Р. М. Таштемханова Мұстафа Шоқайдың тарихи бейнесі



бет11/28
Дата31.12.2019
өлшемі2,81 Mb.
#54011
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28

4.3 Бас­па­сөз­ ор­ган­дары

Ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­тың мақ­сат, мұ­рат­та­рын­ тү­сін­ді­ріп­, түр­кі­стан­дықтар­ды тәуел­сіз­дік идеялары төңірегіне топ­тастыруда бас­па­сөз­дің ала­тын­ орны е­рек­ше. Бұ­л ба­ғыт­та да М. Шо­қай­ кәнігі жур­на­лис­т, көр­кем­сөз­ майт­ал­маны ре­тін­де көрінеді. Па­риж­ге кел­ген бой­да ол о­рыс­ э­миг­рациясы­ның­ бас­па­сөз­ органдарымен­ тү­гел­ге жуық таны­сып­, о­лар­дың идея­лық­ ба­ғыт­-бағ­да­рын­, ұлттық­ қоз­ға­лыс­қа көз­қа­рас­та­рын­ а­нық­тап шығады. О­лар­дың қай­-қай­сысы да Мұс­тафаны жан­-жақ­ты бі­лім­дар, ойын тез­ қорыта­тын­ қа­рым­ды қа­лам­гер ретінде жақ­сы біле­тін­. Сол­ се­беп­ті га­зет­ ре­дак­циялары о­ған­ е­сік­те­рін­ а­шық­ ұстай­ды. 1922 жыл­дың сәуір айында Мұс­тафаны Бер­лин­дегі екі-үш бас­па қатары­нан­ жұ­мыс­қа да шақырады. 1922 жыл­дың 12 мамы­рын­да Таш­кент­тегі Н. П. Ар­хан­гельс­кий­ге жол­да­ған­ ха­тын­да о­рыс­ га­зет­теріне мақала жа­зып­ тұраты­нын­, бас­па і­сін­ өте ұнататы­нын­ айт­ады. “О­рыс­ ті­лін­де ө­зім­ ре­дак­ция­лап­, ө­зім­ жур­нал шығару­мен­ айна­лыс­тым, тү­рік­ ті­лін­де екі га­зет­ шы­ғар­дым, о­рыс­ ті­лін­де шыға­тын­ тағы бір­ га­зет­те ре­дак­ция мең­герушісі қыз­ме­тін­ ат­қар­дым. Қыс­қаша айт­қанда, бас­па ісі­нің­ кәсіби маманы­мын­” деп­, оны Кав­каз­да жүр­ген ке­зін­дегі істері­мен­ та­ныс­тырады. Па­риж­ге кел­генге дейін-ақ Мұс­тафа­ның­ қаламы әб­ден­ ұшта­лып­, бас­пасөз сала­сын­да мол­ тәжірибе жи­нақ­та­ған­ бола­тын­. Истан­бұлдағы бір­-екі ай­дың­ ө­зін­де “Шәб­нәмә газетасы” және “Тай­мс” газеті ре­дак­циялары­мен­ шы­ғар­машы­лық­ бай­ла­ныс­ орнатады.

М. Шо­қай­ “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі” ұйымы­ның­ ал­ғаш­қы бас­па­сөз­ органы “Йе­ни Түр­кі­стан” жур­на­лын­ ұйым­дас­тыруда зор­ кү­ш-жі­гер­ танытады. Журналды шығару, о­ның­ тілі, бағ­дарламасы жө­нін­дегі ше­шім­ ТҰ­Б-ның­ 1925 жыл­ғы 12 мамы­р­да өт­кен­ жиналы­сын­да қа­был­данады. Сол­ жыл­дың 10 қазанын­да бұ­л мәселе түп­кі­лік­ті тал­қыла­нып­, о­ған­ қар­жы табуды ТҰ­Б Орта­лық­ Комитеті А.-З. Валидиге тап­сырады. “Бі­рақ­ мен­ ештеңе де өндіре алма­дым­” [1] деп­ А.-З. Валиди М. Шо­қай­дың шын­ мә­нін­де жур­нал­дың­ негі­зін­ қалаушы болғанды­ғын­ мой­ын­дай­ды. М. Шо­қай­ өзі­нің­ та­мыр­-та­ныс­тары арқылы журналды қара­жат­пен қам­тама­сыз­ ету­мен­ қа­тар­, о­ның­ аяғы­нан­ тік­ тұ­рып­ кетуіне үл­кен­ ү­лес­ қосады. Ре­дак­ция алқасы­ның­ мүшесі бола жү­ріп­, жур­нал­дың­ ал­ғаш­қы саны­нан­ бас­тап онда­ған­ мақала жария­лай­ды. Жур­нал­дың ал­ғаш­қы саны 1927 жыл­дың мау­сым­ айында жа­рық­ көреді. Осы кез­ден о­ның­ 1928 жылдың қа­зан­ айына дейінгі шық­қан он алты саны А.-З.Валидимен­ А. Инанның, он же­тін­ші – жиырма же­тін­ші сан­дары Ос­ман­ Қожа мен­ Междеддин Де­лил­дің, 1931 жыл­дың қыр­күйегіне дейінгі сан­дары На­сыр­ Махдум­ мен­ Меж­дед­дин Де­лил­дің бас­қаруы­мен­ жарияланады [2]. Жур­нал­ түрік­ үкіметі­нің­ шешімі бой­ынша о­тыз­ тоғы­зын­шы саны­нан­ кейін жабылады.

М. Шо­қай­ “Йе­ни Түр­кі­стан­ның­” бет­те­рін­де о­рыс­ е­мес­ ха­лық­тарды больше­вик­тер­ “бо­стан­дық­” пен­ “тең­дікке” жеткізді дейтін сая­сат­ты ә­лем­ жұртшылығы ал­дын­да әшкерелеуді мақ­сат е­тіп­ қояды. 1929 жыл­дың 5 сәуірінде по­ляк­ рези­ден­турасына жаз­ған ха­тын­да “Йе­ни Түр­кі­стан” журналы ре­дак­циясы­ның­ Ке­ңес­ өкіметіне қар­сы кү­рес­те мәс­кеу­лік­тер мен­ ұлт­тық­ комму­нис­тер­ ара­сын­дағы қа­рым­-қаты­нас­қа е­рек­ше на­зар­ аударуы ке­рек­ті­гін­, олар­дың арала­рын­дағы қай­шы­лық­тар­дың­ түп­тің-тү­бін­де Түр­кі­стан­ның­ ұлт­тық­ құ­қық­тары төңіре­гін­дегі тар­тысқа әкеле­тін­ді­гін­ [3] айт­ады. А­лай­да бас­тапқы ке­зең­де га­зет­ ре­дак­циясы М. Шо­қай­дың­ пі­кір­леріне құ­лақ­ ас­пай­ды. Мұс­тафа А.-З. Валиди­дің­ “боль­ше­вик­тер тарапы­нан­ айыптау­лар­дан сақ­тану ү­шін­ капита­лис­терге қар­сы кү­рес­ті ө­ріс­тету” туралы так­тикасы­мен­ де ке­ліс­пейді [4]. А.-З. Валиди Мұс­тафа­ның­ ес­кер­тулеріне о­рай­ басы­лым­ саясатына түзету­лер­ енгізу­дің­ орнына га­зет­ ре­дак­ция­сын­ Ис­тан­бұл­дан­ Еуропа­ның­ бір­ қаласына көші­ріп­ әкетуге әре­кет­тенеді. Валиди­дің­ хат­та­рын­да “Йе­ни Түр­кі­стан­ның­” Ауған­стан­ мен­ И­ран­да тарала­тын­дығы, кей­бір­ бас­машы же­тек­шілері­нің­ Түркістан­мен­ бай­ла­ныс­ жа­сап­ тұра­тын­дығы туралы мағ­лұ­мат­тар бар­ [5]. Алайда рези­ден­тура “Йе­ни Түр­кі­стан­ның­” Еуропада шығарылуына қар­жы бөлмейді.

М. Шо­қай­ журналды ұйым­дас­тырудағы өз еңбегі­нің­ “өтемі” ре­тін­де онда би­лік­ жүр­гізуді е­мес­, тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ тәуел­сіз­дігі ү­шін­ күресіне ке­дер­гі кел­тіре­тін­ қан­дай да бір­ “ымыра­шыл­дық­тан”, “күл­білте­ден­”, саяси “екіұштылық­тан” ау­лақ­ болуды қа­лай­ды. Қай­шы­лық­тар “Түр­кі­стан­ның­ болашағы туралы көз­қа­рас­тарға бай­ла­ныс­ты е­мес­, біз­ жұ­мыс­ әді­сін­, өзі­міз­ге жүк­тел­ген­ мін­дет­тер­ді түсінуде, бас­қа ұйым­дар­мен а­дал­ ынты­мақ­тас­тық­ мә­нін­ ұғынуда айырылыса­мыз­” [6] дей­ді ол.

Де­ген­мен “Йе­ни Түр­кі­стан” жур­налы Түр­кі­стан­ның­ ұлт­тық­ тәуел­сіз­дігі идеясы мен­ тү­рік­шіл­дік­ ой-пі­кір­ле­рін­ таратуда, тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ руха­ни бір­лі­гін­ наси­хат­тауда ма­ңыз­ды рөл­ атқарады. М. Шо­қай­ бұ­л жур­налға “Большевик­тер­дің­ Түр­кі­стандағы ұлт саясаты­ның­ идея­лық­ және п­рак­тика­лық­ қыр­лары”, “Ке­ңес­тер­дің­ Түр­кі­стандағы аш­тық­ саясаты”, “Түр­кі­станға аш­тық­ тө­ніп­ келеді”, “О­рыс­ қо­ны­станушылары де­рев­нясы туралы”, “Ұлт­тық­ мәселе жө­нін­де”, “Тұ­ран­ мем­лекеті жай­ында” т. б. мақала­лар­ жазады [7]. 1929 жыл­дың жел­тоқсаны­нан­ Бер­лин­де, “Йе­ни Түр­кі­стан­мен­” қа­тар­, Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бірлігі­нің­ е­кін­ші бас­па­сөз­ органы – “Яш Түр­кі­стан” жур­налы шыға бас­тайды.

Жур­нал­ды ұйым­дас­тыру ал­дын­да М. Шо­қай­ үл­кен­ дай­ын­дық­ жұмыстарын­ жүр­гізеді, өз қаражатына Түр­кі­станға бір­ өкі­лін­ жібереді, Ауғанстан­ мен­ И­ран­дағы а­дам­дар­мен­ бай­ла­ныс­ орнатады. Қара­жат­ жинау ү­шін­ өзі екі жұма­дан­ ас­там­ Ф­ран­ция­дан­ тыс­ жер­лерде бо­лып­ қайт­ады. “Жүзеге асырыл­ған жағ­дайда жур­нал­дың­ жа­рық­ көруі ме­нің­ қо­лым­ның бос­ болуын талап­ етеді. Бұ­л іске мен­ үл­кен­ мән­ бере­мін­ (Сіз­ мұны­мен­ келісе­сіз­ бе?). Біз­ енді ғана ұлт­тық­ кү­рес­тің іс жү­зін­де дер­бес жо­лын­ іздеуге шық­тық, біз­ бір­ден нәтиже күт­пей­міз­ және он­дай­ уәде бер­мей­міз­ де... Бі­рақ­ мем­ле­кет­тік мүд­де тұрғысы­нан­ ұ­зақ­ мер­зімге ар­нал­ған біз­дің бұ­л жұмысы­мыз­ қа­зір­дің ө­зін­де пайдалы” [8] деп­ жазады Мұс­тафа Вар­шава ө­кіл­деріне.

Түр­лі ұйым­дар­ мен­ үйірме­лер­сіз бола­шақ­ жур­нал­дың­ алдына қой­ған­ мақсаты­ның­ о­рын­далуы мүм­кін е­мес­ деп­ е­сеп­теп, Мұс­тафа тіл­ші пунк­тте­рін­ құру мақ­са­тын­да Түр­кі­станға Ауған­стан­ мен­ И­ран­нан а­дам­дар жіберуді жоспар­лай­ды. 1926 жыл­дың қараша айында жур­налды ұйым­дас­тыру, жал­пы бар­лық уақы­тын­ саяси кү­рес­ке арнау ү­шін­ М. Шо­қай­ күн­кө­ріс­ көзі бо­лып­ жүрген бар­лық жұ­мыс­тарды тас­тайды. Осы жыл­дың 23 қараша­сын­да “L′ Est Europeαn” жур­налы­ның­ ре­дак­торына: “Міне, ме­нің­ қыз­метті бір­жолата тастағаныма үш жұма өтті. Енді жағ­дай кө­тер­се, тек­ қана өз жұ­мыс­та­рым­мен шұ­ғыл­дана­мын­” [9] деп­ жазады.

Со­лай­ дегені­мен­ қар­жы­ның­ же­тіс­пеушілігі Мұс­тафа­ның­ шы­ғар­машы­лық­ жос­парларына көп­ ке­дер­гі жа­сай­ды. Тіп­ті ел­ден­ жет­кізі­ліп­ тұра­тын­ мер­зімді басы­лым­дар­дың­ өзі тоқ­тап қалады. Сон­дағы Мұс­тафа­ның­ қина­лып­ жүр­гені елу дол­лар шама­сын­да ғана бола­тын­. Жур­нал­ ре­дак­торы­нан­ қаламақы­сын­ жіберуді өтіне оты­рып­ ол бы­лай­ дей­ді: “Бі­рін­ші­ден,­ Орта Азия­дан­ жаз­ды­рып­ алдыра­тын­ га­зет­, жур­нал­дар­ ү­шін­ ал­дын­ ала о­лар­дың жар­ты жыл­дық құ­нын­ төлеу қа­жет­. Бұ­л деге­нің қо­мақ­ты сома. Ең бол­ма­ған­да, ө­зім­ді үш-төр­т басы­лым­мен қамтама­сыз­ ет­кім­ келеді. Әр­бір­ га­зет­ ай са­й­ын үш дол­лар тұрады. Ол газеттерсіз­ ме­нің­ жұмы­сым­ құ­жат­тық си­пат­ ал­май­ды” [10]. М. Шо­қай­ жур­нал мәселесі­мен­ хат­ арқылы өз жер­лестері­мен­ де ха­бар­ласады, “кей­бірі­мен­ ұшырас­тым да” [11] деп­ жазады по­ляк­ рези­ден­ті Тадеуш Го­лув­коға. Журналдың шығарылуын бәрі­нің­ де қол­дап о­тыр­ғаны, о­ның­ ұйымдастырушылық­ орта­лық­ рө­лін­ атқаратыны, бас­ты ба­ғыт­тары мен­ көлемі жө­нін­де ой бөліседі [11].

Қан­дай да бір­ саяси пар­тия­ның­ не саяси топ­тың, кө­мек­ бере­тін­ орталықтың жоқ­тығы жағ­дайында өз қыз­ме­тін­ бас­та­ған­ М. Шо­қай­ және о­ның­ жақ­тастары үл­кен­ қиын­дық­тарға ұшы­рай­ды. Осы жағ­дай М. Шо­қай­ды Польшаның­ үкі­мет­ о­рын­дары­мен­ қа­рым­-қаты­нас­ орнатуға мәж­бүр­лей­ді. “Кең­ мағыналы кү­рес­ке шығу ү­шін­ еш­қан­дай бір­ мүм­кін­дік­ бол­мауы се­беп­ті бір­ мезгіл та­мыр­-та­ныс­тар­дың­ ара а­ғай­ынды­ғын­ пай­далануы­мыз­ға тура кел­ді” [12] деп­ жазады ол бұ­л жө­нін­де. 1929 жыл­дың жел­тоқ­сан­ айында Мұс­тафа­ның­ ұйым­дас­тырушы­лық­ және идея­лық­ бас­шылығы­мен­ Бер­лин­де “Яш Түр­кі­стан” ай­лық­ жур­налы­ның­ ал­ғаш­қы саны жа­рық­ көреді. Басы­лым­ды Поль­ша президен­ті Ю. Пил­судс­кий­дің­ бас­тамасы­мен­ құ­рыл­ған “Проме­тей­” қоры қаржы­лан­дырады.

“Яш Түр­кі­станды” әуел бас­та қа­зақ­ және өз­бек­ тіл­де­рін­де бес­ жү­з данамен­ Ис­тан­бұлда ұйым­дас­тыру көз­деледі. Бі­рақ­ кейін оны бар­лық тү­рік­ халық­тарына ор­тақ­ тү­рік­-шаға­тай­ ті­лін­де шығаруға ұйғарылады. Соны­мен­ бірге жур­нал, Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі­нің­ органы ре­тін­де, еш­кім­нің де жеке мүд­делеріне, не қар­жы­лан­дырушы­ның­ да та­лап­-ті­лек­теріне о­рай­ қыз­мет істемеуі қа­рас­тырылады, күн­кө­ріс­ көзі деп те е­сеп­тел­мей­ді. Мұс­тафа­ның­ өз сөзі­мен­ айт­қанда, жур­нал “кү­рес­ пен­ наси­хат­ органы ре­тін­де” құрылады [13]. М. Шо­қай­ “Яш Түр­кі­станды” кей­де “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Одағы­ның­”, ал кей­бір­ жаз­бала­рын­да, мысалы, Ш. Бали­нов­қа жаз­ған ха­тын­да (1932, 9 ма­мыр­), “Түркістан Ұлт­тық­ Бір­лес­тігі­нің­” органы деп­ көр­сетеді. Шын­ды­ғын­да ол атаулар­ бір­ ғана ұйым­ның­, яғ­ни “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі­нің­” бас­па органы екен­ді­гін­ біл­діреді. Бұ­л басы­лым­ның 1934–1935 жыл­дардағы сан­дары “Turkestan Revue Nouvelle Organe de Defence Natіonale de Turkestan” де­ген­ ат­пен­ жа­рық­ көреді. Бұ­л жағ­дай ТҰ­Б ұйымы­ның­ “Проме­тей­” одағына енуіне байланыс­ты бол­са ке­рек­. Жур­нал­ға Ах­мет­ Наим, Тәуе­кел­ ба­тыр­ (бүр­кен­шік­ есім­), Ах­мет­жан Оқ­тай­, Ибра­гим­ Жар­қын­, Най­ым Өк­тем­ және басқалар секілді Түр­киядағы, Гер­ма­ния мен­ Ф­ран­циядағы тұ­рақ­ты ав­тор­лар­мен­ қа­тар­, Қытайдан­, Ауған­стан­, И­ран­, а­раб­ елдері­нен­ мақала­лар­ жа­зып­ тұрады.

М. Шо­қай­дың­ жур­нал­дың­ ал­ғаш­қы са­нын­да бе­ріл­ген “Біз­дің­ жол­” де­ген­ мақала­сын­да ТҰ­Б мен­ о­ның­ бас­па органы­ның­ бағ­дарлама­лық­ ұ­станым­дары толық­ баяндалады. Жур­нал ең алды­мен түр­ік жұрт­шылығына тәуел­сіз­дік ү­шін­ кү­рес­ идеяла­рын­ толығы­рақ­ жет­кізуді, түрі­к ха­лық­тары ара­сын­да ор­тақ­ мәдениет пен­ тіл­ді қа­лып­тастыруды, о­лар­ды төл­ тарихы­мен­, түр­ік дү­ниесі­мен­, Ке­ңес­ Ода­ғын­дағы, соны­мен­ бір­ге бас­қа да ел­дер­дегі оқиға­лар­мен таныстыруды мақ­сат е­тіп­ қояды. Мақалада боль­ше­вик­тер­дің­ Орта Азия мен­ Қазақ­стан­да “түр­і – ұлт­тық­, маз­мұны – социа­лис­тік” рес­публика­лар­ құруға ұмты­лып­ о­тыр­ғандығы, ал о­ның­ шын­ мә­нін­де түр­лі ұ­ран­дар­мен­ бүр­кеме­лен­ген, бұ­рын­ғы о­тар­лық жүйені жал­ғастыру­дың­ амалы е­кен­дігі а­шып­ көр­сетіледі. Осы­ған­ о­рай­ М. Шо­қай­ басы­лым­ға “а­зат­тық пен­ тәуел­сіз­дік туын көтеруде аса зор­ мін­дет­тер­дің” жүк­те­ліп­ о­тыр­ғанды­ғын­ айт­ады [14]. М. Шо­қай­ “Яш Түркістан­ның­” ал­ғаш­қы санына М. Жұмабаев­тың­ “Түр­кі­с­тан” де­ген­ өле­ңін­ жария­лай­ды. Қа­зақ­ ақыны­ның­ бұ­л әйгілі шы­ғар­масы:

Қырағы Тянь­-Шань­ менен­ Па­мир­, Ал­тай­,

Күтеді көп­тен сені қа­рай­-қа­рай­.

Кене мен­ Абы­лай­дың­ жо­лын­ қу­май­,

Жа­пан­да жабығу­дың­ мәні қа­лай­, –

де­ген­ жол­дар­мен­ аяқталатыны бел­гілі. Мұ­ның­ өзі ө­лең­нің М. Шо­қай­ға қара­тып­ жа­зыл­ғанды­ғын­ және оны қа­зақ­ қай­рат­кері­нің­ жақ­сы тү­сін­ге­нін­ көрсетеді.

М. Жұмабаев­тың­ бұ­л шы­ғар­масы, қан­дай жол­дар­мен­ бол­са да, М. Шоқайға 1929 жыл­дан бұрыны­рақ­ жет­кен болуы ке­рек­. 1931 жылы “Яш Түр­кі­стан” жур­налы­ның­ ү­шін­ші-төр­тінші сан­да­рын­да жария­лан­ған Мағ­жан­ның “А­лыс­тағы бауырыма” де­ген­ өлеңіне бе­ріл­ген түсі­ндірмеде бұ­л туынды­ның­ 1923 жылы Таш­кент­те жа­рық­ көр­ген “Мағ­жан­ Жұма­бай­ ө­лең­дері” атты кітаптан а­лын­ғаны ай­т­ылады. Мүм­кін­, ал­дың­ғы ө­лең­ де осы кі­тап­тан көшірі­ліп­ ба­сыл­ған болуы ке­рек­.

Қа­зақ­ ақыны­ның­ бұ­л шы­ғар­малары­ның­ жазылу уақыты М. Шо­қай­дың­ ше­тел­де өзі­нің­ кү­рес­ жо­лын­ бас­тау кезеңі­мен­ сәй­кес­ келеді. Сол­ се­беп­ті Мағжан­ға Мұс­тафа­ның­ “Кене мен­ Абы­лай­ жолына” түс­кендігі, бі­рақ­ оны бейбіт­, саяси кү­рес­ тә­сіл­дері арқылы жүзеге асыруға бет­ алғаны бел­гі­сіз­деу еді. Түр­ік ха­лық­тары­ның­ ұлт­тық­ тәуел­сіз­дік ү­шін­ күресі­нің­ ө­ріс­теуіне “Яш Түркістан” үл­кен­ ық­пал­ жа­сай­ды. М. Шо­қай­ бұ­л басы­лым­ның шыға бастауының­ өзі осы кү­рес­тің жаңа сатыға көтерілуі­нің­ көрінісі е­кен­ді­гін­, яғ­ни бұ­л екі құбы­лыс­тың бірі­мен­-бірі өзара бай­ла­ныс­тылы­ғын­ айт­ады.

“Яш Түр­кі­стан” түр­кі­стан­дық мұға­жыр­лар саяси тү­с а­лып­, “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі­нің­” ұйым­дық­ негізі ны­ғай­ған­ кез­де шыға бас­тайды. Жур­нал­дың жа­рық­ көруіне тағы бір­ фак­тор­дың­ ықпалы болады, ол Гер­ма­нияға оқуға жіберіл­ген жас­тарға арқа сүйейді. Жур­нал­ды осы жас­тар­дың­ қата­рын­да ке­ліп­, елге о­рал­май қал­ған Абдуа­қап­ Оқ­тай­ мен­ Та­хир­ Шаға­тай­ шыға­рып­ тұрады.

Жур­нал­ бет­те­рін­де М. Шо­қай­дың­ жал­пы қо­ғам­ дамуына, дү­ниежү­зін­де бо­лып­ жат­қан оқиға­лар­ға және ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ фор­малары мен­ күрес­ тә­сіл­деріне, түр­ік ха­лық­тары­ның­ мәде­ниеті мен­ тарихына көз­қа­рас­тары көрі­ніс­ табады. Ол түр­кі­стан­дықтар­ды өз елі мен­ же­рін­ шек­сіз сүюге, мақ­тан тұтуға шақырады, себебі атажұр­тын жа­нын­дай көре­тін­дер ғана о­ның­ тәуелсіздігі ү­шін­ күресе алады деп­ ой түйеді. Ал­ғаш­қы күн­дер­ден­ бас­тап М. Шо­қай­ жур­налда басыла­тын­ материал­дар­дың шын­дыққа то­лық­ сәйкестілігіне, маз­мұны мен­ идея­лық­ бағытына е­рек­ше кө­ңіл­ бөледі. Мұс­тафа Бер­лин­дегі “Яш Түр­кі­стан” жур­на­лын­ Па­риж­де тұ­рып­ бас­қару­дың­ кей­бір­ ыңғай­сыз­дық­тар­ ту­дыр­ға­нын­ жа­сыр­майды. “Мен­ бұ­л істі ө­зім­нің тұ­рақ­ты мекеніме қа­рай­ ауыс­тыр­ғым ке­ліп­ еді, бі­рақ­ ол өте қым­батқа түсе­тін­ бол­ды. Астана­ның­ (Па­риж­ді айт­ады. – К. Е.) ө­зін­де дұ­рыс­ баспахана да жоқ­. А­лы­стан бас­қару­дың­ қо­лай­сыз­дығы іс­тің­ тех­ника­лық­ жағына е­мес­, қо­ғам­дық-саяси жағына бай­ла­ныс­ты” [15] дей­ді ол. Мұс­тафаны, әсіресе, іс бары­сын­да бір­ге талқылауды қа­жет­ ете­тін­ мәселе­лер­дің пай­да болатыны маза­лай­ды, себебі өзіне а­дам­дарға ү­зіл­ді-ке­сіл­ді та­лап­ қою­дың­ жат­ты­ғын­ айт­ып­, жал­пы дик­та­тор­лық стиль­ді­ң аса зиянды е­кен­ді­гін­ ес­кер­теді. Бар­лық­ мәселені сұх­баттаса оты­рып­, ақыл­-ке­ңес­ беру арқылы шешуге жүгіну­дің­ өзі Мұс­тафа­ның­ ел­ден­ жы­рақ­та жүр­ген а­дам­дар­дың­ психология­сын­ е­сеп­ке алуынан­ туын­дай­ды. Мұс­тафа эмиграция жағ­дайында жұ­мыс­ істеу­дің­ өз е­рек­ше­лік­тері бар­лы­ғын­, ө­мір­де өкінішке ұшыра­ған­ а­дам­дар­дың­ қан­дай нәр­се­нің­ де се­беп­те­рін­ сырт­қы факторлар­дан іздеуге бейім тұра­тын­ды­ғын­, жай­ уа­қыт­та еш­бір­ дау-да­май­сыз­ қа­был­дана­тын­ нәр­се­нің­ де өзі шет­ жер­де жүр­генде бас­қа қыры­нан­ көрінетіндігін­ айт­ады.

Жур­нал­да басылуға кей­де за­ман­ талабына сай­ е­мес­ материал­дар­дың ұсыны­лып­ қалатыны, осы­ған­ бай­ла­ныс­ты о­ған­ тез­ арада түзету енгізу­дің­ қажеттілігі, ал мұ­ның­ ондағы а­дам­дарға психология­лық­ тұр­ғы­дан­ зиян бо­лып­ тие­тін­дігі бел­гілі [16] дей­ді. Мұс­тафа мы­сал­ға Түр­кия­ның­ Мене­мен­ қаласындағы дәруіш­тер­дің бой­көтеруін мы­сал­ға ала оты­рып­, ол туралы жур­нал бе­тін­де ақпа­рат­ беру­дің­ жөн­сізді­гін­ Түр­кі­стандағы жағ­дай­мен­ са­лыс­тыра отырып­ жет­кізеді. “Біз­дер­ ү­шін­ Отаны­мыз­да “шай­қы” сөзі, тіп­ті Нақ­ш­­бан­ди сек­тасы­ның­ өзі ора­сан­ зор­ ма­ңыз­ға ие. Ұлт­тық­ жаулары­мыз­ға қар­сы кү­рес­те, әсіресе күресі­міз­дің қа­зір­гі саты­сын­да ха­лық­тың кө­ңіл­-күйін жоқ­қа шығара алмай­мыз­, о­лай­ істеуге қақы­мыз­ жоқ­. Шай­қылар­ды әшкере­леп­, дар­ға асқандары ү­шін­ қуану және алдағы уақытта да со­лай­ істеуге бас­қа­лар­ды шақыру “қані­шер­ құ­дай­сыз­дар­дың­” сорақы қы­лық­тары­нан­ өз ді­ни се­зім­де­рін­, өз ме­шіт­те­рін­ қор­ғап жүр­ген о­сын­дағы о­тан­дастары­мыз­дың түр­лі пайымдаулар­ға баруына, тіп­ті біз­ді боль­ше­вик­тер­мен­ “руха­ни туыс” деп­ айыптауға жол­ беру­мен­ пара­пар”­ [17] деп­ тү­сін­діреді. Пі­кір­ мен­ ше­шім­ арасындағы айырмашы­лық­ты аң­ғар­маушы­лық­тың, тек­ өз пікірі негі­зін­де шешім­ қа­был­дау­дың­ қауіптілігіне, мұның өзі саяси оппозицияға кө­мек­тесу­дің­ жолы е­кен­дігіне на­зар­ аударады.

М. Шо­қай­ “Яш Түр­кі­стан” төңіре­гін­де топ­тас­қан­ се­рік­тері­мен­ кез­дес­кен­ уа­қыт­та­рын­да осы жағ­дай­лар­ға жол­ бер­меуге тырысады. Хат­-ха­бар­ алысу­дан­ гөрі а­дам­дар­мен­ күн­де­лік­ті, ауызба-ауыз сөй­лесу­дің­ ар­тық­шы­лық­тарына мән­ бере оты­рып­, кем­ші­лік­терді жа­сыр­май, дер­ уақы­тын­да түзетуге тырысушы­лық­ та М. Шо­қай­дың­ жұ­мыс­ істеу стилі­нің­ бір­ қы­рын­ танытады.

Де­ген­мен Мұс­тафа, Па­риж­де тұр­ғанына қара­ма­стан, жур­нал­дың­ әр­бір­ санын­ өз бақылауы­нан­ өткі­зіп­ отырады. Ол Бер­лин­ге ба­рып­-ке­ліп­ тұруы­мен­ бір­ге, басы­лым­ның әр­бір­ саны­ның­ кор­ректурала­рын­ пош­та арқылы алды­рып­ тұрады. О­ған­ М. Шо­қай­ мен­ ре­дак­ция қыз­мет­кер­лері­нің­ жа­зыс­қан хат­тары дәлел­ бола алады. Оқ­тай­ 1938 жыл­дың 23 тамы­зын­да, 17 қыр­күйекте, 8, 12 қазан­да, 8 жел­тоқ­сан­да: “пош­та кәр­тішкелері­ңіз­ кезегі­мен­ ке­ліп­ жа­тыр­. Көрсеткен түзетулері­ңіз­ ескерілуде”; “Аса қа­дір­лі Мұс­тафа бек­! Кеше сіз­ге екі мақала­ның­ кор­ректура­сын­ жол­да­дым­”; “Бү­гін­ сіз­ге Шан­хай­дан­ кел­ген бір­ хабар­дың және ф­ран­цузша қо­сым­ша­лар­дың кор­ректурала­рын­ жі­бер­дім”; “Коррек­тура­лар­да бе­ріл­ген ке­ңес­тері­ңіз­ іжда­ғат­ты­лық­пен о­рын­да­лып­ жа­тыр­”, “Мен­ кешегі күн­нен бас­тап сіз­ге кор­ректура­лар­ды жібере бас­та­дым­. О­лар­ жөнін­дегі пі­кір­лері­ңіз­ бен­ түзетулері­ңіз­ді үйрене ал­сам­ өте жақ­сы бо­лар­ еді” [18] деп­ жазады.

М. Шо­қай­ кор­ректура­лар­да кей­бір­ ұ­ғым­дар мен­ сөз­ тір­кестері­нің­, ше­тел­ тіл­де­рін­дегі тер­мин­дер­дің шаға­тай­ша дұ­рыс­ балама­сын­ беруге жіті на­зар­ аударады. 1938 жыл­дың 12 қаза­нын­да А. Оқ­тай­ М. Шо­қай­ға: “Ра­дис­тік, морзистік­ де­ген­ тер­мин­дер­ге біз­дің о­қыр­ман­дар­ түсінігіне қо­лай­лы баламаларын­ таба алма­дым­, кө­мек­те­сіп­ жібері­ңіз­” [19] дей­ді.

Жур­нал­ материалдары­ның­ те­рең­ мағыналы болуына, сан­ салалы тақырып­тарды қам­туына Мұс­тафа­ның­ бі­лім­дарлығы, бір­неше тіл­ді же­тік­ меңгер­ген­дігі көп­ кө­мек­теседі. 1939 жылы 8 та­мыз­да “Яш Түр­кі­стан” редакциясы о­ған­ “Түр­кі­стан жө­нін­де ф­ран­цузша жа­зыл­ған екі еңбегі­ңіз­ кел­ді” деп­ ха­бар­лайды. М. Шо­қай­ Түр­кі­стандағы жағ­дай жө­нін­де ә­лем­ әдебие­тін­де жаңа­дан­ жа­рық­ көр­ген материал­дар­ды “Яш Түр­кі­станға” өз түсі­н­дірмелері­мен­ бір­ге бе­ріп­ отырады. Со­лар­дың бірі америка­лық­ жур­на­лис­т Линд­сей­ Хоб­сем­нің “Па­риж­-миди” атты ф­ран­цуз газе­тін­де 1930 жыл­дың 14 ақпа­нын­да жа­рық­ көрген “Қы­зыл­ дуал­дар­мен қор­шал­ған­ ке­ңес­тер Түр­кі­станы” де­ген­ мақаласы еді. М. Шо­қай­ осы мақала туралы шолуын: “Жа­қын­да Па­риж­де Шо­қай­ұлы Мұс­тафа­ бек­ оқы­ған­ “Ке­ңес­тік бас­қарудағы Түр­кі­стан­ның­ жағ­дайы” деп­ аталған лек­цияда “Атамекені­міз­де ке­ңес­ өкіметі тек­ о­рыс­ сүң­гісі­нің­ күші­мен­ ғана ө­мір­ сү­ріп­ о­тыр­” де­лін­ген еді. Мінеки, кө­ріп­ о­тыр­сыз­дар­, Америка журналисі де осыны қайт­а­лай­ды” [20] деп­ аяқ­тай­ды.

Мұс­тафа жур­нал­дың­ әр санына мақала жа­зып­ тұрады. 1931 жыл­дың 21 жел­тоқса­нын­да ә­зір­бай­жан­ қай­рат­кері М. Ве­кил­лиге жол­да­ған­ ха­тын­да: “Мен­ бір­ ғана “Яш Түр­кі­стан” немесе “Проме­тей”­ ү­шін­ айына бір­ мақала жазу­мен­ шек­тел­мей­мін­... Қараша­ның­ е­кін­ші жар­тысы мен­ жел­тоқ­сан­ның бі­рін­ші жартысын­да мен­ то­ғыз­ мақала жазуға тиісті бол­дым, о­ның­ көлемі ең аз де­ген­де се­гіз­ па­рақ­ болады” [21] дей­ді.

Қай­ басы­лым­да да М. Шо­қай­ мақалалары­ның­ пуб­ли­цис­тика­лық­ уыттылығы ғылыми дә­лел­дігі­мен­, қи­сын­дылығы­мен­ ұшта­сып­ жатады. Ке­ңес­ Одағы жур­налдары мен­ га­зет­те­рін­де ба­сыл­ған рес­ми материал­дар­ды пай­ымдау, жүйелеу арқылы боль­ше­вик­тік жүйеге а­дам­ құқығы, демо­кра­тия мен­ ұлт бостандығы се­кіл­ді а­дам­зат­тық­ құн­ды­лық­тар­дың­ жат­ е­кен­дігі жө­нін­де бұлтартпас­ қоры­тын­ды­лар­ жа­сап­, ә­лем­ жұрт­шылығына тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ тәуел­сіз­дік ү­шін­ күресі­нің­ заң­дылы­ғын­, әді­лет­тілі­гін­ ұ­ғын­дырады. Франциядағы М. Шо­қай­дың­ жеке мұраға­тын­да 1935 жылы жур­нал­дың­ бір­неше ба­тыс­ және шы­ғыс­ елдеріне та­рал­ғаны көр­сетіледі. 30-жыл­дары түр­кі­стан­дық э­миг­рант­тар­ Үн­ді­станда, Ауған­стан­да, Сирияда, Фин­лян­дияда, Эсто­нияда, Поль­шада, Румы­нияда, Түр­кияда, Гер­ма­нияда, Ф­ран­цияда, Чехияда, Венг­рияда, Мысырда, Қы­тай­да, Жапо­нияда және бас­қа да ел­дер­де тұ­рып­ жатады. Осылардың бар­лы­ғын­да да “Яш Түр­кі­стан” жур­налы алдыры­лып­, қол­дан-қол­ға тара­лып­, оқы­лып­ отырады.

А. Оқ­тай­дың­ 1937 жыл­дың 10 мамы­рын­да жур­нал­дың­ қай­да, қан­ша данасы таралуы туралы М. Шо­қай­ға бер­ген бір­ есе­бін­де “Яш Түр­кі­стан­ның­” Ауған­стан­дағы тіл­шілері мен­ жаз­ды­рып­ алды­рып­ тұра­тын­ о­қыр­мандары қатарын­да Ка­бул­да Әли­мар­дан Шер­мұха­мед­бек, ел­дің­ Бі­лім­ ми­нист­рлі­гін­де Ха­шим­ Шай­ық, Ге­рат­та – Сейіт Хұ­сейін, Уәлиқажы, Әб­дел­мән­нен­ Таш­кен­ди, Аб­дол­ха­лил­ Таш­кен­ди­дің­ е­сім­дері аталады. 1932 жыл­дың ба­сын­да М. Шо­қай­ға Қы­тай­дың­ Тянь­ц­зинь­ қала­сын­дағы түр­кі­стан­дық­тар­ мен­ та­тар­лар­дан­ “Яш Түркі­станға” кө­мек­ ре­тін­де 622 мек­сика дол­лары шама­лас­ қар­жы түседі. Ал мұнан­ бұрыны­рақ­ (1931, 1 сәуірде] Йү­ніс­ За­хир­хан бір­шама қар­жы са­лып­, “Яш Түр­кі­стан” жур­на­лын­ жіберуді өті­ніп­ сұ­рай­ды [22]. Бұ­лар­, әрине, “Яш Түркістан­ның­” таралымы географиясы­ның­ бір­ там­шысы ғана бо­лып­ табылады. Лауа­зым­ды ше­тел­ аза­мат­тары да оны алды­рып­ о­қып­ тұрады. О­лар­дың бірі Түркия Рес­пуб­ликасы­ның­ Ф­ран­циядағы елшісі Ор­хан­ Шам­си-бей­ бол­ды [23].

“Яш Түр­кі­стан” бі­раз­ ел­дер­дің кі­тап­хана қорына алдырылады. 1937 жылдың 27 қараша­сын­да Рим­нен­ (Италия) Шы­ғы­стану инс­титуты­ның­ қызметкері док­тор Энрико Инсабато “Яш Түр­кі­стан” жур­на­лын­ жібе­ріп­ тұруды сұраса, 1938 жыл­дың 29 шіл­де­сін­де жаз­ған ха­тын­да о­лар­дың кол­лекция­сын­да жур­нал­дың­ 1937 жыл­дың сәуір айындағы (№ 89) саны­ның­ жоқ­ты­ғын­ еске салады [24].

1934 жылы 16 нау­рыз­да А. Оқ­тай­ Мұс­тафаға Бер­лин­нен: “Бү­гін­ Лондондағы екі ад­рес­ке жур­налы­мыз­дың бі­рін­ші саны­нан­ бас­тап бі­рер­ дана­дан­ жібе­ріл­ді. Мұ­нан­ кейін ай сай­ын осы ара­дан­ жө­нел­ті­ліп­ тұрады. 52-саны­нан­ бас­тап Түр­кі­стандағы ме­кен­жай­ға Сіз­ сол­ жақ­тан жі­бер­ген­сіз­. Бұ­л жолы “Бі­лім­ және оқытушы” мен­ “Мем­ле­кет­тік кі­тап­ханаға” жол­дана­тын­ болады” [25] деп­ ха­бар­лайды. А. Оқ­тай­ 1938 жыл­дың 17 қыр­күйе­гін­де М. Шо­қай­ға: “Лейпцигтегі бір­ кі­тап­ дүкені “Яш Түр­кі­стан­ның­” кей­бір­ сан­да­рын­ сұратуда, баға­сын­ біл­гісі келеді. Баз бір­ Шы­ғыс­ инс­ти­тут­тары да жур­налы­мыз­дың алғашқы сан­да­рын­ сұ­рап­ жа­тыр­” [26] деп­ ха­бар­лайды. Мұ­ның­ өзі жур­налға Италия­дан­ бас­қа ел­дер­дегі Шы­ғыс­пен шұ­ғыл­дана­тын­ инс­ти­тут­тар тарапы­нан­ сұра­ныс­ бол­ған деуге не­гіз­ береді. О­лар­дың қата­рын­да Поль­ша­ның­ Шы­ғыс­ инс­титуты да бол­ғаны еш­бір­ кү­мән­ ту­дыр­майды.

1939 жыл­дың 29 шіл­де­сін­де Каирде тұра­тын­ Әб­дел­ Ә­зиз­ Шың­ғыс­хан деген­ түр­кі­стан­дық­тан­ мына маз­мұндағы хат­ ке­ліп­ түседі: “Мы­сыр­ басылымдары і­шін­де “Фәти әл-Ніл­” апта­лық­ газеті – Түр­кі­стан мәселесіне мән­ бере­тін­ басы­лым­дар­дың­ бірі. Кей­де “Яш Түр­кі­стан­нан­” да ау­дар­ма бе­ріп­ жү­р” [27]. Бұ­л бол­са – “Яш Түр­кі­стан­ның­” а­раб­ дү­ние­сін­де де таны­мал­ болғандығының­ куәсі. 1931 жылы Пеша­вар­дағы (Үн­ді­стан) түр­кі­стан­дық­тар­ жур­налды осы ө­ңір­дегі және Ауған­стан­ның шекара­лас­ бөлі­гін­де тұра­тын­ мұсыл­ман­дар­ сөй­лейт­ін­ урду тіліне аударуға әре­кет­тер жа­сай­ды. Олар­ осы тілге жур­нал­дың­ жиырма бі­рін­ші және жиырма е­кін­ші сан­да­рын­ ауда­рып­ та үлгереді [28]. 1932 жыл­дың қаң­тар айында Түр­кия­ның­ Па­риж­дегі елшілігі­нің­ өкілі М. Шо­қай­мен­ ар­най­ы кез­де­сіп­, Ис­тан­бұлда “Яш Түр­кі­стан” жур­налына “үл­кен­ қызығушы­лық­” туғы­зып­ о­тыр­ға­нын­ мә­лім­дейді. “Бір­неше жыл­дар бойына сіз­дің елі­ңіз­дің а­зат­тық ү­шін­ жүр­гі­зіп­ о­тыр­ған күресі бар­лығы­мыз­дың да ыс­тық­ ықыласымызға бөленуде. Өкі­ніш­ке о­рай­, біз­дің елі­міз­дің жағ­дайына бай­ла­ныс­ты ол жө­нін­де өз сезімі­міз­ді нақ­тылы да, а­шық­ түр­де біл­діре алмаймыз­” [29] дей­ді тү­рік­ дип­ломаты. Осы­дан­ кейін ол “Яш Түр­кі­стан” журна­лын­ елші­лік­ке жүйелі түр­де жібе­ріп­ тұруын сұ­рай­ды.

“Яш Түр­кі­стан” Америка Құрама Ш­тат­тары­ның­ кі­тап­ханалары­нан­ да орын­ алады. 1936 жыл­дың 10 қаң­та­рын­да С­тэн­форд у­ни­вер­ситеті жа­нын­дағы Гу­вер­ инс­титуты­ның­ ғылыми қыз­меткері Н. Н. Голо­вин­ Мұс­тафаға институтының­ кі­тап­хана­сын­дағы “Яш Түр­кі­стан” жур­налы­ның­ кол­лекция­сын­ то­лық­тыруды сұ­рап­ хат­ жазады. Мұс­тафа о­ған­ жур­нал­дың­ қа­жет­ті сан­да­рын­ жіберу жө­нін­де Бер­лин­дегі кең­сесіне нұс­қау бер­ге­нін­ ха­бар­лайды [30].

М. Шо­қай­ “Түр­кі­станда” (1931, мау­сым­) де­ген­ мақала­сын­да “Яш Түркістан” Орта Азия рес­публикалары­ның­ тұр­ғындарына да та­ныс­ бол­ғандығы жө­нін­де жазады. “Таш­кент­те Еуропадағы жур­налды біледі, а­лып­ та тұрады... Тіп­ті, кей­бір­ жауапты пар­тия қыз­мет­кер­лері Түр­кі­стан­ і­сін­ қор­ғаудағы журналдың­ та­бан­дылығы мен­ кү­ш-жігеріне ризашы­лық­ біл­діреді” [31] дей­ді. 1932 жыл­дың ақ­пан­ айында жур­нал қыз­меті жө­нін­де жаса­ған­ қыс­қа хаба­рын­да М. Шо­қай­ басы­лым­ өз мақ­сатына то­лық­ қол­ жет­кізді де­ген­ қоры­тын­ды жасайды. Жур­нал­дың алдына қой­ған­ бас­ты мақ­саты “түр­лі ел­дер­де ша­шыл­ған Түр­кі­стан­ э­миг­рация­сын­ Түр­кі­стан­ның­ Ұлт­тық­ а­зат­тығы идеясы төңірегіне топ­тастыру, мүм­кін бол­са, қоз­ға­лыс­қа идея­лық­ тұр­ғы­дан­ бас­шы­лық­ жасау” [32] е­кен­ді­гін­ ес­кер­сек, “Яш Түр­кі­стан­ның­” М. Шо­қай­дың­ ба­ғыт­ беруі­мен­ қаншалық­ты ауыр да күр­делі жұ­мыс­ты ат­қар­ға­нын­ аңғаруға болады.

М. Шо­қай­дың­ “Яш Түр­кі­стан­ның­” қыз­метіне бер­ген бағасы ре­дак­цияға әр түк­пір­ден­ ке­ліп­ түс­кен хат­тарға не­гіз­дел­ген­. О­лар­дың көп­шілі­гін­де журналдың­ Түр­кі­стан ұлт­тық­ қоз­ғалысы­ның­ бас­шысы е­кен­дігі айт­ылады. Осы се­кіл­ді пі­кір­ді Ашха­бад­тан И­ран­ға қа­шып­ құ­тыл­ған тү­рік­мен ақыны да (Мұстафа о­ның­ есі­мін­ ата­май­ды. – К. Е.) біл­діреді. Түр­кия­дан­ жібе­ріл­ген хаттарда жур­нал­дың­ көлемі мен­ таралым кө­бейт­у ке­рек­тігі айт­ылады. 1932 жыл­дың 13 қаң­та­рын­да “П­рав­да Вос­тока” газе­тін­де жария­лан­ған мақалаға қара­ған­да жур­нал Орта Азияға да же­тіп­ тұр­ған. “Яш Түр­кі­стан” салиқалы Еуропа га­зет­тері мен­ жур­налдары­ның­ сеніміне ие болады. О­ған­ Ф­ран­ция­ның­ Сырт­қы іс­тер­ ми­нист­рлігі­нің­ рес­ми бюл­летені “Asіatіque Revue”, Гер­ма­ниядағы “Ost Europa” (Бер­лин­) басылымы сіл­теме жа­сай­ды. Не­міс­ жур­налы­ның­ бір­ санын­да “Яш Түр­кі­стан” газеті­нің­ 1931 жыл­ғы жиырма ү­шін­ші саны­ның­ бас­ мақаласы то­лық­тай жарияланады [33].

Қорыта айт­қанда, халықара­лық­ қауым­дас­тық “Яш Түр­кі­станға” Орта Азия мен­ Қазақ­стан­ бой­ынша се­нім­ді де­рек­көз ре­тін­де қа­рай­ды. “Яш Түркістанды” Ке­ңес­ Одағы мен­ ба­тыс­ елдеріне кеңі­рек­ та­ныс­тыру мақ­са­тын­да онда жария­лан­ған өз мақалалары­ның­ біра­зын­ Мұс­тафа о­рыс­ тіліне аударады. 1930 жыл­дың 15 науры­зын­да по­ляк­ рези­ден­турасына жол­да­ған­ бір­ ха­тын­да: “Ме­нің­ дай­ында­лып­ қал­ған о­рыс­ ті­лін­дегі материалда­рым­ бар­. О­лар­, біріншіден­, о­рыс­ революциясы кезе­ңін­дегі ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­тағы біз­дің жұмысы­мыз­ туралы. Бұ­л жаз­ба­лар­ды тезі­рек­ бас­ты­рып­ шығару ке­рек­тігі кү­мән­ ту­ғыз­байды. Мұны­мен­ біз­дер біз­дің ісі­міз­дің бары­сын­ және болаша­ғын­ бұрмалап­ о­тыр­ған ке­ңес­ бас­шылары­ның­ сөз­деріне жауап бере­міз­. Е­кін­ші­ден­, ол біз­ге қар­сы шы­ғып­ жүр­ген э­миг­рант­тық­ топ­тарға жауап бо­лып­ табылады” [34] дей­ді М. Шо­қай­. Мұс­тафа­ның­ 1930 жылы Шар­ль Лоранс­қа жаз­ған ха­тын­да тәуел­сіз­дікке тез­ арада қол­ жет­кізу­дің­ мүм­кін е­мес­ті­гі, бі­рақ­ тәуел­сіз­дік идеясын­ дамытуда ТҰ­Б және о­ның­ бас­па органы “Яш Түр­кі­стан­ның­” ма­ңыз­ды рөл­ атқа­рып­ о­тыр­ғанды­ғы­ [35] а­тап­ өтіледі.

Ке­ңес­ Одағы­ның­ Бер­лин­дегі елшілігі “Яш Түр­кі­стан” жур­налы­ның­ жолын­ кесуге әре­кет­тенеді, о­ның­ қай­ ад­рес­терге, қан­дай жол­дар­мен­ жіберілетін­ді­гін­ а­нық­тау­мен­ шұ­ғыл­данады. 1930 жыл­дың ма­мыр­ айына қа­рай­ Ке­ңес­ Одағына о­рал­май, Бер­лин­де қа­лып­ қой­ған­ түр­кі­стан­дық­тар­дың саны жеті а­дам­ға жетеді [36]. О­лар­дың бар­лығы да “Яш Түр­кі­стан­мен­” бай­ла­ныс­ орна­тып­, о­ның­ жұмысына кө­мек­те­сіп­ тұрады.

“Яш Түр­кі­стан” 1939 жылы қыр­күйек айында не­міс­тер­дің­ Поль­шаны жау­лап­ алуына және ІІ дү­ниежүзі­лік­ со­ғыс­тың бас­талуына бай­ла­ныс­ты өз жұмы­сын­ тоқ­татады. 1929–1939 жыл­дар аралығында ол ТҰ­Б-ның­ бір­ден-бір­ бас­па органы ре­тін­де, Түр­кі­стан Ұлт­тық­ қоз­ғалысы­ның­ жар­шысына айналады. О­ның­ идеология­лық­ тұжырымдамасын­ қа­лып­тастыруда зор­ ең­бек­ сіңіреді.


Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет