ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет257/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

«Болашақ» шағын ауданы
- Зашаған кетіндегі жаңа шағын аудан атауы. Жақсылықты 
алдан күту деген мағынаны береді.
«Бәйтерек» шағын ауданы - 
Орал қаласындағы 8 - шағын аудан. Тамыры тереңге 
кеткен «мықты», «алып» мағынасын беретін абстракты ұғым.
М.Бекімов атындағы көше -
Зашаған кентіндегі жаңа көше.
Молданияз Бекимов
 – 
1882 жылы
 
Ілбішін уезі, Жақсыбай болысында (қазіргі Қаратөбе 
ауданы, Аққозы ауылы) дүниеге келген. Қайтыс болған жылы белгісіз. 
Ол - арнаулы білімі бар алғашқы қазақ офицері, этнограф, фольклоршы, аудармашы. 
Алаш қозғалысының қайраткері.
1916 жылғы дүрбелең тұсында Қытайға ауған қырғыз босқындарына көмек көрсету 
жұмыстарына ат салысады. 1917 жылғы желтоқсандағы 2-жалпықазақ съезінде уақытша Ұлт 
кеңесінің (Алашорда) мүшелігіне кандидат болып сайланады. РКСФР-дің шығыс 
Түркістандағы (Қытай) консулдығы қарамағында қызмет істеп, 30-жылдары елге оралады. 
Қазақ тіліне Пушкиннің «Капитан қызын» аударған адам.
Бекетай көшесі

Зашаған кентіндегі жаңа көше.
Бекетай құмы – Нарынның дәл ортасы, кіндік тұсында орналасқан. Дәл осы құмда халық 
батыры, ақын Махамбет Өтемісұлы дүниеге келген. Бекетай құмы туралы Махамбеттің 
өлеңінен үзінді.
«Соғыс» 
Әскер жиып аттандық, Бекетай еді тұрағым. Айғайлап тауға тигенде, 
Ағатай-Беріш- ұраным. Бекетай құмға ел қонып,
Байбақты Жүніс атанды. Қосылуға дем болып, «Құдайлады» хан ұлы. Іздеген жауы біз 
болып, Жау қарасы көрінді. Жиылған әскер білінді. Исатай-басшы, мен қосшы. Исатайдың сол 
күнде Ақтабан аты астында, Дулығасы басында, Зығырданы қайнайды. Астына мінген Ақтабан 
Ақ бөкендей ойнайды. Қасына ерген көп әскер Маңыраған қойдай шулайды. Артымыздан 
келіп қол жетті, Аз жетпеді, мол жетті. Жеткен жерін айтайын: Бекетай құмның басында, 


170 
Ағалы үйдің қасында. Түйік менен түйіндік, Таң атқанша тарандық, Таң ағарып атқан соң
Төңірек жаққа қарандық. Қарап тұрсақ әр жерден, Жау бір өрттей қайнайды. Қайнағанмен 
қоймайды, Мылтығын қардай боратып, Жетіп келді қамалға, Қамалды бұзып, аларға. Толғай-
толғай өқ атқан, Он екі түтем жай тартқан, Қабырғасын қақыратқан, Тебінгісін тесе атқан
Тізгінінен кесе атқан, Біздің қайсар батырдың Жүрегін сөйтіп оятқан. Әскердің алды бөгелді, 
Қырдан ойға төгілді, Орыс добын үш атты, Доптың үні шыққанда, Сонда батыр жөнелді. Және 
өлмей батыр не үлкен, Ерсары менен Қалдыбай. Екі арыстан тең өлді, Жетім-жесір көп қалды, 
Хан әскері кенелді. Қызғыштай болған есіл ер Қайран да жұрттан не көрді?! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет