1957 жылы 26 қарашада толық ақталып, Қарағанды
Мемлекеттік техникалық университетінде математикадан дәріс оқиды.
1970 жылы қайтыс
болады.
Әміре Қашаубаев көшесі – Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Балауса»
шағын ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
Әміре Қашаубаев (1888, Дегелең тауының алабы, Қайнар ауылы, Абыралы ауданы,
Шығыс Қазақстан облысы - 6 желтоқсан, 1934, Алматы) – атақты әнші, актер әрі музыкант.
12 жасқа толғанда (1900 ж.) Исабек деген байдың ат айдаушысы болып, ол жас әншіні
той-жиындарда ән салғызады. 1921 – 24 жылдары Семейде құрылған қазақ жастарының ағарту
ұйымы «Ес - аймаққа» мүше болып, әншілік өнерін шыңдай түсті.1924 жылы осы қалада
ұйымдастырылған халық өнерпаздарының байқауына қатысып, бас бәйгеге ие болды.
1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүние жүзі сән өнері көрмесінде
«Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қосбалапан» , т.б. әндерді орындап, 2-бәйгемен қоса
күміс медаль алды.
«Париж апталығы» газеті мен
«Ле мюзикаль» журналы оның сирек
кездесетін талант екенін жазса,Сорбонна университетінің профессоры Перно фонографқа
Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған.
1927 жылы сәуір айында арнайы шақыртумен
Мәскеу консерваториясының залында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Сол жылы
Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен Халықаралық музыкалық көрмеде
концертке қатысып, қазақтың халық әндерін әлемге паш етті. Оның орындауындағы әндер
дүние жүзі мәдениетінің ірі өкілдері Ромен Роллан, Анри Барбюс, т. б. тарапынан жоғары баға
алған.
Александр Затаевич Әміренің әншілік өнеріне тәнті болып, одан
«Балқадиша», «Дударай», Бес қарагер», «Көк көбелек» , т.б. әндерді жазып алып,
«Қазақтың 500 ән мен күйі»
(1931) жинағында жариялады.
Әміренің әншілік қабілетін кезінде қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті өкілдері Мұхтар
Әуезов, Сәкен Сейфуллин,Иса Байзақов, Әлкей Марғұлан, Жүсіпбек Елебеков, Құрманбек
Жандарбеков пен Ахмет Жұбанов өте жоғары бағалаған.
1926 жылы Қызылордада ашылған Қазақ драма театрының (
қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры ) алғашқы актерлерінің бірі болды.1934 жылы қазақ
музыкалық театрына (
қазіргі Қазақ опера және балет театры ) ауысып, сол жылы ауыр
сырқатқа шалдыққан әнші Алматыда оқыстан қайғылы қазаға ұшырады.
Әміре «Еңлік Кебекте» Жапалдың, «Айман Шолпанда» Жарастың рөлін ойнайды.
Концерттік қойылымдарға жиі жиі шығып, халықтың ән өнерін насихаттауға айрықша үлес
қосады. Әміренің әншілік өнері А.В.Луначарский, А.В.Затаевич, Г.Любимов сияқты өнердің
парқын терең білетін мамандар тарапынан жоғары баға алған.
Қазақтың
«Ағаш аяқ», «Үш дос», «Қос барабан», «Қызыл бидай», «Смет», «Жалғыз арша» сияқты классикалық әндері Әміре айтқан үлгі өнегемен орнығып, кейінгі әншілердің
репертуарларында жалғасын тауып келеді.