Р. М. Таштемханова Мұстафа Шоқайдың тарихи бейнесі


Сам­со­нов­ А­лек­санд­р Ва­силь­е­вич­ (1854–1914), Түр­кі­стан­ гене­рал­-губернаторы. Сафа­ров­



бет28/28
Дата31.12.2019
өлшемі2,81 Mb.
#54011
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Сам­со­нов­ А­лек­санд­р Ва­силь­е­вич­ (1854–1914), Түр­кі­стан­ гене­рал­-губернаторы.

Сафа­ров­ (Вало­дин­) Геор­гий­ Ивано­вич­ (1891–1941), 1908 жыл­дан больше­вик­, 1912–1917 жыл­дары э­миг­рацияда, 1921–1922 жыл­дары РК(б)П ОК Түр­кі­стан Бюросы­ның­ мүшесі, Ко­м­ин­терн­нің­ Шы­ғыс­ бөлімі­нің­ мең­герушісі. “Коло­ниальная революция (О­пыт­ Тур­ке­стана)” (М., 1921) және бас­қа да ең­бек­те­рін­де Ке­ңес­ өкіметі­нің­ саяса­тын­ сын­ға а­лып­, “ұлт­тық­ ком­му­низ­м” тұжырымдамасын­ ұ­сын­ды.

Сей­да­лин­ Жан­сұл­тан (1856–1919), қо­ғам­ қай­рат­кері, заң­гер.

Сей­да­лин­ Жан­ша (Жа­һан­шах) Әлмұхамедұлы (1877–1923), қо­ғам­ қайраткері, заң­гер. 1904 ж. Санк­т-Пе­тер­бург у­ни­вер­ситеті­нің­ заң­ фа­куль­те­тін­ бі­тір­ді.

Сей­да­мет­ (Сей­д-Ах­мед­, Сей­дама­тов­) Жа­фер­ (Жағ­фар­) (1889–1960), қырым­ татары, Ис­тан­бұл у­ни­вер­ситеті­нің­ заң­ фа­куль­те­тін­, кейін Сор­бон­наны бі­тір­ді. Ақ­пан­ революциясы­нан­ кейін Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ мүшесі. 1917–1918 жыл­дары Қы­рым­-та­тар­ құ­рыл­тайы­ның­ және ұлт­тық­ үкіметі­нің­ мүшесі, бірін­ші Өлке­лік­ үкі­мет­тің ми­нист­рі. 1918 жыл­дан шет­елде, Қы­рым­-та­тар­ эмиграциясы­ның­ же­тек­шісі. Әдебиетші, пуб­ли­цис­т.

С­мир­нов Васи­лий­ Д­мит­рие­вич­, про­фес­сор, Пет­рог­рад кі­тап­ханасы шығыс­ бөлімі­нің­ мең­герушісі.

Соко­лов­ Нико­лай­ Д­мит­рие­вич­, Уа­қыт­ша үкі­мет­ тұ­сын­да сена­тор­, 1921 жыл­дан РСФСР Сырт­қы сауда ха­лық­ ко­мис­сариаты­ның­ заң­ ке­ңес­шісі. Мұс­тафа Шо­қай­мен­ жа­қын­ қа­рым­-қаты­нас­та бол­ды. 1939 жылы Вар­шавада қайт­ыс­ болып­, сон­да жер­ленді.

Сос­новс­кий­ Михаил Ивано­вич­, Таш­кен­т э­сер­лері же­тек­шілері­нің­ бірі, Таш­кен­т қала­лық­ думасы­ның­ төрағасы.

С­тей­н Ау­рел­ (Мар­к) (1862–1943), көр­некті а­ғыл­шын археологы. Индия мен­ Орта­лық­ Азия тарихы бой­ынша санск­рит әдебиеті мен­ де­рек­темелерінің­ біл­гірі. Шы­ғыс­ Түр­кі­станды зерт­теу жө­нін­де ауқымды­ жұ­мыс­тар жүр­гізді, 11 том­ экс­педиция материалда­рын­ жариялады.

Су­ни Мех­мет­ Ги­рей­, ә­зір­бай­жан­ э­миг­рант­тары же­тек­шілері­нің­ бірі.

Су­риц­ Я­ков­ Захаро­вич­ (1882–1958), РК (б)П ОК-ның­ Түрк­бюро мүшесі (1920–1921), КСРО-ның­ Түр­киядағы елшісі (1923–1934).

Сұл­тан­ғалиев Мир­саид Хай­дар­ғалиұлы (1892–1940), саясат және мемлекет­ қай­рат­кері, ұлт­тық­-мемле­кет­тік құры­лыс­ теоретигі. Саяси қу­ғын­-сүргін құр­баны.

Сұл­та­нов­ Хос­ров­-бек­ (Хос­роу), мусава­тис­тер тұ­сын­дағы Ә­зір­бай­жан­ Ұлт­тық­ үкіметі­нің­ жер­ шаруашылығы ми­нист­рі. Э­ми­г­ра­цияда ә­зір­бай­жан­дар же­тек­шілері­нің­ бірі.

Сы­дық­ (Сыз­дық­), Шо­қай­дың­ үл­кен­ ұлы. Мария Шо­қай­дың­ жазуына қара­ған­да, Мұс­тафа мен­ Сы­дық­тың арасы 15 жас­ бол­ған. Сон­да Сы­дық­ 1875 ж. шама­сын­да дү­ниеге кел­ген. 1919 ж. жел­тоқ­сан­да дү­ние сал­ды. 1900–1915 жылдар аралы­ғын­да Шиелі­нің­ болысы.

Та­ған­ Га­лим­зян Гир­фано­вич­ (1892–1948), “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі” ұйымы­ның­ мүшесі. Буда­пеш­те тұр­ды. Экономика ғы­лым­дары­ның­ док­торы. Венг­рияда агро­тех­ника­лық­ у­ни­вер­си­тет­ті бі­тір­ді. 1945–1948 жыл­дары Гам­бур­г у­ни­вер­сите­тін­де түр­іктанушы лек­тор.

Тана­шев­ Уә­лит­хан Шара­фид­динұлы (1887–1968), А­лаш­ қоз­ғалысы­ның­ қай­рат­кері, заң­гер. В. Чай­кин­ айт­ып­ о­тыр­ған уа­қыт­та ол Қа­зақ­ АКСР Юстиция хал­комы­ның­ о­рын­басары.

Тарази Мах­муд­-бек­ (1867/68–1934/35), жазушы, саяси қай­рат­кер, Ауғанстан­ның Ф­ран­циядағы елшісі (ХХ ға­сыр­дың 20-жыл­дары) Ауған­стан­да “Си­раж­ уль Ах­бар­” газе­тін­ шыға­рып­ тұр­ды. 1919–1922, 1924–1927 жыл­дары Ауған­стан­ның сырт­қы іс­тер­ ми­нист­рі.

Тев­ке­лев­ Кут­луг­-Муха­мед­ Ба­тыр­герее­вич­ (1850–?), Мем­ле­кет­тік думаның­ төр­т бір­дей шақырылуы­ның­ депутаты. “Итти­фак ­әл-мус­ли­мин­” партиясы­ның­ мүшесі. ІІІ және ІV Дума­лар­дағы Мұ­сыл­ман ф­рак­циясы­ның­ депутаты. 1916 жыл­дың жа­зын­да А. Ф. Керенс­кий­мен­ бір­ге Түр­кі­стан мен­ Дала­лық­ өлкедегі көтері­ліс­ се­беп­те­рін­ зерт­теу­мен­ шұ­ғыл­дан­ған­ ар­най­ы комиссияны бас­қарды.

Те­мір­ Ах­мет­, филология ғы­лым­дары­ның­ док­торы, про­фес­сор. 1912 ж. Татар­стан­да ту­ған­. 1929 жыл­дан Түр­кияда. Анкара у­ни­вер­сите­тін­ бі­тір­ген­нен­ кейін Гер­ма­нияға қо­ныс­ ауда­рып­, Бер­лин­ у­ни­вер­сите­тін­ бітіреді. Осы оқу ор­нын­да шы­ғы­стану семи­нар­ла­рын­да та­тар­ тілі­нен­ са­бақ­ береді. Сол­ ке­зең­де Г. Исхаки, о­ның­ қызы Саа­дат­ ха­ным­, Т. Шаға­тай­ М. Шо­қай­мен­ танысады. 1943 ж. Түр­кияға қайт­ып­ о­рал­ды.

Терегу­лов­ (Тенгрекоглы, Тенере­ког­лы) О­мер­ (Гу­мер­) Ха­биб­рахманұлы (1884–1938), Уфа гу­бер­ниясы­нан, саяси қай­рат­кер, заң­гер, әдебиетші. 1913–1915 жж. Лон­дон­да оқиды. Мұ­сыл­ман­дар­ ара­сын­да аза­мат­тық идея­лар­ды тарату жө­нін­дегі Уфа комитеті­нің­ мүшесі. Ақ­пан­ революциясы­нан­ кейін Құрыл­тай жиналысы­ның­ мүшесі, Ішкі Ре­сей­ мен­ Сі­бір­ мұ­сыл­мандары ұлт­тық­ жиналысы­ның­ депутаты. 1919 жыл­дан э­миг­рацияда. 1923 ж. Жапо­ния­дан­ Еуропаға, кейін Түр­кияға кел­ді. Мұн­да “Мил­ли юл” жур­на­лын­ шығаруға атсалыс­ты.

Тобо­лин­ И­ван­ Осипо­вич­ (1885–1941), Түр­кі­стан­ боль­ше­вик­тері басшылары­ның­ бірі, 1918 жыл­дан Түр­кі­стан Ком­пар­тиясы ОК-нің­ төрағасы.

То­ғай­ Му­хар­рем Фев­зи, э­миг­рациядағы Қа­зан­ татары, “Жум­ху­риет” газеті­нің­ ре­дак­торы, Ис­тан­бұлдағы “Тү­рік­ ошағы” қоғамы бас­шылары­ның­ бірі.

Тор­ғай Қуат­бай­ұлы (1792–1872), дат­қа.

Тоқ­таро­в Фуад (Фуат) (1880–1938), адво­кат­, та­тар­ сая­сат­кері, М. Шо­қай­дың­ дос­-жол­дасы. Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ мүшесі. 1920 жылы Париж­ге, 1923 жылы Бер­лин­ге, кейін Түр­кияға қо­ныс­ аударады.

То­қум­бе­тов­ Ос­ман­ (Ус­ман­) (1888–?), 1914 жылы Пе­тер­бург университетін­ бі­тір­ді. 1923 жыл­дан Гер­ма­нияда. Әйелі Головина де­ген­ ат­пен­ ке­ңес­ бар­лауына қыз­мет істе­ген­.

Топ­чибашы Әли-Мар­дан­ А­лек­пе­роғ­лы (1862–1934), заң­гер, жур­налис­т, І Мем­ле­кет­тік дума­ның­ депутаты. Ақ­пан­ революциясы­нан­ кейін ә­зір­бай­жан­ ұлттық­ қоз­ғалысы же­тек­шілері­нің­ бірі, Ә­зір­бай­жан­ Де­мок­ратия­лық­ Республикасы пар­ла­мен­ті­нің­ төрағасы. Ше­тел­де Кав­каз­ кон­федерация­сын­ ұйым­дас­тырды.

Төгі­сов­ Көл­бай (1879–1919), қо­ғам­ қай­рат­кері, жур­на­лис­т, драма­тур­г. “Үш жү­з” пар­тиясына бас­шы­лық­ етті.

Төреқұ­лов­ Нә­зір­ (1893–1937), мем­ле­кет,­ пар­тия қай­рат­кері. 1917 ж. Қоқан­ Сол­шыл­ э­сер­лері ұйымы төрағасы­ның­ жол­дасы (кө­мек­шісі) (Жиз­нь и дея­тель­нос­ть предс­тавите­лей­ ка­захской национальной ин­тел­ли­ген­ции в Туркестане. Сб. док­. и ма­тер­. 1. (Шым­кен­т, 2004. С. 120). 1917–1922 жыл­дары Түр­кі­стан Оак төрағасы­ның­ о­рын­басары, Ре­сей­ Ком­пар­тиясы ОК Ортаазия­лық­ бюросы­ның­ мүшесі, Түр­кі­стан Ком­пар­тиясы ОК төрағасы, 1928–1935 жыл­дары Сауд Арабиясы Ко­роль­ді­гін­де ке­ңес­ өкі­лет­ті өкілі.

Уа­лиш­вили Зу­раб­ А., Грузия ұлт­тық­ үкіметі­нің­ бұ­рын­ғы сырт­қы іс­тер­ ми­нист­рі.

Усма­нов­ Сей­дали (1899–1973), өз­бек­. Бер­лин­ жоғары тех­ника­лық­ мектебін­ бі­тір­ді. 1934 жыл­дан Түр­кияда, Анкара у­ни­вер­ситеті­нің­ про­фес­соры.

Успенс­кий­ К. Я., сол­шыл э­сер­, жұ­мыс­шы және сол­дат депу­тат­тары­ның­ Түр­кі­стан өлкесі кеңесі­нің­ төрағасы (1917), кейін Түр­кі­стан өлкесі Хал­ком­ кеңесі төрағасы­ның­ о­рын­басары, боль­ше­вик­.

Үлкі­сал­ М., э­миг­рациядағы қы­рым­ та­тар­лары же­тек­шілері­нің­ бірі.

Федо­тов­-У­айт­ Д­мит­рий, ақ э­миг­рант. М. Шо­қай­ды А. П. Деми­дов­ арқылы та­ниды.

Фер­ран­ Габ­риэль (1864–1935), ортаға­сыр­лық а­раб­ географиясы мен­ аст­рономиясы жө­нін­дегі ең­бек­тер­дің­ авторы.

Фит­рат­ Абдурауф (1886–1938), Бұ­хара­ жә­дит­шілдігі­нің­ және жасбұхаралық­тар­ қоз­ғалысы­ның­ аса көр­некті қай­рат­кері. Бұ­хара­ революциясы­ның­ жеңісі­нен­ кейін сырт­қы іс­тер­ және ха­лық­ а­ғар­ту ми­нист­рі бо­лып­ істеді. 1938 ж. ату жазасына ке­сіл­ді. Кейін ақ­тал­ды.

Хажы­бей­ли Жей­хун­, ә­зір­бай­жан­ ұлт­тық­ қоз­ғалысы же­тек­шілері­нің­ бірі.

Ха­ким­ Ах­мед­ Наим, “Проме­тей­дегі” “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі­нің­” өкілі.

Хаки­мов­ На­сыр­ Мах­дум­ (Мах­муд­), 1920 ж. Бұ­хара­ Хал­ық­ Республикасының­ қар­жы ми­нист­рі. ТҰБ-ның­ мүшесі, 1927 ж. нау­рыз­да Түркияда өт­кен­ ТҰБ-ның­ конг­ресіне қа­тыс­ты.

Ха­лық­қоры Ах­мет­, Прагада тұр­ды. М. Шо­қай­мен­ қа­рым­-қаты­нас­та болды

Хан­-Йомудс­кий­ Нико­лай­ Николае­вич­, тү­рік­мен, пат­ша армиясы офицері­нің­ ұлы, ка­дет­ пар­тиясы­ның­ мүшесі.

Ха­раш­ке­вич­ Э., капи­тан­, Поль­ша Бас­ штабы ІІ бар­лау бөлімі­нің­ бастығы.

Хас­ма­мед­ли (Хас­маме­дов­) Ха­лил­-бек­ Гад­жи-Баба оглы (1873–?), ІІ, ІІІ Мем­ле­кет­тік дума­ның­ мүшесі. Мұ­сыл­ман ф­рак­циясы құрамына енді (1907–1912). Ә­зір­бай­жан­ рес­пуб­ликасы (1919, 28 ма­мыр­ – 1920, 24 сәуір) ұлт­тық­ үкіметі төрағасы­ның­ о­рын­басары және әді­лет­ ми­нист­рі, “Кав­каз­” э­миг­рант­тар­ тобы­ның­ бел­сенді мүшесі.

Ход­жаев Саид, саяси э­миг­рант, Бер­лин­де тұр­ды.

Цали­ков­ (Цалыкати, Сали­хов­) Ах­мед­-бек­ Те­мір­болатұлы (1882–1928, Прага), осе­тин­-мұ­сыл­ман, пуб­ли­цис­т, Кавказ­ ха­лық­тары­ның­ тәуел­сіз­дігі үшін болған қоз­ғалыстың­ қай­рат­кері. 1920 жылы М. Шо­қай­ А. Цали­ков­пен бір­ге “Йе­ни дү­ния” атты апта­лық­ га­зет­ ұйым­дас­тырады. 1921 жылы Грузияда Ке­ңес­ өкіметі орна­тыл­ған­нан­ соң­ шет­елге кетеді.

Ц­вил­линг Григо­рий­ Моисее­вич­ (1881–1941), 1919 жыл­дың қарашасы­нан­ 1921 жыл­ға дейін Таш­кент­те жұмысшы және сол­дат депу­тат­тары кеңесі­нің­ мүшесі. 1917–1918 жыл­дары жер­гі­лік­ті мұ­сыл­ман хал­қына сенуге болмайтындығы жө­нін­де ү­гіт­ жүр­гізді. 1922 жыл­дан Түр­кияда кон­сул.

Чай­кин­ Ва­дим­ Афа­нась­е­вич­ (1886–1941), социал-революцио­нер­лер (э­сер­лер) пар­тиясы Орта­лық­ Комитеті­нің­ мүшесі, Бү­кіл­ре­сей­лік­ Құ­рыл­тай жиналысы депу­тат­тығына кан­ди­дат­, Уа­қыт­ша үкі­мет­тің Түр­кі­стан комитеті­нің­ мүшесі. Бі­рін­ші Жал­пықа­зақ­ съезі­нің­ жұмысына қа­тыс­ты. 1923–1933 жж. айдауда бо­лып­, 1938 жылы қу­ғын­-сүр­гінге ұшырады. 1941 ж. О­рел­ түр­ме­сін­де бір­неше саяси қай­рат­кер­лер­мен бір­ге а­тыл­ды. Бір­неше тарихи зерт­теу­лер­дің авторы.

Чай­ковс­кий­ Нико­лай­ Ва­силь­е­вич­ (1850/51–1926), о­рыс­ саяси қайраткері. 1917 жыл­дың ақ­пан­ айы­нан­ – “трудо­вик­”. 1918 жылы қыр­күйекте Уфа Мем­ле­кет­тік кеңе­сін­де Ди­рек­тория құрамына сай­лан­ды. Кейін Па­риж­ге қо­ныс­ ау­дар­ды.

Чиче­рин­ Геор­гий­ Ва­силь­е­вич­ (1872–1936), ке­ңес­ мем­лекет және пар­тия қай­рат­кері. 1918–1930 жыл­дары РСФСР сырт­қы іс­тер­ ми­нист­рі.

Чхеидзе Нико­лай­ Семено­вич­ (1864–1926), 1907–1912 жж. – ІІІ Дума, 1912–1917 жж. – ІV Дума депутаты. Ақ­пан­ төң­керісі­нен­ кейін Грузия­ның­ прези­ден­ті. За­кав­казье сей­мі­нің­ төрағасы. 1921 жыл­дан э­миг­рацияда.

Ч­хен­кели Ака­кий­ Ивано­вич­ (1874 ж. т. – ?), пуб­ли­цис­т. Грузия Ұлт­тық­ мем­лекеті­нің­ сырт­қы іс­тер­ ми­нист­рі, осы үкі­мет­тің Ф­ран­циядағы өкілі. Гру­зин­ э­миг­рант­тары же­тек­шілері­нің­ бірі. М. Шо­қай­дың­ қазасына бай­ла­ныс­ты сөйлеген­ сө­зін­де қа­зақ­ қай­рат­кері­нің­ Па­риж­де, Лон­дон­да, Женевада және Батыс­тың бас­қа да қалала­рын­да жүр­гіз­ген­ жұ­мыс­та­рын­ жоғары баға­лап­, оны “ха­лық­тың шын­ мә­нін­дегі ұлт­тық­ көсемі” деп­ бағалады.

Ша­виш­вили Кари­тон­, Грузия Ұлт­тық­ үкіметі­нің­ Женевадағы елшісі болды. Грузияда Ке­ңес­ өкіметі орна­ған­нан кейін ше­тел­де қал­ды.

Шагиахме­дов­ Ис­лам­ Сұл­тан­, Шах­ Ис­лам­ Шах­ Ах­мет­бек (Шаис­лам,­ Шаа­мед­), заң­гер, “Тур­ке­станс­кий­ к­рай­” газеті­н­ шығарушы және ре­дак­торы, Түр­кі­стан Уа­қыт­ша үкіметі­нің­ ми­ни­­­с­т­­рі, төраға­ның­ о­рын­басары, кейін қар­жы ми­нист­рі, Бү­кіл­ре­сей­лік­ Мұ­сыл­ман­дар­ кеңесі Орта­лық­ Комитеті­нің­ мүшесі. 1921 ж. ше­т­елге қо­ныс­ ау­дар­ды.

Шаға­тай­ (Шә­кір)­ Та­хир­ (Тай­ыр) (1902, Таш­кен­т – 1984, Түр­кия). 1922 жылы Гер­ма­нияға оқуға жіберілген ол Өзбек­стан­ға о­рал­майды. Гей­дель­бер­г уни­вер­сите­тін­ философия, әлеу­мет­тану және экономика ма­ман­дығы бой­ынша бітіреді. Аяз Исхаки­дің­ қызы Саға­дат (Саодат)­ ха­ным­ға үйленеді. “Яш Түркістан” жур­налы­ның­ жауапты хат­шысы бо­лып­, он жыл­ үз­дік­сіз М. Шо­қай­мен­ бір­ге жұ­мыс­ іс­тей­ді. Жур­нал­дың шығарылуы тоқ­та­тыл­ған­нан­ кейін Анкарада “Зи­рат­” бан­кінде жұ­мыс­ іс­тей­ді. Кейін Анкара у­ни­вер­сите­тін­де про­фес­сор. “Түр­кі­стандағы ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы туралы оқиға­лар­” (Истанбұл, 1959), “Түр­кі­стандағы тү­рік­шіл­дер­ және ха­лық­шыл­дық­”, алты кітап­тан тұра­тын­ “Қы­зыл­ империа­лиз­м” де­ген­ зерт­теу­дің­ авторы.

Ша­миль­ Саид (1901 – ө. ж. б.), Шә­мил­ и­мам­ның немересі. Мединеде туды. Ис­танбұлда оқыды. 1920 жылы Да­ғы­станда үл­кен­ құр­мет­пен­ қар­сы алынды. Мұн­да ол боль­ше­вик­терге қар­сы көтері­ліс­ті бас­қарды. 1926 жылы Кав­каз­ тау­лық­та­рын­ың ха­лық­ пар­тия­сын­ құруға қа­тыс­ты. Э­миг­рацияда – Солтүс­тік Кав­каз­ тобы­ның­ же­тек­шісі.

Шафи (Шафиев) Әбді­рах­ман (Ал­мас­) (шын­ аты-жөні Ғабд­рах­ман Галиул­лин­), (1885, бас­қа бір­ де­рек­тер бой­ынша 1892 ж. – 1961), кө­пес­, та­тар­ қоғам­ қай­рат­кері. Аза­мат­ соғысы ке­зін­де Түр­кияға кет­ті, 20-жыл­дары Мәс­кеуде Түр­кия елшілі­гін­де істеді. 30-жыл­дары Гер­ма­нияға қо­ныс­ ау­дар­ды. ІІ Дүниежүзі­лік­ со­ғыс­ ке­зін­де “И­дель­-У­рал­” түр­кі-та­тар­ ода­ғын­ (комите­тін­) басқарды. 1945 ж. Түр­кияға қо­ныс­ ау­дар­ды.

Шах­кули Мұс­тафа (Шаку­лов­), та­тар­, Мәскеу ком­мерция­лық­ инс­титу­тын­ бі­тір­ген. 1918 жыл­дан Баш­құрт­стан­да түр­лі үкі­мет­ мекемеле­рін­де жұ­мыс­ істеді. 1920 ж. А.-З. Валиди­мен­ бір­ге Бұхараға келеді. Кейін Ос­ман­ Қожа­мен­ бір­ге Тәжік­стан­ға ке­ліп­, бас­машы­лар­ қоз­ғалы­сын­да нұс­қаушы болады. Кейін Еуропаға қо­ныс­ ау­дар­ды. Талант­ты зерт­теуші Ах­мет­ Иасауи­дің­ бар­лық қолжазба жи­нақ­та­рын­ зерт­теп­ шық­ты. 1918–1923 жж. а­зат­тық қоз­ғалысы туралы кі­тап­ жаз­ды. О­ның­ фотокө­шір­месі Ко­лум­бия у­ни­вер­ситеті­нің­ мұрағатын­да, про­фес­сор Э. Олуорд­та да бар­.

Шә­ріп­ Қожа, БХР-дың­ Ауған­стан­дағы елшісі, кейін Истан­бұлға қо­ныс­ аударады.

Шә­ріп­қожаев Сад­ред­дин-хан­, Таш­кент мүф­тиі. Ақ­пан­ төң­керісі­нен­ кейін Түр­кі­стан мұ­сыл­мандары Орта­лық­ Кеңесі­нің­ мүшесі. 1921 жылы Ауған­стан­ға ке­тіп­, Газ­ни қала­сын­да, кейін (1934 жыл­ға дейін) Иран­да тұр­ды. М. Ибра­гим­нің ха­бар­лауына қара­ған­да, Ауған­стан­ға қайт­а о­рал­ған ке­зін­де (1934–1935 жж.) қамауға алы­нып­, кейін босатылады.

Шен­ Ши­цай­ (1879–1970), 1933 жыл­ғы сәуір­ден­ Шың­жаң­ның гене­рал­-губер­наторы. 1933–1934 жыл­дардағы жер­гі­лік­ті ха­лық­тың ұлт-а­зат­тық қозғалысын­ ба­сып­ жа­ныш­тады.

Ше­рах­медова Саида, 1922 ж. Түр­кі­стан­нан­ Гер­ма­нияға оқуға жібе­ріл­ген жас­тар­дың­ бірі. Кейін о­сын­да қа­лып­, А. Оқ­тай­ға тұр­мысқа шық­ты, 1939 ж. күйеуі­мен­ бір­ге Бер­лин­нен Ис­танбұл­ға қо­ныс­ ау­дар­ды.

Шир­мұ­хам­мед-бек­ Ғазы (Кер­шир­мат), өз­бек­, Түр­кі­стандағы мұ­сыл­ман көтері­ліс­шілері­нің­ қол­басшысы. Ауған­стан­нан М. Шо­қай­мен­ ха­бар­ла­сып­ тұрды.

Шкапс­кий­ О­рес­т Аве­ниро­вич­ (1865–1918), Уа­қыт­ша үкі­мет­тің Түр­кі­стан комитеті­нің­ мүшесі.

Шоқаева (Горина-Шоқаева) Мария Я­ков­левна (1888–1969), Мұс­тафа Шо­қай­дың­ әйелі. Әнші (мец­цо-соп­рано). 1926 жыл­дан Па­риж­дегі о­рыс­ э­миг­рациясы­ның­ мәде­ни өміріне қа­тыс­ты. М. Шо­қай­ қайт­ыс­ бол­ған­нан­ кейін, о­ның­ шы­ғар­машы­лық­ мұра­сын­ сақ­тап, бү­гін­гі ұр­пақ­қа жет­кізуде көп­ ең­бек­ сі­ңір­ді.

Шуль­ги­н А­лек­санд­р Я­ков­ле­вич­, Украина Ха­лық­ Рес­пуб­ликасы­ның­ (1917, нау­рыз­ – 1918, сәуір) сырт­қы іс­тер­ ми­нист­рі. Украинада Ке­ңес­ өкіметі орна­ған­нан кейін Па­риж­ге ке­ліп­ тұ­рақ­тады.

Щеп­кин­ Н. Н. (1854–1919), ка­дет­ пар­тиясы­ның­ қай­рат­кері, Уа­қыт­ша үкімет­тің Түр­кі­стан комитеті­нің­ төрағасы.

Щёт­цель­ (Ще­цель­) Тадеуш (Schaetzel Tadeusz), Ль­вов­та, кейін Г­рац­та (Авс­тро-Венг­рияда) оқыды, инже­нер­. По­ляк­ бар­лауында 1918 жыл­дан жұ­мыс­ істеді, 1924–1926 жж. Поль­ша­ның­ Түр­киядағы әскери елшісі. 1926–1928 жж. по­ляк­ Бас­ шта­бын­да бө­лім­ бас­тығы, 1928 жыл­дан дип­ломатия­лық­ қыз­метте, кейін сырт­қы іс­тер­ ми­нист­рлі­гін­де. Сей­м депутаты бо­лып­ сай­лан­ды, пол­ков­ник­. Лон­дон­да қайт­ыс­ бол­ды.

Эн­вер­ паша (Enver Pasha) (1881–1922), жас­тү­рік­тер же­тек­шілері­нің­, І Дүниежүзі­лік­ со­ғыс­ ке­зін­де Түр­кияны биле­ген­ триумви­рат­тың бірі. “Итти­хад­ ва Те­рак­ки” пар­тиясы кө­сем­дері­нің­ бірі. 1918 ж. Түр­кия­дан­ қа­шып­ шығады. 1921 ж. Түр­кі­стандағы бас­машы­лар­ қоз­ғалы­сын­ бас­қарды. 1922 ж. та­мыз­да Ауған­стан­мен шекарада ұ­рыс­ ке­зін­де қа­за­ тап­ты.

Элиава Шал­ва Зурабо­вич­ (1883–1937), ке­ңес­ мем­лекет және пар­тия қайрат­кері. 1919–1920 жыл­дары БОАК мен­ РСФСР Ха­лық­ ко­мис­сарлары кеңесі Түр­кі­стан ком­иссиясы­ның­ төрағасы бол­ды. “Түр­кі­станда Орта­лық­ ө­кіл­дігі­нің­ бас­шысы” деп­ В. Чай­кин­ осы қыз­метті айт­ады. Ш. З. Элиава Орта Азия­ның­ РСФСР-дан­ бөлі­ніп­ кет­пеуі ү­шін­ көп­ жұ­мыс­ ат­қар­ды. Т. Рыс­құ­лов­ се­кіл­ді ұлт­тық­ қай­рат­кер­лер­ге қар­сы тұр­ды. Т. Рыс­құ­лов­ ұ­сын­ған “Тү­рік­ Рес­пуб­ликасы” деген атаумен келіспей, РСФСР құрамындағы Түр­кі­стан лттық Республикасы. В. Чай­кин­ айт­қан­дай­, “о­ның­ көз­қа­рас­тары о­тар­шыл­дар­дың көз­қа­рас­тары­нан­ түбе­гей­лі е­рек­шеленеді” деуге не­гіз­ жоқ­.

Э­фен­дизаде Мех­мет­ Али (А­мин­), Баку­ден­ 1917 ж. “Муса­ват­” пар­тиясы ісса­пар­ға Түр­кі­станға жібереді. Кейін Түр­кі­станға бір­жолата қо­ныс­ аударады.

Юсу­пов­ Пал­ва­нияз Қажы (1885–1934), мақ­та өңдеу зауыты­ның­ иесі, сауда­гер­. 1920–1921 жыл­дары Хиуа Ха­лық­ Социа­лис­тік Рес­пуб­ликасы назирлері кеңесі­нің­ төрағасы. Бас­машы­лар­ға қосылады. Кейін Түр­кияға қо­ныс­ аударады.

Юргули-Агаев Хидоят­бек­, Түр­кі­стан Уа­қыт­ша үкіметі­нің­ жер­ қатынастары және су шаруашылығы ми­нист­рі.

Яку­бов­ Ха­шим­ Шаик (Шаик), Бұ­хара­ Ха­лық­ Рес­пуб­ликасы­ның­ сырт­қы іс­тер­ ми­нист­рі, Ка­бул­дағы елшісі. “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі” ұйымы­ның­ мүшесі. 1961 ж. Ка­бул­да қайт­ыс­ бол­ды.

Яр­кин­ Ибра­гим­ (1902–?), Бер­лин­ ауылшаруашы­лық­ академия­сын­ бітірген. 1930 жыл­дан Түр­кияда. Анкара у­ни­вер­ситеті­нің­ ка­фед­ра мең­герушісі, про­фес­сор. “Тү­рік­ ошағы” жур­на­лын­да жә­дит­тер қоз­ғалысы, ұлт­тық­ мәдениеттің­ қо­ғам­ дамуындағы орны мен­ рөлі туралы көп­те­ген­ мақала­лар­дың авторы.

Б қосымшасы

(анықтамалық)
Э­миг­рант­тық­ бас­па­сөз­
Әзери Тюр­к”, Ис­танбұл, 1928–1930 жыл­дар.

Ә­зір­бай­жан­ Юрт Бил­гиси”, 1932 жыл­дан Бер­лин­де шы­ғып­ тұр­ды.

Биль­дир­гыш”, Ис­танбұл, 1930–1931 жж.

Воз­рож­де­ние”, 1918 жыл­дан Құ­рыл­тай жиналысы Социал-революционер­лер пар­тиясы­ның­ ф­рак­циясы шы­ғар­ған газеті; кейін Вар­шаваға қо­ныс­ ау­дар­ды.

Воля России”, Социал-революцио­нер­лер пар­тиясы­ның 1920–

1932 жыл­дар аралығында Па­риж­де шы­ғып­ тұр­ған басылымы.

Гор­цы Кав­каза”, жур­нал, Па­риж.

Д­ни” газеті, Бер­лин­, Па­риж­, 1922–1928 жж. Ре­дак­торлары А. Ф. Керенс­кий­, А. В. Милашевс­кий­ және т. б. 1928 жыл­дың 9 қазаны­нан­ 1932 жыл­дың 4 қазаны аралы­ғын­да жұма сай­ын жа­рық­ көр­ді.

Е­ни Каф­касия”, Кав­каз э­миг­рант­тары­ның­ бас­па органы, 1923–1927 жыл­дары Ис­танбұлда.

Ис­тик­лал” (“Тәуел­сіз­дік”), ә­зір­бай­жан­ э­миг­рант­тары­ның­ 1934 жыл­дан Бер­лин­де шыға­рып­ тұр­ған қо­ғам­дық-саяси газеті. Ре­дак­торы М.-Э. Ра­сул­-Заде.

Йе­ни Түр­кі­стан” (“Е­ни Түр­кі­стан”) (1927 ж. мау­сым­ – 1931 ж. қыркүйек), “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі” ұйымы­ның­ бас­па органы. Жур­нал­дың иесі және мүдірі док­тор Мажи­дад­дин Ах­мет­.

Мил­ли бай­рақ­”, қо­ғам­дық-саяси га­зет­. Қиыр-Шы­ғыс­ тү­рік­-та­тар­ мұсыл­мандары­ның­ бас­па органы. 1935–1945 жыл­дары Мук­ден­ қала­сын­да (Қы­тай­) та­тар­ ті­лін­де шы­ғып­ тұр­ды. Ре­дак­торы Руқия Мұха­мет­дин.

Мил­ли Түр­кі­стан”, Вели Каюм шыға­рып­ тұр­ған Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Комитеті­нің­ бас­па органы. 1942–1975 жыл­дар аралы­ғын­да 134 саны шық­ты. Мұ­ның­ ал­ғаш­қы 63 саны (1942–1945 жж.) Бер­лин­де, ал 64–134 сан­дары 1950 жыл­дан бас­тап Дюс­сел­ьдорф қала­сын­да шық­ты. Жур­нал­ негізі­нен­ ла­тын­ ә­ріп­тері­мен­, кей­бір­ сан­дары а­раб­ жазуы­мен­ шаға­тай­ ті­лін­де жа­рық­ көр­ді.

Муса­ват­” (“Тең­дік­”), то­лық­ атауы – Ұлт­тық­ Ә­зір­бай­жан­ “Муса­ват­” халық­ пар­тиясы­ның­ бюл­летені, “Муса­ват­” пар­тиясы­ның­ органы. Ал­ғаш­қы саны 1936 жыл­дың қыр­күйек айында жа­рық­қа шық­ты.

Отлу юрт”, Ис­танбұл, 1929–1931 жыл­дар.

Пос­лед­ние но­вос­ти”, га­зет­, Па­риж­, 1920–1940 жж. 1920 жыл­дың сәуір айы­нан­ Па­риж­де М. Л. Голь­дш­тейн­нің­ ре­дак­торлығы­мен­ жұма сай­ын шығып тұрды. 1921 жыл­дан бас­ ре­дак­торы П. Н. Милю­ков­ бол­ды. Ка­дет­ партиясы­ның­ органы.

Проме­тей­” (“Promйthй”), Кав­каз­, Украина және Түр­кі­стан халықтарының­ ұлт­тық­ мүд­деле­рін­ қор­ғау комитеті­нің­ органы. Негі­зін­ 1926 жылы Па­риж­де Кав­каз­ тәуел­сіз­дігі комитеті­нің­ осы ат­тас­ жур­налы қалады. Париж­де ай сай­ын шы­ғып­ тұр­ды. 1940 ж. жұмы­сын­ тоқ­татты.

Руль­”, га­зет­, Бер­лин­, 1930–1931 жж. Ка­дет­ пар­тиясы­ның­ мүшелері И. В. Гос­сен­, А. Д. Камина, В. Д. Набо­ков­ ұйым­дас­тыр­ған­.

Социа­лис­ти­чес­кий вест­ник­”, э­миг­рациядағы мень­ше­вик­тер­дің­ бас­па органы. Жұмасына екі рет­тен Бер­лин­де, 1933 жыл­дан Па­риж­де шы­ғып­ тұр­ды.

Сов­ре­мен­ные за­пис­ки”, Па­риж­де шы­ғып­ тұр­ған қо­ғам­дық-саяси және әдеби жур­нал. Н. Д. Авк­сен­тьев, В. В. Руд­нев­ және т. б. оң­шыл­ социалреволюцио­нер­лер ұйым­дас­тырды.

Социа­лис­ти­чес­кая лест­ница”, социал-революцио­нер­лер­дің­ бір­ тобының­ Бер­лин­дегі жур­налы.

Шимали Каф­касия” (“Şіmalі Kavkasya”), Варшавадағы Сол­түс­тік­-Кавказ э­миг­рант­тары­ның­ жур­налы.

Янга мил­ли юл”, қо­ғам­дық-саяси және ғылыми-әдеби жур­нал. 1928 жыл­дың 23 жел­тоқсаны­нан­ 1939 жыл­дың қа­зан­ айына дейін Бер­лин­де, кейін Вар­шавада айына екі рет­ шы­ғып­ тұр­ды. Бар­лығы 136 саны жа­рық­ көр­ді. Шығарушы және ре­дак­торы Г. Исхаки.

Янга я­пон­ мух­бире”, 1931–1945 жыл­дары Токиода та­тар­ ті­лін­де ай сайын шы­ғып­ тұр­ды. 1931–1932 жыл­дары “Я­пон­ мух­бире” атауы­мен­ жа­рық­ көр­ді.

Яш Түр­кі­стан”, жур­нал, “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі” ұйымы­ның­ органы. 1929 жылы жел­тоқ­сан-ақ­пан­ айы­нан­ бас­тап М. Шо­қай­дың­ бас­шылығы­мен­ Берлин­ қала­сын­да шыға бас­тады. Жур­нал­ды дай­ындау, бас­па­дан­ шығару жұмыс­та­рын­ Та­хир­ Шаға­тай­ мен­ Абдуа­қап­ Оқ­тай­ жүр­гізеді. ІІ дү­ниежүзі­лік­ соғыс­ бас­тал­ған­ кез­де жур­нал жұмы­сын­ тоқ­та­тып­, ре­дак­ция мүшелері Истанбұлға қо­ныс­ аударады.

Pour la Russіa” (“Рос­сия ү­шін­”), га­зет­, Па­риж­, 1919–1920 жж. Социал- революцио­нер­лер пар­тиясы­ның­ органы. Ф­ран­цуз ті­лін­де 1919 жыл­дың қа­зан­ айы­нан­ шыға бас­тады.



Мазмұны





Кіріспе (Шоқайтанудың деректемелік негіздері) ...............................

3

1

М. Шоқай­ дүниетанымының қалыптасуы ..........................................

5

2

Бостандық­ үшін күрес жолында ..........................................................

39

2.1

Автономия идеясы­ның­ ықпа­лын­да ...................................................

39

2.2

Ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­қа бас­шылығы ........................................................

54

2.3

Түр­кі­стан Мұх­тарияты .........................................................................

69

3

Түркістаннан Парижге ..........................................................................

94

3.1

Құ­рыл­тай жиналысы: ү­міт­ пен­ е­лес ...................................................

94

3.2

Жолайрығында ......................................................................................

107

3.3

Мұға­жыр­лық ө­мір­дің бас­талуы ...........................................................

125

4

Ұлттық қозғалыстың ұйымдық негіздерін қалау ...............................

139

4.1

Елмен байланыс орнату ........................................................................

139

4.2

“Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі” ұйымы­ның­ құрылуы ..............................

154

4.3

Бас­пасөз­ ор­ган­дары ...............................................................................

172

5

Ұлттық­ қозғалыстың стратегиясы мен тактикасын айқындау ........

182

5.1

Түр­кі­стан мәселесі­нің­ халықара­лық­ де­ңгей­де қой­ылуы ...................

183

5.2

Түр­кі­стан­дық­тар­дың­ ішкі бір­лі­гін­ ны­ғайт­у .......................................

207

5.3

Түр­кі­стан бір­лігі­нен­ тү­рік­ бір­лігіне ....................................................

222

5.4

Тү­рік­ бір­лігі­нен­ ха­лық­тар­дың­ бір­тұ­тас­ май­данына ..........................

230

6

М. Шоқай – халықаралық сарапшы және тарихшы ...........................

248

7

Соңғы күндері ........................................................................................

279




Әлем таныған қайраткер (Қорытынды орнына) .................................

299




Тест сұрақтары ......................................................................................

311




Дұрыс жауаптар .....................................................................................

329




Реферат тақырыптары ...........................................................................

331




Әдебиеттер .............................................................................................

332




А қосымшасы. М. Шо­қай­дың­ бүр­кен­шік­ е­сім­дері ............................

369




Ә қосымшасы. Е­сім­дерге түсі­ндірме­ ..................................................

370




Б қосымшасы. Э­миг­рант­тық­ бас­па­сөз­ ................................................

393






Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет