Жаңаауыл, Көктөбе, Ақкөл, Орысқопа, Қараоба, Айқайшағыл, Қарашығанақ, Бозоба т.б.
6)
Детерминативтер күрделі топонимдердің бірінші позициясында келген кезде
атаулық мәнге ие болады да детерминативтік мәнінен айрылады. Мысалы,
Төбеқұдық, Тасқұдық, Тасмола, Қамысқала т.б.
7)
Детерминативтер жеке тұрып та жер-су атаулары қызметінде қолданыла алады.
Мысалы,
Сор -
Орда ауданындағы елді мекен, Оба - Жәнібек, Тайпақ аудандарындығы елді мекен, Өзен - Жаңақала ауданындағы сай, Қопа - С ырым, Жалпақтал аудандарындағы елді мекен. Детерминативтердің бұлай қолданылуы топонимикада арнаулы тәсіл (топонимизация)
ретінде қарастырылады. Ол туралы осы параграфтың 2-тармағында айтылды. Осы келтірілген
мысалдар детерминативтердің топоним құрамындағы атқаратын қызметінің ауқымды және
жан-жақты екендігін көрсетеді.
Батыс Қазақстан облысы топонимдері құрамында төмендегідей детерминативтер
кездеседі:
Көл - Қошанкөл, Қамыстыкөл, Неміскөл, Тереңкөл, Ақкөл, Қошанкөл, Сулыкөл, Алакөл, Батпаққкөл, Шөптікөл, Егіндікөл, Қоскөл, Майлыкөл, Шөмішкөл, т.б. (жалпы саны-74);
Құдық - Сайқұдық, Қырыққұдық, Сарқұдық, Тереңқұдық, Жолқұдық, Төбеқұдық, Ащықұдық, Қырқұдық, Қойқұдық, Бесқұдық, Жетіқұдық, Қарақұдық, Тасқұдық, Қайшқұдық, Өгізқұдық т.б.
(жалпы саны-44);
Сай - Үйіпсай, Қурайлысай, Жетімсай, Тышқансай, Тірсексай, Сегізсай, Есенсай, Төменгісай, Мұратсай т.б. (жалпы саны - 42);
Тау- Алатау, Барбастау, Ешкітау, Ақтау, Жамантау, Есенаман тауы, Қотыртау, Сасайтау, Көктау, Бестау, Қыземшектау, Ақшаттау, Алмастау, Тәтентау, Қасқыртау, Қылыштау, Торыатбастау (жалпы саны - 21)
;