ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет255/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Батыс көшесі –
(бұрынғы Западная көшесі)- Деркөл кентіндегі жаңа көше 
Бауыржан Момышұлы көшесі - 
(9-шы шағын аудандағы жаңа көше атауы) 
Момышұлы Бауыржан 4.12.1910 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданы
Көлбастау аулында дүниеге келіп, 10.6.1982 ж Алматыда өмірден өткен. Панфиловшы, 
Қаһарман батыр, даңқты жауынгер, гвардия полковнигі. Қазақ совет жазушысы. 1942 жылдан 
КПСС мүшесі.
1928 ж Шымкенттегі жетіжылдық интернатты бітірген соң, бастауыш мектеп мұғалімі
ауаткомның хатшысы, милиция бастығы болып қызметтер атқарады.
1932 ж. Қызыл Армия қатарына шақырылады. Қызметін өтеп қайтқаннан кейін, 
Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істеді. 1936 ж. Ленинград финанс 


168 
академиясы жанындағы курсты бітірген соң, Қызыл Армия қатарына қайта алынып, взвод, 
рота, командирі, полк штабы бастығының көмекшісі, ал 1941 ж. Қазақ әскери 
комиссариатының нұсқаушысы болады. 
Ұлы Отан соғысы басталысымен, 316-атқыштар (кейіннен 8-гвардия) дивизиясының 
жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады. Москва 
түбіндегі немістермен болған ұрыстарға қатысқан. Панфилов атындағы 8-гвардиялық 
дивизияның батальон, полк командирі болып, соғыстың соңғы жылдарына дейін осы 
дивизияны басқарады. 
Ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен, тапқырлығымен және жеке басының ерен 
ерлігімен ерекше көзге түсіп, батырлық даңқы атақты аңызға айналды. Б. Момышұлының 
қаһармандық ерлігі туралы белгілі орыс жазушысы А.Бек «Волоколамское шоссе» повесінде 
жан жақты жазған.
Б. Момышұлының, өміріне арналған Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» (1976) роман-
дилогиясы жарық көрді, «Қазақфильм» киностудиясы,«Ел басына күн туса» (1967) 
көркемфильмін түсірді. Москва акад.драма театры Момышұлы туралы «Волоколамск тас 
жолы» спектаклін қойды. 
1952 жылы Совет Армиясы Бас штабының жанындағы Жоғары әскери академияны 
бітіреді. 1950-56 ж. әскери академияда сабақ берді және тұрақты әскери қызмет атқарады. 
«Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Біздің семья» атты алғашқы кітаптары сол тұста 
жарық көрді. 
Патриотизмді, адалдықты, ерлікті ту еткен шығармалары - «Москва үшін айқас» (1959 ж), 
- отан үшін ұлы шайқастың үлкен бір шежіресі іспеттес күрделі шығарма. Мұнымен қатар 
«Жауынгердің тұлғасы» (1958), «Майдан» (1961), «Майдандағы кездесулер» (1962, орыс 
тілінде), «Генерал Панфилов» (1963, қазақ тілінде — 1966), «Төлеген Тоқтаров» (1965), «Куба 
әсерлері» (1965), «Ел басына күн-туса» (1970), «Ұшқан ұя» т.б. шығармалары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет