Режимнің жазалау жағы деп сотталғандар ұшыраған құқық шектеулердің жиынтығын айтады, яғни: оқшаулауға, кездесуді шектеуге және т.с.с. ұшырау. Режимнің жазалау жағы қорқытып қана қоймайды, сонымен қатар болашақта тағы да қылмыс жасаудан тартынуға себепші болады, және адамның бостандығы кезінде пайдаланатын игіліктерін сақтауды талаптандыруға да себепщі болады.
Бас бостандығынан айыру орындарында белгіленген режимнің тәрбиелеу жағы ережелерде көрсетілген ішкі тәртіпті, сотталғандардың қоғамдық орындардағы, өзара қатынасқандағы, әкімшілік өкілдерімен айналысқандағы мінез-құлқын реттеитін ережелерде айтылған.
Қылмыстық-атқару заңдарына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарындағы режимнің негізгі талаптары мынадай: Сотталғандарды міндетті түрде оқшаулау және оларға жанадан қылмыс жасауға мүмкіндік бермеу немесе басқа да қоғамға қарсы қылықтар жасамау үшін өне бойы бақылау қою; олардың өз міндеттерін бұлжытпай және ұдайы орындауы; жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілігінің дәрежесі мен сыр-сипатына байланысты түрліше жағдайда ұстау және сотталғандардың жеке басының түрі мен мінез-құлқы.
Жоғарыда көрсетілген режим ережесі мақсатының қамтамасыз етілуі режим элементтері деп аталады, ал олардың жиынтығы оның мағынасын құрайды.
Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқару режимі элементтерінің көңіл аударарының бірі - сотталғандарды оқшаулау болып есептеледі. Ол дегеніміз - көрсетілген адамдар үнемі күзетуде болады, айдауылмен немесе алып жүрушілермен ғана жүргізіледі, қорғалады, еркіндікте жүрген адамдармен ережеде көрсетілмеген жағдайда оларға араласуға рұқсат етілмеиді. Сондықтан оларға түзеу мекемелерінің тұрғын және өндірістік зоналардың шекарасын бұзуға рұқсат етілмейді, әкімшіліктің рұқсатынсыз жергілікті (локальды) бірінен-бірі бөлінген тұрғын және өндірістік объектілердің егер ондай болса шетіне шығуға болмайды, сонымен сотталғандарды күштеп оқшаулау қамтамасыз етіледі. Соңғысы салыстырмалы ғана сипатта болады. Сотталғандарға ұзақ немесе қысқа мерзімде жолығуға уақыт беріледі.
Түзеу мекемелерінде де әр түрлі дәрежедегі сотталғандарды оларды айырмашылығы мен топтастыру ережесі негізінде бір-бірінен айыру белгіленген. Бұл қауіптілеу және әлеуметтік-өнегелілігі асқынған сотталғандардың басқаларға теріс әсерін тигізбеуі мақсатында көзделген.
Ұстауда отырған сотталғандарға олардың ерекшелігіне және жасаған қылмысының қоғамдағы қауіптілігіне, сотталғанның жеке басына және оның бас бостандығынан айыру орындарындағы мінез-құлқына байланысты әр түрлі жағдай жасау арқылы қылмыстық-атқару құкығының маңызды принципі - жазаны өтеудегі даралауды іске асыру болады. Ол әр түрлі дәрежедегі сотталғандарға түрліше жазалау ықпалын қолдану арқылы іске асырылады: қоғамнан оқшаулау түрімен, субъективті құкығын шектеу көлемінен, яғни тұрмыстық құқық шектеумен, жазаны өтеу орнын белгілеумен.
Ұстау режимінің негізгі талаптарының іске асырылуы түзеу мекемесіндегі қатаң қойылған ішкі тәртіп ережесінен табылады. Оны былайша түсінуге болады: сотталғандарды түзеу мен тәрбиелеуге қолданылатын барлық амамдардың жиынтығын пайдалану реті; ол адамдардың өз міндетін орындау мен құқықты іске асыру ретін белгілейтін мінез-кұлық ережесінің жиынтығы; сотталғандар жағынан жанадан қылмыс жасамауды және басқадай құқық бұзуды болдырмауды; ескерту жөніндегі түзеу мекемесі әкімшілігінің жұмысын ұйымдастыру; түзеу мекемелерінің барлық бөлімдерінің, қызметтерінің және лауазымды адамдарының іс-қимылын ұйымдастыру.
Ұстау режимі дегеніміз - сотталғандарды түзеу және тәрбиелеудің бүтін жүйесінің басқарылатын құрылым элементі, ол мынандай функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін жасалады: жазалауды, тәрбиелеуді, жабдықтауды, реттеуді, профилактикалауды.
Жазалау функциясы - сотталғандарға қылмыстық-атқару заңдарында қаралған түрліше кұқықтық шектеулер қою арқылы жазаны өтеу процесінде жүзеге асырылады. Алдымен, олардың субъективтік құқық саласын қамтиды. Қазақстан Республикасы Қылмыстык-атқару кодексіне сәйкес сотталғандардың құқы бар және кылмыстық, қылмыстық-атқару, өзге де заңдармен белгіленген, сонан кейін жазаны өтеудің нақтылы түрінің тәртібі мен жағдайына сүйене отырып міндеттер атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |