Р. М. Таштемханова Мұстафа Шоқайдың тарихи бейнесі



бет26/28
Дата31.12.2019
өлшемі2,81 Mb.
#54011
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Ал­кин­ Ильяс (Илиас) Саидгирее­вич­ (1895–1937), ұлт-а­зат­тық қозғалысының­ қай­рат­кері, М. Шо­қай­дың­ жол­дасы. Ко­муч­ (Құ­рыл­тай жиналысы комитеті­нің­) мүшесі, төрағасы­ның­ о­рын­басары. 1920 жыл­дан Мәскеуде ғылыми және педагогика­лық­ жұ­мыс­та, 1922 жыл­дан Шы­ғыс­ еңбекшілері­нің­ ком­му­нис­тік у­ни­вер­сите­тін­де про­фес­сор. Саяси қу­ғын­-сүр­гін құр­баны, өл­ген­нен кейін ақ­тал­ды.

Ал­кин­ Сеидги­рей­ Шаг­иах­мето­вич­ (1867–1919), адво­кат­, Қа­зан­ университеті­нің­ заң­ фа­куль­те­тін­ бі­тір­ді. Мұ­сыл­ман либе­рал­дары же­тек­шілері­нің­ және “Итти­фак­ әл-мус­ли­мин­” пар­тиясын ұйым­дас­тырушы­лар­дың бірі. 1917 ж. нау­рыз­да Ре­сей­ мұ­сыл­мандары Уа­қыт­ша орта­лық­ бюросы­ның­ мүшесі (Петрог­рад) бо­лып­ сай­ланады; Қа­зан­дағы Мұ­сыл­ман кеңесі (Мил­ли шуро) мүшесі. 1917 ж. Мәс­кеуде өт­кен­ Ре­сей­дің­ І Жал­пымұ­сыл­ман съезі­нің­ делегаты.

Аптабашы (Авто­баш­), Тор­ғай дат­қа­ның­ баласы Қа­лым­бет сопы­ның­ бірін­ші әйелі­нен­ ту­ған­ тұң­ғышы, жас­тай ө­мір­ден өт­кен­ (1918 ж.). Төле­ген­ де­ген­ ұлы, Па­тым­ де­ген­ қызы қал­ды.

А­рат­ Ра­шид­ (Абдура­шид­) Рах­мати (1900–1964), тү­рік­танушы, про­фес­сор (1933 ж.). 1920 жыл­дан Қы­тай­да, 1922 жыл­дан Гер­ма­нияда, 1933 жыл­дан Түркияда тұр­ды. “Ис­лам­ эн­цик­лопедиясы­ның­” негі­зін­ қалаушы­лар­дың бірі.

Ари­фов­ Аб­дул­ха­мид­, 1920 ж. 6 қа­зан­да құ­рыл­ған Бұхара Ха­лық­ Республикасы үкіметі­нің­ әскери ми­нист­рі. “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі” ұйымы Ка­бул­ бө­лім­шесі­нің­ мүшесі. М. Шо­қай­мен­ хат­ жазы­сып­ тұр­ды. Кейін Үндістанның­ Чит­рал­ гу­бер­ниясына қо­ныс­ аударды.

А­риф­ха­нов­ Ибра­гим­, өз­бек­ э­миг­ранты, Венг­рияда тұр­ды. Бер­лин­ ауылшаруашы­лық­ инс­титу­тын­ бі­тір­ді. Кейін Анкарада пр­о­фес­сор.

Ар­хан­гельс­кий­ Васи­лий­ Гав­рило­вич­ (1968–1948), оң­шыл­ э­сер­. Социалреволюцио­нер­лер пар­тиясы­ның­ ІІІ съе­зін­де (24 ма­мыр­ – 4 мау­сым­ 1917 ж.) Орта­лық­ Коми­тет­ құрамына енгі­зіл­ді. “Зем­ля и воля” газеті­нің­ ре­дак­торы. Ақ­пан­ революциясы­нан­ кейін Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ мүшелігіне сай­лан­ды. Самара үкіметі­нің­ (Ко­муч­) өкілі және Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ мүшесі ре­тін­де Уфа мен Омбыдағы Мем­ле­кет­тік ке­ңес­ке, Ди­рек­тория жұмысына қа­тыс­ты. Омбыда тұт­қын­дал­ған­нан­ кейін э­миг­рацияға ке­тіп­, Че­хос­ловакияда тұр­ды. Прагада о­рыс­ шет­ ел тарихы мұраға­тын­ ұйым­дас­тырушы­лар­дың бірі және оның­ қыз­меткері (А­лек­санд­ров­ Г. А. К биографии эсера Ар­хан­гельского // Вопросы истории. 2002. № 6. С. 173–175; Фролова Е. И. Судь­ба В. Г. Ар­хан­гельско­го­ // Воп­росы истории. 2005. № 8. С. 145–147).

Ар­хан­гельс­кий­ Нико­лай­ П. (т.ж.б. – 1972 жыл­дан кейін), М. Шо­қай­дың­ танысы, Санк­т-Пе­тер­бург у­ни­вер­сите­тін­де бір­ге оқы­ған­. Ол осы қаладағы Түркі­стан жер­лестігі­нің­ төрағасы, ал Мұс­тафа хат­шысы болады (1911–1912 жыл­дары). Ар­хан­гельс­кий­ Таш­кент­те ұ­зақ­ жыл­дар мұға­лім­ бо­лып­ жұ­мыс­ істеді.

Ас­фен­диярова (Ас­пан­диярова) Гүл­сім­ (1880–1937), қа­зақ­ әйелдері арасы­нан­ шық­қан тұңғыш жоғары бі­лім­ді дәрі­гер­лер­дің­ бірі.

Ас­фен­дия­ров­ Сей­іджа­пар­ (Сейіджағы­пар­) О­рын­борда Не­п­люев атындағы Ка­дет­ кор­пу­сын­ бі­тір­ген. Түр­кі­стан гене­рал­-гу­бер­на­тор­лы­ғын­да аудар­машы­лық­ қыз­мет істеді. Ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысына ас­тыр­тын кө­мек­ беруші қай­рат­кер­лер­дің бірі.

Атнагу­лов­ Сала­хет­дин (1893–1938), жазушы, саяси қай­рат­кер, “У­рал­-И-дель­ штаты­ның­” кол­легия мүшесі.

Ахтя­мов­ Иб­ниа­мин­ А­бус­сугдо­вич­ (1877–?), ІV Мем­ле­кет­тік дума­ның­ Уфа гу­бер­ниясы­нан­ депутаты. 1898 жыл­дан Пе­тер­бург у­ни­вер­ситеті физика-математика фа­куль­теті­нің­ сту­ден­ті. Студент­тер­ тол­қуына қа­тыс­қаны ү­шін­ 1899 жылы оқу­дан­ шыға­рыл­ды. 1914 жылы жел­тоқ­сан­да Пет­рог­радтағы Мұ­сыл­ман қо­ғам­дық ұйымдары ө­кіл­дері­нің­ бү­кіл­ре­сей­лік­ съезі төралқасы­ның­ төрағасы. 1916 ж. Орта Азия көтері­ліс­шілері жө­нін­дегі Сот­ проце­сін­де қор­ғаушы. 1917 жылы нау­рыз­да Пет­рог­радта Ре­сей­ мұ­сыл­мандары Уа­қыт­ша орта­лық­ бюросының­ мүшесі. М. Шо­қай­мен­ 1914 жыл­дан та­ныс­.

Әді­лов­ Дін­мұха­мед­ (Дін­ше) (1900–1930), Сыр­дария облысы­ның­ Сарысу ауда­нын­да ту­ған­. Ұлт­тық­ театр­дың­ тұң­ғыш ди­рек­торы. “Мұс­тафа Шоқайұлының­ жақ­тасы” ре­тін­де айыпта­лып­, 1930 жыл­дың 4 сәуі­рін­де ату жазасына кесіледі. Қа­зақ­ КСР Жо­ғар­ғы соты­ның­ шешімі­мен­ 1988 жылы 14 қарашада ақ­тал­ды.

Ә­лім­хан­ Сеид Мир­ (1880–1944, Ка­бул­), Бұхара әмірі (1910–1920). 1920 жыл­ғы қыр­күйек­тен­ Шы­ғыс­ Бұхарада жасыры­нып­ жүр­ді. 1921 жыл­ғы наурыздан Ауған­стан­да тұр­ды.

Ә­ліш­ (Әлмұха­мед­), Тор­ғай дат­қа­ның­ ұлы, бі­лім­ді, ал­ғыр­ және зе­рек­ а­дам­ бол­ған. Мұс­тафа Шо­қай­ осы Ә­ліш­ сал­дыр­ған­ мед­реседе о­қып­, а­раб­, тү­рік­, шаға­тай­ тіл­де­рін­ үй­рен­ген. Мұс­тафаны Таш­кент­ке апа­рып­, гим­назияға орналастырады, Пе­тер­бург у­ни­вер­сите­тін­де о­қып­ жүр­генде қар­жы­лай­ кө­мек­ береді. Мұс­тафа­ның­ ше­тел­ге кетуіне бай­ла­ныс­ты ОГПУ-дың­ қу­ғын­дауы­нан­ Өзбек­стан­ға ы­ғыс­тап кетеді. 80-нен­ ас­қан­ ша­ғын­да Қо­қан­ қаласы­ның­ ма­ңын­да қайт­ыс­ болады.

Ә­мір­ Те­мір­ (1336–1405), ортаазия­лық­ мем­ле­кет­ қай­рат­кері, қол­басшы. Орталығы Са­мар­қанд­тағы мем­ле­кет­ті құрушы. Ал­тын­ Ордаға соқ­қы бер­ді, сол­ арқылы о­рыс­ жері­нің­ тәуел­сіз­дік алуына алғышарт­тар­ жасады.

Әулие Қожа, бас­машы­лар­ қоз­ғалысы же­тек­шілері­нің­ бірі. Ка­бул­да тұрды.

Бай­ра­мов­ Кур­бан­, Ис­тан­бұлда ә­зір­бай­жан­дар­дың­ э­миг­рант­тық­ топтарының­ бі­рін­ бас­қарады.

Бали­нов­ Шам­ба, қал­мақ. Бер­лин­дегі э­миг­рант ка­зак­тар же­тек­шілері­нің­ бірі.

Бам­мат­ Хай­дар­ (Гай­дар­), құ­мық­, сол­түс­тік­ кав­каз­дық­ сая­сат­кер, эмиграцияда “Кав­каз­” тобы­ның­ бас­шысы және сол­ ат­тас­ жур­налды шығарушы. 1921 жыл­ға дейін Грузия мен­ Арме­ния ұлт­тық­ үкі­мет­тері жа­нын­дағы тау­лық­ ха­лық­тар­дың­ ө­кіл­ді­гін­ бас­қарады

Барятинс­кий­ А­лек­санд­р Ивано­вич­ (1815–1879), к­нязь­, о­рыс­ фельдмаршалы (1859). “Есте­лік­те­рін­де” Ре­сей­дің­ Кав­каз­дағы жау­лап­ алушылық­ саясаты­нан­ көп­те­ген­ мағ­лұ­мат­тар береді.

Бах­тиярбе­ков­ Сұл­тан­бек (шын­ аты-жөні Ах­мад­жан Пір­мұхаме­дов­), Таш­кент­те ке­ңес­ бар­лау ор­ган­да­рын­да істе­ген­. 1924–1925 жыл­дар шама­сын­да шетелге кетеді. “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі” ұйымы­ның­ Ка­бул­дағы (Ауған­стан­) өкілі ре­тін­де әре­кет­ етеді. 1934 жылы құ­рыл­ған Шы­ғыс­ Түр­кі­стан республикасы­ның­ әскери ми­нист­рі. Ол құла­ған­нан кейін Индияға ө­тіп­ кетеді.

Баязи­тов­ Мұха­мед­-Сафа (1887–1937 жыл­дан кейін), О­рын­бор мұ­сыл­ман ді­ни жиналысы­ның­ мүф­тиі (1915–1917 жж).

Бен­цин­г (J. Benzіng) Йо­хан­нес (1913–1981 жыл­дан кейін), Бер­лин­ универ­ситетінің тү­рік­тану фа­куль­те­тін­ бі­тір­ген. 1939 жылы док­тор­лық­ диссертация қор­ғады. Со­ғы­стан кейінгі жыл­дары Тю­бин­ген у­ни­вер­сите­тін­де са­бақ­ бер­ді. 1950–1963 жыл­дары дип­ломатия­лық­ жұ­мыс­та. 1963 ж. Май­нц универ­ситетіне ора­лып­, 1981 ж. зей­нет­ке шығады. Қа­зақ­ ті­лін­ же­тік­ мең­гереді. М. Жұмабаев­тың­ ө­лең­де­рін­ не­міс­ тіліне ау­дар­ған.

Белоу­сов­ Влади­мир­ А­лек­сее­вич­, э­миг­рант, Па­риж­де М. Шо­қай­мен­ кездесіп­ тұрады.

Бер­дяев Нико­лай­ А­лек­санд­ро­вич­ (1874–1948), о­рыс­ философы. 1922 жыл­дан Бер­лин­де, 1926–1939 жыл­дары Па­риж­де тұр­ды. О­ның­ өрке­ниет­тер­ мен­ мәде­ниет­тер­, Еуропа мен­ Азия­ның­ руха­ни құн­ды­лық­тары жө­нін­дегі ең­бек­тері бү­гін­гі күні де ө­зек­ті.

Бех­буди Мах­муд­ходжа (1875–1919), Түр­кі­стан­ жә­дит­шілдері­нің­ жетекшісі, жаңа ә­діс­тегі мек­теп­тер­дің ұйым­дас­тырушысы, жә­дит­ га­зет­, журналда­рын­ шығарушы. Са­мар­қан мүф­тиі. “Шуро-и-Исламия­ның­” және Түркі­стан Мұх­тарияты бас­шылары­ның­ бірі. 1919 жылы Бұ­хар­ада боль­ше­вик­тер қолы­нан­ қаза табады.

Бигиев Муса Я­рул­ла (1875–1949), дін­танушы, қо­ғам­ және сая­сат­ қайраткері, пуб­ли­цис­т. Тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысына қа­тыс­ты. 1930 жыл­дан э­миг­рацияда. Каирде қайт­ыс­ бол­ды.

Битілеуов Да­мул­ла, 1922 жылы Гер­ма­нияға оқуға жібе­ріл­ген жас­тар­дың­ бірі.

Блоше Эд­гар­ (1870–1937), ф­ран­цуз шы­ғы­станушысы. Не­гіз­гі жұ­мыс­тары мұ­сыл­ман қолжазбалары­ның­ биб­лиог­рафиясына, о­лар­ды жүйелеуге ар­нал­ған. 1932–1933 жыл­дары Па­риж­ ұлт­тық­ кі­тап­хана­сын­да сақ­тал­ған­ тү­рік­ қолжазбалары­ның­ екі том­дық катало­гін­ жариялады.

Бол­ған­баев Хай­ред­дин, Қайы­рал­дин, Бор­таң­ бала, Бор­таң­, Кәрі­тай­ де­ген­ бүр­кен­шік­ е­сім­дер­мен­ жаз­ған Бол­ған­баев Қай­ыр­кен­ – қа­зақ­ хал­қы­ның­ ал­ғаш­қы жур­на­лис­тері­нің­ бірі, 1914–1917 жыл­дары жа­рық­ көр­ген “Жер­ жал­дау”, “Әдебиет кеші”, “Әдеби борышы­мыз­”, “Ту­мас­ бұ­рын­ үй­лен­діру”, “Исмаил­бек­ Гасп­рин­с­кий­дің­ жылы” де­ген­ мақала­лар­дың авторы. “Бір­лік­ туы” газе­тін­де М. Шо­қаймен­ бір­ге ұлт­тық­ сананы қа­лып­тастыруда үл­кен­ жұ­мыс­ ат­қар­ды.

Бө­кей­ха­нов­ Мұс­тафа, А­лаш­ қоз­ғалысы­ның­ қай­рат­кері. 1923 жылы А.-З. Валиди, М. Бө­кей­ха­нов­ және т. б. қаты­нас­қан мәжі­ліс­ ұйым­дас­тыры­лып­, онда “Мил­ли юл” жур­на­лын­ шығару жө­нін­де шешім қа­был­данды.

Браун Эд­вар­д Г­рэн­вил (1862–1925), а­ғыл­шын шы­ғы­с­танушысы, 1888 жыл­дан Кемб­рид­ж у­ни­вер­сите­тін­де пар­сы және а­раб­ тіл­дері­нің­ про­фес­соры.

Б­рой­до (Зил­бершк­вейт­) Григорий Исаако­вич­ (1883–1956) – социал-демок­рат. 1917 жыл­дың наурызы­нан­ – Таш­кен­т Сол­дат­ депу­тат­тары кеңесі­нің­ төрағасы. 1919 жыл­ғы қарашада БОАК-нің­ Түр­кі­стан ко­мис­сиясы сырт­қы қатынас­тары бөлі­мін­ бас­қарды. Жер­гі­лік­ті ха­лық­қа қар­сы қатыгез­ арандатушылық­ іс-әре­кет­тері­мен­ көз­ге түс­ті. Ко­мис­сия­ның­ мүшелері­нің­ көпшілігі­мен­ келісе алмауы се­беп­ті, 1920 жылы ма­мыр­да Мәскеуге қайт­а шақыр­ты­лып­ а­лын­ды. Түр­кі­стан рес­публика­сын­да Г. И. Б­рой­до шови­нис­тік көз­қа­рас­тары­мен­ бел­гілі бол­ды. 1922 жылы 16 та­мыз­да РСФСР Ұлт істері жөнін­дегі ха­лық­ ко­мис­сары­ның­ о­рын­басары бо­лып­ та­ғай­ын­дал­ды.

Бур­ха­нов­ (Мун­зим­) Абдува­хид­ (1877–1934), жә­дит­тер қоз­ғалысы­ның­ қай­рат­кері. Бұ­хар­а рес­публикасы­ның­ сырт­қы іс­тер­ назирі.

Бі­рім­жа­нов­ Ға­зым­бек (Ә­зім­бек) (1896–1936), заң­гер, Ала­ш­ор­да үкіметі­нің­ мүшесі және іс бас­қарушысы. Бі­рін­ші Жал­пықа­зақ­ съезі­нің­ жұмысына қа­тыс­ты. Съез­дің­ ше­шім­деріне сәй­кес­ Ә. Бө­кей­ха­нов­, А. Б­айт­ұрсы­нов­, Ғ. Жүн­дібаев­пен­ бір­ге пар­тия бағ­дарламасы­ның­ жоба­сын­ дай­ындады. “Ала­шор­да­ның­” Баш­құр­т үкіметі жа­нын­дағы елшісі бол­ды. 1922 жылы Гер­ма­нияға оқуға жібері­ліп­, Бер­лин­ у­ни­вер­ситеті­нің­ ауылшаруашылығы фа­куль­те­тін­ бітіреді. М. Шо­қай­ мен­ Қазақ­стан­дағы ұлт же­тек­шілері ара­сын­да бай­ла­ныс­ орнатады. 1930 жылы тұт­қынға алынады.

Валиди (Вали­дов­) Ах­мед­-Заки (э­миг­рацияда: Ах­мад­-Заки Валиди То­ган­) (1890–1970), баш­құрт ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ же­тек­шісі, тү­рік­танушы, философия док­торы (1935), 1917–1919 жыл­дары (кей­бір­ үзі­ліс­тер­мен­) Баш­құр­т үкіме­тін­ бас­қарды. 1919 жыл­дың ақпаны­нан­ 1920 жыл­дың маусымына дейін (үзі­ліс­тер­мен­) – Баш­құр­т рев­комы­ның­ төрағасы. 1920 жыл­дың шіл­десі­нен­ боль­ше­вик­тер­мен­ қа­рым­-қатына­сын­ тоқ­татады да, Орта Азия ха­лық­тары­ның­ қоз­ғалысына қосылады. 1923 жыл­дан э­ми­г­рацияда бол­ды. 1925 жыл­дан – Истан­бұл у­ни­вер­сите­тін­де (Түр­кия) оқытушы, про­фес­сор.

Вези­ров­ Ю­суп­-бек­, ә­зір­бай­жан­ э­миг­ранты. 1922 жылы “Revue du Monde Musulman” (Juіn, Vol. L.) жур­на­лын­да ә­зір­бай­жан­ әдебиеті туралы мақаласы жария­лан­ды.

Векилли Мұс­тафа, э­миг­рациядағы ә­зір­бай­жан­ қай­рат­кері, “Проме­тей­” ұйымы бас­шылары­ның­ бірі.

Виль­со­н То­мас­ Вуд­ро (1856–1924), АҚШ-тың­ 28-ші прези­ден­ті, 1918 жылы қаң­тарда І Дү­ниежүзі­лік­ со­ғы­стан кейін бей­біт­ші­лік­ тәр­тіпті орнату мақса­тын­да “Он төр­т тар­мақ­тан­” тұра­тын­ бағ­дарлама ұ­сын­ды. Онда “о­тар­ мәселе­сін­ рет­теу”, “сауда ер­кін­дігі”, т. б. шарт­тар­ қа­рас­ты­рыл­ды.

Виш­няк­ Мар­к Ве­ниамино­вич­ (1883–1976), социал-революцио­нер­. Құрыл­тай жиналысы­ның­ депутаты. 1919 жыл­дан э­миг­рант, Ф­ран­цияда тұр­ды.

Вольс­кий­ Влади­мир­ Казимиро­вич­ (1877–1937), социал-революцио­нер­лер пар­тиясы­ның­ қай­рат­кері. Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ депутаты. Ко­муч­тің төрағасы, Уфа мем­ле­кет­тік кеңесі­нің­ мүшесі.

Га­бен­ Аннемари фон­ (1901–1993), көр­некті не­міс­ тү­рік­танушысы. Көне тү­рік­ жаз­балары, қа­зақ­ эт­ног­рафиясы мен­ линг­вис­тикасы бой­ынша бір­неше зерт­теу­лер­дің авторы.

Гвазава Геор­гий­ Бежано­вич­, Ақ­пан­ революциясы­нан­ кейін Гру­зин­ ұлттық­-де­мок­ратия­лық­ пар­тиясы же­тек­шілері­нің­, Грузия Рес­публикасы басшылары­ның­ бірі (1918–1920). Пуб­ли­цис­т, “Проме­тей­” жур­налы­ның­ бас­ редак­торы (1926–1938).

Ге­геч­кори Евге­ний­ Пет­ро­вич­ (1879–1954), адво­кат­, гру­зин­ меньшевиктері же­тек­шілері­нің­ бірі. ІІІ Мем­ле­кет­тік дума­ның­ депутаты. 1917 жыл­дан За­кав­казье ко­мис­сариаты­ның­ төрағасы, Грузия Ұлт­тық­ үкіметі­нің­ минист­рі. 1921 жыл­дан э­миг­рацияда.

Гер­жод­ Ио­сиф­, Перовс­к уезі­нің­ (Қызы­лор­да обл.) рев­комы. Жер­гі­лік­ті ха­лық­ты қу­ғын­-сүр­гінге сал­ған қані­шер­. РК(б)П ІV кеңе­сін­де Түр­кі­стан Респуб­ликасы аты­нан­ И. Қыдыралиев “Ал­ғаш­қы қыр­ғын 1918 жылы қараша айында бол­ды. Түр­кі­стан Рес­пуб­ликасы­ның­ ко­мис­сары К. Оси­пов­тің өзі басқар­ған­ бө­лім­ бір­ жа­рым­ мың­ шаңы­рақ­тан тұра­тын­ хал­қы бар­ Со­зақ­ елді меке­нін­ то­нап­, өртеді, бар­лық мү­лік­ті шаруа­лар­ армиясы тиеп а­лып­ кет­ті... Бір­ ме­кен­нің өлті­ріл­ген жер­гі­лік­ті тұр­ғындары­ның­ саны мың­ а­дам­нан а­сып­ жы­ғыл­ды. Ө­лік­тер ит-құс­қа жем­ бо­лып­ ө­зен­ арнала­рын­да шашы­лып­ жат­ты” деп­ сөй­ле­ді.

Голо­вин­ Нико­лай­ Николае­вич­ (1875–1944), Гу­вер­ инс­титуты­ның­ қызметкері. Бұрыны­рақ­ Ру­мын­ май­да­нын­дағы о­рыс­ армиясы ш­таб­ бас­тығы­ның­ кө­мек­шісі бол­ды.

Го­лув­ко (Holуwko) Тадеуш Людо­вик­ (1889–1931), по­ляк­тар­дың­ о­рыс­ үстем­дігіне қар­сы 1836 жыл­ғы көтерілісіне бай­ла­ныс­ты Се­мей­ облысына жер­ ауда­рыл­ған по­ляк­ отба­сын­да туды. Вер­ный гим­назия­сын­да, Пе­тер­бург­те оқыды. І Дү­ниежүзі­лік­ со­ғыс­ бас­та­лар­да Вар­шаваға қо­ныс­ аударады. 1927–1930 жыл­дары Поль­ша Сырт­қы іс­тер­ ми­нист­рлігі Шы­ғыс­ бөлімі­нің­ бас­тығы. 1930 ж. Сей­м депутаты бо­лып­ сай­лан­ды. Т­рус­ка­вец­те украин ұлт­шылы а­тып­ өл­тір­ді. М. Шо­қай­мен­ қа­рым­-қаты­нас­та бол­ды.

Г­рот­ К. Я., Вар­шава у­ни­вер­ситеті­нің­ про­фес­соры.

Даб­ровс­кий­ В­лод­зи­меж­ (Dαbzowskі Wodzіmіerz), май­ор, по­ляк­ бар­лау ор­ган­дары­ның­ Па­риж­дегі рези­ден­тура қыз­метке­рі.

Дав­лет­шин Аб­дул­-А­зиз­ (1861–?), гене­рал­-май­ор, Уа­қыт­ша үкі­мет­тің Түр­кі­стан комитеті­нің­ мүшесі, Түр­кі­стан әскери округі­нің­ қол­басшысы. Шетелге қо­ныс­ ау­дар­ды.

Де­лил­ Мажи­дад­дин (Меж­дид­дин), “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі­нің­” бас­ хат­шысы, “Йе­ни Түр­кі­стан” жур­на­лын­ шығаруға атса­лыс­ты. 1933 жылы Шығыс­ Түр­кі­стан Рес­пуб­ликасы­ның­ құрылуына бай­ла­ныс­ты Қаш­ғар­ға жіберілді. Онда осы рес­публика өкіметі­мен­ қа­рым­-қаты­нас­ ор­нат­ты. 1937 жылы Үн­ді­станға ө­тіп­, 1938 жылы Истан­бұлға о­рал­ды.

Деми­дов­ А­лек­санд­р ІІ, баш­құрт әскери бас­қарма­сын­да, кейін Де­ни­кин­нің армия­сын­да қыз­мет етті. Бель­гияға, о­дан­ соң­ АҚШ-қа қо­ныс­ ау­дар­ды.

Джуновс­кий­ Е. П., 1918 жыл­дың қаң­тар-ақ­пан­ айлары шама­сын­да “Боль­ше­вик­шіл­дік­пен кү­рес­тің Түр­кі­стан­ одағын” құрушы­лар­дың бірі.

Дор­рер­ Геор­гий­ Иосифо­вич­ (1917 ж. ө.), г­раф­, Түр­кі­стан бас­ комиссарының­ кө­мек­шісі.

Ду­мер­ Поль­ (Paul Doumer) (1857–1932), 1931–1932 жыл­дары Ф­ран­ция прези­ден­ті. Гор­гу­лов­ де­ген­ о­рыс­ э­миг­ранты а­тып­ өл­тір­ген.

Ду­тов­ А­лек­санд­р Илларионо­вич­ (1879–1921), гене­рал­-лейт­е­­нан­т (1919). 1917 жылы қарашада О­рын­борда Ке­ңес­ өкіметіне қар­сы кү­рес­ті бас­қарды. 1918–1920 жыл­дары О­рын­бор армиясы­ның­ қол­басшысы. Қы­тай­ға қа­шып­ барған же­рін­де өлті­ріл­ді.

Ел­бек Йакуб­ (Я­куб­), 20-жыл­дары Гер­ма­нияға оқуға жібе­ріл­ген түркістандық. Шет­елде тү­рік­ жас­тары бас­шылары­ның­ бірі.

Е­никеев Са­қып­ге­рей­, ұлт-а­зат­тық қоз­ғалыс қай­рат­керлері­нің­ бірі. 1914 жылы “Муса­ват­” съезіне қаты­сып­, баяндама жасады. Таш­кент­те М. Шо­қай­ Сақып­ге­рей­дің­ үйінде бо­лып­ тұр­ды.

Ену­кид­зе А­вель­ Саф­роно­вич­ (1877–1937), ке­ңес­ мем­лекет және пар­тия қай­рат­кері. 1918 жыл­дан БОАК хат­шысы, төрағасы, 1922–1935 жыл­дары КСРО ОАК Президиумы­ның­ хат­шысы.

Ер­гаш­ (Эр­гаш­, Ир­гаш­), бас­машы­лар­ қоз­ғалысы же­тек­шілері­нің­ бірі. Жеке-жеке бас­машы­лар­ от­ряд­тары­ның­ ұлт­тық­ ұ­ран­дар төңіре­гін­де бас­та­рын­ қосуға әре­кет­тенді.

Есе­нов­ Жора­бек­ (1877–1950), Таш­кент­тегі ді­ни семинарияны­ бі­тір­ген. Шиелі ауда­нын­дағы Тар­то­ғай­ ауылын­да дү­ниеге кел­ді. 1917–1920 жж. Перовс­к Сов­де­пін­де о­рын­ба­сар­, уез­дік­ милиция бас­тығы. 1920–22 жж. Жө­лек­, Бәй­ге­құ­м, Тар­то­ғай­, Шиеліде әр­түр­лі қыз­мет­тер­де болды. 1934 жыл­дан Таш­кен­т, Шымкен­т ө­ңір­ле­рін­де тұр­ған.

Е­сім­ха­нов­ (Исмаха­нов­) Ба­тыр­ша Сұл­тан­ге­рей­ұлы, О­рал­дан. Пе­тер­бург у­ни­вер­ситеті­нің­ заң­ фа­куль­те­тін­ 1913 ж. бі­тір­ді.

Жай­на­қов­ Иб­рай­ым, А­лаш­ қоз­ғалысы­ның­ қай­рат­кері. Бү­кіл­ре­сей­лік­ Құрыл­тай жиналысына депутат­тық­қа кан­ди­дат­. 1917 ж. шіл­де, та­мыз­ айларында М. Шо­қай­мен­ бір­ге Челябинс­к қала­сын­да өт­кен­ Ко­муч­тің мәжілісіне қатысады. Жетісуда Ке­ңес­ өкіметі орна­ған­нан кейін Қы­тай­ға ө­тіп­ кетеді.

Жа­най­да­ров­ Сейіл­бек­, Пе­тер­бург у­ни­вер­ситеті­нің­ заң фа­куль­те­тін­де М. Шо­қай­мен­ бір­ге оқиды. 1913 жылы осы оқу ор­нын­ бітіреді. Кейін Сейіл­бек­ “А­лаш­” істеріне араласады, ғылыми жұ­мыс­тар­мен­ де шұ­ғыл­данады. Қазақ­стан­ бан­кінің­ бас­тығы. 1929 жылы қайт­ыс­ бол­ды.

Жа­һан­гир, Сә­лім­ге­рей­ Жан­тө­рин­нің ұлы, ке­ңес­тік Ре­сей­ден­ шетелге кетіп­ қал­ды. Түр­кияда қайт­ыс­ бол­ды. С. Жан­тө­рин­нің әйелі Бибі София да Истан­бұл қала­сын­да қайт­ыс­ бол­ды (1912 ж.).

Жан­тө­рин­ Сә­лім­ге­рей­ Сейітханұлы (1864–1926). Уфада адво­кат­, бі­тім­ші судья, земс­тво бас­тығы, гу­бер­на­тор­ жа­нын­дағы бас­қармада баш­құрт­тар­дан мүше бо­лып­ қыз­мет істеді. Уфа гу­бер­ниясы­нан­ І Мем­ле­кет­тік думаға сайланған. “Итти­фак әл-мусли­мин­” пар­тиясы Орта­лық­ Комитеті­нің­ мүшесі. Сәлім­ге­рей­дің­ баш­құрт жеріне кету себебі – шешесі Жәң­гір­ хан­ның Хадиша де­ген­ қызына бай­ла­ныс­ты. Жәң­гір­ қызы мен­ күйеуіне Уфа гу­бер­ния­сын­дағы име­ние­сін­ еншіге бер­ген. Сә­лім­ге­рей­дің­ әйелі 1913 ж. Түр­кияда қайт­ыс­ бол­ды. Жаһан­гер де­ген­ баласы төң­ке­ріс­тен кейін Түр­кияға қа­шып­ ба­рып­, сон­да қайт­ыс­ бол­ды.

Жафа­ров­ (Джафа­ров­) Ма­мед­-Ю­суф­ (1885–?), ІV Мем­ле­кет­тік дума­ның­ депутаты. Мәс­кеу у­ни­вер­сите­тін­ бі­тір­ген. 1914 жылы жел­тоқ­сан­да Пе­тер­бург­те өт­кен­ мұ­сыл­ман қо­ғам­дық ұйымдары ө­кіл­дері­нің­ съезіне қатысады.

Жор­да­ния Ной­ Николае­вич­ (1870–1953), жур­на­лис­т, гру­зин­ социал-демок­раттары­ның­ же­тек­шісі. 1918 жыл­дан Грузия үкіметі­нің­ төрағасы. 1921 жыл­дан э­миг­рацияда. М. Шо­қай­ жоғары бағалады.

Жунаид-хан­ (Мұ­хам­мед-Құр­бан­ Сер­дар­) (1857–1938), тү­рік­мен­дер­дің жәу­міт­ тай­пасы кө­сем­дері­нің­ бірі. Хиуа хан­ды­ғын­ зор­лық­пен­ ке­ңес­тендіруге қар­сы шық­ты. 1920 жылы 1 ақ­пан­да Хиуаны Қы­зыл­ Армия ба­сып­ ал­ған­нан кейін Қара­құм­ға қа­шып­, Ке­ңес­ өкіметіне қарулы қар­сы­лық­ көр­сетеді. И­ран­ға қо­ныс­ ауда­рып­, Тү­рік­ме­ниядағы қоз­ғалысқа же­тек­ші­лік­ жа­сай­ды. 1931 жыл­дан Ауған­стан­да тұр­ды.

Зеленс­кий­ Исаак Абрамо­вич­ (1890–1938), ке­ңес­ пар­тия, мем­ле­кет­ қайрат­кері. 1924 жыл­дан БК(б)П ОК Ортаазия­лық­ бюросы­ның­ хат­шысы.

Зен­зи­нов­ Влади­мир­ Ми­хай­ло­вич­ (1880–1953), э­сер­лер же­тек­шілері­нің­ бірі. 1917 ж. “Дело народа” газеті­нің­ ре­дак­торы. Ке­ңес­ өкіметіне қар­сы кү­рес­ті. Ди­рек­тория­ның­ мүшесі. Ше­тел­ге қо­ныс­ ау­дар­ды.

Ибра­гим­ (Ибраги­мов­) Ра­шид­ (Абдура­шид­, Ғаб­діра­шид­) (1857–1944), сібірлік өзбек­, дін­танушы, жур­на­лис­т, а­ғар­тушы, пуб­ли­цис­т. “Итти­фак­ әл-мусли­мин­” (“Мұ­сыл­ман­дар­ одағы”) атты жал­пыре­сей­лік­ пар­тия­ның­ негі­зін­ қалаушы. 1917–1921 жыл­дары Түр­кияда тұр­ды. 1933 жылы, А. Исхаки­дің­ айтуы бой­ынша, Р. Ибра­гим­ ке­ңес­ бар­лаушылары­ның­ тың­шысы ре­тін­де әшкере­лен­ген­нен­ кейін, Жапо­нияға кетуге мәж­бүр бол­ған (“Мань­чжурс­кий­ вест­ник­”. Хар­бин­, 1934. 27 сен­тября). 1939 жылы Түр­кияға о­рал­ды.

Ибра­гим­ (О­қай­) Ах­мед­жан (Ах­мад­жан), өз­бек­. 1920 ж. құрылған Түркістан у­ни­вер­ситеті­нің­ геология фа­куль­те­тін­де бірер жыл оқыды. Кейін Гер­ма­ния­ның­ Жоғары тех­ника­лық­ мек­те­бін­ док­тор­лық­ дәреже­мен­ біті­ріп­, шетелде қа­лып­ қой­ды. Түр­кияда Түр­кі­стан жас­тары одағы­ның­ хатшысы бол­ды. 1934 жыл­дан Истан­бұл у­ни­вер­сите­тін­де оқытушы, про­фес­сор. 1981 ж. қайт­ыс­ бол­ды. М. Шо­қай­мен­ дос­тық қа­рым­-қаты­нас­ жа­сап­ тұр­ды.

Ибра­гим­ (Ибраги­мов­) Ма­жид­ (Мед­жид­), Гер­ма­нияда жоғары оқу ор­нын­ біті­ріп­, шетелде қал­ды. Кейін Анкара у­ни­вер­сите­тін­де ауылшаруашылық химиясы про­фес­соры. “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі­нің­” жұмысына ара­лас­ты. Ахмад­жан О­қай­дың­ (Ибра­гим­нің) ағасы.

Ибраги­мов­ (Мах­мұ­д Ай­қар­лы) Мах­муд­, “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі­нің­” Ка­бул­дағы (Ауған­стан­) өкілі, са­мар­қан­дық­ өз­бек­.

Ибраги­мов­ (Шаға­тай­) Са­быр­, Таш­кен­т тұр­ғыны. 1922 жылы Гер­ма­нияға оқуға кел­ген түр­кі­стан­дық жас­тар­дың­ бірі. Дармш­тад­тағы (Гер­ма­ния) Жоғары тех­ника­лық­ мек­теп­тің­ химия-тех­нология фа­куль­те­тін­ бі­тір­ді. Кейін Па­риж­де, Истан­бұлда тұр­ды.

Ибраги­мов­ Ю., Түр­кі­стан Ком­пар­тиясы жа­нын­дағы Мұ­сыл­ман бюросының­ мүшесі.

И­ден­ (Eden) Анто­ни лор­д Эй­вон­ (1897–1977), 1935–1938 жыл­дары Ұлыбрита­ния­ның­ сырт­қы іс­тер­ ми­нист­рі.

Идриси (Идри­сов­) Ә­лім­жан (1887–1945 жыл­дан кейін), Пет­ро­пав­л қаласын­да ту­ған­. Бір­ мағ­лұ­мат­тар бой­ынша – баш­құрт, келесіле­рі бойынша – та­тар­. Бі­рін­ші о­рыс­ революциясы­нан­ кейін ше­тел­ге кетеді. Ис­тан­бұл­­ ді­ни академия­сын­ бі­тір­ген. 1922–1926 жыл­дары Бұ­хара­ Ке­ңес­ Рес­пуб­ликасы­ның­ Гер­ма­ниядағы өкілі. 30-жыл­дары Г. Исхаки­мен­ бір­ге “И­дель­-У­рал­” ұйы­мын­ бас­қарады. Ә. Идриси “Ке­ңес­ өкіметі­нің­ шын­ бе­ріл­ген ма­лай­ы” деп­ жазыл­ды эмигранттық газеттерде (Пос­лед­ние но­вос­ти. 1925. 9 сен­тября).

Икра­мов­ Ак­мал­ (1898–1938), Ке­ңес­ мем­ле­кет­ және пар­тия қай­рат­кері, 1921–1922 жж. Түр­кі­стан Ком­пар­тиясы Орта­лық­ Комитеті­нің­ бі­рін­ші хат­шысы, 1929 жыл­дан Өзбек­стан­ Ком­пар­тиясы­ ОК бі­рін­ші хат­шысы. БК(б)П Орта­лық­ Комитеті Орта­лық­ Азия бюросы­ның­ мүшесі.

И­нан­ Аб­дул­ка­дыр­ (Аб­дель­ка­дыр­) (шын­ аты-жөні: Су­лей­ман­ Фаткелькадир­) (1889–1976), баш­құрт жазушысы және а­қыны­; Түр­кияда – этнограф, тіл­ші, фоль­к­лор­шы. 1919 жылы Баш­құрт­стан­ның бі­лім­ ми­нист­рі. 1920–1923 жыл­дары бас­машы­лық­ қоз­ғалысына қатысады, кейін Түр­кияға кетеді. “Йе­ни Түр­кі­стан” газеті­нің­ қыз­меткері.

Иненю Ис­мет­ (1884–1973), 1938–1950 жыл­дарда Түр­кия прези­ден­ті.

И­м­найшвили Нико­лай­, ау­ғын­ гру­зин­ қай­рат­кері.

Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет