Р. М. Таштемханова Мұстафа Шоқайдың тарихи бейнесі


Мұға­жыр­лық ө­мір­дің бас­талуы



бет8/28
Дата31.12.2019
өлшемі2,81 Mb.
#54011
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28

3.3 Мұға­жыр­лық ө­мір­дің бас­талуы

1921 жыл­дың 25 ақпа­нын­да М. Шо­қай­ әйелі Мария Я­ков­левна­мен­ бір­ге Батуми­ден­ Италия­ның­ кемесіне оты­рып­, Түр­кияға жол­ға шығады. О­ның­ бұ­л қадамы жө­нін­де әдебиетте түр­лі пі­кір­ айт­ылады. Көбіне о­лар­ М. Шо­қай­дың­ барар­ жер­, ба­сар­ тауы қал­ма­ған­нан кейінгі шешімі де­ген­ге саяды. Мұ­ндай пікір­ қа­зақ­ қай­рат­кері­нің­ шы­ғар­машы­лық­ мұра­сын­ жет­кі­лік­ті пай­ымдамау­дан­, не бол­маса оны қай­сы­бір­ мақ­сатта бұр­малау­дан­ туын­дай­ды. Ол ше­тел­ге бассауғалап­ е­мес­, о­рыс­ де­мок­ратиясы то­лық­ жеңі­лгеннен­ кейін Түр­кі­стан­ның­ ұлт­тық­ қоз­ғалысы ү­шін­ кү­рес­те ба­тыс­ мем­ле­кет­тері тарапы­нан­ кө­мек­ алуды көз­деп барады. Зерт­теуші­лер­дің “сол­ уа­қыт­та М. Шоқай бұ­рын­ғы Ре­сей­ империясы­ның­ шең­бері­нен­ шы­ғып­, э­миг­рацияға бір­жолата кету туралы ү­зіл­ді-ке­сіл­ді пі­кір­де бол­ма­ған­. Мұн­дай ше­шім­ге М. Шо­қай­ боль­ше­вик­тер­дің­ Тбилисиді ба­сып­ алуы­нан­, яғ­ни 1921 жыл­дың 25 ақпаны­нан­ кейін кел­генге ұқсай­ды” [1] де­ген­ бол­жамы да шын­дыққа сай­ кел­мейді. Мұс­тафа­ның­ Уфа Мем­ле­кет­тік кеңесіне бар­ғаны­ның­ ө­зін­де әйелі­мен­ бір­ге Америка Құрама Штат­тарға баруға визалары дай­ын бола­тын­. О­ның­ үстіне Мұс­тафа осы жиынның­ шешімі­мен­ Құрама Ш­тат­тарға жүруге тиісті делегация құрамына да енгі­зіл­ген-ді [2]. 1918 жыл­дың ая­ғын­да Ре­сей­ге әскери және экономика­лық­ көмек­ көр­сету жө­нін­де ке­ліс­сөз жүр­гі­зіп­, осы делегация­ның­ бір­ мүшесі В. М. Лебе­дев­ Уфа үкіметі (Ди­рек­тория) және Құ­рыл­тай жиналысы мүшелерінің­ Комитеті тап­сырмасы­мен­ Америка Құрама Ш­тат­тары мен­ Францияда бо­лып­ та қайт­ады [3].

А­лай­да Кол­чак­ төң­керісі­нен­ кейін тұт­қынға түсуі, о­дан­ бо­сап­ шық­қан­нан­ соң­ В. А. Чай­кин­мен бір­ге О­рын­борға ба­рып­, гене­рал­ А. И. Ду­тов­қа қар­сы ұйым­дас­ты­рыл­ған сәт­сіз әре­кет­тері сал­дары­нан­ М. Шо­қай­ Америка Құрама Штат­тарына бару жос­па­рын­ өз­гер­теді. Кей­бір­ ав­тор­лар­дың­ “Мұс­тафа Шо­қай­ды Ф­ран­цияға ұлт­шыл­-ком­му­нис­тер (нацио­нал­-ком­му­нис­тер. – К. Е.) жі­бер­ді” [4] деуі де шын­дық­тан­ ал­шақ­ жа­тыр­.

1919 жылы Түрк­ме­нияда бол­ған ке­зін­де ол За­кав­казьеде уа­қыт­ша тұрақтауға мүм­кін­дік­ бол­май жат­қан жағ­дайда, Америкаға е­мес­, Еуропаға кетуге бел­ буады. “Ме­нен­ кейін ол жақ­қа біз­дің орта­лық­ ұйым­ның­ бір­неше адам­ы­ның­ келуі жос­пар­лан­ды” [5] дей­ді Мұс­тафа. Әрине, ол а­дам­дар­дың­ “ұлтшыл­-ком­му­нис­тер” е­мес­тігі бел­гілі.

Мұс­тафа ком­му­низ­м идеяла­рын­, о­ның­ і­шін­де “ұлт­тық­ ком­му­низ­м” теория­сын­ да мүл­дем қа­был­дамады, тек­ ол социа­лис­тік құры­лыс­ бары­сын­да ұлт­тық­ мүд­дені “ин­тер­национа­лис­тік” мүд­де­ден­ ажыратуға, ұлт­тық­ құндылықтарды ескеруге ба­ғыт­ ұста­ған­ жер­гі­лік­ті ком­му­нис­тер­дің­ Ке­ңес­ өкіметіне қар­сы пәр­менді күш­ке айналатынына сен­ген бола­тын­.

М. Шо­қай­дың­ елде қал­мауы­ның­ бас­ты се­беп­тері­нің­ бірі Ке­ңес­ өкіметі­нің­ орнауы­мен­ тотали­тар­лық, поли­цей­лік­ жүйе­нің­ қа­лып­та­сып­ келе жат­қанды­ғын­, о­ның­ еш­қан­дай де­мок­ратия­лық­ қоз­ға­лыс­қа жол­ бер­мейт­і­нін­ көре білуінде еді. Оны Мұс­тафа­ның­ інісі Нұр­таза­мен­, досы В. А. Чай­кинмен­ және т. б. жора-жолдастары­мен­, Баку мен­ Тбилисиде кез­дес­тір­ген ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ қай­рат­керлері­мен­ бол­ған әңгіме, сұх­баттары­нан­ ай­қын­ аңғаруға болады.

1921 жылы Кав­каз­дан кет­кен­нен­ кейінгі уа­қыт­та да В. А. Чай­кин­ Мұстафа­мен­ ас­тыр­тын бай­ла­ныс­ жа­сап­ тұрады. 5 та­мыз­да жаз­ған ха­тын­ ол (Вадим­ Афа­нась­е­вич­) бұ­рын­ Аст­ра­хан­ гу­бер­ния­сын­да бір­ге айдауда бол­ған, Түр­кияға ісса­пар­ға жүр­мекші Ш. З. Элиава арқылы жібереді. “Ол (Элиава. – К. Е.) ме­нің­ Мәс­кеуге кетуім қар­са­ңын­да ғана Түр­кі­станда Орта­лық­тың өкілдігін­ бас­қа­рып­ о­тыр­ған жері­нен­ о­рал­ды. О­ның­ көз­қа­рас­тары көбінесе старшын­дар­дың көз­қа­рас­тары­нан­ түбе­гей­лі е­рек­шелене­тін­дік­тен­, Түр­кі­станға қай­т­ып­ о­рал­мауы мен­ ү­шін­ өте өкі­ніш­ті” [6] деп­ жазады. Мұн­дағы В. Чайкиннің “с­тар­шын­дар­” деп­ о­тыр­ғаны К­рем­ль билеушілері болуы тиіс. Жал­пы хат­та бұ­дан­ бы­лай­ қан­дай кү­рес­ так­тика­сын­ ұстану ке­рек­тігі жө­нін­де жазылуына қара­ған­да, М. Шо­қай­ да, В. Чай­кин­ де Ш. Элиаваға се­нім­мен қараған­. М. Шо­қай­дың­ бұ­л а­дам­ды қа­лай­ қа­был­дайт­ыны бел­гі­сіз­, оны­мен­ таныс­тығы, қа­рым­-қатынасы да бей­мә­лім­. Бі­рақ­, Ш. Элиава­ның­ Орта Азия­ның­ РСФСР-дан­ бөлі­ніп­ кет­пеуі ү­шін­ көп­ жұ­мыс­ ат­қар­ғаны, Т. Рыс­құ­лов­ се­кіл­ді ұлт­тық­ қай­рат­кер­лер­ге ба­рын­ша қар­сы тұр­ғаны, В. А. Чай­кин­ се­нім­ ар­тып­ жүрген Ш. Элиава мен­ Н. Н. К­рес­тинс­кий­ се­кіл­ді қай­рат­кер­лер­дің сол­ ке­зең­де Түр­кі­стан Рес­пуб­ликасы жө­нін­дегі оқиға­лар­дың бел­ орта­сын­да бол­ғаны, 1920 жылы 25 ма­мыр­да Мәс­кеу­дің­ Түр­кі­стан Рес­пуб­ликасы­мен­ арақатынасы­ның­ негіз­гі п­рин­циптері туралы ереже­сін­ қа­рас­тыру­мен­ айна­лыс­қан ко­мис­сия құрамына енгі­зіл­гендігі [7] жақ­сы мә­лім­. Чай­кин­нің ха­тын­да: “Тең­ сай­лау құқығы негі­зін­де федера­тив­тік мем­ле­кет­ құру ү­шін­ Түр­кі­станда кү­рес­ жүргізуге тиісті жағ­дай­дың­ жоқ­тығы”, сол­ се­беп­ті мұн­да оралуды да “ар­ман­дай тұру­дың­ ке­рек­тігі”, өлкеде рев­ком­дар­дың дәуірі жү­ріп­ тұр­ғандығы, о­лар­ға “қысым­ жа­сайт­ын­дай ха­лық­ ө­кіл­дері­нің­ ке­ңес­ ұйымда­рын­дағы аздығы” хабарланады.

Со­лай­ бола тұр­ғаны­мен­, М. Шо­қай­ се­кіл­ді ірі тұл­ға­ның­ Түр­кі­стан­ның­ саяси өмірі­нен­ жы­рақ­та жүруі ай­қын­ сезіледі дей­ оты­рып­, В. Чай­кин­ түр­лі күйге тү­сіп­, құбы­лып­ тұр­ған ке­ңес­тік жүйе­нің­ Түр­кі­станда қан­дай фор­масы орнаса да, қа­лып­ты даму жағ­дайында о­дан­ бір­те-бір­те құтылуға бола­тын­дығы туралы саяси п­лат­формасы­ның­ аса қа­жет­ бо­лып­ тұр­ғандығы, осы­ған­ байланысты Мұс­тафа­ның­ Түр­кі­станда болуы­ның­ ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­ мүд­десіне сай келе­тін­дігі өзі­нің­ де, “Шы­ғыс­ мәселелері­мен­ тіке­лей­ айналы­сып­ жүр­ген кеңес­тік Орта­лық­тың жауапты қыз­мет­кер­лері­нің­ де пікірі” е­кен­ді­гін­ жет­кізеді.

М. Шо­қай­дың­ елге оралуы ке­рек­тігі жө­нін­дегі әңгіме Мәс­кеудегі жоғары дең­гейдегі би­лік­ о­рын­да­рын­да тал­қыла­нып­, ол ү­шін­ қа­зақ­ қай­рат­кері­нің­ қан­дай шарт­тар­ қоя­тын­ды­ғын­ білу В. Чай­кин­ге тап­сырылады. Ол Түр­кі­станға қайт­ып­ кел­ген жағ­дайда М. Шо­қай­дың­ өмірі­нің­ қауіп­сіз­дігіне және саяси жұ­мыс­пен шұ­ғыл­дануына қан­дай ке­піл­дік беріле­тін­дігі туралы сол­ кез­дегі РСФСР Сыртқы іс­тер­ ми­нист­рі Г. В. Чиче­рин­ (1872–1936) және БОАК хат­шысы А. С. Ену­кид­зе­мен­ (1877–1937) кез­десуге бекінеді де, о­лар­мен кез­десу нәтижесін­ кейін ха­бар­лауға уәде етеді.

В. Чай­кин­ Ш. З. Элиава мен­ Г. И. Б­рой­до жө­нін­де жаң­сақтау пі­кір­ де білдіреді. Бұ­лар­дың екеуі де “с­тар­шын­дар­мен”, “не о­тар­шыл­дар­мен келісе алма­ған­” е­мес­, қайт­а ұлт­тық­ қай­рат­кер­лер­мен тіл­ табыса алма­ған­, Орта­лық­ мүд­де­сін­ көз­де­ген­ а­дам­дар бола­тын­.

Ол елдегі жағ­дай­дың­ қиын­дай­ түс­кенді­гін­, де­ген­мен ке­ңес­ өкіметі­нің­ өзінің­ қар­сы­лас­тары туралы қате пікірі­нен­ арылады де­ген­ се­нім­де е­кен­ді­гін­ білдіреді. Мұс­тафа бол­са, жы­рақ­та жү­ріп­-ақ Ке­ңес­ режимі­нің­ жа­қын­ арада өз “табиға­тын­” өз­гер­туге қабі­лет­сіз е­кен­ді­гін­ тап­ ба­сып­ ұғады. В. Чай­кин­нің: “сіз­ ме­нің­ ша­қыр­туымды күті­ңіз­, ха­бар­ласу қиын­дап­ кет­се, не бай­ланысы­мыз­ үзі­ліп­ қал­ған жағ­дайда қайт­а келу жө­нін­дегі нақ­ты өз шешімі­ңіз­ді біл­дірі­ңіз­. Ә­зір­ше дос­тары­ңыз­дың пікірі де осы­ған­ саяды” [8] де­ген­ өтініші де М. Шо­қай­дың­ шеші­мін­ өз­гер­те ал­май­ды. В. Чай­кин­ 1920 жыл­дың тамызына дейін
М. Шо­қай­ға бір­неше рет­ хат­ жазады, бі­рақ­ о­лар­дың бәрі бір­дей жет­кен-жетпегені бел­гі­сіз­. Де­ген­мен хат­тар­дың­ бар­лы­ғын­да да Мұс­тафа­ның­ елге оралуы туралы мәселе­нің­ көте­ріл­гені хақ­ және ол мәселе Г. В. Чиче­рин­нің деңгейінде сөз­ болады.

20 та­мыз­дағы ха­тын­да В. Чай­кин­ Па­риж­де э­миг­рацияда жүр­ген Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ мүшесі Н. В. Чай­ковс­кий­дің­ оралуы жө­нін­де оң қа­бақ­ танытпағаны­мен­, Мұс­тафа­ның­ қайт­ып­ келуін құп­тайт­ын­ды­ғын­, оны елде “еш келеке­сіз­, қы­рын­ қара­май­” қар­сы алына­тын­ды­ғын­ біл­діреді.

Ш. З. Элиава В. Чай­кин­ге Мұс­тафа­ның­ “бұ­рын­ғы істеріне араласу ү­шін­” Мәс­кеуге шұ­ғыл­ келу ке­рек­ті­гін­ ха­бар­лап хат­ жазуды тап­сырады. Мұс­тафа­ның­ Түр­кі­станға е­мес­, Мәс­кеуге ша­қыр­тылуынан кү­дік­тен­ген­ Ва­дим­ Афа­нась­е­вич­ “бұ­л (яғ­ни Мұс­тафаға ұсыны­лай­ын деп­ о­тыр­ған іс. – К. Е.) – то­лық­ жұ­мыс­ емес­, жар­ты­лай­ жұ­мыс­, Сіз­дің­ о­тан­дастары­ңыз­ ал­дын­дағы ықпалы­ңыз­ға сүйену е­мес­, Сіз­ді тор­ і­шін­де ұстау” [9] деп­ ха­бар­лайды.

Осы­дан­ кейін В. Чай­кин­ М. Шо­қай­дың­ елге о­рал­ған жағ­дайда қауіп­сіз­ бола­тын­дығына кү­мән­дана бас­тайды. О­ның­ үстіне Сырт­қы іс­тер­ ми­нист­рі­нің­ орын­басары Л. М. Кара­хан­мен сөй­лес­кенде М. Шо­қай­ға кетем­ де­ген­ жағ­дайда қайт­а ке­тіп­ қалуына мүм­кін­дік­ беріле ме де­ген­ сауалға ол жауап беру­ден­ тайсақ­тап, РК(б)П ОК хат­шысы Н. Н. К­рес­тинс­кий­мен­ сөй­лесуге ке­ңес­ береді. Тіп­ті, К­рес­тинс­кий­мен­ уағдала­сып­, бел­гілі бір­ шарт­тар­мен қайт­ып­ о­рал­ған­ның­ ө­зін­де, бе­ріл­ген уәде­нің­ о­рын­даларына се­нім­ жоқ­, сон­дық­тан­ “Сіз­ді шақыру жауап­кер­шілі­гін­ өз мой­ныма ала ал­май­мын­” дей­ді В. Чай­кин­. О­ның­ пікі­рін­ше, бас­ты қауіп әлі де бол­са мем­ле­кет­тік меха­низм­нің­ то­лық­ ор­нық­паға­нын­да, елде конс­титуция­лық­ мекеме­лер­дің орнына пар­тия ор­ган­дары­ның­ ше­шім­ қа­был­дауы п­рак­тикасы­ның­ ө­ріс­ алуында, қа­лың­ ең­бек­ші бұқараға сүйену­дің­ жоқ­ты­ғын­да деп­, осы тә­різ­дес ке­лең­сіз­дік­терге бір­неше нақ­тылы мы­сал­дар кел­тіреді. О­лар­: Түр­кі­стан ОАК-нің­ төрағасы Т. Рыс­құ­лов­тың және оны­мен­ бір­ге төралқаның­ то­лық­ құрамы­ның­ о­рын­дары­нан­ алынуы, “Кир­рев­ком мүшесі сияқты жоғары лауа­зым­ды жұ­мыс­та бол­ғанына қара­ма­стан, А. Б­айт­ұрсы­нов­ се­кіл­ді кісі­лер­ге бел­сенді шы­ғар­машы­лық­ жұ­мыс­пен айналысуға мүм­кінші­лік­тің бол­мауы”, “Убай­дол­лаға (Қожаев. – К. Е.) ө­зін­де е­мес­, қай­дағы бір­ е­кін­ші дәрежелі башқұрт кан­тоны­нан­ о­рын­ берілуі”, “Заки­дің­ (А.-З. Валиди. – К. Е.) пар­тия­лық­ жаза арқылы жұ­мы­с­тан шығарылуы және о­ның­ ту­ған­ жері­нен­ кетуі” [10] дей­ді.

Кав­каз­да жүр­ген ке­зін­де Сұл­тан­бек Қожа­нов­ “Қо­қан­ үкіметі” мүшелеріне Ке­ңес­ өкіметі­нің­ кеші­рім­ жасағаны, сон­дық­тан­ елге оралуға бола­тын­дығы туралы М. Шо­қай­ға Таш­кент­тен­ ха­бар­ салады. Кейін о­ған­ кема­лис­тік Түр­кияда ке­ңес­ өкіметі­нің­ рес­ми өкілі болу да ұсынылады [11].

Елдегі саяси ахуал­дың­ күр­деліле­ніп­ бара жат­қанды­ғын­, ұлт-а­зат­тық қозғалысы же­тек­шілері­нің­ қу­ғын­далуын біле оты­рып­, Мұс­тафа­ның­ Ке­ңес­ өкіметі жағына шы­ғып­, жұ­мыс­ істеуі мүм­кін е­мес­ еді, он­дай­ қа­дам­ды ол өз халқы ал­дын­дағы қыл­мыс деп е­сеп­тейді.

1922 жыл­дың 22 науры­зын­дағы ха­тын­да да В. Чай­кин­ М. Шо­қай­дың­ Ресей­ге келуін қа­лайт­ы­нын­, бі­рақ­ е­рек­ше жағ­дай­лар­ жа­сал­ған уа­қыт­та ғана бұ­л мәселеге қайт­а оралу­дың­ дұ­рыс­ты­ғын­, Түр­кі­стан АКСР ОАК-нің­ төрағасы А. Ра­хим­баев пен­ о­рын­басары Н. Төреқұ­лов­тың да осы пі­кір­де е­кен­ді­гін­ хабарлайды. Тіп­ті, Н. Төреқұ­лов­ М. Шо­қай­ды елге қайт­ару­дың­ ке­рек­ті­гін­ айтып­ Ста­лин­ге хат­ жа­зып­, оны жет­кізуді В. Чай­кин­ге тап­сырады. Бұ­л әрекеттің же­міс­ті аяқталуына сен­бе­ген­дік­тен­, ол хат­ты Н. Төреқұ­лов­тың өзіне қайт­а­рып­ береді [12].

Мұс­тафа­ның­ Түр­кі­станға оралуына о­ның­ дос­тары мен­ та­ныс­тары да қарсы­лық­ біл­діреді, себебі, о­лар­, әсіресе сол­ уа­қыт­та “Түр­кі­стан Ха­лық­ комиссариаты ко­мис­сиясы­ның­ мүшесі” бо­лып­ жүр­ген Ә. Оразаев та, Таш­кент­те жұ­мыс­та жүр­ген Жан­ша Дос­мұхаме­дов­ те Ке­ңес­ өкіметі Мұс­тафа­ның­ өз саяси ұстаны­мын­да қалуына, тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ бас­та­рын­ бі­рік­тіруге ба­ғыт­тал­ған­ әре­кет­теріне мүм­кін­дік­ бер­мейді де­ген­ қоры­тын­дыға келеді.

“Түр­кі­стандағы дос­тары­ңыз­ бен­ та­ныс­тары­ңыз­ Сіз­дің­ ора­л­уы­­ңыз­ға түгелдей дер­лік қар­сы, сон­да жүр­ген Жан­ша, Ис­кан­дер және тағы бас­қа­лар­, Оразаев та жағ­дайға риза е­мес­, о­лар­дың қар­сылығы­ның­ жөні бар­” деп­ хабарлайды В. Чай­кин­.

Жан­ша Дос­мұхаме­дов­пен қа­тар­ ата­лып­ о­тыр­ған Ис­кан­дер – М. Шоқайдың­ Түр­кі­стан Мұх­тарияты ке­зін­дегі кө­мек­шісі И. Көп­жаса­ров­. Ол 1905 жылы Жан­ша­мен­, Х. Дос­мұхаме­дов­, Нұр­ғали Ипма­ғам­бе­тов­, Ғұ­бай­дол­ла Бер­диев се­кіл­ді бола­шақ­та бел­гілі тұл­ға­лар­мен бір­ге О­рал­ әскери реал­дық­ училище­сін­ бітірген [13].

В.Чай­кин­нің өзі де А. Ра­хим­баев пен­ Н. Төреқұ­лов­тың М. Шо­қай­ды Түркі­стан ОАК-нің­ төралқасы құрамына енгізуге дейін қол­дары­нан­ келе­тін­дігі туралы “ке­піл­дік” беруін бос­ сөз­ деп­ біледі. Қан­дай жағ­дайда да дауыс қорытын­ды­сын­ съезге қа­тыс­қан ф­рак­ция­лар­ мен­ о­лар­ды жақ­тайт­ын­ а­дам­дар емес­, боль­ше­вик­тер шеше­тін­ бол­ған­дық­тан Түр­кі­стан ОАК-нің­ құрамына енуді, не бол­маса үкі­мет­ке оппозиция­лық­ топ­ты бас­қаруды ойлау елдегі шындыққа­ кере­ғар­ келеді дей­ді ол.

М. Шо­қай­ мен­ В. Чай­кин­нің көп­те­ген­ саяси мәселе­лер жөніндегі пікірлері­нің­ үн­дес­тігі ғана е­мес­, о­лар­дың қо­ғам­ның даму заң­ды­лық­та­рын­ танып­-білудегі сұң­ғылалығы қай­ран­ қал­дырады. Ке­ңес­ өкіметі жағына шық­қан кей­бір­ ұлт­тық­ зиялы­лар­дың дү­ниетаны­мын­ сын­ға а­лып­, В. Чай­кин­ “Түркістанның­ же­тек­шілері (Н. Төреқұ­лов­, А. Ра­хим­баев т. б.) қа­раң­ғыда адасып­ жү­р, тап­тық бөліну арқылы ха­лық­ ұлт­тық­ бо­стан­дық­қа қол­ жет­кізеді” деп­ е­сеп­теуші­лік­ бос­ әуреші­лік”­ дей­ді.

В. А. Чай­кин­ досы­нан­ оралатыны не о­рал­майт­ы­ны­ жө­нін­де нақ­тылы жауап ала ал­май­ды. Сон­да да ол Г. В. Чиче­рин­мен ке­ліс­сөз жүр­гізуді жоспарлап­, М. Шо­қай­дан­ Па­риж­де тұ­рақ­тап қала ма, әлде бас­қа ойы бар­ ма деген­ сұ­рақ­тарға жауап беруін сұ­рай­ды.

1923 жыл­дың 6 қараша­сын­дағы ха­тын­да В. Чай­кин­: “Сіз­дің­ Америкаға кету туралы жос­пары­ңыз­ды ба­рып­ тұр­ған ес­сіз­дік деп­ ой­лай­мын­. Онда ба­рып­ тұ­рақ­тап қал­са­ңыз­ да, бәрі жаңа­рып­, таны­мас­тай бол­ған­нан­ соң­ о­рал­са­ңыз­ да, сіз­ өз елі­ңіз­де жар­ты­лай­ бө­тен­ бола­сыз­, мұн­дағы а­дам­дар­дан­ қол­ ү­зіп­ қала­сыз­” [14] деп­ жазады. Осы­ған­ қара­ған­да 1923 жыл­дың ө­зін­де де М. Шо­қай­дың­ кей­де Америка Құрама Ш­тат­тарына қо­ныс­ аудару ойы бол­ғанға ұқ­сай­ды және ол жөнін­де бір­ ха­тын­да В. Чай­кин­мен а­қыл­дас­қан­.

Ақы­рын­да М. Шо­қай­ елге оралу­дан­ да, Америкаға бару­дан­ да бас­ тартады.

Соң­ғы хат­тары­ның­ бі­рін­де В. Чай­кин­ елге оралу мәселесі­нің­ У­бай­дол­ла Қожаев­пен­, бас­қа да дос­тары­мен­ тал­қыла­нып­, ор­тақ­ ше­шім­ а­лын­ғанды­ғын­, яғни М. Шо­қай­дың­ ше­тел­де болуы­­ а­зат­тық кү­рес­ ісіне әлде­қай­да пай­далы екенді­гін­, сон­дық­тан­ Па­риж­де қала беруге ке­ңес­ бе­ріл­генді­гін­ [15] ха­бар­лайды.

Осы­ған­ қара­ған­да М. Шо­қай­дың­ Истан­бұлға келуі мұн­да тұ­рақ­ты орналасуды көз­деме­ген­. Түр­кияда бол­ған азғана уа­қыт­тың і­шін­де Түр­кі­стан мен­ Кав­каз­ елдері­нен­ Ис­тан­бұл мен­ Анкара қалаларына кел­ген а­зат­тық қозғалысы же­тек­шілері­мен­ (Ос­ман­ Қожа, Мұс­тафа Ве­кил­ли т. б.), Ка­дет­ партиясы Орта­лық­ комитеті­нің­ мүшесі, бұ­рын­нан та­ныс­ Ю. Ақшора­мен­ сұхбаттасады. “Тай­мс” газеті­мен­ шы­ғар­машы­лық­ бай­ла­ныс­ орнатады.

Нау­рыз­ айында ф­ран­цуз га­зет­те­рін­ оқи оты­рып­, бі­раз­ о­рыс­ эмигранттары­ның­, о­лар­дың і­шін­де бұ­рын­ғы Уа­қыт­ша үкі­мет­ бас­шылары (А. Ф. Керенс­кий­, П. Н. Милю­ков­) мен­ Ди­рек­тория мүшелері­нің­ (Н. Д. Авксентьев, Н. В. Чай­ковс­кий­) Па­риж­ге ке­ліп­ орна­лас­қа­нын­ біледі.

Па­риж­, Прага, Вар­шава т. б. қала­лар­ға түр­лі саяси пар­тия­лар­ мен­ қозғалыс­тар­дың­ ө­кіл­дері Е. Ф. Роговс­кий­, Е. Е. Лаза­рев­, Г. Р. Терегу­лов­, С. А. Воло­дин­, М. А. К­роль­, В. К. Лебе­дев­, М. Ф. Тух­та­ров­, В. Г. Архангельский­, В. Н. Зен­зи­нов­, И. М. Б­ру­ш­вит т. б. та­бан­ ті­рей­ді. 1919 жыл­дың ма­мыр­ айында Па­риж­ге тү­рік­ зиялылары­ның­ і­шін­де аса бі­лім­ді, осындағы “Азия­лық­ қо­ғам­ның” (Soсійtй Asіatіque) мүшесі Сад­ри Мақ­суди келіп­ орналасады. Мұс­тафа оны тү­рік­ қай­рат­керлері­нің­ і­шін­дегі те­рең­ бі­лім­ді тұл­ға ре­тін­де құр­мет тұ­тып­ өтеді.

О­рыс­ э­миг­рант­тары­ның­ бірі Б. Рос­сов­ 1921 жыл­дың сәуір айы­н­да Париждегі “Пос­лед­ние но­вос­ти” газе­тін­де мақала жария­лап­, жа­қын­ арада Констан­тино­поль­де­н (Ис­тан­бұл. – К. Е.) Түр­кі­стан Құ­рыл­тай жиналы­сын­ шақыру жө­нін­дегі Коми­тет­тің төрағасы және Бү­кіл­ре­сей­лік­ Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ мүшесі М. Шо­қай­ Па­риж­ге кел­гелі жа­тыр­ деп­ ха­бар­лайды.

Мақала авторы М. Шо­қай­мен­ жақ­сы та­ныс­ болуы ке­рек­, себебі ол Мұстафа­ның­ Тбилиси­ден­ Түр­кияға сапары­ның­, соны­мен­ бір­ге Түр­кі­стан халқы­ның­ қасі­рет­ті жағ­дайы туралы мол­ материал а­лып­ келе жат­қандығы­ның­ жай­-жап­са­рын­ то­лық­ баян­дай­ды. Б. Рос­сов­тың айт­уына қара­ған­да, М. Шоқайға Түр­кі­стан ұлт­тық­ ұйымы 1921 жыл­ғы ақ­пан­ айы­ның­ бас­ ке­зін­де: 1) Құ­рыл­тай жиналысы мүшелері кеңесі­нің­ жұмысына қатысу; 2) Ба­тыс­ Еуропа мен­ Америка де­мок­ратия­лық­ жұрт­шылы­ғын­, соны­мен­ бір­ге Еуропадағы мұ­сыл­ман елдері Үн­ді­стан, Қы­тай­, т. б. ө­кіл­де­рін­ Түр­кі­стандағы жағ­дай­мен­ та­ныс­тыру мақ­са­тын­да Па­риж­ге баруға ұсы­ныс­ жа­сай­ды [16].

Па­риж­ М. Шо­қай­ға саяси қыз­ме­тін­ жал­ғастыруға бар­лық жағы­нан­ ыңғайлы болып көрінеді. Бі­рақ­ оны Ба­тыс­ елдері­нің­ Түр­кі­стан мәселесіне қанша­лық­ты на­зар­ аударатыны, боль­ше­вик­тер­дің­ теп­кі­сін­дегі тү­рік­ ха­лық­тары жө­нін­дегі түсі­нік­-пай­ымы­ның­ қан­дай е­кен­дігі туралы мәселе маза­лай­ды. Себебі Мұс­тафа­ның­ соң­ғы екі-үш жыл­ і­шін­де Анг­лия, Ф­ран­ция, Гер­ма­ния секіл­ді ел­дер­дің ө­кіл­дері­мен­ қа­рым­-қатына­сын­да кү­дік­ тудыра­тын­ жайт­тар­ жет­кі­лік­ті бола­тын­. Бұ­л ел­дер­дің, бір­ жағы­нан­, Орта­лық­ Азияға бұ­рын­нан көз­ ті­гіп­ келе жат­қаны бел­гілі бол­са [17], е­кін­ші жағы­нан­, о­лар­дың М. Шо­қай­ ұстанымына қай­шы әре­кет­тері а­лаң­дататын.

1918 жыл­дың ма­мыр­ айында гене­рал­ У. Денс­тер­вил Ұ­лы­б­рита­ния­ның­ әскери бар­лауы бас­шысына жі­бер­ген құпия хаба­рын­да О­рын­бор-Вер­ный-Красноводс­к өңі­рін­де бұ­рын­ғы гене­рал­-гу­бер­на­тор­лықты қал­пына кел­тіру жолда­рын­ қа­рас­тырады. Мау­сым­ айы­ның­ аяғы – шіл­де айы­ның­ ба­сын­да ағылшын үкіметі бұ­л мәселе­мен­ шұ­ғыл­дануды “Ұ­лыб­рита­ния­ның­ Түркістандағы әскери мис­сиясына” тап­сырады. Гене­рал­-май­ор У. Мал­ле­сон­ бас­қар­ған­ бұ­л ұйым­ның­ бас­ты мақ­саты өлкедегі боль­ше­вик­тер режи­мін­ жоюға саяды [18].

1970 жылы Үнді ұлт­тық­ мұраға­тын­да та­был­ған май­ор Ф. Бей­ли­дің­ құпия есе­бін­де Таш­кент­ке кел­ген бой­да АҚШ кон­сулы Р. Трэдуелл­мен­ бай­ла­ныс­ орна­тып­, оны­мен­ бір­ле­сіп­ қи­мыл­дағаны [19] көр­сетіледі.

1918–1920 жыл­дардағы Ба­тыс­ елдері­нің­ Түр­кі­стан мен­ Кав­каз­дағы дипломатия­лық­ және әскери әре­кет­тері­нен­ М. Шо­қай­ жақ­сы ха­бар­дар бола­тын­. Қаш­ғар­дағы а­ғыл­шын бас­ кон­сулы Д. Макарт­ней­ мис­сиясы­ның­ а­ғыл­шын үкіметі­нің­ Кав­каз­ бен­ Орта­лық­ Азиядағы оқиға­лар­ға а­лаң­даушы­лық­ біл­діруіне бай­ла­ныс­ты бар­ға­нын­, бас­қа мақ­сатты көз­де­мейт­і­нін­ мә­лім­дейді [20]. А­лай­да сол­ жыл­дың қа­зан­ айында ақг­вар­дияшы­лар­дың пол­ков­нигі Зай­цев­ ата­ман­ Дутов­қа а­ғыл­шын үкіметі­нің­ “Түр­кі­стан әскери ұйымына” боль­ше­вик­терге қарсы бір­ле­сіп­ әре­кет­ жасауға ұсы­ныс­ жасағаны, қару-жа­рақ­пен және қаражатпен кө­мек­ көр­сетуге келі­сім­ бер­гені жө­нін­де ха­бар­лайды [21].

За­кас­пий облысына ке­ліп­ орна­лас­қан а­ғыл­шын отряды­ның­ қол­басшысы У. Мал­ле­сон­ К­рас­новодс­к уезі­нің­ бас­тығына жер­гі­лік­ті ха­лық­тың ба­сын­ бірікті­ріп­, Ұ­лыб­рита­ния­ның­ про­тек­тораты болатын хан­дық құруды ұсынады.

1918 жыл­дың 1 жел­тоқса­нын­да а­ғыл­шын әскери мис­сиясы­ның­ аты­нан­ У. Мал­ле­сон­ За­кас­пий облысы­ның­ тұр­ғындарына үндеу тара­тып­, ө­нер­кә­сіп­ пен­ сауда­ның­ қал­пына келуі де, а­зық­-тү­лік­ бағасы­ның­ тө­мен­деуі де боль­ше­вик­тер Түр­кі­станда би­лік­ жүр­гі­зіп­ тұр­ғанда жүзеге ас­пай­ды, бі­рақ­ же­ңіс­ жа­қын­, өкі­мет­ билігі фор­ма­сын­ ха­лық­тың өзі а­нық­тайды [22] деп­ жар­ салады.

Түр­кі­стандағы жағ­дайға Ф­ран­цияда да на­зар­ аударылады. 1919 жыл­дың ая­ғын­да Кав­каз­дағы ф­ран­цуз мис­сиясы­ның­ өкілі май­ор де Но­нан­кур Ф­ран­ция­ның­ әскери ми­нист­ріне жол­да­ған­ баяндама­сын­да өлкеде қа­лып­тас­қан­ саяси ахуал­дан­ Түр­кі­стан Құ­рыл­тай жиналы­сын­ шақыру Комитеті­нің­ төрағасы М. Шо­қай­дың­ жақ­сы ха­бар­дар е­кен­ді­гін­ жет­кізеді.

Бі­рін­ші дү­ниежүзі­лік­ со­ғыс­та жеңі­лген Гер­ма­ния, Ан­тан­та мемлекеттерін­дей е­мес­, Түр­кі­стан ісіне тіке­лей­ араласа ал­май­ды да, сырт­тан­ жай­ бақылау­мен­ шек­теледі. 1918 жыл­дың қаң­тар, ақ­пан­ айла­рын­да “Norddeutsche allgemeіne Zeіtung” газе­тін­де Түр­кі­стан автономиясы және о­ның­ бас­шысы М. Шо­қай­ туралы екі мақала жарияланады. 1918 жыл­дың 22 маусымын­да Гер­ма­ния­ның­ құр­лықтағы әскері Бас­ штабына “Түр­кі­стан­ның­ экономика­лық­ және әскери-саяси жағ­дайы” [23] де­ген­ құпия хат­ ке­ліп­ түседі.

Не­міс­ зерт­теу мекемеле­рін­де Түр­кі­стан туралы материал­дар­ды жинастыру жұ­мыс­тары да жүр­гізіледі, Ке­ңес­ Ода­ғын­дағы Гер­ма­ния­ның­ дипломатия­лық­ мис­сиялары Түр­кі­стан­ның­ инф­рақұрылымына, оппозиция­лық­ саяси күш­терге кө­ңіл­ бөледі.

Түр­кі­стан ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ ө­кіл­дері Гер­ма­ния­ның­ Ре­сей­ге қарсы ұстаны­мын­ ескере оты­рып­, не­міс­тер­ден­ тіке­лей­ кө­мек­ алуға әрекеттенеді. 1918 жыл­дың 19 шіл­десі мен­ 7 тамы­зын­да Ос­ман­ То­қым­бет пен­ Ю­суф­ Мұза­фар­ Гер­ма­ния­ның­ Сырт­қы іс­тер­ ми­нист­рлігіне екі рет­ хат­ жа­зып­, бі­рін­де Ә. Бө­кей­ха­нов­тың қа­зақ­тарды ұйым­дас­ты­рып­, “Ала­шор­да” зай­ырлы мем­леке­тін­ [24], е­кін­ші­сін­де М. Шо­қай­дың­ Түр­кі­станда тәуел­сіз­ үкі­мет­ құрғанды­ғын­ [25] жет­кізеді. 1918 жыл­дың қа­зан­ айында Бер­лин­ге С. Ла­пин­ келіп­, мұн­дағы Шы­ғыс­ ақпа­рат­тық қыз­метіне Түр­кі­стан­ның­ ө­зін­-өзі билеу мәселесі­нің­ ше­шіл­мей о­тыр­ғандығы жө­нін­де мә­лім­деме жа­сай­ды. Ол жө­нін­де Гер­ма­ния­ның­ Сырт­қы іс­тер­ ми­ни­ст­рлі­гін­ ел­дің­ Құр­лық­тағы әскер Бас­ штабының­ Бер­лин­ саяси сек­циясы құ­лағ­дар етеді [26].

1918 жылы 15 қарашада С. Ла­пин­ Гер­ма­ния­ның­ Сырт­қы іс­тер­ министрлігіне Түр­кі­стан­ның­ мұ­сыл­ман тұр­ғындарына 200 мың­ мар­ка қар­жы бөлуді сұрап өтініш­ біл­діреді. Бі­рақ­ о­ның­ ха­тын­дағы бас­ты мәселе Түркістанның­ ө­зін­-өзі билеуіне қол­дау көр­сету еді.

Гер­ма­ния С. Ла­пин­нің үндеуіне де, Түр­кі­стандағы ахуал­мен­ та­нысуға да ба­рын­ша іжда­ғат­ты қа­рай­ды. 1918 жыл­дың 7 қаза­нын­да Тбилисидегі Гер­ма­ния әскери делегациясы П­рус­сия әскери ми­ни­ст­рлігіне құпия хат­ жол­дап, онда Түркі­стан­ның­ саяси және экономика­лық­ жағ­дайына си­пат­тама береді. Шы­ғыс­ не­міс­ инс­титуты О­рыс­ бөлімі­нің­ қыз­меткері Га­роль­д Ко­зак­ қараша және желтоқ­сан­ айла­рын­да С. Ла­пин­ туралы екі рет­ мі­нез­деме даяр­лай­ды.

Осы­ған­ қара­ма­стан со­ғыс­та жеңі­лген Гер­ма­ния­ның­ Түр­кі­станға әскери кө­мек­ беруге мүм­кіндігі бол­майды.

Гер­ма­нияға сапары туралы кейін С. Ла­пин­ Бакуде ұшы­рас­қан ке­зін­де М. Шо­қай­ға айт­ып­ береді. Мұс­тафа сұх­бат бары­сын­да Түр­кі­станда Шариғатқа не­гіз­дел­ген­ мем­ле­кет­ құру жө­нін­дегі жобасы­ның­ Ба­тыс­ Еуропа­дан­ еш­кім­ді қызық­тыра қой­майт­ыны туралы бұ­рын­ғы ұстаны­мын­ қайт­а­лай­ды. Шындығында да С. Ла­пин­нің не­міс­-о­рыс­, не­міс­-бри­тан­ қай­шы­лық­та­рын­ пайдалана оты­рып­, Түр­кі­станға әскери кө­мек­ алу жө­нін­дегі әрекеті­нен­ ештеңе шық­пайды.

1920 жыл­дың қа­зан­ айында тағы­нан­ айы­рыл­ған Сеид Әлім­­хан­ Ұлыбритания королі­нен­ әскери кө­мек­ сұ­рап­, Қаш­ғар­дағы а­ғыл­шын кон­сулы У. Эс­сер­тонға хат­ жол­дайды. О­ған­ Фо­рин­ о­фис­ жауап та бер­мейді [27].

М. Шо­қай­ Бакуде, Ашха­бад­ пен­ Тбилисиде Ба­тыс­ елдері­нің­ дипломатиялық­ және әскери ө­кіл­дері­мен­ кез­де­сіп­, о­лар­дың Түр­кі­стан жөніндегі көз­қа­рас­та­рын­ білуге тырысады. 1919 жыл­дың 21 ақпа­нын­да Франция үкіметі­нің­ Бакудегі өкілі арқылы Вер­саль­ кон­фе­рен­циясына радиотелег­рамма жол­дап, Еуропа мем­ле­кет­тері­нен­ Түр­кі­станды большевиктерден­ а­зат­ ету ү­шін­ әскери кө­мек­ сұ­рай­ды. Кейін бұ­л те­лег­рамма мә­тін­дері “Orіent et Occіdent”, “Promethйe” жур­налда­рын­да жарияланады.

М. Шо­қай­ Түр­кі­стан мен­ Кав­каз­ рес­публикалары­ның­ тәуел­сіз­ді­гін­ өзара бай­ла­ныс­ты, бір­тұ­тас­ мәселе деп ұғынады. Сол­ се­беп­ті ол Ба­тыс­ державаларының­ Ә­зір­бай­жан, не Грузия жө­нін­дегі ұстаны­мын­ Түр­кі­стан­нан­ бөле-жара қара­май­ды. Жал­пы ал­ған­да “о­дақ­тас дер­жава­лар­дың” Кав­каз­ елде­рін­ де, Түр­кі­станды да шын­дап өз қор­ғауына ал­май­ о­тыр­ғанына о­ның­ көзі жетеді.


Әсіресе, Мұс­тафаға Вер­саль­ кон­фе­рен­циясы­ның­ өкілі Амери­ка­ пол­ков­нигі Хаскель­ді­ң ар­мян­ пар­ла­мен­тінде (Ере­ван­да) “тү­рік­тер­дің­ қыс­пағы салдарынан ар­мян­ның басы­нан­ бір­ тал­ шаш­ түс­се, жауап­кер­ші­лік­ бар­лық тү­рік­терге, олардың і­шін­де ә­зір­бай­жан­дарға да артылады” [28] де­ген­ мә­лім­демесі өте ауыр ә­сер­ етеді.

Х­рис­тиан­дық­ты ғана қор­ғауға ал­ған­ амери­калық­тың­ бұ­л сөзіне о­рай­ М. Шо­қай­ “гене­рал­ Де­ни­кин­нің, о­ның­ сөзі­мен­ айт­қанда, “туыс ар­мян­ хал­қын” қол­тығы­ның­ астына а­лып­, Ә­зір­бай­жан­ға со­ғыс­ жариялаға­нын­ ескер­сек­, Хаскель­ді­ң мә­лім­­де­месі­нің­ си­қын­ түсіну қиын е­мес”­ [29] дей­ді.

А­ғыл­шын генералы Мал­ле­сон­ да За­кас­пий облы­сын­ Де­ни­кин­нің қарамағына беру жө­нін­дегі ойын жа­сыр­майды.

Со­лай­ бола тұр­ған­ның­ ө­зін­де де М. Шо­қай­ Ба­тыс­ елдері­нің­ мо­раль­ды­қ және материал­дық­ көмегіне сүйенуді Түр­кі­стан­ның­ тәуел­сіз­дігі ү­шін­ кү­рес­ стратегиясы­ның­ құ­рам­ды бөлігі деп қа­рай­ды. О­рыс­ о­тар­шылдығына қар­сы күрес­те бас­қа сүйе­нер­ кү­ш жоқ­ еді.

М. Шо­қай­ 1921 жыл­дың көктемінде Па­риж­ге жет­кені­мен­, Ба­тыс­ Еуропаның­ қай­ е­лін­де тұ­рақ­тауы, не бол­маса Америка Құрама Ш­тат­тарына қоныс­ аударуы жө­нін­де екіойлы бо­лып­ жүр­ген тә­різ­ді. 1922 жылы ол Италияға да ба­рып­ қайт­ады, қара­жат­тың же­тіс­пеу­шілі­гі се­беп­ті 1923 жыл­дың алты айын Гер­ма­нияда да өткізеді. Ақы­рын­да Мұс­тафа саяси э­миг­рация­ның­ астанасы санала­тын­ Па­риж­де қалуға ше­шім­ қа­был­дайды да, о­ның­ төңіре­гін­дегі Но­жан­ қаласына та­бан­ ті­рей­ді. Скуар де ла Фон­тен­ көше­сін­дегі Мұс­тафа­ның­ үйіне түр­кі­стан­дық­ э­миг­рант­тар­ да, тү­рік­танушы ше­тел­дік ға­лым­дар да жиі-жиі келіп тұрады.

1921 жыл­ғы нау­рыз­ айында М. Шо­қай­ мен­ Мария Я­ков­левнаны Па­риж­де Қа­зан­ та­тар­лары же­тек­шілері­нің­ бірі Фуад Тоқ­тар­ қар­сы алады, ол мұн­да бір­ жыл­дан бері тұ­рып­ жата­тын­.

1923 жыл­дың 23 жел­тоқса­нын­да Но­жан­дағы Мұс­тафа мен­ Мария Шоқайдың­ үйіне көп­тен бері етене таны­сып­, ұлт­тық­ кү­рес­тің қиын-қыс­тау кезең­дері­нің­ бі­раз­ жыл­да­рын­ бір­ге өт­кіз­ген А.-З. Валиди мен­ баш­құрт ғалымы Аб­дул­ка­дыр­ И­нан­ із­деп­ келеді.

М. Шо­қай­ тұр­ған Но­жан­ сюр­ Марн­дағы үйіне жа­қын­ жер­де Сад­ри Мақсуди, Сен­-Клу қала­сын­да ә­зір­бай­жан­ а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ же­тек­шісі Әли­мар­дан-бей­ Топ­чибашы орналасады.

Ис­тан­бұлда, Па­риж­де, Бер­лин­де, Вар­шавада бұ­лар­дан бас­қа да “түр­кі­лік­ ортаны” құ­райт­ын­, саяси кү­рес­ке әр ке­зең­дерде кел­ген, бі­рақ­ тағ­дыр­лас­, ниеттес­ е­сім­дер шоғыры бола­тын­. О­лар­: Гаяз (Аяз) Исхаки, Мұс­тафа Ве­кил­ли, Ос­ман­ То­қым­бе­тов­, За­кир­ Кадыри, Бари Бат­тал­, О­мар­ (Гу­мер­) Терегу­лов­, Агдаш­ Ниг­мати, Ад­рах­ман Шафеев (Шафи Ал­мас­), Ә­лім­жан Идриси, Са­бир­ Расул­, Фев­зи То­гай­, Ах­мет­-Сұл­тан­ Таги­ров­ және т. б. бола­тын­.

Түр­кия, Гер­ма­ния, Ф­ран­ция және бас­қа да ел­дер­ге ке­ліп­ орна­лас­қан тү­рік­ э­миг­рант­тары ба­тыс­ де­мок­ратиясы­нан­ әскери кө­мек­ бол­маса да, мо­раль­ды­қ қол­дау күтеді [30].

Ба­тыс­ елде­рін­де М. Шо­қай­, А.-З. Валиди, Ә. Топ­чибашы, Г. Исхаки мен­ С. Мақ­суди Ке­ңес­ Одағы құра­мын­дағы тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ тарихы мен­ мәдение­тінің­ біл­гірлері ре­тін­де қа­был­данады, о­лар­дың үйле­рін­де әйгілі француз ға­лым­дары П. Пелли­о, Э. Блоше, Г. Фер­ран­д, а­ғыл­шын профессорлары Эд­вар­д Браун, Де­ни­сон­ Рос­с бо­лып­ тұрады. Гер­ма­нияда М. Шо­қай­ Бер­лин­ у­ни­вер­ситеті жа­нын­дағы Шы­ғыс­ инс­титуты­ның­ про­фес­соры Гер­хар­д фон­ Мен­де­мен­, тү­рік­танушы Ан­нер­мари фон­ Га­бен­мен жақ­сы та­ныс­ болады.

Па­риж­ге кел­ген бой­да осы а­дам­дар­мен­, әсіресе, Ф­ран­ция­ның­ сырт­қы істер­ ми­нист­рлі­гін­де іс­теп­ жүр­ген, бұ­рын­нан та­ныс­, та­рих­шы, архео­лог­, этнограф Жо­зеф­ Ка­стань­е­мен­ бай­ла­ныс­ орнатады.

Ж. Ка­стань­е – 1911 жыл­ға дейін О­рын­бор өлке­сін­де, кейін (1921 жылы) Түр­кі­станда тұ­рып­, қа­зақ­ хал­қы­ның­ тарихы мен­ мәде­ние­тін­ зерт­теу­мен­ шұғылдан­ған­ көр­некті тұл­ға. О­ның­ “Қым­бат­ты до­сым­ Мұс­тафа-бей­!” деп­ жазған хат­тары [31] Ж. Ка­стань­е мен­ қа­зақ­ қай­рат­кері­нің­ арала­рын­дағы жай­ шы­ғар­машы­лық­ бай­ла­ны­стан да гөрі, бір­-біріне ті­лек­тес­тік­ке, сый­лас­тыққа негіз­дел­ген­ шы­най­ы қа­рым­-қаты­нас­ты біл­діреді.

Па­риж­ бен­ Бер­лин­дегі тү­рік­, о­рыс­ э­миг­рант­тары­ның­ көп­шілігі­мен­ таныстығы М. Шо­қай­ға бір­ден саяси іс­тер­ге арала­сып­ кетуіне мүм­кін­дік­ береді.

1923 жыл­дың 15 науры­зын­да М. Шо­қай­ ф­ран­цуз пар­ла­мен­ті­нің­ депутаты Жео Же­раль­дқа Ре­сей­дің­ саясаты мен­ Түр­кі­стандағы саяси ахуал жай­лы көлемді шолу материал жол­дайды. Екі бө­лім­нен тұра­тын­ бұ­л құ­жат­ ф­ран­цуз депутаты­ның­ өтініші бой­ынша жазылады да, о­ған­ о­рыс­ тілі­нен­ ф­ран­цуз тіліне ауда­рыл­ған нұс­қасы тап­сырылады [32]. “Түр­кі­стан ұлт­тық­ қоз­ғалысы­ның­ мақсаттары мен­ ба­ғыт­тары” деп­ атала­тын­ бұ­л материалда Мұс­тафа Түр­кі­стан автономиясы­ның­ жариялану се­беп­тері мен­ оны боль­ше­вик­тер­дің­ күш­пен басуын, Ке­ңес­ өкіметі­нің­ бұ­рын­ғы Ре­сей­ империясы­ның­ құра­мын­дағы халықтар­дың­ бар­лығына ө­зін­-өзі билеу құқы бе­ріл­гендігі туралы насихаттарының­ жал­ғанды­ғын­, қу­ғын­-сүр­гін­­, а­шар­шы­лық­, ө­нер­кә­сіп­тің құлдырауы сал­дары­нан­ бір­ жа­рым­ мил­лион мұ­сыл­ман­дар­дың құр­бан бол­ға­нын­ [33] баян­дай­ды. Соны­мен­ бір­ге ол Ке­ңес­ өкіметі­нің­ Түр­кі­стан мен­ Қа­зақ­ жеріндегі саясаты­ның­ Шы­ғыс­ елдері­нің­ бар­лығына қауіп төн­діре­тін­дігіне, ұлт-а­зат­тық күш­тері­нің­ Түр­кі­станда ұлт­тық­-де­мок­ратия­лық­ мем­ле­кет­ құруға қажет­ті алғы шарт­тар­ қа­лып­тастыру­дың­ ма­ңыз­дылығына тоқ­талады [34].

М. Шо­қай­ тү­рік­шіл­дік­ке де, ис­лам­шыл­дық­қа да бой­ ұр­­май­т­ын­, зай­ырлы, де­мок­ратия­лық­ мем­ле­кет­ құруды жақ­тайт­ын­ қай­рат­кер ре­тін­де көрінеді. Мұстафа тәуел­сіз­дікке сырт­қы күш­тер­дің­ көмегі арқылы е­мес­, ел­дің­ өз і­шін­де ұйымдасуы нәтиже­сін­де қол­ жет­кізуге бола­тын­ды­ғын­, сол­ се­беп­ті Түркістанның­ ұлт­тық­ қоз­ғалысы же­тек­шілері­нің­ 1918 жыл­ғы қиын ке­зең­де де Түр­кия­дан­ кө­мек­ сұрауға бар­ма­ған­ды­ғын­ жет­кізеді. 1920 жыл­дың бас­ ке­зін­де ас­тыр­тын ұлт­тық­ ұйым­дар­ мына­дай­ та­лап­тар қояды: 1) Түр­кі­стан­нан­ Қы­зыл­ Армия бө­лім­де­рін­ шығару; 2) ел­ден­ а­зық­-тү­лік­ті экс­порт­қа шығаруға тыйым салу; 3) түр­кі­стан­дық­тар­дың­ армия қатарына шақы­рыл­мауы жө­нін­дегі заң­ның кү­шін­ жою; 4) өлкедегі Жұ­мыс­шы және сол­дат депу­тат­тары кеңе­сін­ Түркістанның­ ха­лық­ депу­тат­тары кеңесі­мен­ ауыстыру.

М. Шо­қай­ бұ­л та­лап­тар­дың­ бү­кіл­ мұ­сыл­ман хал­қы­ның­ аты­нан­ қойы­лып­ о­тыр­ғандығына, Түр­кі­станға бо­стан­дық­ беру жө­нін­дегі 1920 жыл­дың қыркүйегін­де Бакуде өт­кен­ Шы­ғыс­ ха­лық­тары­ның­ съе­зін­де Т. Нар­бутабе­ков­тің де мә­лім­деме [35] жасағанына на­зар­ аударады.

Мұс­тафа се­кіл­ді көр­некті тұл­ға­ның­ Па­риж­ге келуі Ф­ран­ция­ның­ саяси өмі­рін­де із­сіз­ қал­майды. Сырт­қы іс­тер­ ми­нист­рлі­гін­де ол туралы мі­нез­деме даярла­нып­, бас­шы­лық­қа ұсынылады. Әсі­ресе, онда М. Шо­қай­дың­ саяси оқиғалар­ды бағалаудағы “қал­т­қы­сыз­ дәл­дігі, Еуропаға Түр­кі­стан­ның­ ұлт­тық­ ұйымдары­ның­ тап­сырмасы­мен­ кел­гендігі” көр­сетіледі.

Бұ­л құ­жат­ты М. Шо­қай­мен­ Түр­кі­станда тұр­ған кезі­нен­ та­ныс­, о­рыс­ ті­лін­ жақ­сы мең­гер­ген­, осы кез­де Ф­ран­ция­ның­ сырт­қы іс­тер­ ми­нист­рлі­гін­де қызметте жүр­ген Жо­зеф­ Ка­стань­е дай­ындады деуге не­гіз­ бар­.

Ж. Кас­тань­е 1920 жыл­дың қыр­күйе­гін­де еліне (Ф­ран­цияға) о­рал­ған­нан­ кейін дип­ломатия­лық­ жұмы­сымен қатар­ Орта Азия мен­ Қазақ­стан­ның саяси тарихы мен­ мәде­ние­тін­ зерт­теу­мен­ шұ­ғыл­данады. Осы екі ба­ғыт­та да, яғ­ни М. Шо­қай­дың­ Ф­ран­ция­ның­ мем­ле­кет­ және қо­ғам­ қай­рат­керлері­мен­, кей­бір­ басы­лым­дар­мен­ қаты­нас­ орнатуына қол­ға­быс­ береді. Мысалы, Ка­стань­е Париж­дегі “Revue du monde musulmane” де­ген­ жур­налда “Түр­кі­стандағы о­рыс­ революциясы”, “Боль­шеви­зм­ және ис­лам­” т. б. тақы­рып­та мақала­лар­ жариялайды [36].

М. Шо­қай­дың­ ал­ғаш­қы материалдары­ның­ бірі де осы жур­налда жа­рық­ көреді [37]. Міне осы мақала­ның­ ал­дын­да ав­тор туралы бе­ріл­ген түсі­ндірмеде Мұс­тафа­ның­ Еуропаға “қа­зақ­тар­дың­ өкілі” [38] ре­тін­де кел­гендігі ха­бар­ланады.

М. Шо­қай­ Гер­ма­ния мен­ Па­риж­де түр­лі ортада бола жү­ріп­, бір­сыпыра жағ­дай­лар­ды а­нық­тайды. О­ның­ бірі – Еуропада Ке­ңес­ өкіметіне қар­сы бағыттал­ған­ еш­қан­дай жос­пар­дың­ жоқ­тығы бол­са, е­кін­шісі – социа­лис­тік революция­ның­ капита­лиз­м дү­ниесіне айт­ар­лық­тай­ ә­сер­ етпе­ген­дігі еді. Ү­шін­ші жағ­дай – Еуропа елде­рін­де Ре­сей­дегі бо­дан­ ха­лық­тар­дың­ тұр­мыс-тір­шілігі мен­ а­зат­тық күресі туралы то­лық­ түсінігі­нің­ бол­мауы.

Осы тұр­ғы­дан­ ал­ған­да М. Шо­қай­дың­ ал­ғаш­қы кез­де “Д­ни” (А. Ф. Керенский­), “Пос­лед­ние но­вос­ти” (П. Н. Милю­ков­) және тағы бас­қа эмиг­рант­тық­ басы­лым­дарда жария­лан­ған, Түр­кі­стан­ның­ әлеу­мет­тік-экономикалық­ жағ­дайы, Ке­ңес­ өкіметі­нің­ бұ­л ө­ңір­де күш­пен орна­тыл­ғаны, боль­ше­вик­тер­дің­ пат­ша өкіметі­нің­ о­тар­лық саяса­тын­ жал­ғасты­рып­ отырғандығы, қа­зақ­, өз­бек­ және бас­қа да ха­лық­тар­дың­ ұлт-а­зат­тық қозғалысының­ мақ­саттары мен­ мін­деттері туралы мақалалары үл­кен­ саяси мақсатты көз­дейді. Ке­ңес­ өкіметі­нің­ саяса­тын­ әшкере­лей­ оты­рып­, ол Ке­ңес­ Одағы құра­мын­дағы тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ п­роб­лемаларына ә­лем­ жұртшылығының­ назарын­ аударуға тырысады.

Мұс­тафа мен­ Мария Я­ков­левна ал­ғаш­қы үш-төр­т жыл­ шама­сын­да тұрмыс тауқыме­тін­ тар­тады. 1923 жылы Гер­ма­нияға бар­ған Т. Рыс­құ­лов­пен кез­дес­кен­ ке­зін­де Ғ. Бі­рім­жа­нов­ о­дан­ М. Шо­қай­ға материал­дық­ қол­ға­быс­ беруді өтінеді [39].

А­лай­да қан­дай ауыр шақ­тарда да Мұс­тафа еш­кім­нен кө­мек­ сұра­май­ды. Экономика­лық­ тәуелді­лік­ке түс­пеу ү­шін­ ол Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ мүшесі бола тұ­рып­, 1917 жылы ше­тел­ге депо­зит­ке мол­ қар­жы шыға­рып­ үл­гер­ген А. Керенс­кий­ден­ де [40] еш­бір­ кө­мек­ ал­май­ды.

Бі­рақ­ ол бір­ден э­миг­рант­тық­ басы­лым­дар­мен­ шы­ғар­машы­лық­ бай­ла­ныс­ орна­тып­, осы арқылы Еуропа жұрт­шылы­ғын­ тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ а­зат­тық қозғалысы­мен­ та­ныс­тыру, Ке­ңес­ Ода­ғын­дағы және о­дан­ тыс­ жер­лердегі күштерді топ­тастыру мін­де­тін­ жүзеге асыруға кіріседі.

О­рыс­ бас­па­сөз­дері­мен­ қа­рым­-қаты­нас­та болу, А.-З. Валиди ойла­ған­дай, бұ­рын­ғыша жал­ғыз ғана “о­рыс­ де­мок­ратиясына” се­нім­ арту­дан­ е­мес­, ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­тың жаңа саты­сын­да туын­дап­ о­тыр­ған мін­дет­тер­ мен­ кү­рес­ ә­діс­те­рін­ те­рең­ түсіну­ден­ туында­ған­ еді.

Мұс­тафа­ның­ Түр­кі­стан Мұх­тарияты же­ңіл­ген­нен­ кейін үш-төр­т жыл­ шама­сын­да о­рыс­ ка­дет­тері мен­ э­сер­леріне әлі де бол­са ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­тың одақ­тастары ре­тін­де қарауы, не бол­маса өз дек­ретте­рін­де жария ет­кен­ бостандық­, ер­кін­дік туралы уәделеріне о­рал­ған жағ­дайда Ке­ңес­ өкіметі­мен­ де ке­ліс­сөзге бару се­кіл­ді жол­айры­ғын­да бол­ғаны рас­. 1920 жыл­дың 28 сәуі­рін­де жур­на­лис­терге бер­ген сұх­ба­тын­да Түр­кі­стан Құ­рыл­тай жиналы­сын­ шақыру жөнін­дегі коми­тет­тің хат­шысы В. А. Чай­кин­: “П­рог­рес­шіл­ қыр­ғыз (қа­зақ­. – К. Е.) және жас­сарт қоз­ғалысы­ның­ бар­лық жауапты қай­рат­керлері У­бай­дол­ла Аса­дул­ла Қожаев, Мүнәуар қажы және Мұс­тафа Шоқаев, ке­ңес­тік Башкирияның­ қа­зір­гі бас­шысы Заки Вали­дов­ соң­ғы кез­ге дейін жа­ңар­ған Ресей­мен­ федера­тив­тік бай­ла­ныс­та болуды жақ­тады” [41] деп­ жазады.

Ке­ңес­ өкіметі ол кез­де М. Шо­қай­ға лауа­зым­ды қыз­мет беруге келіскенімен­, ке­ңес­тік жүйе ая­сын­да Түр­кі­стан­ның­ жер­гі­лік­ті хал­қы­ның­ ө­зін­-өзі билеуіне ү­зіл­ді-ке­сіл­ді қар­сы шығады, Қо­қан­ қаласы­ның­ тұр­ғында­рын­ аяусыз­ қы­рып­-жояды. О­сын­дай қиын ке­зең­де де ол ше­тел­ мем­ле­кет­тері­нің­ әскери көмегіне сүйену мәселесіне аса ұстамдылық­пен қа­рай­ды, се­зім­ге е­мес­, объек­тив­тік жағ­дай­лар­ға сүйенеді. А­ғыл­шын, ф­ран­цуз әс­кер­лері командованиесі­нің­ За­кас­пий облысы мен­ Хиуадағы іс-әре­кет­те­рін­, мақ­сатта­рын­ зерт­тей­ ке­ліп­, о­лар­дың әскери ин­тер­венциясы нәтиже­сін­де кертарт­па күштердің­ бел­ а­лып­ кетуі мүм­кіндігіне көз­ жү­гір­теді. Оның­ бұ­л ұстанымы 1919 жылы 24 қыр­күйекте Нури паша­мен­ Бакуде өт­кіз­ген ке­ліс­сөзі бары­сын­да да айқын­ көрінеді. М. Шо­қай­ Түр­кі­станды әскери жол­мен а­зат­ етуге болмайтынды­ғын­ және сол­ уа­қыт­та қа­лып­тас­қан­ ахуалға бай­ла­ныс­ты Түркістанда әскери қақ­ты­ғыс­тарға жол­ беруге ү­зіл­ді-ке­сіл­ді қар­сы е­кен­ді­гін­ мә­лім­дейді. Қарулы көтері­ліс­ арқылы боль­ше­вик­тер Түр­кі­станнан­ ығыстырылып­ шыға­рыл­ған­ның­ ө­зін­де де, о­ның­ нәтижеле­рін­ түп­теп кел­генде, сол­ кез­дегі ақг­вар­дияшы­лар­дың пай­дала­нып­ кетуі мүм­кін­ еді деп­ е­сеп­тейді Мұс­тафа [42].

М. Шо­қай­ 1922–1923 жыл­дар­дан­ “о­рыс­ де­мок­ратиясы­ның­” да Түр­кі­стан ұлт­тық­ қоз­ғалысы­ның­ се­нім­ді о­дақ­тасы бола ала­тын­дығына кү­мән­ кел­тіре бастайды. О­ның­ негізінде, Мұс­тафа­ның­ өз сөзі­мен­ айт­қанда, “о­рыс­ демократиясы­ның­ жа­рам­сыздығы” жат­са, қа­зақ­ қай­рат­кері­нің­ бұ­л мәселе жөнін­де өз көз­қара­сын­ а­шық­ ай­т­уына “Д­ни”, “Пос­лед­ние но­вос­ти” т. б. эмигрант­тық­ га­зет­терде түр­кі­стан­дық­тар­ды келеке­леп­, ұлт­тық­ кемсітушіліктерге жол­ бер­ген мақала­лар­дың басылуы түрт­кі болады.

М. Шо­қай­ өз дү­ниетанымы мен­ саяси көз­қа­рас­та­рын­дағы аса жауапты, сын­дарлы ке­зең­ді ба­стан кешіреді. Э­миг­рант­тық­ басы­лым­дарда шови­нис­тік, баяғы о­тар­лық үс­тем­дікті о­ры­стан өзге ха­лық­тар ү­шін­ “ізгі­лік­” деп тү­сін­діруге ты­рыс­қан мақала­лар­ 30-жыл­дары да жа­рық­ көреді. М. Шо­қай­дың­ жеке мұрағатын­дағы бір­ қол­жазбада Керенс­кий­дің­ бас­шылығы­мен­ шы­ғып­ тұр­ған “Д­ни” газеті­нің­ материал­дар­ды сұ­рып­таудағы сы­ңар­жақтылығы, әсіресе, Ке­ңес­ Ре­сейіне бағы­ныш­ты ха­лық­тар жө­нін­дегі “ө­сек­-аяң­дар­ға жол­ бере сала­тын­ өпірем­дігі” туралы баяндалады. Онда “М. Шо­қай­ды, Э­мин­-бей­ Ра­сул­заде мен­ Аяз-бей­ Исхакиді ре­тін­ тауып бір­ “теуіп” қал­маса, Керенс­кий­дің­ ұлы о­рыс­тық кө­ңіл­-күйі бай­ыз тап­пайды” [43] делінеді.

Мұс­тафа Түр­кі­станды көне мәде­ниет ошағы ре­тін­де су­рет­теп жаз­са, А. Керенс­кий­, П. Милю­ков­ се­кіл­ді о­рыс­ қай­рат­керлері өлке тұр­ғындары­ның­ “жа­бай­ылы­ғын­” дә­лел­деуге ұмтылады.

“Пос­лед­ние но­вос­ти” газеті­нің ­1923 жыл­дың 14 тамы­зын­дағы са­нын­да князь­ Барятинс­кий­ де­ген­нің есте­лік­тері­нен­ ү­зін­ді­лер­ жарияланады. Онда естелік­ авторы 1905 жылы Са­мар­қанд­та бол­ған ке­зін­де “бей­-ка­бак­” де­ген­ “тузем­дік же­зөк­ше­лер­ үйін” көр­гені туралы ө­сек­ таратады. Түркістандықтардың­ ұлт­тық­ намысына тие­тін­ жал­ған ақпа­рат­тың таратылуына бай­ла­ныс­ты М. Шо­қай­ ре­дак­цияға хат­ жа­зып­, қар­сы­лық­ біл­діреді. Еуропа елдерін­де түр­кі­стан­дық­тар­ туралы те­ріс­ түсі­нік­ қа­лып­тастыру­дың­ о­рыс­-ке­ңес­ әдебиетінде дағ­дылы іске ай­нал­ға­нын­, о­ның­ ө­кіл­дері А­лек­санд­р Сы­тин­нің “Пас­тух­ пле­мен­”, “В те­ни мече­тей­”, “Прише­лец­ с Запада”, “Конт­ра­бан­дисты Тянь­-Шаня”, “Стада Аллаха” де­ген­ жаз­баларына, Ф. Воск­ре­сен­ский­дің­ “С­тепь­ и го­род­” де­ген­ романына, Б. Пыль­ни­к­тің очерк­теріне және т. б. тән­ е­кен­ді­гін­ [44] айт­ады.

Га­зет­ ре­дак­циясы М. Шо­қай­дың­ ха­тын­ жариялау­дан­ бас­ тарт­қан­нан кейін, қар­сы­лық­ мәтіні, “о­рыс­ сорақы­лық­тары­ның­ і­шін­дегі ең жек­сұрыны” деп бағала­нып­ [45], “Яш Түр­кі­станда” басылады.

Осы­дан­ кейін о­рыс­ э­миг­рант­тық­ басы­лым­да­рын­да М. Шо­қай­дың­ жеке басына қар­сы ба­ғыт­тал­ған­, о­ның­ 1917–1920 жыл­дардағы Орта­лық­ Азиядағы оқиға­лар­ды сипаттауға ар­нал­ған ғылыми ең­бек­тері­нің­ шы­най­ылығына шүбә кел­тіре­тін­ мақала­лар­дың пай­да болуы [46] “о­рыс­ де­мок­ратиясы” мен­ ұлт-азаттық қоз­ғалысы ара­сын­дағы түп­кі­лік­ті қай­шы­лық­тың бір­ көрінісі еді. М. Шо­қай­ды бірі “не­міс­ а­ген­ті”, е­кін­шісі “а­ғыл­шын а­ген­ті” де­ген­ нау­қан­ да бас­талады. Бі­рақ­ Мұс­тафа он­дай­ жала жабушы­лық­ты кү­рес­ тәсілі­нің­ ең бір­ арсыз­ түрі деп көр­сете оты­рып­, Түр­кі­стан ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ мақсаттары мен­ мін­детте­рін­ бұ­рын­ғы Ре­сей­ империясы­ның­ “аумақтық­ тұтастығын­” сақ­тап қалуға ұм­тыл­ған ка­дет­тер мен­ э­сер­лер­дің­, не бол­маса батыс­ елдері­нің­ ың­ғай­ына қа­рап­ е­мес­, сол­ өлкені ме­кен­дейт­ін­ жер­гі­лік­ті тұрғын­дар­дың ұлт­тық­ мүд­делері тұр­ғысы­нан­ не­гіз­деуге ден­ қояды.


Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет