Қр конституциясы І бөлім. Жалпы ережелер 1-бап


Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады



бет8/57
Дата07.02.2022
өлшемі6,94 Mb.
#92118
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57
Байланысты:
ҚР Конституциясы (1)

34-бап

Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.


35-бап
  • Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.
  • Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады.

36-бап

Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.


37-бап

Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.


38-бап
  • Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін.
  • Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады.
  • Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейді. Конституцияның 10; 11; 13-15-баптарында; 16-бабының 1-тармағында; 17-бабында; 19-бабында; 22-бабында; 26-бабының 2-тармағында көзделген құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда да шектелмеуге тиіс.

39-бап


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет