған әскери интеллигенциясының өкілдері тұрды. Бұлар ақылды, сауатты, батыл шешім қабылдайтын адамдар еді.



Көтеріліс соғыс техникасының және тұрақты армия бөлімінің күшімен асқан қатыгездікпен басылды. Көтеріліс басшылары тұтқындалды. өлгендер мен жарақаттанғандар көп болған, тірі алған куәгерлердің айтуынша 600 адам өліп, жарақаттанған. Кеңгір өндірістік-жоспарлау бөлімінің материалдары бойынша 700-ден астам өліп, жарақаттанған». Кеңгір бөлімшесіндегі тұтқындардың қарсылығы бұрын өмір сүрген және өмір сүретін лагерьлер тарихында аса маңызды орны бар оқиға. Кеңгір көтерілісінен кейін бүкіл ГУЛАГ жүйесіндегі каторгалық ерекше лагерьлер жойылды.
Әдебиеттер тізімі
1. Доклад Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева на четвертой сессии Ассамблеи народов Казахстана (6 июня 1997 года).

2. Кузнецова Е. КарЛАГ: по обе стороны «колючки». – Сургут: Дефис, 2001. – 355 с.

3. Шубин А.М. Карлаг в 40-х годах. Из фондов Центрального архива МВД СССР // Советские архивы. – 1991. – № 6. – С. 30 – 38.

4. Шаймуханов Д.А., Шаймуханова С.Д. КарЛАГ. – Караганда, 1997. –175 с.

5. Дильманов С. Трудовое использование заключенных в сталинских лагерях в 30-50 годы // Высшая школа Казахстана. – 2001. – № 2. – С. 176 – 191.

6. Дик В. Карлаг: история судеб // О чем не говорили. – Алматы, 1990. – 254 с.



К.С. Тлеуғабылова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Қазақстан тарихы

кафедрасының аға оқытушысы

е-mail: kair_st@mail.ru


ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН – ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ

МАЙДАНЫНЫҢ арсеналЫ
Фашистік стратегтердің ойы бойынша, «Барбаросс» жоспарын сәйкес, Қазақстан аумағы «Гростүркістан» болуы керек. Оған Қазақстан, Орта Азия, Татария, Башкирия, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қрым, Синьцзян, Ауғанстанның солтүстік бөлігі кірген.

Фашизмнің басталған агрессиясы бүкіл елді жайлады, соның ішінде қазақстандықтарды. Патриотизмнің жарқын көрінуі еңбекшілердің Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен қосылуы туралы жаппай өтінуі болып табылды.

Соғыс жылдары іске қосылған әскерге 1 196 164 қазақстандықтар шақырылды. Өнеркәсіпте жұмыс істеу үшін 670 мың адам жұмылдырылды. 700 мыңнан астам Қазақстанның еңбек етушілері еңбек колонналарына шақырылды. Еңбекші әскерлер, көбінесе, қорғаныс объектілерін, қорғаныс бағытындағы кәсіпорындарын, теміржол тораптарын және электр станцияларын салуға қатысты. Қазақстанда Еңбекші әскеріне шақырылған адамдардың салыстырмалы салмағы өте жоғары болды. Сонымен, республиканың әрбір төртінші тұрғыны қорғаныс және майдандық объектілердің құрылысына тартылды. Республиканың ұтқырлық деңгейі екі майданға соғысқан Германиямен салыстырғанда жоғары болды. Егер немістер 12 % елдімекенді жұмылдырса, онда Қазақстанда – 24 % [1, 325 б.].

Бәріне мәлім, соғыстың бастапқы кезеңі өте ауыр болды. 1941 ж. соңына қарағанда Украина, Белоруссия, Ресейдің еуропалық бөлігін Мәскеудің шекарасына дейін қоса жоғалтты, мұнда стратегиялық ресурстар мен өндіріс шоғырланған. Осындай жағдайларда Қазақстанның рөлі өсті. Соғыс қара және түсті металлургия, көмір және мұнай өнеркәсібі өнімдерін, сирек металдар шығарылымын ұлғайтуды талап етті.

1941–1942 жж. Республикаға 220 зауыт пен фабрика, цехтер мен артельдер қайта базаланды, соның ішінде Украина, Белоруссия, Молдавия, Мәскеудің, Ленинградтың 54 зауыт пен төрт фабрика. Соғыс барысында 20 зауыт, фабрика, шеберлік, конструкторлық бюросы эвакуацияланған жоқ. Осы кәсіпорындарды орналастырудың негізгі аудандары Алматы, Уральск, Петропавловск, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе. Барлығы 1941–1945 жж. Қазақстанда 460 кәсіпорын пайда болды. Республика 85 % қорғасын, 35 мыс, 60 молибден, 65 висмут, 79 полиметалды рудалар беретін болды. Қарағанды кеншілері соғыс жылдары 34 млн тонна көмір берілді, 39 % мұнай өнімі өсті [2, б. 56].

Майдандық вахтада соғыстық сындық кезеңде тылдағы маңызды әскери-өнеркәсіптік база болған ірі одақтық республикалардың бірі Қазақстанның индустриалық ортасы – Қарағанды облысы үлкен рөл атқарды. Әскери кезеңнің жағдайларында біздің облыстың еңбекшілері «Барлығы Майдан үшін! Барлығы Жеңіс үшін» атты ұранымен өмір сүрді және жұмыс істеді.

Жылдамдатылған қарқынмен Қарағандыда жаңа кәсіптер мен шахталардың, Қарсақпай мыс қорыту зауытының, Шығыс Қоңырат рудниктерінің құрылысы жүріп жатты. Мысалы, 38 күннің ішінде Жезді марганец руднигі салынды және пайдалануға берілді, себебі осы металдың барлығы өнімі басқыншылық зонасында қалды, ал марганецсіз жоғары қоспалы болатты дайындау мүмкін емес. Соғыстың бірінші күнінде Қарағандының шахталарында, өнеркәсіптік кәсіпорындарында, мекемелерінде жұмысшылардың және қызметшілердің жиналысы өтті. Митингте сөз сөйлей отырып, N 44/45 шахтасының бастығы, аға кенші Т. Күзембаев былай деді: «Әрқайсымыз өз постымызда нақты жұмыс істеуіміз және бұрын бергенге қарағанда көп көмір беруіміз керек. Егер қажет болса, біз кез келген сәтте қолымызға қару алып жауға қарсы жүруге дайынбыз» [3, 70 б.]. Кеңестік адамдардың барлығы сияқты, Қарағанды еңбекшілері Отанымыздың абыройын, еркіндігін және тәуелсіздігін қорғауға, жеңіс үшін барлығын жасауға дайындығын көрсетіп жатты. «Үш адам үшін жұмыс істеу! Көмір – ол да қару. Еңбекте ұрыста сияқты!» - қарағандылықтардың ұрандары осындай болды.

Ортақ Отанның қорғаушылар қатарына шақырылған кеншілердің орнын көшкіндерде олардың әкелері, жұбайлары, ұлдары мен қыздары басты. Забойларға зейнеткерлер оралды, шахтада жұмыс істеу үшін жастар мен әйел адамдар оқытылды. Біріншілердің қатарында болып шахтаға Мария Каримова келді, ол көмір өндіру бойынша шебер болды, оның артынан көтергіш машиналардың машинистері N I шахтада Рыспаева және Садуақасова болды. Кеңестік ақпарат бюросы 1941 жылдың желтоқсанында N 3-бис шахтасында кеншілер Ж. Мұқановтың және К. Күлжановтың жұбайлары бірінші әйел-навал соққыштар болғанын хабарлады. Алғашқы соғыс жылдарында «Қарағанды көмір» трестімен 3268 жаппай біліктілік жұмысшылары даярланды, олардың 1354 әйелдер болды. Соғыс көмір өндіруді қарқындату қажеттілігін туындатты. 1941 ж. әскер қосылғандардың қатарына 3 жаңа шахта және 2 көмір разрезі енгізілді, 1942 ж. пайдалануға 28 жаңа көмір горизонттары және 6 жаңа шахта алынды. Көмір алу (млн тоннаны) құрады: 1941 ж. - 7,2; 1942 ж. - 7,0; 1943 ж. - 9,7; 1944 ж. - 10,9; 1945 ж. - 11,3. Қарағанды көмір бассейндерінің салыстырмалы салмағы КСРО көмір алуында 3,8 % бастап 1940 ж. 7,6 % дейін 1945 ж. ұлғайды. Коксталған көмірлерді алу 2,3 есе артты [4, 305 б.]. 39 шахтада 43 мың адам еңбек етті, соның ішінде 35 мың адам соғыс жылдары жұмыс істеді. Бассейн көміршілерінің арасында 12 мыңнан астамы әйелдер болды, соның ішінде 7166 көмір алу учаскілерінде тікелей еңбек етті. Кеңшілер қатары соғыс жылдары көшірілген жұмысшылармен және мамандармен толықты. Донбастан және Подмосковьеден Қарағандыға 10 мыңнан астам жұмысшылар мен мамандар келді. 1941 ж. Қарағандыға А.Я. Пархоменко атындағы Ворошиловград көмірлік машина жасау зауыты көшірілді, оның базасында өнімі Қарағанды облысының, Сібір мен Алыс Шығыс көмір бассейндерінің шахталары мен рудниктеріне кеткен тау-кен өнеркәсібі үшін жабдық шығаратын зауыт салынды. 1942 ж. Жаңа-Қарағанды тау-кен шахталық жабдығы зауытының және машина жасау зауытының құрылысы басталды, байыту фабрикасы қайта құрылды.



Қарағанды шахталарының бірі донбастықтармен бірге келген А. Стаханов басқарды. Көмір алуда жаңа механизмдерді енгізу, жаңа шахталық машиналарды игеру және еңбек сыйымды тау-кен процестерін механикаландыру бойынша көмір шахталарының шеберлеріне және инженерлеріне жан-жақты көмекті Қарағандыға көшірілген Мәскеу және Днепропетровск тау-кен институттарының бірлескен ұжымы көрсетті.

Соғыс жылдары Балқаш мыс қорыту зауыты өзінің өндірістік аудандарында Кольчугин түсті прокаттау зауытының прокаттау цехін орналастырды. Молибден рудасын әзірлеу бастау алды. Соғыстың соңында Балқаш өнеркәсібі елде балқытылатын қара мыстың үштен бір бөлігін өндірді. Жезқазған еңбекшілері қағаз, жарылғыш заттың, сұйық шынының, карбидтің өндірісін, күрделі запастық бөліктердің және жабдықты шығаруды игерді. 3 есе руда алу ұлғайды. Жезқазған марганец руднигінде соғыс жылдары шикізат алу Еуропа елдерін басып озды. Соғыс күндері қатарға енген Балқаш мыс қорыту зауытының еңбекшілері ерлікпен еңбек етті. Соғыстың қаһарлы жылдары ол өзінде Кольчугин түсті прокаттау зауытының жабдығын орналастырды. Молибден рудасын әзірлеу бастау алды. Қара мысты қорыту 1940-1945 жж. жылдары 203 % ұлғайды. Бұрынғы КСРО-да соғыс жылдары өндірілген әрбір 100 т молибденнен 60 т. Балқаштың «Шығыс Қоңырат» руднигі берді. Соғыстың соңына қарай Балқашта орналасқан өнеркәсіп КСРО-да балқытылатын қара мыстың үштен бір бөлігін өндірді, молибденнен, түсті прокаттау және вольфрам өнімінің маңызды бөлігін өндірді. Сонымен қатар, Жезқазған ауданының өнеркәсібі жарылғыш заттың, шыны, карбид, күрделі запастық бөліктерді және жабдықты өндірісін игерді. Ленинград тау-кен институтының профессорлары Н.С. Грейснер, П.П. Асеев, И.Н. Масленицкий Балқаш мыс қорыту зауытының инженерлік-техникалық жұмысшылармен бірге қоңырат рудаларынан молибденді өнеркәсіптік алудың жаңа амалын әзірледі. Бұл жұмыстар 1942 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Әскери сынаулар кезеңінде барлығы руда өндірісі 3 есе ұлғайды. Қарағандыға тау-кен-шахталық жабдықты шығару бойынша кәсіпорындарды көшіру, Қазақ металлургиялық зауытын салу шығыста әскери-өнеркәсіптік базаны кеңейтуді ғана емес, Қазақстан үшін жаңа индустрия саласы - машина жасауды, қара металлургия және химиялық өнеркәсіпті қалыптастыруды білдірді. Орталық Қазақстан еңбекшілерінің алдында қойылған бас міндет – көмір және түсті металл алуды ұлғайтулардан басқа, қарағандылықтардың істері мен кәсіптері майданға көмекті барынша көбейтуге бағытталды. Соғыс жылдары ауыл шаруашылығы өнімінің барлық негізгі түрлерінің нан жеткізу бойынша жоспарлар орындалды. Егістік аудандар 28 % өсті, 1944 ж. дәнді-дақылды мәдениеттер бойынша өсім 30 % құрады, қартоп және жемістер бойынша – 20 % құрады. Қоғамдық мал басы 133 951 басқа ұлғайды, тек бір ғана 1944 ж. облыстың қолхоздары мен совхоздары майданға жоспардан жоғары 70 250 бас берді [5, 51 б.].

1944 ж. желтоқсанында әрекет етуші кәсіпорындардың құрылысына Қазақстанда алғашқы болат қорытуды жүргізген Самарқанд (Теміртау қ.) поселкісінде қазақ металлургиялық зауыты енді. 1942-1944 жж. Қарағанды көмір бассейнінің тресттері 6 рет МҚК және бірнеше мәрте КОБРОК, ХКК, Қазақстан КП ОК Қызыл Туын жеңіп алды. Облыста 32 % бос қалған жерлердің есебінен егістік аудандар кеңейді: өнімділік – 70 %-ке, жаппай бидай жинау – 124 %-ке, ауыл шаруашылығы жануарларының басы – 79,6 %-ке. Мал шаруашылығын және жоспардан жоғары бидай өндірісін дамыту бойынша Осакаров ауданы Мемлекеттік қорғаныс комитетінің ауыспалы Қызыл Туымен марапатталды [6, 67 б.].

Жоғары сапалы кокстелген көмірлерді алу және тиеу Магниторгорск металлургиялық зауытына. Көмір алу өсімі ең алдымен кеншілердің ерлікті және аянбай еңбек етуімен қолжетімді болды. Соғыс жылдары олармен 45 722 мың тонна көмір алынды, бұл біржарым есе бұрыңғыға қарағанда көп. Қарағандылықтардың Жеңіске қосқан үлесі осындай.

Ел Қарағандыдан тек көмір ғана алған жоқ. Қорғаныс мұқтаждығы үшін мұнда мыс, вольфрам, молибден өндірілді. 31-ші шахтаның механигі С. Макаров жұмысшылар тобымен көмір комбайны құрылды, өндіріс процесі жақсарды. 1945 ж. оның сериялық өндірісі басталды. С. Макаров КСРО Мемлекеттік сыйлығына лайық деп танылды.

Қарағандылықтарда қорғаныс майданына қаражат жинаудағы патриоттық қозғалыс ыстық ықыласқа ие болды. Алғашқы 5 айда Қарағанды бойынша 1 904 995 рубль аударылды. Жексембіліктің барысында 1941 ж. 17 тамызында Қарағанды облысының еңбекшілері майданға 451 175 руб.аударды. Қызыл әскер үшін осы кезеңде 13 130 жүк, 107 арнайы, 825 жеңіл автокөліктері, 57 мотоцикл, 1538 трактор, 110 118 ат және 10 260 арба жіберілді. Сонымен, бұл көмек жылдан жылға ұлғайды. Фактылар келесіні дәлелдейді: 1941 жылдың 21 желтоқсанында қазақстандықтар қорғаныс қорына 52 млн 354 мың рубль аударды, 1942 жылдың сәуірінде – 95 млн 315 мың. Халық өтеусіз 2970 кг алтын, 372 күміс, 640 платина тапсырды. Құнды заттары болмағандар ауыл шаруашылығы өнімдерін берді. Қарағандылықтар майдан үшін жылы заттар жинауға белсенді қатысты. 2,5 жыл ішінде 37 мың қысқа тон, күрте, шалбар, 24 мың пима, 10 543 бірлік іш киім және 100 мыңға жуық бас киім, қолғап, нәски тігілді. 1942 жылдың ортасында майданға 1 млн 335 мың әр түрлі қатты заттар жіберілді, соның ішінде 79 587 қысқа шуба, 232 244 пима, 32 мыңнан астам қолғап, сонымен қатар 1205 вагон әр түрлі сыйлықтар: ысталған және пісірілген ет, шұжық, шошқа майы, май, ет және балық консервалары, шарап, арақ, темекі, шылымдар, кондитерлік бұйымдар, кептірілген нандар. Тамақ өнімдерін жинау айлығында Ленинград майданының және Невадағы қала жауынгерлері үшін (1942 ж. мамыр-маусым) азық-түлікпен 20 вагон жөнелтілді. 1942 - 43 жж. майданға 94 вагон сыйлықпен кетті. 1944 ж. тағы 10 вагон азық-түлікпен және сыйлықпен жіберілді. Барлығы Орталық Қазақстан тұрғындарымен 52 млн рубль салынды, бұйымдардың маңызды бөлігі асыл металдардан. Қазақстандықтар «Қарағанды Шахтері», «Қарағанды Комсомолы», «Қарағанды Теміржолшысы» танк колонналарының, «Комсомолец Казахстана» жерасты қайығының, «Нұркен Әбдіров» ұшағының, «Қарағанды әйелдері» санитарлық-авиациялық буынының құрылысына қаражат жинау бойынша белсенді жұмыспен даңқы шықты. Адамдар бір ниетпен, бір мейірімділікпен, бір мақсатпен бірлесіп, бірін бірі қолдай келе, Жеңіске жетуге ұмтылды [7, 83 б].



Орталық Қазақстанның тұрғындарымен жоғары және барынша көмегі шахталарды қалпына келтіруде босаған Донбасқа көрсетілді. Сонымен, 1943 ж. және 1944 ж. қысында тау-кен шахталық жабдықпен, техникамен және азық-түлікпен 17 вагон жөнелтілді. Қарағанды облысының еңбекшілері бірнеше рет өздерінің еңбекақыларын майданға Сталинградты, Харьковты және басқа босатылған аудандарды қалпына келтіру қорына аударды. Киров атындағы жұмысшылардың бастамасы бойынша республика бойынша Донбастағы балалар үйінің құрылысына 1 млн. 367 мың рубль жиналды. Чистяков (Торез) қ. 150 орынға арналған балалар үйі салынды, қазіргі күнге дейін Қарағандының патриот әйелдерінің атымен аталуда. Бұл әскери жылдардың естелігі – Қарағанды және Донбасс кеншілерінің, Қазақстан мен Украина елдерінің еңбекшілерінің бауырластығы мен достығының символы.

Патриоттық сезімдерді күшейткен және Жеңіске деген сенімді арттырған әдебиет пен өнердегі Отан қорғау тақырыбы қарағандылықтардың рухани өмірінің негізі болды. Әскери ауруханаларға, шақырту пунктілерінде, алқаптық жау тұрақтарын және шахталарға қызмет көрсету бойынша концерттік бригадалар жұмыс істеді. Қазақстандықтармен бірге Қарағандының мәдени өміріне көшірілген Украин қызы Лесяның атындағы Киев драмтеатрының және Мәскеу камералық театрының ұжымдары қатысты. 1943 жылдың 13 шілдесінен бастап 14 тамызға дейін Қарағандыда ақындар айтысы өтті, оған Доскей Әлімбаев, Шашубай Қошқарбаев, Қайып Айнабеков және басқа да республикаға белгілі халық орындаушылары мен композиторлары қатысты. 1943 - 1945 жж. Сары-Арқаның әншілері Балқаш, Жезқазған, Қоңырат, көптеген елдімекендерде айтыс өткізді. Отан қорғаушылардың рухани бейнесі жерлесіміз, әскери тілші, «Шығыс ұлына хат», «Өмір және өлім туралы» атты бірқатар мақалалардың авторы Баубек Бұлқышевтың публицистикалық мақалаларын сипаттайды. Н.Тихонов «қазақ поэзиясының маржаны» деп атаған Қ. Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы» поэмасы соғыс жылдарындағы қазақ әдебиетінің жарқын поэмаларының бірі болып табылады. Біздің атақты жерлестерімізбен жарыққа шығарылған шығармалары күресуші елдің рухани арсеналын құраған жұмыстардың қатарына енді. Сонымен, Тәттімбеттің шығармаларының әуендері Е. Брусиловскийдің «Сары-Арқа» симфонияларында пайдаланылды [8, 111 б.].

Елбасы Н.Ә. Назарбаев Ұлы Жеңістің 65-жылдығына арналған өзінің сөзінде былай деп атап өтті: «Теңдесі жоқ ерлік пен қажырлылықты тылда да көрсетті. Республикаға ерлер ғана емес, әйелдер мен балалар да жұмыс істеген ондаған әскери зауыттар көшірілді. Қазақстан Жеңісті қамтамасыз етуде үлкен роль атқарды» [9, 493 б.].
Әдебиеттер тізімі
1. История Казахстана с древнейших времен до наших дней: / очерк. Алматы: 1993. - 415 с.

2. Козыбаев М. Казахстан – арсенал фронта. - Алма-Ата, 1982. – 240 с.

3. Артыкбаев Ж.О. История Казахстана. - Астана: 2004. – 159 с.

4. Великая Отечественная война 1941-1945: энциклопедия / Гл. ред. М.М. Козлов. М.: Советская энциклопедия, 1985. – 801 с.

5. Жумашев Р.М. История Казахстана с древнейших времен до наших дней. Караганда: - 2003. – 115 с.



6. Артыкбаев Ж.О. История Казахстана. Астана, 2004. – 159 с.

7. Могильницкий В.М. Люди победы [художественно-документальное издание]. Караганда: Гласир, - 2010. - 220 с.

8. Казахстанцы в Великой Отечественной войне // Под ред. д.и.н., профессора Б.Г. Аягана. Историко-документальное исследование. Алматы, 2010-640 с.



К.С. Тлеуғабылова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Қазақстан тарихы

кафедрасының аға оқытушысы

е-mail: kair_st@mail.ru





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет