Қр конституциясы І бөлім. Жалпы ережелер 1-бап


Палаталардың бірлескен отырысында Парламент



бет21/57
Дата07.02.2022
өлшемі6,94 Mb.
#92118
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57
Байланысты:
ҚР Конституциясы (1)

Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
  • Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді;
  • Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы;
  • соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
  • Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды;
  • Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
  • палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды;
  • Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

53-бап
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет