ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


көбік  детерминативінің қатысымен жасалған топонимдер үстем келеді.  Көбік



Pdf көрінісі
бет98/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

көбік 
детерминативінің қатысымен жасалған топонимдер үстем келеді. 
Көбік 
сөзі сыртқы формасына сәйкес, орыстың 
кубик 
сөзінің деформациялануынан пайда 
болған. Жерді төрт бұрышты әрі терең етіп қазып (кубик пішіндес), оны мал суаруға, басқа да 
қажеттіліктерге пайдаланып отырған. Мысалы, 
Бисен көбігі, Атшүбек көбігі, Жылқыкөбік, 
Қаракөбік.
 
Көбіктердің қатысымен жасалған гидронимдердің басым бөлігі суға тапшы Тайпақ 
ауданының территориясында
 
орналасқан.
 
Батыс Қазақстан этнографиялық топонимдерінің қалыптасуы мен дамуына әсер етуші 
этнографиялық факторлардың қатарына осы аймақтағы қазақтардың рулық қоныстануының 
формасын да жатқызуға болады. Оларға этника аралық қатынас, халықтық ішкі көшіп-қону 
процесі де жатады. Мысалы, 
Үлкен Сейтек, Кіші Сейтек, Беріш аулы, Сасайтөбе, 
Байшеркеш, Ноғайсай, Қалпақ, Мешеркөл, Қыпшақты

Есентемір көлі
 
т.б.
 
Мал шаруашылығына байланысты қоныс (жайлау, қыстау,) т.б. жайылым атаулары
шөлді жердегі құдық атаулары, отырықшылық мәдениетпен байланысты егіншілік, 
суармашылық атаулары, төрт түлік малға байланысты атаулардың бұл өлкеде жүйелі 
қолданылуы Батыс Қазақстан топонимиясының қалыптасуында этнографиялық фактордың 
әсер еткендігін білдіреді. Сондай-ақ, бұл аймақта халықтың тұрмыс-тіршілігі мен рухани-
мәдени өмірінен мәнді деректер беретін этномаркерлі топонимдердің барлығы да талас 
тудырмайды. 
 
 
 
3. 
 БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ТОПОНИМДЕРІНІҢ 
ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫНДАҒЫ ТАРИХИ-
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ НЕГІЗ (ФАКТОР) 
 
Жалпы есімдер әрқашан тарихи сипатта келеді және олар тарих тереңіне үңілуге 
көмектеседі. Себебі олар үнемі қоғаммен тығыз байланысты. Ономастика дамуында қоғам 
өмірінде болып жатқан әлеуметтік, саяси, тарихи және мәдени процестер шешуші роль 
атқарып, әр дәуірдің өзіндік типтік ономастикондары пайда болады. Мысалы, алғашқы 
мектептер салына бастаған уақытта 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет